«Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет34/48
Дата03.03.2017
өлшемі3,34 Mb.
#7430
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48

Аннотация 
Указом  президента  принят  план  национального  действия  на  2012-2016  года  о  развитии  функциональной 
грамотности  учеников.  При  выполнении  данного  плана  проводятся  многочисленные  работы.  Грамотность,  устой-
чивое  свойство  личности,  а  функциональная  грамотность  –  находится  в  знаниях  и  навыках  усвоенных  этой  лич-
ностью. Функциональная грамотность – способность учеников контактировать с внешней средой, условие адаптации 
учеников  к  изменчивому  миру,  рычаг  развития  личных  способностей  учеников  и  основа  развития  социальных 
навыков. 
Выделение  психологических  основ  формирования  функциональной  грамотности  учеников  начальных  классов, 
является начальной ступенью выполнения плана отмеченного выше. В ходе написания статьи, были анализированы 
труды относящиеся к методике формирования функциональной грамотности и приведены в систему. Был проведен 
обзор  энциклопедий  и  словарей,  психологических  трудов.  Выделение  психологических  основ  при  формировании 
функциональной  грамотности  у  учеников  начальных  классов  будет  важной  проблемой.  Во-первых,  возрастные  и 
индивидуальные особенности ребенка, в соответствии с этим учитываются возможности познавательных процессов. 
Адаптация к жизни в школе, обществу, социализация ребенка прежде игравшего, тоже происходит через психоло-
гические процессы. 
Учитывая  индивидуально-личностные  особенности  ребенка,  организуя  учебную  деятельность,  учитель  дает 
направление,  побуждая,  восхваляя  самостоятельное  выполнение  действия  ребенком,  необходимо  в  дальнейшем 
возрастить  интерес  ученика  и  удовлетворить  его  потребности.  Учитывая  индивидуальные  особенности  учеников 
начальных  классов,  правильно  организованная  работа  проведенная  совместно  с  учеником  дает  положительный 
результат и является основой формирования функциональной грамотности ученика.  
Ключевые  слова:  грамотность,  функциональная  грамотность,  ученики  начальных  классов,  психологическая 
основа, познавательный процесс, возрастная особенность. 
 
Abstract 
Decree  ofthe  President  ofthe  National  ActionPlanadoptedin  2012-2016,  on  the  development  offunctional  literacy 
ofstudents.In carrying outthis plan,there are  numerousworks.Literacy, sustainable  property of the individual,  and  functional 
literacy-isthe  knowledge  and  skillslearnedthisperson.Functional  literacy-  the  ability  ofstudentsto  contactwith  the  external 
environment, the condition of adaptationto the changingworldof students, the lever ofpersonal abilitiesof students andbasis for 
the  developmentof  social  skills.Isolation  ofthe  psychologicalbasis  for  the  formationof  functional  literacyof  primary  school 
students,  is  the  initialstageof  the  plannoted  above.In  the  course  ofwriting,were  analyzedworksrelating  to  themethod  of 
formation  offunctional  literacyand  brought  intothe  system.Was  reviewedencyclopedias  and  dictionaries,  psychological 
works.Isolation of psychological principles in the formation of functional literacy among primary school students will be an 
important  issue.Firstly,age  and  individualcharacteristics  of  the  child,  according  to  consider  the  possibilitythatcognitive 
processes.Adapting  tolifein  school,  society,  socialization  of  the  childbeforea  game,alsooccurs  through  thepsychological 
processes.Given  the  individual  and  personal  characteristics  of  the  child,  organizing  training  activities,  the  teacher  gives 
direction, encouraging, praising perform any action the child, it is necessary to increase further the interest of pupils and meet 
his needs.Taking into account the individual characteristics of primary school pupils, properly organize the work carried out 
jointly with the student tests positive and is the basis for the formation of functional literacy student. 
Keywords:literacy,functional literacy, primary school pupils, psychological basis, cognitive process, the age feature. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
УДК 372.6 
 
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 

 
С.Қожагелдиева – п.ғ.к.доцент 
Г.Қайбулдаева – п.ғ.к., доцент 
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды 
талап етеді. Өйткені, адамның қоғамда алатын орны, қазіргісі, болашағы үнемі толғандыратын 
мәселелер  қата-рына  жатады.  Бұл  қоғамның  дамуымен  тікелей  байланысты.  Қазақстан 
Республикасында  орта  білімді  дамыту  тұжырымдамасы  білім  беру  мекемелерінің  ең  негізгі 
мақсаты:  дүниетанымдық,  құзырлық,  шығар-машылық  деп  атап  көрсетеді.  Қоғамда 
«орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамға деген сұраныс-тың көп екендігін қазіргі өмір 
талабы  дәлелдеп  отыр.  Көтеріліп  отырған  мәселе  туралы  жазылған  ойлар,  тұжырымдамалар 
көзқарастар,  еңбектер  баршылық.  Ежелден-ақ  ұлы  ойшылдарымыз  Жүсіп  Баласағұн,  Әл-
Фараби, ұлы Абайды ерекше толғандырған. Сондықтан ұлы ойшылдар өз еңбектерінде адамның 
жеке басын қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған [1]. 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  қабілеттері  екі  түрлі  әрекетте  дамиды.  Біріншіден  –  кез 
келген бала адамзат баласының осы кезеңге дейінгі жинақтаған тәжірбиесін меңгеруге арналған 
оқу  әрекеті,екіншіден  –  кез  келген  оқушы  шығармашылық  әрекеттер  орындау  арқылы  өзінің 
ішкі мүмкіндіктерін дамытады. 
Оқу – мектеп жасындағы балардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы 
мектеп-тегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты.  
Баланың  оқу  әрекеті  –  күрделі,  жан-жақты  үрдіс,  ол  баланың  барлық  әрекетін,  рухани 
күштерін  керек  етеді.  Баланың  ақыл-ой  еңбегі  белсенді  әрекет  болуға  тиісті.  Ол  оқушының 
жалпы  психикалық  даму  ерекшеліктеріне  байланысты  болады.  Баланың  ақыл-ой  әрекеті  оның 
қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сиқты т.б. психикалық үрдістер мен байланысты іске 
асырылып  отырады.  Оқушының  өздігінен  оқуының  жемісті  болуы  үшін  ақыл-ой  еңбегінің 
дағдыларын қалыптастыру керек.  
Баланың  ақыл-ой  еңбегін  белгілі  жүйемен  жасауға  оның  жалпы  мәдениетін  арттырып 
отыруға көңіл аудару керек. Ең алдымен, баланың өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға 
үйрету  керек.  Егер  бала  әрбір  оқу  жұмысын  (тапсырмасын)  не  үшін,  қандай  мақсатпен  жасау 
керектігін,  ол  қандай  жаңа  нәтиже  (жаңа  білім,  дағды)  беретінін  білсе,онда  оқушы  әрекетінің 
саналылығы  артады.  Оқу  жұмысының  мақсат-міндеттеріне  сай  баланы  өз  бетімен  жұмысын 
жоспарлай  білуге,  уақытты  дұрыс  пайдалана  білуге,  өз  әрекетін  қадағалауға  (бақылауға), 
бағалауға қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор [2]. 
Баланың  оқу  әрекеті  мазмұнына  мыналар  кіреді:  ғылыми  ұғымдар  мен  ғылыми 
заңдылықтарды  түсіну  және  практикалық  міндеттерді  шешуге  бағытталған  ойлаудың  жалпы 
амал-тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі 
олардың  оқу  әрекетінің  негізгі  мақсаты  мен  нәтижесі  болып  табылады.  Оқу  әрекетінің  белгілі 
құрылымы мыналар: 
1.
 
Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар); 
2.
 
Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл амалдары); 
3.
 
Бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы); 
4.
 
Бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы). 
Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады. Ойлау – 
баланың  таным  әрекетінің  ең  жоғары  түрі.  Ойлау  арқылы  оқушылар  көзге  көрінбейтін  заттар 
мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау 
сөйлеу  әрекеті  арқылы  іске  асады.  Ойлау  –  нақты  сұрақтар  қоюдан,  соларға  жауап  іздеуден 
басталады.  Ойлау  –  белгілі  міндетті  теориялық  немесе  практикалық  мәселелерді  шешуге 
бағытталады. Ойлау әрекеті өзінен-өзі қалыптас-пайды.  
Олардың  ойлау  әрекетін  ойдағыдай  дамыту  үшін,  тиімді  тәсілдер  қолданып,  арнайы 
жұмыстар  жүргізу  қажет.  Ойлау  үрдісі  өзіне  тән  логикалық  амалдардан  (операциялардын) 
тұрады: анализ, синтез, салыс-тыру, топтастыру, жалпылау, тұжырымдар жасау т.б. 

Мектепте оқытудың негізгі міндеттерінің бірі - оқушылардың танымдық қызығушылықтарын 
арттыру, таным қабілеттінің оянуына түрткі болу. Оқушылардытанымдық белсенділігі кезеңінде 
қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау процестері мен зейіннің тұрақты түрін қажет етеді. Оқу 
процесінде  оқушылардың  танымдық  қызығушылықтарын  арттыру  –  олардың  өз  бетінше 
танымдық  ынта-ықыласын,  шығарма-шылық  қызметін  дамытатындай  етіп  ұйымдастырылады 
[3].  
Шығармашылық  әрекеттің  оқу  әрекетінен  айырмашылығы  –  ол  баланың  өзін-өзі 
қалыптастыруына,  өз  идеясын  жүзеге  асыруға  бағытталған  жаңа  әдіс-тәсілдерді  іздеу, 
проблеманы  өзінше,  жаңа  тәсілмен  шешуге  талпыныс  жасауы.  Осы  әрекеттердің  екі  түрінде 
оқушылар екі түрлі мақсаттар көзделген, әртүрлі міндеттерді шешеді. Мысалы, оқу әрекетерінде 
белгілі  бір  ережені  меңгеретін,  дағдыны  қалыптасты-ратын  жаттығулар  орындалса, 
шығармашылық  әрекетке  баланың  іздену  жұмысы  басты  нысанада  болады.  Сондықтан  оқу 
әрекеті  баланың  жалпы  қабілетін  дамытса,  ал  шығармашылық  әрекет  нақты  жағдайдағы 
мәселені шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады. 
Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі анықтамалар береді. Мысалы, И.Я.Лернер 
білім,  білік,  дағдыны  жаңа  жағдайға  тасымалдай  білуді,  жаңа  шешім  таба  білуді, 
шығармашылық әрекет деп түсіндіреді.  
А.Н.Лук  шығармашылық  әрекетті  мәселені  шешудегі  көрегендікке,  қырағылыққа  балайды, 
идеяларды іске асыру (генерация жасай білу) болжай білу қабілеттерін атайды [4]. 
Сондықтан мұғалімге сабаққа дайындалу кезінде әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, 
жеке берілетін тапсырмалар жүйесін әр оқушының оқу белсенділігін дамытатындай етіп мұқият 
таңдап алуына болады. Шығармашылық тұлға негізгі бастауыш сыныпта қаланатыны анық. Осы 
жастағы  балалар  бойында  шығармашылық  қабілеттің  бастаулары  жатыр.  Тек  өмір 
тәжірбиесінің,  дара-дүниетаным,  дара  эстетикалық  көзқарастың  жетімсіздігінен  олардың 
бойларындағы  шығармашылық  қабілетті  ашып  көрсет-е  алмады.  «Бұлақ  көрсең  көзін  аш»  - 
деген  халқымыз.  Жалпы  шығармашылық  туында  өмірге  келгенге  дейін  ұстаз  шәкіртің  өнеге 
тұтар  ақылшысы,  пікірлес  досы,  бапкері  болуы  тиіс.  Оқушы  шығармашылығы  үнемі  ұстаз, 
сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек.  
Жан-жақты  талант  иесі  М.Жұмабаев  «Педагогика»  еңбегінде  бастауыш  мектепте  әдеби 
қабілеттілікті қалыптастырудың кейбір әдістерін көрсеткен [5]. 
Ұлы ағартушымыз ұсынып отырған оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың барлық 
кезеңін-де,  яғни  оқушыға  оқиға,  сюжет,  образ,  көркемдік  шешім  таба  алмай  қиналғанда, 
мұғалімнің  меңзеу  әдісі  көмекке  келуікерек.  Бұл  -  мұғалімнің  де  шығармашылық  қабілетінің 
сынға түсер шағы. 
Көп жылғы тәжірбиемізде байқағанымыздай «Ана тілі» және «Қазақ тілі» сабағында ұтымды 
уақыт тауып, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Мұғалім мәтіннің өн-бойынан 
шығармашы-лық  тапсырмаға  лайықты  жағдайлар  іздеп  табуы  керек.  Кейбір  практикалық 
тапсырмаларды да шығарма-шылық арнаға бұрып, өзгертуге болады [6]. 
Бастауыш  сынып  оқушыларымен  шығармашылық  жұмыстың  төмендегідей  түрлерін 
жүргізуге болатынын тәжірибеміздебайқадық. 
1. Балаларға белгілі тақырыпта (баспасөз бетінен) әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға 
кілт боларлық сюжет ұсыну. 
2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыға тапсыру. 
3. Ертегіні ұжым болып тыңдау. 
4. Ұйқас ұсыну арқылы өлең шығару. 
5. Белгілі мақала негізінде әңгіме жазу. 
6. Мәтін бойынша мақал құрастыру. 
7. Табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар шығару. 
8. Берілген мәтіндегі бір бөлікті өзі жазып шығару. 
9. Сөйлемдегікейбір сөздерді көркем сөздермен ауыстыру. 
10. Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктен өлең, әңгіме жазу. 
11. Берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін құрастыру. 

Шығармашылық  тапсырма  түрлерін  сынып  оқушыларының  жас  ерекшелігіне, 
психологиялық саралы-ғы, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап ары қарай жалғастыра 
беруге болады. 
Бастауыш мектеп – оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, 
қайта-ланбас кезең. Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын 
да  жауапты  жұмыс.  Бастауыш  мектеп  балаға  белгілі  білім  беріп  қана  қоймай,  оны  жалпы 
дамыту,  яғни  сөйлеу,  оқу,  қоршаған  орта  жөнінде  дұрыс  көзқарас  қалыптастыру,  ойын  дұрыс 
айтуға,  салыстыра  білуге,  дәлелдеуге,  сөйлеу  мәдениетіне  үйретеді.  Дамыта  оқытудың  басты 
мақсаты – баланы оқыта отырып, оны шығарма-шылық бағытта жан-жақты дамыту.  
Шығармашылық  дегеніміз  -  адамның  өмір  шындығында  өзін-өзі  тануға  ұмтылуы,  ізденуі. 
Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай 
білуге  үйренуі  керек.  Баланы  жастайынан  шығармашылық  өнеріне  қалай  баулу  керек?  Оның 
жолдары,  әдіс-тәсілдері,  мазмұны  қандай?  Психологтердің  зерттеуі  бойынша,  әрбір  жаста 
шығармашылыққа баулу өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен [7]. 
Ойлаған ойын іске асыру кезінде де елестету байқалып, дами түседі; ұшу алдында ұшақты дайындау 
керек; дүкендегі тауарларды таңдап алу керек, егер жетіспесе өзің дайындауың керек. Осылайша ойын 
арқылы болашақ оқушының шығарашылық қабілеттері дамиды. 
Қызықты  ойындар  балалардың  қуанышты,  жеңіл  көңіл-күйін  қалыптастырады,  белсенді  іс-әрекет 
қажеттілігін қанағаттандырып өмірлерін мағыналы етеді. Егер бала жақсы жағдайда жақсы тамақтанып 
өмір  сүрсе,  бірақ  қызықты  ойындар  ойналмаса  ақыл-ойы  нашар  дамиды.  Ойында  бала  тұлғасының 
барлық  жақтары  бір-бірімен  байланысып  қалыптасады.  Балаларды  достық  сезімге,  тату  ұжым  құруға 
тәрбиелеу  үшін,  үлкендердің  жақсы  іс-әрекеттерін,  еңбегін  дәріптейтін  ойындармен  қызықтыру  керек. 
Балалар ұжымын жақсы ұйымдастырғанда ғана әр баланың шығармашылық қабілеті дамиды. 
 
1. Г.Оразова. Шығармашылықты қалыптастыру қажеттілігі. // Қазақстан мектебі. №10, 2006. 16-17 б. 
2. Н.Жанатбекова. Шығармашылық қабілеттілік – даму негізі. // Қазақстан мектебі. №2, 2006. 15-17 б. 
3. Г.Нұрахметова. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. // Бастауыш мектеп. №2, 2006. 49-50 б. 
4. К.Жолдыбекова. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту. // Бастауыш мектеп. №8, 2005. 75-77 б. 
5. Д.Жолдыбаева. Оқушы шығармашылығын дамыту. // Бастауыш мектеп. № 8-9, 2007. 57 б. 
6. Бастауыш мектеп оқушысының шығармашылық қабілетін дамыту. // Бастауыш мектеп. №10, 2003. 3-4 б. 
7. Г.Н.Манапова. Қазақ тілі пәніне арналған дидактикалық материалдар. Алматы «Жазушы» 2000. 3-5 .б 
 
Аннотация 
Творческая  деятельность  учащихся  не  ограничивается  лишь  приобретением  нового.  Работа  будет  творческой, 
когда в ней проявляется собственный замысел учащихся, ставятся новые задачи и они самостоятельно решаются при 
помощи  приобретенных  знаний.  Ведущие  студентам  думать  о  творческих  работ,  вызывает  интерес  и  творческие 
способности, а также стимулировать активность. 
Ключевые  слова:  Произведения  искусства,  начальная  школа,  творчество,  знание,  методы,  ученики,  учебный 
процесс. 
Abstract 
Primary education and continuing education for the first stepways. Difference between lead activity and educating process 
is child’s behavior, searching methods self- developing idea, and to solve problems with new ways.Lead students to think of 
creative works, arouses interest and creative abilities, as well as to stimulate activity. 
Keywords:Works of art, primaryschool, creativity skills, knowledge, methods, students, educating proccess

 
УДК 17.022.1Ж.83 
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ 
ЖОЛДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Б.Т. Жубатырова – аға оқытушы, педагогика және психология магистрі 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
 
Аннотация 
Мақалада  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  сөздік  қорын  дамыту  жолдары  қарастырылған.  Сонымен  қатар 
мақала авторы аталған мәселе бойынша ғалымдар мен тәжирибелі  педагог мамандардың  көзқарастарының  психо-
логиялық-педагогикалық  негіздеріне  шолу  жасаған.  Балалардың  сөздік  қорларын  дамытудағы  кезеңдер  қарас-

тырылған. Семантикалық тұрғыдағы тілдік жұмыстар өте маңызды екенін атап өтеді. 
Түйінді  сөздер:  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар,  даму,  балалардың  сөздік  қоры,  лексикалық  даму  деңгейлері, 
тілдік  жұмыстар,  даму  кезеңдері, семантикалық  маңыздылығы, синонимиялық  қатар,  антоним-сөздер,  балалардың 
тілін жетілдіру жұмыстары. 
 
Сөздік  қор  мен  тілдің  дамуы  баланың  оқуда  жетістіктерге  жетуіне  ықпалын  тигізеді. 
Тәжірибе көрсет-кендей, сөздік қоры бай және тілдік даму деңгейі жоғары балалар оқу үрдісінде 
қиындықтар  көрмей,  тез  оқу  және  жазу  дағдыларын  меңгеріп  кетеді.  Лексикалық  даму 
деңгейлері төмен балалар оқу барысында, адамдармен қатынасқа түсу барысында қиындықтарға 
тап  болады.  Лексикалық  даму  деңгейлері  орташа  балалар  оқу  барысында  тұрақсыздықпен 
айрықшаланады. 
Ю.С.Ляховская,  Н.П.Савельева,  А.П.Иваненко,  Е.М.  Струнина  еңбектерінде  көрсетілгендей 
балалар-дың  оқу  барысында  қиындықтарға  тап  болуы  сөздік  қордың  дұрыс  дамуымен 
түсіндіріледі. 
Психологиялық-педагогикалық зерттеулер бойынша оқу үрдісінде балалардың 90% қиындық 
көреді, олардың ішінде 60% сөздік қордың дұрыс дамымағанымен байланысты. 
Д.Б. Элькониннің пайымдауынша, балалардың тілдік дамуы олардың интеллектуалдық және 
тұлғалық  дамуымен  терең  байланысты.  Алты-жеті  жаста  балалардың  сөздік  қорының  дамуы, 
оның  одан  әрі  байи  түсуі  өте  жедел  түрде  өтеді.  Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  ересек  топ 
балаларының тілдік дамуы сөздің лексикалық мағынасын жетілдірумен тығыз байланысты[1]. 
Сөзді  тілдің  бірлігі  ретінде  зерттеу  тіл  дамыту  жүйесінде  маңызды  орын  алады.  Осы 
проблемаға  Е.И.Тихеева,  А.М.  Бородич,  Ю.С.Ляховская,  Н.П.Савельева,  А.П.Иваненко, 
В.В.Гербова,  В.И.Яшина,  Е.М.Струнина,  А.А.Смаги,  А.И.Лаврентьева  және  т.б.  зерттеулері 
арналған. 
Зерттеулерде  дәлелденгендей  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  сөздің  семантикалық 
тұрғыдан дұрыс қолдану үшін, оның түрлі мағыналарымен таныстыру қажет.  
Баланың сөзді және сөз тіркесін мағынасына, тілдік жағдаятқа қарай дұрыс қолдану дағдысын 
дамыту,  еркін  түрде  өз  ойларын  айтуға  және  айналамен  қарым  қатынасқа  түсуге  мүмкіндік 
береді.  
Қазіргі  уақыттта  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  сөздік  қорын  дамыту 
жолдарыныңзаңдылықтарын зерттеген, «сөз» ұғымына мінездеме келтірілген зерттеулер бар. 
Н.А.  Стародубова  зерттеулерінде  сөзді  жұмыстардың  маңыздылығын  ерекше  атай  отырып, 
сөзді  қарым  қатынас,  затты  суреттеу  барысында  қолдану  —  бұл  керекті  сөзді  көп  сөздердің 
ішінентаңдау  үрдісі.  Әрбір  сөз  белгілі  сөз  табына  жатады  және  өзіне  тән  грамматикалық 
көрсеткіштері бар.  
Ана  тілінің  сөздік  құрамын  игеру,  Ю.С.Ляховская,  Е.М.  Струнина,  Н.П.Савельева, 
В.И.Яшина  және  т.б.  зерттеушілердің  пайымдауынша,  -  бұл  тілдің  грамматикалық 
құрылылымын  игеруге,  монологтық  тсөйлеу  түрін  дамытуға,  сөздің  дыбыстық  мәдениетін 
тәрбиелеудің  бірден  бір  мағызды  жағдайы.  Тілді  қарым  қатынастың  құралы  ретінде  қолдану 
сөзбен байланысты. Сөйлеуші сөз арқылы сөз тіркесін және сөйлемдерді құрастырып, өз ойын 
білдіреді, тыңдаушықабылдаған сөздерді жіктеп сөз арқылы ойды түсінеді. 
Е.М.  Струнинаның  пайымдауынша,  сөздің  мағынасын  балалар  қоршаған  ортамен  танысу 
барысында  –  арнайы  ұйымдастырылған  және  күнделікті  өмірде  танысады.  Мектеп  жасына 
дейінгі  балалардың  сөздік  қорын  сандық  жағынан  байытылғаны  емес,  сапалық  жағынан  да 
жетілдірілуі қажет[2]. 
ПсихологтарЛ.С.Выготский,  А.Н.Леонтьев,  П.Я.Гальперин  ойында  баланың  ойлау  және 
сөйлеу  қабілеттері  практикалық  әрекет  барысныда  қалыптасады.  Ойлау  және  сөйлеу 
қабілеттерінің  өзара  байланысы  әрдайым  зерттеу  назарында.  Л.С.  Выготскийұғымдардың 
қалыптасу  проблемасын  қарастыру  барысында  «ұғымды  сөзсіз,  ойды  сөзбен»  қарастыруға 
болмайды [3]. 
В.И.Яшина,  А.И.Лаврентьева  сөздік  қорды  дамытуда  сөздерді  тақырыптық  топтастыру 
принципін  басшылыққа  алуды  маңызды  деп  санайды.Тіл  бірліктері  бір  бірімен  тығыз 
байланысты. Сөз топтпмалары ең басты бір сөздің аясында топтасады. Сөздік жұмыс барысында 

(тілдік  тәрбиеге  байланысты  басқа  да  міндеттерді  шешуде),  авторлардың  ойынша,  бала  дәл, 
дұрыс, мәнерлі сөйлегенін қадағалап, соған тәрбиелеу қажет.  
Аталған  барлық  лексикалық  жұмыстарға  аспектілер  О.С.Ушакованың  тіл  дамыту 
бағдарламасында  көрсетілген.  Автордың  ойынша,  бұл  жұмыстар  сөздік  жаттығулар, 
шығармашылық тапсырмаларды орын-дауға бағытталған формаларда өтуі қажет[4]. 
Ересек топта балалардың сөздік қорының діңгегі қалыптасып,  алдағы  уақытта  айтарлықтай 
өзгеріске  ұшырамайды.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  сөздік  қорын  зерттеу  барысында 
зерттеушілер белгелі бір аясында баланың сөздік қоры қалыптасатынын атайды: 
- тұрмыстық сөздер қоры; 
- қоршаған ортамен байланысты сөздер тобы; 
- әлеуметтік сөздер қоры. 
Аталған бағыттар аясында балалар ең алдымен зат есімдерден: адамға қатысты сөздерді; сын 
есімнен  «үлкен»,  «кішкентай»,  «орташа»  және  т.б.  заттың  түсін  білдіретін:  «қара».  «қызыл». 
«ақ». «көк» және т.б.; есімдіктерден «менікі», «мынау», «біздікі» және т.б. сөздерін игереді. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілеті дамыған сайын, олардың сөйлеу қорлары 
тек қана байыт қана қоймайды, сонымен қатар жүйелене түседі. Сөздердің семантикалық топқа 
бірлесуі  өтеді:  топтаманың  діңгегі  мен  оны  айналасы  перифериясы  қалыптасады. 
А.И.Лаврентьева 
мектеп 
жасына 
дейін-гі 
балалардың 
сөздігін 
қалыптастыруды 
ұйымдастырудың төрт жүйелі кезеңін зерттеулерінде көрсетеді. 
Бірінші  кезеңде  балалардың  сөздік  қорын  жеке-жеке  (20-50)  сөздер  құрайды.  Сөздер  өзара 
жүйе-ленбеген. 
 
Екінші  кезеңде  балалардың  сөздік  қоры  тез  көбейе  бастайды.  Балалардың  жауаптарынан 
олардың  санасында  заттардың  және  құбылыстардың  атаулары  қалыптасып,  жүйеліп  топтаса 
бастағанын  байқай-мыз.  Топтаманың  бір  сөзін  атау  бала  санасында  топтамадағы  басқа 
элементермен ұштасады. Бұл кезең-діА.И.Лаврентьева  «жағдаяттық» деп атап, ал топтамадағы 
сөздерді «жағдаяттық сөздер» топтамасы деп анықтайды. 
Алдағы  уақытта  бала  өзбетімен  сөздерді  топтастырып,  орынды  қолдана  бастайды.  Бұл 
лексикалық жүйенің қалыптасуының үшінші кезеңі ретінде сипаттайды. Тақырыптық топтардың 
ұйымдасуы  лекси-калық  антонимдердің  дамуына  әкеледі:  («үлкен  —  кішкентай»,  «жақсы—
жаман»).  «Үлкен  —  кішкентай»  қарама-қарсылығы  барлық  параметрлік  сын  есімдермен 
ауыстырылады: («ұзын —кішкентай», «жуан — кішкентай»), ал «жақсы—жаман» — сапалық-
баға сын есімдермен «зұлым—жақсы». 
Төртінші  кезең  лексикалық  жүйенің  даму  ерекшелігі  —  сөздерді  аустыруды  бәсеңдетіп, 
синонимия-ның  пайда  болуы.  Балалардың  сөздігін  жүйелі  дамыту  өзінің  құрылымы  бойынша 
ересек адамның лекси-ко- семантикалық жүйесіне жақындайды[5]. 
А.И.Лаврентьеваның зерттеу деректері мектеп жасының ересек топ балаларының лексикалық 
жүйе-лігін дамыту, бір тақырып аясында сөздігін қалыптастыру мүмкіндігін дәлелдейді. 
Балалардың сөздік қорының семантикалық топтамасын қалыптастыруда осы жас ерекшелігін 
таңдау-дың дұрыстығына Е.В. Наумованың зерттеулері  дәлел болып  саналады.  Бұл  ғалымның 
зерттеу негізіне ассоциялық зерттеу әдісін басшылыққа алған: лексикалық жүйенің дамуы және 
сөздердің  семантикалық  алаңын  ұйымдастыру  балалардың  ассоциациялық  реакциясының 
өзгеруінде  көрінісін  табады.  Зерттеуші  төрт  және  алты  жасар  балалардың  осы  бағыттағы 
стимул–сөздерге  реакциясы  жоғары  деңгей  көрсеткенін  пайымдайды.  Айта  кетерлік  жағдай: 
алты  жасар  балалардың  қателігі  төрт  жасар  балалармен  салыс-тырғанда  көбірек  болғаны.  Бұл 
осы  кезеңде  балалардың  сөздің  мағынасын  игеру  құбылыстары,  әрекеттері  жақсы 
дамитындығының куәлігі. 
Бұл  ғылыми  болжам  бізді  зерттеу  барысында  қызықтырып,  анықтауыш  эксперимент 
барысында  ассициалық  әдісті  алуымызға  септігін  тигізді.  Таңдауға  Н.  В.  Серебрякованың 
эксперименталдық зерттеу қорытындыларын сараптау да үлесін қосып, мектеп жасына дейінгі 
балалардың семантикалық алаңын анықтауда тиімділігі анықтала түсті. Зерттеу барысында осы 
әдістеменің  балалардың  сөздік  қорын  дамы-туда  құнды  әдістеме  екенін  бекіте  түсті.  мектеп 

жасына  дейінгі  балалардың  вербалдық  ассоциациясын  талдай  отырып  үш  кезеңді  сөздердің 
семантикалық алаңын ұйымдастыруда анықтайды[6]. 
Бірінші  кезең,  оның  ойынша,  семантикалық  алаңның  қалыптаспағанын  сипаттайды.  Бала 
өзінің сезім-дік қабылдауына сүйенеді және реакция-сөз ретінде айналадағы заттардың атаулары 
қолданылады(«ит» —  «доп»). Бұл кезеңде лексикалық жүйе қалыптаспаған. Сөз мағынасы сөз 
тіркестерінің мазмұнына кірістірілген. Арнайы орын синтагмалық ассоциациялар («ит—үреді») 
алады.  
Екінші  кезең  сөздердің  семантикалық  жағынан  бір–бірінен  айырмашылықтар  бар  сөздердің 
мағына-сын  игерумен  сипатталады,  олар  өз–ара  жағдайлық  байланыстағы  сөздер  қатары.  Бұл 
тақырыптық ассоциалардың басымдылығында көрінісін табады: «үй—төбе», «биік—ағаш» және 
т.б. Семантикалық алаң әлі де ұйымдастырылмаған, бірақ қалыптасуда.  
Үшінші кезеңде ұғымдар, классификациялау, жіктеу үрдісі қалыптасады. 
Ассоциалық  эксперимент  әдісі  бойынша  мағынасы  жағынан  жақын,  тек  бір  ғана 
дифференциалдық  белгісімен  айрықшаланатын  сөздер  қолданыла  бастайды:  («ағаш  — 
қараағаш»,  «биік — төмен»). Семан-тикалық алаңның құрылымының дифференциалануы өтіп, 
сөздердің мағынасына қарай жақындығына және қарама-қайшылығынақарай топтасады. 
Сөздердің атауларын балалар айналамен танысу барысында игереді. Мектеп жасына дейінгі 
балалар  сөздік  қорларын  байыту  аясында:  тұрмыстық,  әлеуметтік  және  айналамен  танысу 
тақырыптарды алдымен игреруі қажет. 
Болгар зерттеушісі Ф.Г.Даскалованың ассоциациялық әдіс мүмкіндіктерін қарастырайық. Бұл 
әдіс ресей ғалымы О.С.Ушакова зерттеулерінде толықтырылып,балалардың сөздік қорларының 
дамуын талдау үшін енгізілді[7].  
Ассоциациялық  эксперимент  барысында  зерттеушілер  (А.  Р.  Лурия,  А.А.Леонтьев, 
О.С.Ушакова,  Е.М.Струнина,  А.А.Смага,  А.И.Лаврентьева  және  т.б.)  мектеп  жасына  дейінгі 
балаларға тән келесідей вербалдық ассоциация анықтады: 
1. Синтагмалық ассоциация: реакция-сөз және стимул-сөз түрлі сөз таптарына қатысты («ішу 
— сүт», «сары— гүл», «ағаш—өседі»). 
2.  Парадигматикалық  ассоциация:  реакция-сөз  және  стимул-сөз  тек  бір  ғана 
дифференциалдық семан-тикалық қасиетпен айрықшаланады:(«ағаш — қараағаш»,  «мысық  — 
ит»,  «ыдыс—тәрелке»).  Балалар  арасында  келесі  байланады:  синонимдік  қатынастағы 
ассоциация  («батырлық  —қорқақтық»);  антонимдік  қатынастағы  ассоциация  сөздері  («биік— 
төмен», «жақсы — жаман») құбылыстар сирек кезігеді. 
3.  Тақырыптық  ассоциациялар.  Әдіс  мағыналық  бала  реакциясына  қатысты,  бір 
семантикалық  алаңмен  сипатталады.  Реакция-сөз  және  стимул-сөз  бір  ғана  семантикалық 
қасиетпен айрықшаланады.  
Мектеп жасына дейінгі балалардың келесідей тақырыптық семантикалық түрлері байқалады: 
- объект пен оның мекеніне қатысты («ит — үйшік», «ыдыс—үй»); 
-  объект  пен  онымен  орындалатын  іс-әрекеттер  («ыдыс—жуу»,  «қарындаш—сурет  салу»), 
бұл ассо-циалар сирек байқалады;  
- заттардың бір қасиеттеріне қарай («көбелек—құс»). 
4. Словообразовательные ассоциации. Әдістемеде балалар сөздің түп нұсқасынан оларға жаңа 
сөздерді  құрайды.Бұндай  ассоциацияның  екі  түрі  бар:  реакция-сөз  және  стимул-сөз  бір  сөз 
таптарына жатады («қоян—көжек», «тез—тезірек», «сөйлейді—әңгімелейді»); және стимул-сөз 
түрлі сөз таптарына жатады («көңіл—көңілді», «биік—биіктеу», «орман—орманды»). 
5.  Бір  сөздің  грамматикалық  формалар  ассоциациясы.  Бұл  әдісте  реакция-сөздер  ретінде 
сөздің көпше формасы айтылады («үстел—үстелдер», «көбелек—көбелектер»). 
6.  Фонетикалық  ассоциация.  Реакция-сөздер  мен  стимул-сөздер  бір  бірінен  дыбыстық 
айырмашалыққа  ие,  олардың  арасында  семантикалық  байланыс  жоқ  («тұр»  —  «түр»,  «бер»— 
«бар»). Бұл ассоциалар сирек кездеседі. 
7.  Кездейсоқ  ассоциациялар:  реакция-сөздер  мен  стимул-сөздер  арасында  мағыналықта, 
граммати-калықта және дыбыстықта байланыс жоқ («тез — топ», «орман—орындық»). Балалар 
көбіне  айналадағы  заттардың  атауынатайды.  Ассоциацияның  осы  типібес-алты  жасар  балалар 

арасында кеңінен тараған. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  сөздік  қоры  дамыған  сайын  олардың  вербалдық 
ассоциация-ларының  сипаттамасы  да  өзгере  түседі.  Н.В.  Серебрякованың  зерттеу  деректері 
бойынша,  алты-жеті  жаста  лексикалық  жүйенің  қалыптасуында,  семантикалық  алаңды 
ұйымдастыруда  үлкен  сапалық  серпініс  байқалады.  Ассоциациялық  алаңда  пардигматикалық 
және синтагматикалық реакциялардың қатынасы айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Бес-алты 
жасар  балаларда  синтагматикалық  реакция  парадигмати-калықтан  жоғары  болып  келеді.  Олар 
өте  жиі  кездеседі.  Жеті  жаста,  керісінше,  парадигматикалық  реакция  синтагматикалыққа 
қарағанда әлде қайда жоғары[8]. 
Бес-алты жасар балаларда тақырыптық ассоциациялар кең тараған. Жеті жаста тақырыптық 
ассоциа-циялар  парадигматикалыққа  қарағанда,  сирек  кездеседі.  Бұл  жеті  жасар  балаларда 
семантикалық  алаңның  діңгегі  (ядросы) қалыптаса бастағанның куәлігі. Сонымен,  балалардың 
ассоциациялық  іздеу  реакция  стратегиясы  жас  ерекшелігіне  қарай  өзгеріп  отыратындығы 
зерттеулерде көрсетілген. 
Біздің  сөздің  семантикалық  алаңын  кеңейтетін  жұмыстарды  талдауға,  тақырыптық 
ассоциациялар көріністеріне көп назар қоюымыз:  
бала-бақшада  баланың  барлық  әрекеттері  тіл  дамыту  жұмысымен  байланысты,  осы  орайда 
ақыл-ой  тәрбиесі,  танымдық  қабілеттерінің  қалыптасуы  арасындағы  сабақтастықпен 
түсіндіріледі. 
Ана  тіліне  үйретуде  басты  орынды  семантикалық  мағынасы  бар  сөзбен  жұмыс  алса,  бала 
онда айналамен тілдік қатынасқа түскенде, шығармашылықпен пайдалана алады. 
Жоғарыда  зерттеулеу  сараптамасына  сүйенсек,  семантикалық  тұрғыдағы  жұмыстар  өте 
маңызды,  өйткені  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  сөздік  қорын  дамыту  сөздердің 
лексикалық  мағынасының,  олардың  қандай  жағдайда  қолданылуы  балаға  түсініксіздігі.  Ал 
сөздердің  дұрыс  қолдану  дағдысын  қалыптастыру  үшін  мәтінге  сай  сөздерді  семантикалық 
таңдау  жасауын  дамыту  қажет.  Бұндай  даму  байланыстыра  сөйлеуді  жетілдіруге,  оның 
мәнерлігіне септігін тигізеді. 
1. Эльконин Д.Б. Как учить детей читать. М.: Педагогика, 1976. 
2. Конспекты занятий по развитию речи/ О.С. Ушакова, Е.М.Струнина. – М., 1998. 
3.  Выготский,  Л.С.  Обучение  и  развитие  в  дошкольном  возрасте  Избранные  психологические  исследования/ 
Л.С.Выготский. - М., 1956, с. 269. 
4. Ушакова, О.С. Теория и практика развития речи дошкольника/О.С. Ушакова – М., 2008. 
5.  Лаврентьева  А.И.  Система  работы  над  синтаксической  стороной  речи  младших  дошкольников:  дис.  канд. 
пед.наук. – М.,1998. 
6.  Серебрякова,  Н.В.  Логопедическая  работа  по  формированию  лексики  дошкольников  со  стёртой  формой 
дизартрии: дис.канд.пед.наук. – М.,1996. 
7.  Ушакова,О.С.  Диагностика  речевого  развития  дошкольников  (3-7  лет)/О.С.  Ушакова,  Е.М.Струнина.  –  М., 
1998. 
8.  Серебрякова,  Н.В.  Логопедическая  работа  по  формированию  лексики  дошкольников  со  стёртой  формой 
дизартрии: дис.канд.пед.наук. – М.,1996. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет