Аннотация
После Октябрской революции в казахской степи количество беспризорныхдетей выросло. Эту проблему
рассматривает А.Букейхан в своей статье «Защита бездомных детей – наша задача», опубликованной в журнале
«Жаңа мектеп». Он рассказывает о значении воспитания иобучения этих детей для их будущего, чтобы они выросли
достойными гражданами своей страны.
Ключевые слова: дети-сироты, беспризорные дети, воспитание гражданина
Abstract
After October revolution number of street children grew in the Kazakh steppe. This problem is considered in the article A.
Bukeykhan "Protection of Homeless Children — Our Task" published in the Zhana Mektep magazine. He tells about the
value of education and training of these children for their future, that they can grew up peaceful country.
Key words: orphan children, homeless children, upbringing of citizen
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП
ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА
УДК 37.01
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ТАНЫМЫ –
ҚҰНДЫЛЫҚ ТҰРҒЫСЫНДА
С.Т. Иманбаева – Абай атындағы ҚазҰПУ нің профессоры, п.ғ.д.
Ш.И. Джанзақова – Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университетінің профессоры, п.ғ.д.
Б.К.Мустафина – Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университетінің магистранты
Түйіндеме. Мақалада бастауыш мектеп оқушыларының өзіндік танымының қалыптасуын құндылық тұрғы-
сында қарастыру көзделеді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақ елі- мәңгілік ел» идеясы
қоғам алдына рухы биік азаматтарды, өз- өзіне сенімі мықты патриот -
азаматтардықалыптастыруды көздейді[1].
Үздіксіз білім беру жүйесіне«Өзін - өзі тану» пәнін енгізу арқылы тұлғаның“өзін-өзі тану”,“өзін-өзі
бағалау”,“өзін-өзі жетілдіру”,“өзіне-өзі сену”, “өзін-өзі дамыту” сынды қасиеттердіменгерту, бойына
сіңіру баса назар аударылуда.Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде оқытылып жатқан«Өзін-өзі
тану» пәнінің тұлғаның рухани - адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда маңызы ерекше. «Өзін -
өзі тану» пәні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылы15 қаңтарда № 6
бұйрығымен1-11сыныптарға енгізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2012 жылы 29
маусымында № 873 бұйрығымен «Өзін - өзі тану» пәнінің кешенді типтік бағдарламасы оқу-әдістемелік
құралдар білім беру жүйесіне енгізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің 2013 жылы15 қаңтарда №11 бұйрығымен «Өзін - өзі тану» бойынша рухани – адамгер-
шілік білім берудің республикалық кеңесі құрылды.
«Өзін - өзі тану»пәнітұлғаның бойындағы рухани-адамгершілік құндылықтарды
қалыптастыруға бағытталады. Тұлға – бұл әлеуметтік байланыстардағы және әлеуметтік
қатынасқа түсетін адам, қоғам мүшесі, оған қоршаған орта әсер етеді, ол саналы түрде
адамдармен және әлеуметтік құбылыстармен қарым – қатынас орнатады.Қабылдау қабілеті әр
адамда әр түрлі, бірақ жеке тұлға әлеуметтік ортада өзін дара ұстайды және өз қарым –
қатынастары үшін есеп бере алады.
Мықты және Қуатты Қазақстанмемлекетін қалыптастырып дамытудаұрпақтың бойында
ұлттық сананы, тарихи сананы қалыптастыруда үздіксіз білім беру жүйесініңбасты орын
алатыны белгілі.
Н.Ә. Назарбаев
«Біз өзіміздің тілімізді, дінімізді, жеке бас ерекшелігімізбен сақтай аламыз,
және біз осы рухпен біздің жастарды тәрбиелеуіміз тиіс",-деген тұжырымыбілім беру жүйесінің
негізгі идеясы болып табылады.
Тұжырымдамада «Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру- өзін-өзі тану
жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға
өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымында жүйелеу,өзінің өмірлік ұстанымын
анықтауға көмек беру үшін қажет. Өз өзін-өзі тануөзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік
көрсетуінің, өзінің қабілеті мен әлеуеттік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Адам
– адам, адам - қоғам, адам - техника, адам - табиғат жүйесіне терең білім қалыптастыру; Өзін-өзі
танунәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін-өзі жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп, адам
толысуын, өмір рахаты меноның мәнін жете түсінеді», - деген бағыт өзіндік танымы құндылық
тұрғысында негізгі ұстаным болып табылады[2].
Бастауыш мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың
теориялық негіздері қазақ халқы рухани құндылықтарға аса мән бергені, ұлттық мәдениетімізді
дамытуға, рухы биік ел болуға ұмтылғаны туралы ғылыми деректері аса құнды құжат болып
табылады. Бүгінгі таңдағы “Қазақ елі – Мәңгілік ел”, “Нұрлы жол”идеяларынанда кезіндегі
бабаларымыз негізін салған “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы”, “Тәуке
ханның Жеті жарғысы” идеяларының сабақтастығын көреміз. Бүгінгі бізге жеткен ауызша және
жазба мұралардан қазақ елінің рухы биік халық болғанын аңғаруға болады. Рух дегеніміз
адамның ішкі жан дүниесі арқылы көрініс бере отырып, бүкіл ұлттың бойына сіңісті болатын
асыл қасиет (туған жерге, елге, Отанға деген сүйіспеншілік, ұлы бабаң аманат-таған жерді
көзіңнің қарашығындай сақтау, тілге деген құрмет, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді білу, оның
аманатретінде ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру, т.б.) тұрғысынан бағалауға болады.
Белгілі тарихшы М.Қозыбаев “Рух – туған жер, туған ел, ана тілі, ата тарихы, ұлт менталитеті
ұғымдарымен, түйіндеп айтқанда, Отанмен тағдырлас. Рухты жан қара басын күйттемейді, олар,
Отан, халық, ұлт деп толғанады. …Рух адам баласының жан дүниесінің арқауы”[3,254]. Ғалым
рухты Отан- анамен, туған жер, туған ел, ана тілі, ата тарихы, ұлттық ділмен,
тұлғаныңжандүниесімен байланыстырып беріп отыр.
Психолог О.С.Сангилбаевтың «Адамның өзінің құндылығы неден тұрады?» -деген сұрақ
қоятын болсақ, онда жауаптар осыншама біржақты бола қоймайды дейді. Біреу талантқа, өзге
біреулер басқа адамдармен қатынас орната білетініне үміт артатын болады, ал енді біреу
өмірдегі және еңбектегі табыстарды қолайлы қалыптаса қалған жағдайлармен түсіндірер.
Отбасының, білім беру мекемелерінің міндеті ниет етілген нәтижелерге қол жеткізу
мақсатында өсіп келе жатқан адамның тұлғасына тікелей әсер етуден емес, өзін-өзі құру, өзін
қалыптастыру және өзін-өзі тәрбиелеуі үшін жағдай жасаудан, механизмдерін өзектендіруден
тұрады», - деп атап көрсетулері тұлға-ның өзінің мүмкіндіктерін күн өткен сайын тереңірек
танып-білуі, өз өмірі мен қызметінде максималды пайдалануа білуінен тұратының көреміз[4].
П.И. Пидкасистый құнды қатынастардытәрбие үрдісінің мазмұны ретінде ұсынады. Қарым -
қатынас- кез келген ұстаздыңоқу - тәрбие үдерісінің негізгі ұстанымы болуы қажет екені белгілі.
П.И. Пидкасистый құндылықтарды жетіге бөліп қарастырады: құнды қатынастар- тәрбие үрдісінің
мазмұны; адам құндылық ретінде; өмір құндылық ретінде;қоғам құндылық ретінде; еңбек құндылық
ретінде; табиғат құндылық ретінде қарастырады (Кесте 1 )
Кесте 1- Құнды қатынастар- тәрбие үрдісінің мазмұны (П.И. Пидкасистый бойынша
)
№
Тақырыбы
Мазмұны
1
Құнды
қатынастар-
тәрбие үрдісінің маз-
мұны
Қоршаған ортаның субъектілері мен объектілерінің санасында таңдалып
жасалады.Объективтік шыңайылықтағы өзінің менін сезіну, түсіну. Қарым
қатынасты құру, бағалау, өміріне «мен» қаншалықты қажет екеніе түсіну.
Адамөміріне бағалы қарым қатынас.
2
Адам - құндылық ре-
тінде
Адамең жоғары құндылық. Балалардыңадамдарға деген құнды қарым –
қатынастарының қалыптасуын тәрбиелеу бағдарламасының негізін құрайды.
3
Өмір -құндылық ре-
тінде
Өміргедеген бағалы қарым- қатынастар: әр адамның өмір сүруге құқығы бар;
өмір көріністерінедеген қамқорлық қатынастарды сақтауға ұмтылу; өмірді
оның әртүрлігімен қабылдау; өмірге қабілетіне қарай әсеретуі; адамның
мәртебесіне сайкелетінөмір сүру салты; ойластырылған өмірлік көзқарас; өз
өмірінің субъектісі ретінде оны саналы құру.
4
Қоғам -құндылық ре-
тінде
Қоғам бала үшін құнды қатынастардың қалыптасуы. Отанға деген құнды
қатынас. Адамға, табиғатқа, тілге, әдебиетке, өнерге, өз елінің тарихына,
рәміздерге, қайраткер адамдарға, ғылыми жетістіктерге, барлық оқиғаларға,
отандағы қайғылы, қуанышты, ұмтылыс тудыра-тын құбылыстарға қатынас.
5
Еңбек -құндылық ре-
тінде
Еңбекке құндылық қатынас жоғарыда айтылған құнды қатынастарды
жандандырады. Еңбекті бағалай білуі баланы жастайынан денелік және
рухани істерге үйрете білуі кіреді.
6
Табиғат -құндылық
ретінде
Білімнің маңызды бөлігі табиғатқа қатынас жүйесі болып табылады.
Тұлғатабиғаттың бір бөлігі ретінде табиғатқа құнды қатынас ретінде, табиғат
үйіндегі мәдениет жасампазы, саналы және шығармашыл, табиғатты сақтау
және көбейту жауапкершілігін өзіне алады.
Жоғарыда П.И.Пидкасистыйдың айқындаған құндылық қатынастарынан тұлға бойындағы
Отанға деген сүйіспеншіліктен бастап, адамға, табиғатқа, еңбекке, қуаныш пен қайғығадеген
қатынастар арқылы олардың бойындағы рухты қалыптастыруға жағдай жасаудыңкепілі екенін
көреміз[5].
Белгілі ғалым Н.Е.Щуркова адам мен адамзат үшін жасалатын құндылықтар жүйесіне; Адам,
өмір, табиғат, қоғам, жақсылық, ақиқат, сұлулық, еңбек, таным, қарым-қатынас, ойын, еркіндік,
бақыт, ар- ұят, теңдік, әділеттілік, бауырластықты, кеңпейілділікті жатқызады [6].
Ш.А. Амонашвили мұғалім нұр таратушы және сыйлаушы жан,оқушы нұр іздеуші жан,әрбір
бала ақкөңілділік, кеңпейілділік, тәрбиелі, рухани -адамгершелігі дамыған, санасы жоғары,
шығармашыл, игілікті іс- әрекет, білімдерді менгеруге, өз ойын еркін жеткізе алатын, ерік-жігері
мықты, елін сүйетін, адамзат тарихының сан ғасырлық мәдениетін қастерлейтін тұлға ретінде
қалыптасуы керек», -дейді. Баланы өзін-өзі жасап шығаруға қатыстыратын педагогика - нағыз
гуманистік педагогика деп атап көрсетеді [7].
Ал, «Ұлттық тәрбие» атты оқу құралында тұлғаның қалыптасуында қоғамдағы рухани қарым
- қатынастың көріну формасының бірі ретінде басым құндылықтарды төмендегідей бөліп
көрсетеді:
Жалпыадамзаттық құндылықтар- адам өмірі, бостандық, отбасы, қарым - қатынас, адам
бақыты, ұрпақ жалғастыру, еңбек ету, табыс, ынтымақтастық, белсенділік, тәуелсіздік, махаббат,
заңдылық, еркіндік, мәдениет, бейбітшілік, денсаулық және т.б.
Жоғары сапа деңгейіндегіХХІ ғасырдағынемесеәлемдік жүйедегі құндылықтар - адам
құқықтары, демократия, азаматтық қоғам, өркениет, әлемдік мәдениет және т.б.
Әлеуметтік құндылықтар -әлеуметтік орта, статус, бедел, намыс, абырой, парыз, қарыз,
тұрмыс, теңдік, еркіндік және т.б.
Рухани адамгершілік мәдени құндылықтар – өнер, мәдениет, әдебиет, тарих, тіл, діл, ар, ұят,
дәстүр, әдет- ғұрып, салт, ұлттық дүниетаным, туыстық қатынастар, Отан, Ана, Жер және т.б.[8].
Рухы күшті халық тұрғандажер де, ел де бар, халық бар, сенің тілің мен мәдениетін дамиды,
рухын биіктеп, әлемдік өркениет көшіне ілесе алатынмәңгілік елге айналады.
Рухани-адамгершілік құндылық адамның күнделікті өзінің табиғи жаратылысы мен өзін-өзі тану,
қабылдауы, түсінуі, сезінуі арқылыішкі жан дүниемен, ішкі әлемменсыртқы ортаның ықпалы нәтиже-
сінде дамып, қалыптасқантұлғаның тәрбиелік деңгейін, жеке -даралық қасиеттерінің сипатын айқындайды.
Бастауыш сынып оқушыларының рухани - адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда
алдына қойылған негізгі ұстанымдар: бірінші, оқушы өзінің іс – әрекетін бақылау, яғни өзін-өзі
бақылау, әр жасаған іс-қимылын, яғни, өзін-өзі талдау, тұлғасын үлгілеу, өз басындағы қасиетте,
жүріс-тұрысында динамикалық өсуін анықтап, өз тарапынан және мұғалім тарапынан бағалау
негізгі орын алды.
Қазіргі педагогика ғылымында оқушынысубъект тұрғысынан қарастыру мәселесі алға
қойылғаны белгілі. Өзін -өзі тану–кез келген тұлға өзің субъекті тұрғысынан қарастыра отырып,
ішкі кедергілерді жеңу, өмірде өзінің нақты орнын табуы, қабілеттілігін дамыту негізгі
құндылық тұрғысынан қарасты-рамыз. Оқушы бойындағы сүйіспеншілік, мейірімділік,
қайырымдылық, қамқорлық, сыйластық секілді рухани құндылықтарды қалыптастыруға
бағыттай отырып, көзделген нәтиже- оқушының шығармашы-лық дамуы, өз бойындағы
жағымды қасиеттерді аша білуі, мінез- құлық мәдениетініңқалыптасуы және қоғамдық
әлеуметтік ортада өзін –өзі ұстауында рухани құнды қасиеттердің нақты көрініс беруі.
Бастауыш сынып оқушыларының рухани - адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану
арқылы қалып-тастыру дегеніміз – рухы биік, қайырымдылықты, ізгілікті, тазалық пен
арлылықты өз бойына сіңірген, елі мен жерін сүйетін, білімді менгерген тұлға деп
қарастырамыз.
1.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ» жолдауы. – Астана, 2013.
2.
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбиетұжырымдамасы.Білім және ғылым
Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрық.Астана. -2009. – 29 б.
3.
Қозыбаев М.Қ. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 192 б.
4.
Пірәлиев С.Ж., Саңғылбаев О.С., т.б.Өзін тану және дамыту (оқу құралы) – Алматы: Абай атындағы Қазақ
Ұлттық педагогикалық университеті, 2011. -250 бет.
5.
Пидкасистый П.И. Педагогика. Аударғандар: Г.К.Ахметова, Ш.Т.Таубаева. Алматы: Қазақ университеті,
2006. – 336 бет.
6.
Шуркова Н.Е. Практикум по педагогической технологии. –М.: 1998.
7.
Амонашвили Ш.А.Основыгуманной педагогики.Школа жизни. Книга 3. Грузия. 2011.
8.
Пірәлиев С., Иманбаева С.Т., Төлеубекова Р.К., Шолпанқұлова Г., Нұрғалиева Д. Ұлттық тәрбие. Оқу құралы.
Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. 2014. – 229 б.
Резюме.В статье рассматриваетсяформирование самопознанииучащихся начальных школкакосновы
личностнойценности.
УДК:373.016:81
ОҚУШЫЛАРДЫҢКОММУНИКАТИВТІКТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН
ТЫҢДАЛЫМЖӘНЕСӨЙЛЕСІМАРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Ж.М Ргаева – 2- курс магистр, екі шет тілі.,
С.А Аскарова – ф.ғ.к доцент, ғылыми жетекші Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы
Аңдатпа: Қазіргі таңда шетел тілін оқытуда оқушылардың танымдық, коммуникативтік дағдыларын сөйлесім
арқылы дамыту мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сөйлеу әрекеті оқу әрекетімен тікелей байла-
нысты, коммуникативті оқыту үдерісінде білім беру ауызша (тыңдалым, сөйлесім) жасауға тарту, қарым−қатынас
жасай білу дағдысын қалыптастыру және дамытумен тығыз байланыста болады.Сондай−ақ,шетел тілін оқытудың
жаңарту мәселесіне ерекше мән беріліп, инновациялық тәсілдерімен жаңаша оқыту технологиясын енгізіп оқушы-
лардың қазіргі қоғамға сай білімді, кез-келген жағдаятта жоғарғы деңгейдегі мәдени қарым-қатынасты меңгер-
ген,өзін-өзі басқара алатын, шығармашылық ізденістегі құзіретті тұлғаны қалыптастыру.
Шет тілін оқыту барысында сөйлесім, тыңдалым арқылы коммуникативті танымдық құзыреттілігін қалыптас-
тыруда оқушылардың тілі оқытылатын елдің мәдени құндылықтарымен, оның тарихымен, географиясымен, әдебие-
тімен, ғылымымен, өнерімен танысуына мүмкіндік береді және сөйлеу этикасын орынды пайдалануды талап етеді.
Мақалада шетел тілі сабақтарында коммуникативті танымдық, құзіреттілікті дамыту мәселесі коммуникативті сабақ
түрлері берілді және оны сабақ барысында қолдану жолдары саралап қарастырылады.Қазіргі таңдағы үздіксіз
жаңарып жатқан қоғамда өзге басқа дамыған елдермен қатар тұрып,өзге шетел мамандарына тең сөйлесе алатын
іргелі ел болуымыз –білікті мамандарды даярлау қажеттілігінің дәлелдемесі.
Тірек сөздер: коммуникативті құзіреттілік, танымдық құзіреттілік, мәдени құндылықтар,когнитивті лингвистика,
сөйлеу этикасы, грамматикалық құрылым, тілдік бірліктер, фразалық тұтастық, сөйлеу әрекеті, оқыту технологиясы.
Қазіргі таңда шетел тілін оқытуда оқушылардың танымдық, коммуникативтік дағдыларын
сөйлесім арқылы дамыту мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сөйлеу әрекеті оқу
әрекетімен тікелей байланысты, коммуникативті оқыту үдерісінде білім беру ауызша
(тыңдалым, сөйлесім) жасауға тарту, қарым-қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру және
дамытумен тығыз байланыста болады. Соны-мен бірге шетел тілін оқытудың жаңарту
мәселесіне ерекше мән беріліп, инновациялық тәсілдерімен жаңаша оқыту технологиясын
енгізіп оқуышылардың қазіргі қоғамға сай білімді, кез-келген жағдаятта жоғарғы деңгейден
мәдени қарым- қатынасты меңгерген өзін-өзі басқара алатын шығармашылық ізденіс-тегі
құзіретті тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі таңдағы үздіксіз жаңарып жатқан қоғамда өзге басқа
дамы-ған елдермен қатар тұрып, батыспен байыпты сұхбат құрып, шығыспен шынайы қатынас
орнатып, түстіктегі жұрттармен тең сөйлесе алатын іргелі ел болуымыз – білікті мамандарға
тәуелді екендігін тағы да да көрсетті. Осыған орай,«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды» құру
біздің алдымызға үлкен мақсат қойып отыр.Ол – жеке тұлғаның және қоғамның, «парасатты
экономиканың» қажеттіліктерінің қанағат-тандыру үшін бәсекелестікке қабілетті білім беру
жүйесін қалыптастыру. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық
өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкүндіктері» атты Қазақстан халқына 29 қаңтар 2010 жылғы
жарияланған жаңа Жолдауында білім беру туралы «Жоғары білім сапасы ең жоғары
халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі ЖОО – лар әлемнің жетекші университет-
терінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек.2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе
толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізетін талдаулар,патенттер мен дайын
технологиялар түрінде нәтижелерін беруге тиіс» - деп арнайы атап көрсетілген.[1]
Қазіргі кезеңде шетел тілін оқытуда студентттердің коммуникативті- когнитивті әрекетін
және сөйлеу дағдысын дамыту ең маңызды. Ол - жоғарыда атап өткендей,сөйлеу әрекетін туғызу
мен қалыптастыру үрдісін жоғары деңгейде ұйымдастыра білу. Шетел тілінде сөз әрекетінің
жоғары деңгейде болуы коммуникативті – когнитивті әрекет элементтерінің оқушылардың
бойында толық қалыптасуынан көрініс табады. Олар: коммуникативті – когнитивті
әрекет,когнитивті коммуникативтік дағды. Аталған элемент-терді шетел тілдерін оқып
үйренудіңсөйлесім әрекетінде қалыптастыружәне оны студенттердіңбойында толық көрініс
табуына мүмкіндік жасап,басқара білу де оқытушының шеберлігіне байланысты екендігін
көруге болады. Яғни, оқытушының коммуникативтік тәртіп аймағында білім (қажетті тілдерді
білу, педагогика және психология, логика, риторика, мәдениет және сөйлеу аймағындағы білімі)
және коммуни-кативтілік және ұйымдастырушылық қабілеті (іскерлік қатынастарды нақты және
жедел орнату, белсенділік таныту, тұлғаны дұрыс қабылдау және түсінунегізінде психологиялық
әсер ету, қоршаған ортамен және оқшауланған адамдармен біріккен іс-әрекет кезінде белсенді
әрекет жасау) болуы қажет. Сонымен қатар, оқытушы вербальды және вервальды емес қарым-
қатынас мәдениетін (сөйлеу техникасы, риторикалық амалдар, аргументация техникасын және
шарттасуды жүргізу, кәсіби педагогикалық әдеп ережелерін сақтау, ұғымдық категориялық
ақпаратты мақсатты түрде қолдану, сөйлеу мәдениетін меңгеру, вербальды емес құралдарды
қолдану) меңгеруі тиіс.
Коммуникативті әрекет-шетел тілінің грамматикалық құрлымы мен тілдік бірліктердің
қызметін толық білетін, лингвистикалық білімі сөз әрекетінен сөйлеу түрі жоғары деңгейде
көрінетін, шетел тілінде еркін қарым -қатынас жасай алатын адамның тілге деген қабілеттілігі
болса, коммуникативті – когнитивті дағды белгілі- бір тілдік ортада немесе арнайы
ұйымдастырылған оқу үрдісінде қалыптасады. Студент-тердің коммуникативтік- когнитивті
дағдысын дамытуда мәтінмен жұмыс жасау аса маңызды орын алады. Мәтін лингвистикасы–
өзінің теориясы мен практикасы бар салыстырмалы түрде алғанда жас (XXғасырдың ортасы)
дербес ғылым және оқу пәні. Мәтін лингвистикасында мәтіннің негізгі екі объектісі
айқындалады:
- тұтас сөйлеу шығармасы– сөйлеудің кең мағнасындағы мәтін,макромәтін;
- күрделі фразалық тұтастық немесе күрделі синтаксистік тұтастық сөйлеудің тар мағнасындағы мәтін,
микромәтін.
Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзіреттілік» болып
отыр.Құзіреттілік ұғымыбілімбілік және дағды ББД сияқты ұғымдарды қамтиды.Құзіреттілік
оқыту нәтижесін білім және білік ғана емес сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық
ізденіс нәтижесі тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. .Құзіреттілік
дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш – жігердің болуы.Ол,ең әуелі
мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады[2].Құзіреттілік – оқушының алған білімі мен
дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық
мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Сонымен, оқытудағы құзіреттілік білім беру
нәтижесі ретінде оқыту сапасын қаматамасыз етеді және кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге
асыруды, мектептегі оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді.
Құзіреттілік,нақты құбылыс-тарды танып білу мен түсіндіруде қазіргі заманғы техника мен
технологияны игеруде практикаға ұштас-тырунда өзінің кәсіби білім алуға дайындығын
бағалауда өмірден өз орнын таба білуге,өмірдегі кездесетін жағдайаттарды шешуге байланысты
мәселелерді шешу біліктілігінің болуы.
Шетел тілі сабақтарында оқушылардың танымдық коммуникативтік құзіреттіліктерін
қалыптастыру мен дамытудың маңызы зор.Ол үшін оқушылар қарым –қатынас моделдерін
мәдениеттік стереотип-терді,мәдениет образдары мен символдарын білулері тиіс. Оқушылардың
шетел тілінде емін еркін сөйлесуін қамтамасыз ете алады.«Коммуникативтік құзіреттілік»
(латынның «COMPETERE»- қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан)- қажетті
тілдерді,қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді,топта
жұмыс жасау дағдыларын,ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды.
Коммуникативтік құзіреттілік- екінші тілді үйренуші оқушыларға тілдің заңдылықтарын
жаттанды үйретпей,сол тілді тілдік және қатысымдық тәсілдерді орынды қолданумен
байланыстыру. Коммуника-тивтік құзіреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады,
адамдарды түсіне білуіне көмектеседі [3]. Білім берудің негізгі нәтижесі ретінде мектеп түлегі
оқушыда, яғни жеке тұлғада төмендегі құзіреттіліктер болуы міндетті. Құндылықтарды бағалау
қасиеті – жаңа қоғам өмірінде өз ролін таба білу, біліктілігі, азаматтық белсенділігі, саяси жүйені
тусіну, ең алдымен–Отанының шынайы патриоты болу. Өз халқының және әлем елдерінің
мәдениетін тусіну, білу, бағалау, жалпы адамзаттық мәдениеттің жетістіктері мен этномәдени
құбылыстарды тану. Адамдар мен өзара іс – әрекет және қарым – қатынас жасау тәсілдерін білу,
түрлі әлеумметтік топтармен жұмыс істеу. Өз бетінше іздей білу, талдау, таңдап алып өзгерте
білу, ақпараттық технологияны игеру. Жанұяда, еңбек, экономикада, саяси, қоғамдық азаматтық
тәжірибе мен білімге ие болу. Әлеуметтік – қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасап,шешім
қабылдай білу. өзіндік қадір-қасиет сезімін ұйымдастыра білу,өз мүмкіндігін нақты даму
жоспарларымен салыстыра білу. Оқыту үдерісін оқушының өз еркімен білім алуына,
материалды ойлау қабілетіне бағыттауға,оқытуды жаттанды түрде емес шығармашылықпен
меңгертуге көңіл бөлу қажет. Оқушы қиял жүйрік,жан дүниесі нәзік, өзін қызықтырған істе
белсенді, ақыл – қабілеті дамыған, сондықтан шығарма-шылық оған шын ләззат, қуаныш сезімін
әкелуі тиіс. Оқушылардың шығармашылығын дамыту жолда-рын ақпараттық және
коммуникативтік құзіреттіліктер арқылы іске асыруға болады.Осыған орай заманауи шетел тілі
сабағы оқушылардың бойында коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыруға және дамытуға
бағытталған болуы қажет.Ең алдымен оқушылардың тілдік құзіреттілігін дамытуға көңіл бөліну
керек,атап айтқанда берілген тақырып көлемінде оқу,сөйлеу,жазу және тыңдап түсінуде
мәдениетаралық қарым – қатынас құруға жаттықтыру.Осы мақсатқа жету үшін коммуникативтік
үлгіде сабақтарды ұйымдастыруға үлкен мән берілуі тиіс.Олар төмендегідей сабақ түрлерін
өткізу:
Жарыс сабақ
Ойын сабақ
Экскурсия сабағы
Музыкалық калейдоскоп сабағы
Хайуанаттар әлеміне саяхат сабағы
Театрланған қысқа көріністер сабағы
Жоғардааталған танымдық коммуникативтік үлгідегі сабақтар оқушылардың бойындағы
адамгершілік қасиеттерге баулыйды,оларды әдептілік пен игілікке,достыққа,саналылыққа
қалыптасуына,халықтар арасындағы ынтымақтастық пен бірлікке, сыйлаымды қарым –
қатынасқа, жауапкершілікке ықпал жасайды. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой –
пікірлері қалыптасып,сыныптағылардың пікірі бойынша өзіндік ойларын бекітуді көпшілікпен
қарым-қатынаста болуды жолдастарының жауап-тарына пікір айтуды,дұрыс ұсыныс жасай
алуды үйренеді. Сабақта ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекет-тердің мәдениеті менөз елінің
мәдениетін қатар қарастыру оқушылардың әлеуметті мәдениеттілік құзіреттілігін дамытуға
ықпал етеді.[4]
Жалпы коммуникативті құзіреттілікті дамытуда рөлдік ойындардың орны ерекше. Себебі
ойын оқушылардың бір бірімен,мұғаліммен әрекеттесуге деген талпынысын жандандырады
және әңгімелесу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы дәстүрлі кедергіні жойып,еркін
әрекеткеталпындырады.Ойын
өз
өзіне
сенімсіз,ұялшақ
балаларға
сөйлеу
арқылы
сенімсіздіккедергісін жоюға көмектеседі.Ойын арқылы оқушылар әңгімені бастау, оған ілесу,
қолдау, әңгімелесушінің сөзін бөлу,оның ойымен келісу немесе келіспеу,сұрақтар қою сияқты
қарым – қатынас элементтерін меңгереді.Рөлдік ойын сезімтал болуды үйретеді.[5]
Шет тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйретккенде оқушыларды өз бетімен жұмыс
істеуге баулып, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кездерде
шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді.[6] Шет тілін оқыту барысында
сөйлесім,тыңдалым арқылы коммуникативтіктанымдық құзіреттілік қалыптастыру мақсатында
мәтін мазмұны мен шет тілін үйрету құралдарын ұштастыра отырып, оқушыларды тілі
оқытылған елдің мәдени құндылықтарымен, оның тарихы, географиясы, әдебиеті, ғылымы,
өнерімен танысуына мүмкіндік береді. Ең бастысы сөйлеу этикасын орынды пайдалануды талап
етеді. Шет тілі арқылы басқа пәндерден өтілген, бір мезгілде игері-летін материалдар негізінде
және алдағы уақытта өтілетін материалды қабылдауға дайындық барысында әр түрлі пәнаралық
байланысты жүзге асыруға мүмкіндік жасайды.
Жоба технологиясының ерекшеліктерінің бірі – жеке тұлғаға бағытталған міндеттің
болуы.Егер теориялық мәселе берілсе, онда жоба технологиясының процесі оның шешімін табу,
ал, практикалық мәселе берілген жағдайда оқушылардың міндеті осы мәселенің нақты шешімін
тауып, нәтижелерін тәжірибеге енгізу болып табылады.Мәселені шешу оқушының зерттеу,
ізденісәдістері мен құралдарын камтиды. Шетел тілін оқытудың қазіргі амалы ретінде жоба
технологиясы шетел тілінің коммуникативтік біліктіліктің барлық компоненттерінің нәтижелі
дамуын, екінші тілдік тұлғаның қалыптасуын қамтама-сыз етеді. Шетел тілін оқытуда аталған
амалдардың негізі идеясы нақты күш пен назарды түрлі жаттығу-ларды орындаудан оқушының
белгілі бір тілдік құралдарды меңгеруін талапететін белсенді ойлау әреке-тіне ауыстыру болып
табылады.
Жоба технологиясы әр түрлікоммуникативтік дағдылар мен іскерліктерді қолданудың көзі
болып табылады. Бұл өз кезеңінде оқушылардың түрлі саладан алған білімдерін кеңейтіп
тереңдетуге , өздері және өз өмірлері үшін маңызды болып табылатын жағдайлар туралы өз
ойларымен бөлісуге мүмкіндік береді.Тіл және оқушының қажеттіліктерін байланыстыру, яғни
оқушылардың мұғаліммен өз ойымен бөлісуге қажеттілігі, іс-әрекеттің мақсаты мен оқушының
қызығушылығы сәйкес келген жағдайда шет тілін оқытудың коммуникативтік амалының негізі
болып табылады.
Демек, жоба технологиясы арқылы интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани сияқты
жеке қасиеттердің қалыптасуына өзін-өзі дамытуға, оқу-тәрбие процесін тиімді пайдалануына
ықпалын тигізе-ді. Жоба технологиясы оқушының коммуникативтік біліктіктің барлық
бөліктерін тиімді қалыптас-тыратын жаңа әдіс.
Қорыта келгенде, студенттердің коммуникативті-когнитивті дағдысын дамытудағы оқылым
және сөйлесім дағдыларын дамытуда мәтіндерді қолданумен қатар, біз оларды жай ғана бір
тілден екінші тілге аударып қана қоймаймыз,мәтінді тереңінен түсініп оқу арқылы студенттердің
когнитивті танымын да кеңейтуге ерекше көңіл бөлеміз. Шын мәнінде, шетел тілін үйретуде
танымдық коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру-ең өзекті мәселе;Сондықтан
оқушылар заманауи талапқа сай білімді, жан-жақты, шетел тілінде өзі ойын еркін жеткізе
алатын,кез келген жағдайда тілдік қарым-қатынасқа баратын, мәдениетті, бәсекелестік құзіретті
үлгідегі сабақтар оқушылардың коммуникативті құзіреттілігін дамы-туға ой-өрісін
кеңейтуге,өзіндік көз қарастарын қалыптастыруға, білімін сапалы да терең меңгеруге, ең басты
мәдени қарым –қатынаста шетел тілін еркін сөйлеуге дағдыландырады.
1. «Жаңа онжылдық –жаңа экономиялық өрлеу-Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері»аттыҚазақстан халқына жолдауы.29 қаңтар,2010 жыл.
2. Шет тілін оқыту әдістемесі.4(24) Жаңа типті мектеп бағдарламасы.
3. Шет тілін оқыту әдістемесі. 2 (34) . Бас редактор:Ш.Б. Бәйшен. Жоба технологиясы-
оқушылардың коммуникативтік біліктілін дамытудың жолы.
4. Гальскова Н.Д. Современная методика обучения.-М ,2000.
5. Шадриков В.Д. Новая модель специалиастов инновационная подготовке и компетентный
поход. Высшее образование сегодня. 2004.№8
6. Мильруд Р.П. Компетентность в изучении языка//Иностранные языки в школе. -2004-№7.-
С.
7. htth://www.izden.kz|referattar|kazak-tili-men-debieti-pedagogika
Достарыңызбен бөлісу: |