теорияның негізін салдарын бөліп көрсете отырып, теорияның құрылымдық сызбасын
жасау;
есепті шығарудың құрылымдық логикалық жүйесін құру, яғни тапсырманы орындауда іс-
әрекеттің «тізбегін» бастапқы жағдайдан шығарып түзу.
Студенттер меңгеруіне тиісті практикалық біліктіліктерге қатысты мына фактіге назар
аударған дұрыс: практикалық біліктіктің көптеген амалдары жоғарыда аталған ой
операцияларымен тікелей байла-ныста бірлесе өрбиді. Әртүрлі логикалық ой операциялары мен
іс-әрекеттің түрлі амалдарына үйретуде студенттер бойында ізденушілік, тапқырлық қабілеттері
қалыптасып, физикалық түсініктердің мазмұны тереңдейді. Шығармашылық есептердің
қолайлысы іріктеліп, таңдалып алынуы студенттерді әртүрлі физикалық құбылыстар мен
заңдылықтар арасындағы логикалық байланысты ойлап табуға итермелейді, оқу материалын
көзсіз жаттап алудан сақтандырады, физикалық ситуацияларды талдау біліктілігін
қалыптастырады және есептерді шешудің түрлі амалдарын бойларына сіңіре отырып кәсіби
біліктілігі қалыптасады[5].
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, есептердің мазмұнындағы қарама-қайшылықтарды
шешудің логикалық ізденісті тудыратыны (Э.М.Браверман, А.С.Сиденко) жөніндегі ойды
дамыта отырып, біз шығармашылық есептерді келесі түрлерге ажыраттық. Логикалық-
ізденушілік, зерттеушілік, құрастыру және компьютерлік есептер. Мұнда логикалық есептерге
шығарылуы үшін логикалық операцияларды керек ететін есептерді жатқыздық. Шығармашылық
есептердің бұл түрі есептерді шығару үшін қажетті логикалық әдістерді меңгеру қажеттілігі
айқындайды. Өйткені шығармашылық есептерді шығару кезінде ойлау үдерісінің логикалық
және шығармашылық компоненттері анағұрлым қарқынды дамитын болады.
Білімді практикада қолдану кезеңі оқыту үдерісінде жетекші орынға ие, себебі студенттердің
есеп-тапсырмаларды орындаудағы жан-жақты іс-әрекеттері үлкен ақыл-ой қызметі арқылы
жүзеге асады. Шығармашылық есептер алған білімді шығармашылықпен қолдануға және сол
арқылы олардың қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Зерттеу мәселелеріне қатысты әдістемелік, педагогикалық, психологиялық және
жаратылыстану-ғылыми әдебиеттерге жасалған талдау нәтижесінде оқыту үдерісінде
студенттердің
«қызығушылығы»,
«шығармашылық
есеп»,
«шығармашылық
іс-
әрекет»ұғымдарының мәндік және мағыналық сипаттама-сын ашып беруге; олардың өзара ара-
қатынасын зерттеуге, шығармашылық есептерді орындауда теория-лық және практикалық
біліктерді қалыптастырудың мазмұндық құрылымын жасауға, оның өлшемдері мен
көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік туды.
Шығармашылық есептердің ойлау үдерісінің логикалық және шығармашылық компоненттері
анағұрлым қарқынды дамитын түрлеріне ажыратылуы:
-
студенттерді ой операциялары мен іс-әрекеттің түрлі амалдарына үйретуге
-
студенттер бойында ізденушілік, тапқырлық қабілеттерінің қалыптасуына
-
студенттердің физикалық түсініктердің мазмұнына терең бойлауына
-
есептерді шешудің түрлі амалдарын бойларына сіңірулеріне себептесетінін көрсетті.
Физикалық шығармашылық есептердің мазмұнын құрастыруда басшылыққа алынған талаптар мен
критерийлер жалпы физика курсы бойынша жасалған шығармашылық есептердің мазмұндық ерекше-
ліктерін, студенттердің шығармашылық есептерді шығаруына қажетті іс-әрекет құрылымын, студент-
тердің қызығушылығын арттыру физикалық білімінің негізгі көрсеткіштерінің бірі екендігін көрсетті[6].
Физикалық білімді меңгеру және шығармашылық есептерді орындаудағы біліктер амалдары мен
қимылдарын игеру, белсенді оқыту формаларын пайдалану, өмірде және күнделікті тұрмыста студент-
терді іс-әрекеттерінде қолдану сияқты шарттармен қамтамасыз етілетіндігі тәжірибелік эксперимент
арқылы дәлелденді.
Студенттердің физикаға қызығушылығын арттыру мақсатында пайдаланған шығармашылық есептер
физиканы оқыту үдерісінде қолданылатын жаттығулар жүйесін, есептер жинақтары мен дидактикалық
оқу құралдары мазмұндарын, сонымен қатар, жоғары мектеп реформасы тұрғысынан оқу үдерісін
жетілдіруде пайдалануға болады.
Қорыта келгенде, физика пәні бойынша меңгерілген білімді бекіту кезеңінде пайдаланатын шығарма-
шылық есептер білімді түсінуге негізделген бекіту үдерісіне сай болады. Түсіну, есте сақтау – физика
курсы бойынша білімнің толық, мықты меңгерілуіне себебін тигізеді. Ал бұл өз кезегінде бұрынғы білімді
анағұрлым терең, жаңа қырынан түсінуге және пайдалануға мүмкіндік береді. Осы кезеңде пайдаланатын
шығармашылық есептер білімді кеңейтуге, кәсіби біліктік пен машық-дағдыларды байытуға бағыт-
талғаны жөн.
1.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. 7
қаңтар 2014 жыл.
2.
Ғ.М.Кертаева. Білікті маман даярлау – басты мақсат // Бастауыш мектеп. -2006. - №7. - Б.11-13.
3.
Аубакирова Ж.К. Педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық-педагогикалық негіздері. // «С.
Аманжолов оқулары - 2005» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Өскемен
2005. - 538 б.
4.
Кенжебеков Б. Маманның кәсіби құзыреттілігінің теориялық негізі //Бастауыш мектеп. – 2005. - №3. – Б. 3-7.
5.
Жүсіпқалиева Ғ.Қ., Джумашева А.А., Құбаева Б.С., Мектепте физикакурсын оқытудың теориясы мен
әдістемесі: Оқу құралы. /Жүсіпқалиева Ғ.Қ., Джумашева А.А., Құбаева Б.С./ -Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ
редакциялық баспа орталығы, 2012 – 195б
6.
Арыстанов Т. Физикадан эксперименттік есептер шығару. // Математика және физика журналы. - №3,
2004 . –Б. 29-31.
Аннотация
В данной статье говорится о подготовке будущих учителей физики с профессиональными навыками. В
предложенной нами системе указывается необходимостьдля учителей физики для повышения качества препо-
давания: хорошие результаты, модульное обучение, дистанционное обучение, повышение качества преподавания. И
рассматривая пути формирования профессиональной квалификации студентов, мы раскрыли способы и виды
решения творческих задач.Предусмотрели возможности для определения цели и идеи задачи, чего-то нового в ней, а
так же разные способы решения, использования множества действий задачи при решении задач студентами.
Ключевые слова: профессионализм, учитель физики, методика, высшая школа, творческая задача.
Annotation
In the paper a looking for a future make a teacher’s with professional cards. In the listing system's for physic's teacher a
higher quality education’s whatall teacher’s must be: result, moduledistance education, a higher education technology. In the
paper a looking a strategy equal of the student’s a professional part witching and aspect’s with equal of physic’s. A looking for
a writing equal with student’s with one basic, made is idea new technology, a basic equal, as well as justify more equal of the
physic’s measurements.
Keywords: professional education, a physics teacher, methodology, high school, informative.
ӘӨЖ 371.012
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕРГЕ ҮЙРЕТУДІҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ
Р.А. Дарменова – п.ғ.к. .,профессор м.а.
С.М. Крыкбаева– ө. ғ. к. қаум.проф.м.а.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалықуниверситеті, «Кәсіптік білім» кафедрасы
Абстракт: Қолданбалы қолөнергеоқытудағы мұғалімніңмақсаты – қолөнердің даму тарихын, халық шебер-
лерінің өмірін, олардың бұйым жасаудағы құпиясын болашақ мамандарға жеткізу, бұйымды жасап шығарудың
технологиялық тәсілдерін үйрету, тақырып таңдай білуге жетелеу олардың эстетикалық талғамын дамыту, сондай-ақ
шығармашылық шабыттарын өсіру. Меңгерген білімді практикамен байланыстырып, тәжірибеге енгізу, шеберлікке
икемдеу.Шебер болуға әркімнің қабілеті әр түрлі болып келеді, тек бәрі бірдей емес. Қазақ қолданбалы қолөнері
негізінде тәрбие беруде студенттердің шығармашылық шеберлігін қалыптастыру. Қолданбалы қолөнер пәнін оқыту
әдістемесінің іс-тәжірибелік жұмысының мазмұны негізінен студенттерді еңбекқорлыққа үйрету, яғни теориялық
сабақтармен қатар тәжірибелік жұмыстарорындалып отырады.Зерттеу жұмысының мақсатына қол жеткізу және
белгіленген болжамды жүзеге асыру үшін, теориялық білім мазмұнымен соған сәйкес шығармашылық тапсырмалар
түзіледі. Шығармашылық жұмысты ұйымдыстырудың мазмұны әр түрлі тақырыпқа байланысты, шығармашылық
тапсырмалар жүйесі өткізілген сабақтың мазмұнына келтіріледі.
Тірек сөздер: қолданбалы қолөнер, маман, әдістеме, шығармашылық, мақсат, эстетикалық талғам.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында
«Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісімамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды
ғылыми-зерттеу қызме-тімен ықпалдастырылған инновациялық дамыту жолдары жоғары оқу
орындарындағы зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономикалық қажеттіліктерімен тығыз
байланысты білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады». Бұл
бағыт студенттер білімінің халықаралық деңгейге жетуін талап етеді, оны орындау үшін
студенттерді жан-жақты дамытып, біліммен қаруландыруымыз қажет. [1]
Қоғам талабы мен әлеуметтік сұраныстарға сәйкес жаңа технологиялар көбеюде. Өзін-өзі
дамыта алатын өз бағыт-бағдарын айқындай білетін, өзін үнемі жетілдіре алатын қоғамның
белсенді азаматын қалыптастыру. Осындаймақсатты орындау үшін жоғары оқу орны
студенттеріне шығармашылық қабілет пен терең философиялық дүниетанымқажет. Студенттер
тарапынан жобалардың философиялық мазмұ-нын, тұтастығы мен жүйелілігін меңгермей жатып
таза еліктеушілікпен сыртқы формасын ғана қолда-натындығы байқалып жүр. Бұл үшін оқыту
үрдісін жетілдіру жеткіліксіз, қайта оған қосымша білім алуда кеткен олқылықтардың оң
шешілуіне ықпал ете алатын, өз бойындағы өзгерістерді ұйымдастыра алатын жеке тұлғаға әсер
етуге тиіспіз. Ал шын мәніндегі жаңашылдық әлеуеттілік жоғары оқу орнындағы әдістемелік-
ізденістік жұмыстың деңгейімен тығыз байланысты.Қазіргіуақыттақолданбалы қолөнерді жан-
жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы өте
зор. Өйткені қазақтың қолданбалықолөнері жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі
салаларының бірі. Олай болса қазақтың ұлттық мәдениетін, оның қолданбалықолөнерін,
шеберлердің еңбегін, ісінжан-жақты зерттеу қажетті мұра болып табылады.
Бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің
философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына,
оны орындаудың әдістемелік жолдарынажаңа көзқарас қалыптастыру.
Қолданбалы қолөнергеоқытудағы мұғалімніңмақсаты – қолөнердің шығу, даму тарихын,
халық шеберлерінің өмірін, олардың бұйым жасаудағы құпиясын студенттерге жеткізу,
бұйымды жасап шыға-рудың технологиялық тәсілдерін үйрету, тақырып таңдай білуге жетелеу
олардың эстетикалық талғамын дамыту, сондай-ақ шығармашылық шабыттарын өсіру.
Меңгерген білімді практикамен байланыстырып, тәжірибеге енгізу, шеберлікке икемдеу.Шебер
болуға әркімнің қабілеті әр түрлі болып келеді, тек бәрі бірдей емес. Қазақ қолданбалы қолөнері
негізінде тәрбие беруде студенттердің шығармашылық шеберлі-гін қалыптастыру. Қолданбалы
қолөнер пәнін оқыту әдістемесінің іс-тәжірибелік жұмысының мазмұны негізінен студенттерді
еңбекқорлыққа үйрету, яғни теориялық сабақтармен қатар тәжірибелік жұмыстар орындалып
отырады.Зерттеу жұмысының мақсатына қол жеткізу және белгіленген болжамды жүзеге асыру
үшін, теориялық білім мазмұнымен соған сәйкес шығармашылық тапсырмалар түзіледі.
Шығарма-шылық жұмысты ұйымдыстырудың мазмұны әр түрлі тақырыпқа байланысты,
шығармашылық тапсыр-малар жүйесі өткізілген сабақтың мазмұнына келтіріледі.
Жоғарғы оқу орнындақолданбалы қолөнер бағытында арнайы пәндержүргізіліп
келеді.Студенттерді қазақ халқының төл өнерінің тарихымен таныстырып, олардың өзіндік
өнеге үлгісін, бейнелеу ісін орын-даудың технологиясы, бұйымдарды көркемдеп өңдеу тәсілдері
арқылы орындаудың әдістемелік жолдары қарастырылады. Осы мұраларды қоғамдық өмірде
тиімді пайдалана білу үшін оны тереңірек оқып үйрену, әрі толық дәрежеде игеру қажет. Қолда
бар халық өнерінтиімді пайдаланып, іздемпаздықпен жаңарта отырып, келешек ұрпақтың
бойына сіңіру, көпшілікке өнерде болып жатқан өзгерістерді, құбы-лыстарды көрсете білу, жас
ұрпаққаұлттық қол өнерімізді үйретудің әдістемелік жолдарын қарастыру.
Әдіс – жаңа білімді меңгерудегі принциптер мен тәсілдердің жиынтығы негізінде шындыққа
жету жолы. Зерттеу әдістерін анықтауда, зерттеу мазмұнына қатысты әдістерді механикалық
тұрғыдан таңдау жасамай,олардың нақтылы кезеңдеріне қажетті әдістерді алдын-ала іріктеу.
Тарихи генетикалық әдіс. Бұл әдіс зерттеу проблемасына тарихи талдау негізінде жүреді.
Сондықтан да, проблема-қайдан, қашан, неге пайда болды? Оған қандай факторлар себеп
болды?-деген сұрақтар алға тартылады. Осы себепті, зерттелетін мәселенің себеп-салдарын
анықтауда дитерменистік принципті басшылыққа алу керек. Бұл принцип мәселенің не екенін
біліп, танысу емес, оның не себепті осындай болғанын ұғындыруға бағытталады. Талдау анализ
мақсаты – бүтіннен- бөлікті, күрделіден-қарапайым-ды, жекеден-жалпыны, салдардан – себепті
анықтау, табу болып табылады. Жинақтау синтез-негізінен келесі теориялық мәселелерді шешу:
- зерттелетін пән, тікелей байланысқан және өзара бағынышты байланыс жүйесі және
жетекші бола алатын жағдай;
- құбылыстар элементтерінде, табиғатында, жеке-жеке тұрған элемент болған мен оларда
барлығына тән біркелкілік барлығы;
-бірдейобьектілердегізаңдармензаңдылықтарарасындабайланысбарлығыжатады. Сондықтан,
синтез-жеке
бөліктердіжинақтау,біріктіруемес,олконструктивтііскеасыратын-
логикалықжүйеболыптабылады.
Модельдеу әдісі адамдардың қоғамдық практикасында, ғылым да қандай роль атқарады? Осы
сұрақтардың негізінде оның мазмұнынан азар аударар болсақ, ол көбінесе обьектілердің сыртқы
көрінісі туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Ал ұғым ретінде, модель сөзі латынның modus,
modulus, яғни, үлгі, тәсіл, өлшем деген мағына береді. Оның алғашқы мәні мағынасы құрылыс
санатымен байланысты шыққанын ескеретін болсақ, ол барлық уақытта, затты, үлгіні белгілеуде
қолданылған, осындай оның жалпы мағынадағы сөз ретінде ашылуы, техникада,
жаратылыстануда және басқа да ғылымда, ғылыми термин ретінде қалыптасуына негіз болса
керек. Олай болса, модель –оған ұқсас обьектілер арқылы пайымдалған. Яғни, модель деп
құбылыстарды процесс ситуация және т.б жасанды түрде оқып үйренуге, оларды зерттеуге қиын
соғатын емес зерттеуге мүмкін болмайтын ұқсас құбылыстарға құрылған жасанды құралған
нәрсені айтамыз.
Модельдеу – зерттеу әдісі, жобалау, конструкциялау ретінде ғылымда көп қолданылады.
Модельдеу көбінесе қандай да бір құбылысты, процесті, немесе обьектілер тұрғызу арқылы
зертеу болып табылады.
Модельдеу – ғылыми танымның әдісі ретінде құбылыстың дамуын, соңғы нәтижесінен озық
болжап білуге мүмкіндік береді [4].
Студенттерді халық өнеріне тереңірек үйрету негізінде еңбек сүйгіштікке, әсемдікке
талпындыру, мәдени мұраны қадірлеу дәстүрін жалғастыруды әр-бір бұйымдар жасау
барысында жүзеге асырудың әдістемелік жолдарынқарастырады. Курсты оқу барысында
болашақ маман халық өнерінің бірнеше түрлерімен танысады. Студенттерге тәжірбие
барысында пропорция,перспектива, композиция, симмет-рия, пішін, рең, түстік үйлесім,
үйлестіру үйретіледі. Теориялық түрде мына пәндердібілуі тиіс: материал-тану, түстану, тоқыма
және тоқу техникасы, материалдарды өңдеу технологиясы.
Практика сабағында орындауы тиіс міндеттер;
- жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыра білу,қауіпсіздікережесінсақтау, бұйымның нобайын
дайындап алу, бұйымдарды әзірлеуге мата таңдау, тоқу, кестелеу, жұмыс уақытын тиімді
пайдалану,жұмыстыдұрыс безендіру.
Практикалық жұмысты орындау барысында әзірленетін бұйымның сәндік элементтерінің
үйлесім-ділігі, түсі, көлемдік қатынасы, мазмұны, ерекшеліктері ескерілуі қажет. Студенттерді
бұйымдарды өңдеу барысында дәлдікті, ұқыптылықты, түс үйлесімділігін, симметрия
заңдылықтарын талап ету, кемшілік-терді дер кезінде ескерту арқылы еңбек өнімін сапасын
арттыру оқытушыныңбасты міндеті болып саналады.
Практикалық сабақтардың мақсаты: Қолданбалы қолөнер пәнін оқып үйрену студенттер үшін
маңыз-ды, өйткені, керемет қол өнер туындысын жасап шығару ұзақ уақытты шыдамдылықты
қажет етеді. Студенттер қол өнер бұйымдарын жасау үшін оның әдістемелікжолдарын,
қолданатын материалын меңгеруі, сондай-ақ оның нобайын жасай білу қажет.
Қолданбалы қолөнер пәнінен практикалық сабақтардың міндеті; студенттердің бейнелеу,
композиция, түстану туралы түсініктерін тереңдетіп дамыту;
- Композиция құрастырып, материалды дұрыс таңдауға үйрету;
- Студенттерді қол өнер жайындағы тақырып бойынша әдебиеттер мен оқулықтар мен жұмыс
жасауға үйрету, материал тануға үйрету, көрмелерге қатыстыру,рухани жағынан дамыту [2].
Практикалық сабақтарды өту түрі.
- Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау;
- Практикалық сабақ пәнінің календарлық-тақырыптың жоспарларғасай өтілуі;
- Белгілі бір тақырыпқа композиция құрастыру және оның шешімінтабу;
- Практикалық жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтарды түгелдеу;
- Шығармашылық процесте материалды көркемдеп өңдеу;
Практикалық сабақтар мазмұны.
Кіріспе әңгіме. Қолданбалы қолөнер және оның түрлері, даму тарихымаңызы.
1. Белгілі бір тақырыпқа композиция құрастыру.
2. Жасалынған композицияны түрлі-түсті бояумен шешу (акварель, гуашь, түсті қалам,
пастель)
3. Шығармашылық процесте материалды көркемдеп өңдеу.
4. Қолөнер бұйымдарын түрлі әдісте орындау.(кесте, гобелен, аппликация, коллаж, құрақ т.б.)
5. Жұмысты аяқтап, безендіру.Қорытынды көрме ұйымдастыру
Техникалық құралдар және көрнекіліктер.
- Компьютер (интернет),қолданбалықолөнер жайында, әдебиеттер, оқулықтар.
- Атақты суретшілердің, қолөнер шеберлерінің шығармашылық жұмыстарының суреттері
мен көрме-лері;
- Студенттердің шығармашылық жұмыстары;
- Тарихи орындар (кесенелер) мұражайлар;
- Әдістемелік талдаулар
Практикалық сабақ жүргізудің тәртібі:
- Сабақ календарлық тақырыптық жоспарға сай жүргізіледі;
- Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру (практикалық сабаққа қажетті құралдарының
болуы);
- Берілген тапсырманың мақсаты мен міндетін белгілеу;
- СӨЖ жұмыстарын жеке тексеру;
- Орындалып жатқан жұмысты талдау;
- Модельді рейтингтің қорытындысын шығару.
СӨЖ тапсырмалары:
- Қолөнер түрлерін талдау, жасалу жолдармен танысу, мәліметтер жинау;
- Белгілі бір тақырыпта композиция құрастыру;
- Практикалық сабақтар бірнеше арнаулы тақырыптар бойынша жүргізіледі.
- Оқытылатын курс бойынша өтілетін сабақ түрлері: ұсынылған оқулықтарды оқу;
шығармашылық жұмыстарды анализдеп талдау; сәндік қолданбалы өнер түрлерін меңгеру; тоқу
өнерінің техникасын меңгеру; өзіндік жұмыстарын орындау
Практикалық жұмыстарды орындағанда оқытылатын пәнге шығармашылық қызығушылық
танытып, үнемі ізденіс үстінде болу, бейнелеу өнерінде, сәндік қолданбалы өнердегі жаңа
технологиялар мен жұмыс тәсілдерімен бірге хабардар болып отыруыкерек.Көрмелерге барып
шығармашылық жұмыстары-мен танысып, ғылымының әртүрлі саласы жөнінде білім деңгейін
үнемі толықтырып отыруы тиіс.
Практикалық жұмыстардың бағалану деңгейі:
-
берілген тапсырманы толық көлемде орындау:
-
орындалған көркем туындының соңы мен сапасына мән беру:
-
практикалық тапсырманы эстетикалық түрде ұсынып, ұғына білу;
Практикалық тапсырмаларды орындау кезеңінде оқытушы үнемі кеңес беру жұмыстарын
жүргізіп отырады. Әрбір тапсырма орындалып болған соң оқытушы жұмыстарды көріп
бағалайды.
Бұл пәнді түпкілікті меңгеру үшін сабақ үстінде белсенді жұмыс орындап, топтың пәнді
меңгеріп кетуіне атсалысу керек.
Заман талабына сай, жоғары оқу орнында білім алып жатқанбілімгерлеріміздің ұлтымыздың
көнеден келе жатқан салт-дәстүрін, еңбекке деген шеберлігі мен икемділігін, өнерге деген
сүйіспеншілігін қалып-тастыру.
1.
Класс Тіме газеті1 ақпан 2012ж.
2.
Еңбекке үйрету,Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал 2007ж.
3.
Р.А.Дарменова“Материалдарды өңдеу технологиясы”Алматы-2009.
4.
Д. Пошаев Педагогикалық зерттеулер және ғылыми әдіснамасы. ХХІ ғасыр бастауындағы мамандан-
дырудың жалпы кәсіби дайындығының проблемалары.R/ DIARШымкент - 2004ж.
5. Қ.Әмірғазин. «Қазақ қолөнері» А., Дайкпресс.1996 ж.
Абстракт: Ознакомить с историей развития декоративного искусстваитворчеством народных мастеров, развитие
эстетических вкусов, раскрыть творческое вдохновение студентов, поделиться секретами созидания иизготовления
декоративных продукций,научить правильно выбирать технологические методы и тему- вот это и есть цель
преподавателя. Освоенные знания связать с практикой, подталкивая мастерству и внедрить в производство.У каж-
дого человекаспособности разные, не все одинаково могут быть мастерами. Формироватьи воспитатьтворческое
мастерство будущих специалистов на основе казахского декоративно-прикладного искусства. Практическим
содержанием методики преподавания дисциплины декоративно-прикладного искусства «научить трудолюбию» это
параллельно вести теоретические и практические занятия. Ставить и достигать цели научно-исследовательской
работы по реализации прогноза, формируютсятворческие задания в соответствии с содержимым теоретических
знаний. Содержания организации творческого труда зависит от темы,процесс творческих заданий соответствуетс
пройденнымсодержаниемурока.
Достарыңызбен бөлісу: |