Внешние причины выявили несколько различных видов использования ИКТ в начальном образо-
вании:
● Существует поддержка с точки зрения системы образования к использованию ИКТ в начальной
школе;
● Цифровые технологии становятся все более важной частью нашего общества;
● В образе жизни детей постоянно использовние таких технологии очень высоко;
● Утверждено, что детский мозг очень быстро умеет учится посредством технических средств обуче-
ния;
● Школа становится основной частьюгде используются ИКТ;
● Множество ИТ-компании, которые предоставляют огромные возможности использования компью-
терных средств обучения.
Внутренние причины учитывают отношение руководителей школ и учтелей к использованию ИКТ.
В этих причинах стоит основа осознания ценности технологии, и какую все таки огромную пользу она
приносит. Внутренние причины были названы так, потому что исходили от самих сотрудников начальной
школы.
● Новое руководство в школе ориентирована на стратегическое развитие ИКТ;
● Информатика/вычислительная техника/технологии эти средства педагоги представили его как часть
их подходу кразвитию мышления;
● Преподаватели больше делают новых открытии и исследований посредством разработок новых
технологии и больше используютцифровые технологии для поддержания своего творчества;
● ИКТ способствует повышению эффективности и результативности работы педагогов;
● ИКТ ускоряетпроцессписьменной работы, котораой такмного для нынешних преподавателей школ,
и утсраняет лишнюю бумажную волокиту;
● Молодым учителям больше границ для творчества и его развития нежели работать без инфор-
мационных технологии
Образовательные причин, самая мощная причина использования компьютерных и информационных
средств в жизнедеятельности ребенка и учителя,так как учителя и руководители стали осознавать спектр
возможностей, открываемых для улучшения преподавания и обучения с помощью технологий.
● Группа преподавателей видели, что они могут сделать для учебной программы; если они будут
использовать использовать междисциплинарные проекты, и изучить то, что может быть сделано в различ-
ных аспектах преподавания учебной программы
● Потенциал ИКТ для разработкипособий детям и их семьям очень высокий;
● Она служит основным аспектом учебного плана и навыков непрерывного обучение и является
мощных инструментом для развития таких качеств деятельности как учиться, творить, общаться, сотруд-
ничать, и думать;
● ИКТ актуальна во всей нашей жизни и дети должны понимать, как правильно его использовать,
например, чтобы получить глубокое понимание чего-то с помощью взаимодействия с ИКТ; не доверять
всякой информации, которая находится в интернете, и не доверять всем информации СМИ; понимать
ответственностьза то что они находятся в социальных сетях (это очень важно).
● ИКТ повышает качество и эффективность обучения для всех детей (инклюзивное обраование);
● Она делает возможным доступ к некоторым учебным опытам, которые в противном случае не
осуществимы (например, с помощью виртуальных миров и цифровых симуляций).
● Дети могут использовать коммуникационные технологии, чтобы общаться с детьми со всего мира;
● ИКТ поддерживает и поощряет детей развивать навыки самостоятельного обучения.
Профессиональные качества преподавателя в существенной мере зависят от готовности осваивать и
использовать в своей работе новые методы, формы и средства обучения, в том числе, на базе информа-
ционных технологий, способности интегрировать их со своим профессиональным опытом с целью повы-
шения эффективности образовательного процесса. По мнению Кисель Н.В. (2003) требования к инфор-
мационной компетентности преподавателя включают: знание индивидуальности ученика, умение ставить
цели, адекватные реальным условиям, умение составления программы индивидуального обучения уче-
ника по теме, владение компьютерными технологиями [6].
В итоге мы готовим детей для общества в котором технология становится все более распростра-
ненной. Наши дети с использованием различных форм техники на дому и в школе и должны понимать
важность и серьезность использования ИКТ. Мы приходимк выводу, что ИКТ должны использоваться в
начальной школе, так как они широко используются во всех сферах жизни человека. Правильное
применение ИКТ является одним из основных и необходимых результатов начального образования.
И так мы рассмотрели процесс использования ИКТ и выявили причиныприменения их в
начальной школе.Есть много способов педагогической поддержки по вопросам ИКТ, но ясно
одно, что учителям всегда нужна будет помощь с изучением новых форм педагогики, потому
что технологические инно-вации будут продолжать производить широкое разнообразие
возможностей для улучшения преподавания и обучения.
Аннотация
Бұл мақалада бастауыш сынып мұғалімінің АКТ-ны қолдану негіздері қарастырылған.
Қазіргі қоғамның ақпараттық үдерістері және білім берудің үдерістеріақпараттық және
коммуникация-лық техно-логиялардың көбейіп, жан-жаққатаралуымен байланысты екенін
көруге болады. Осындай технологиялар ақпараттар алмасуда қолданылатыны мәлім. Қазіргі
заман оқытушысы АКТ аясындағы білімдерді игеріп қана қоймай, өзінің кәсіби іс-әрекетінде
оны қолданылатын маман болуы қажет.
Бүкіл адамзаттың іс-әрекеті шығармашылықпен, қызмет етумен, білімдерін пайдаланып,
пайда келті-румен, жаңалықты ендірумен байланысты. Адамзаттың көпшілігіақпараттарды
жинақтау, сақтау, іздеу, өңдеу, жаңғырту сияқты процестермен көбірек айналысады да, қайта
жасаушы іс-әрекеттерге көп бара бермейді. Қоғамдағы осындай маңызды факторлардың
өзгерістер, телекоммуникациялар мен компью-терлік техникалардың барша адамзаттың өміріне
қарқындап енуіне себеп болды.
Осы тұрғыдан алып қарағанда біз бастауыш білім беру жүйесіндегі ақпараттықжәне коммуникациялық техноло-
гиялардың пайдалануын қарастырамыз.
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру оқытушының зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, аза-
маттық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие
үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Қандай сабақтың болмасын қызықты өтуі оқытушының үнемі іздену,
ұтымды әдіс – тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Сонымен бірге білім беруді
ақпараттандыру жағдайында болашақ педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және
ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып
отыр
Summary
In this article discusses the basics of using ICT in primary school teacher.
Processes of modern society informatization and closely related processes of informatization of all forms of educational
activities are characterized by the process of improving and mass distribution of modern information and communication
technologies (ICT). Similar techniques are used extensively for communication and interoperability of the teacher and the
student in modern open and distance education. The modern teacher must not only have knowledge of ICT, but also to be an
expert on their application in their professional activity.
All human activity is primarily associated with the creation, creativity, use of information and knowledge, and most of the
working population is involved in the processes of accumulation, storage, retrieval, processing and distribution of information
and knowledge, rather than the traditional production of goods and services. The most important factor of structural changes
in society, the penetration of computer technology and telecommunications in all spheres of human activity. Naturally, this is
not spared and obrazovvatelnuyu activity of all mankind.
As a result, we are preparing children for the society in which technology is becoming more common. Our children
through various forms of technology at home and at school and should understand the importance and seriousness of the use
of ICT. We conclude that ICT should be used in elementary school, as they are widely used in all spheres of human life.
Proper use of ICT is one of the basic and necessary results of primary education.
In this case, we want to rasssmotret initial educational school system and their use of information and communication
technology (ICT). Consider the terms of prepodaveteley that implement this technology in their lessons and enjoyed the entire
spectrum of this technology.
Ключевые слова: информационные и коммуникационные технологии, начальное образование.
Keywords:information and communication technologies, primary education.
1. Государственная программа «Информационный Казахстан –2020» Указ Президента
Республики Казахстан от 8 января 2013 года № 464
2. Чернилевский Д. Креативный подход к использованию компьютерной техники // Высшее
образование в России. – 2002. №6 -С. 157-159.
3.Зайцева, С.А. Теоретико-методологические основы подготовки учителя начальных классов
в области современных информационных и коммуникационных технологий [Текст]:
Монография / С.А. Зайцева. – Шуя: Изд-во ГОУ ВПО «ШГПУ», 2011. – 166 с.
4. Филатов О. К. Информатизация технологий обучения в высшей школе. М.: Старорусская
типография, 2001. - 283 с.
5. Христочевский С.А.Информатизация образования //Информатика и образование. - 1994. -
№1.-с. 13-19.
6. ICTinPrimaryEducationAnalyticalsurvey, UNESCO 2014.
ӘӨЖ. 37.9
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН
АРТТЫРУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Г.А. Әбілова – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің жалпы педагогика
кафедрасының аға оқытушысы
К.Е. Жантаева – Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасының оқытушысы
Аннотация:Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік
экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына жолдауында былай деп атап көр-
сетті: «Педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Негізгі педагогикалық білім берудің стандартта-
рын, мектеп және жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыруға қойылатын талаптарды күшейту
қажет. Сондай-ақ мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің біліктілігін көтеру, мектепке дейінгі мекемелердің тәр-
биеленушілеріне қосымша білім беруде заманауи инновациялық әдіс-тәсілдерді тәрбие беру мен оқыту үрдісінде
тиімді пайдалану жолдарын меңгерту, педагогикалық басқару құзыреттілігін қалыптастыру, білім беру жүйесінде
тәрбиелеу мен оқыту сапасын көтеру өзекті мәселесі болып отыр.
Тірек сөздер: Құзіреттілік, балабақша, тәрбиеші, коммуникатифтік, шығармашылық, мекеме, кәсіби шеберлік.
Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс».
Еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жоғары оқу орындарының
үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты
дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл қызметін осы бағытта құруы заңды құбылыс,себебі
қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне
және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсібилігі мол маман-
дарды қажет етеді.
Соңғы жылдары елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік өзгерістер, білім жүйесінің теориясы мен
практика негізін қайта қарастыру барысында білім саласы саясатына да өзгерістер әкелді. Мектепке
дейінгі мекемелеріндегі балаларға толық деңгейде жан-жақты тәрбие мен білім беру үшін білікті
мамандар даярлауды қамтамасыздандыру бүгінгі күннің алға қойған талабы.
Мемлекеттің педагог мамандарға бағдарланған әлеуметтік тапсырысы ең алдымен,
балабақша, мектеп таңдау жағдайында өз бетімен жауапты шешім қабылдай алатын,
ынтымақтастыққа икемді, ел тағдырына жанашырлықпен қарайтын жоғары құзіретті адамдарды
қалыптастыруды көздейді. Бала тәрбиесінде тәрбиеші жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік
шығармашылық иесі, халықтық дәстүр, әдет ғұрыппен, салт-сана ерекшеліктерін, әлеуметтік
қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс, әсіресе осы кәсіби біліктілік дағдыларын
шыңдау олардың тәжірибе жинақтауының ең басты негізі болып табылады.
Тәрбиешінің біліктілігін арттыру өз кезегінде оның жеке педагогикалық мәдениетін
көрсететін өлшем. Оған әрбір маманның жеке мәдени деңгейі, адамгершілігі, таным түсінігі,
тәрбиесі, ізденімпаздығы, зерттеушілігі т.б жатады. Олар жаңалықтың жаршысы ретінде
оқытудың тәсілдерін, озық тәжірибелерін сараптап, үнемі шығармашылық ізденіс үстінде болуы
талап етіледі. Тәрбиешілердің рухани адамгер-шілік қасиеттері, психологиясы, кәсіби даярлығы,
қарым-қатынас мәдениеті қай кезеңде болсын білім саласының алғы шарты ретінде бағаланады.
Осыған сәйкес мамандарды қайта даярлау, біліктілігін арт-тыру кезек күттірмейтін көкейкесті
мәселе. Ол үшін тәрбиеші педагогтардың біліктілігін арттыруда олардың кәсіби даярлығын,
шеберлігін, педагогтардың кәсіби құзіреттілігін, мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету
көзделеді. Мамандардың кәсіби қалыптасуы, бағыт-бағдар алуы, балабақша өміріне бейімделуі
мен машықтануы және педагогикалық интелект, қызметтің жеке өзіндік стилі, кәсіби
шеберлігінің шыңдалуы мен еңбекке шығармашылық қабілеттері, ынта-ықыластарының арта
түсуіне байланысты бол-мақ. Өйткені, ынтымақтастық педагогикасы негізінде тәрбие екі
жақтан: отбасы және балабақшаның бірлескен іс-әрекетінің нәтижесі болуы тиіс.
Тәрбиеші педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың негізгі бағыттары: мектепке
дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту – қазақстандық білім беру жүйесін өзгертудің негізгі бөлігі
болып табылады.
Білім мазмұны мен оны жүзеге асыру жолдарындағы жоғары сипатқа ие, өзгерістердің жалпы
бағыты мен оны іске асыру жолдарын қамтамасыз ететін маңызды принциптер:
-
қоғамға бағытталуы. Біліктілікті арттыру педагогтардың бойында азаматтық, әлеуметтік
және тұлға-лық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталады.
-
ғылымилық және инновациялық. Жаңа ғылыми нәтижелерді қолдануға үнемі ұмтылу, жаңа
техноло-гиялар, ғылыми білім мен ақпаратты қолдануға дайындық.
-
үздіксіздік. Педагогтардың өмір бойы үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету.
-
көптүрлілік (Диверсификационность). Білім сапасын арттыруға және біліктілікті арттыру
жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметтің жаңа түрлерін меңгеру,
қызметтердің түрлерін, санын көбейту.
-
ашықтық (транспарентность). Орталықтың жұмысы туралы ақпараттың ашықтығы және қол
жетім-дігі, құрылымдық тұтастық пен тұтас жүйенің айқындығы.
-
автономия және академиялық тәуелсіздік. Басқарудың дербестік және коллегиялық сипаты
мен демократиялық принциптер негізінде шешім қабылдау, әрбір адамның жеке жауапкершілігі,
оқытушы-ларға білім беру қызметінде академиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету.
-
заңға сәйкестік. Орталық өз қызметінде барлық құқықтық нормаларды сақтайды.
Педагогтардың біліктілігін арттыруда көшбасшылыққа ұмтылу, басқарудың бір вертикалын
және менеджменттің жаңа принциптерін енгізу.
Болашақ педагогтарды даярлау мәселесі Н.В.Кузьмина, И.К.Журавлев, М.Н.Скаткин, А.А.
Вербицкий, А.С. Границкая т.б. ғалымдардыңеңбектерінде талданған.
Білім – адам сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, ол педагогикалық
мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сондықтан «адамды» өмір
сүру барысында өзгеруге әлеуеті жететін ашық жүйе деп қарастырғанымыз жөн. Ол белгілі бір
саладағы маман болғандықтан, «адамды» — маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына
шығарады. Біліктілік – бұл білімді меңге-рудегі, тәжірбиедегі білімділікті, құндылықты
бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Бүгінгі күнмұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпықоғамдық
мәселе ретінде қарастыру қажеттігі туған кезең. Себебі білімді тереңдету, молайту, жетілдіру,
арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазіргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз керек. Бұл
тәрбиешінің өз қызметінде табысқа жетуінғана көздемейді, оның аясын одан әлдеқайда кеңірек
қарастырған жөн.
Тәрбиеші – бүгінгі, бала – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Педагог
маманды-ғының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс.
Біліктілікті арттыру курстары арқылы тәрбиешілерді оқытуда оқытушы жетекшілік, бағыт
берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруы керек. Тәрбиешінің осындай
әрекетіне білім алушы және тәрбиешінің өзі де бойындағы бар білімін көрсетебайланыс
жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады деп ойлаймыз. Тәрбиешілердің өз білімдерін
жүйелі көтеріп отырулары – олардың шығар-машылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі
фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы тәрбиешілердің
біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады.
Педагогтардың біліктілігін арттыру мәселесін зерттеген ғалымдар бұл саланың даму
тенденциясын жан-жақты көрсеткен.
Б.А.Әлмұхамбетов өз зерттеулерінде біліктілікті арттыру жүйесінің тарихы мен даму
болашағын еліміздің біліктілікті арттыру мәселесіншетелдік тәжірибелермен салыстыра
көрсеткен.Республикада біліктілікті арттырудың сапасын арттыру, деңгейін көтеруге ықпал
ететін жолдарды ұсынады.
А.Ә.Жайтапова біліктілікті арттыру жүйесіне ғылыми талдау жасай отырып, жаңа
инновациялық бағыттарда ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесін зерттеген.
Сондай-ақ қазақстандық ғалым Ш.Таубаева педагогтың зерттеушілік қызметін, озық
тәжірибені жинақтау, инновациялық әрекетті үздіксіз жүргізуді ғылыми тұрғыда негіздеген.
М.С.Керімбаеваның зерттеулері жас маманды қалыптастырудағы жоғарғы оқу орындары мен
біліктілікті арттыру институт-тарындағы сабақтастыққа, Б.Қ.Төлбасова мұғалімдердің қазіргі
ақпараттық технологияларды қолдануға әзірлігіне арналса, ал К.С.Құдайбергенова
педагогтардың өзін-өзі жүзеге асыруына мектептегі иннова-циялық жұмыстың жүйелі
жүргізілуінің ықпалын айқындаған.
В.Н.Белослюдцева өз зерттеуінде біліктілікті арттыру институттары әдіскерлерін даярлау
мәселесін көтере отырып, мұғалімдер мен әдіскерлердің өзараынтымақтаса әрекет етулері
жалпы біліктілікті арттыру сапасына әсер ететіндігін талдаған.
Б.А.Тұрғынбаева осы саладағы ғылыми-зерттеулерінде шығармашылық әлеует адамды кәсіби
әрекет-тің биігіне шығаратын сапа деп тұжырымдайды. Ұстаздың акме жағдайға жетуі оның өз
бетінше білім алуына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, өзін-өзі жетілдіруіне және осының бәрін
шығармашылықпен қолдана алуына байланысты екендігін ғылыми негіздеген.
Іс-тәжірибе барысындағы қиындық тәрбиешінің кәсіби-педагогикалық қызметі мен даярлық
деңгейіне қойылатын талаптар арасындағы сәйкессіздік салдарынан туындайтыны сөзсіз. Жас
педагог балалардың өзбетімен әрекет ете білу дағдыларын қалыптастыру, оның қарқынын
зерттеу, балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру мәселелерінде қиындық көреді.
Сонымен бірге тәрбиешілер оқу мақсаттарын қою, міндеттерін белгілеу және оның нәтижесін
жоспарлау, қиындықты жеңу әдістерін іздестіру т.б. бойынша да қиындықтар көретіндігі
байқалады.
Ұлттық білім берудің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде
танып, оның рухани баюына, саяси көзқарасы мен шығармашылық белсенділігінің, кәсіби
іскерлігінің қалыптасуына толық мүмкіндік беру, жағдай жасау. Сондықтан жас маманның
бойында үш түрлі біліктілік қалыптасуы қажет: а) пәндік біліктілік. Пән бойынша алған
теориялық білімі мен іскерлігі жатады. Теориялық білім пән арқылы беріледі. ә) педагогтік
біліктілік. Педагогиканың негізін, ұстанымдарын, әдіс –тәсілдерін, сабақты ұйымдастырудың
негізгі нысандарын білуі тиіс. б) технологиялық біліктілік. Білім берудің сапасын көтеру, өз
бетімен іздену қабілетін қалыптастыру.
Білімді де білікті маман даярлаудың мақсаты– маманның бойында іргелі де жүйелі білім,
кәсіби іскер-лік пен дағды, шығармашылық белсенділік пен еркіндік, мәдени ойлай білу
қабілеттерін қалыптастыру болса, білім ғасырындағы білім берудің жаңа жүйесі нені оқыту
(білім мазмұны), қандай жүйеде оқыту (құрылымы), қалай оқыту (педагогикалық технология)
мәселелерін шешуге бағытталуда.
Тәрбиешінің қызметін өз дәрежесінде атқара алуы оның біліктілігіне байланысты. Атап
айтқанда: гностикалық, педагогтік, қоғамдық-экономикалық, коммуникативтік. Білікті
маманның тәрбиелеген шәкірті білімді болары сөзсіз. Ал білім– қоғам дамуының шешуші
факторы.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан–
жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейіжоғары өзбетімен ізденуге қабілетті етіп
қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл тәрбиешіден
терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны
қалыптастыра алады. Бүгінгі таңда қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына
сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең
меңгерген ізденімпаз тәрбиеші қажет. Бұл тәрбиешінің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша
айтқанда, білім беру үдерісі тәрбиешінің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап
қояды. Ол тәрбиешінің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық
түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда тәрбиеші білім беру жүйесіндегі
кез келген қайта құрулардағы педагогикалық үдерістің негізгі субъектісіне айналып отыр.
Сондықтан тәрбиешілерді жаңа заманға бейім болуға жағдай жасайтындай, мүмкіндік
туғызатындай кәсіби білімде-рін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп,
жасақтау қажеттілігі туындауы заңды-лық. Яғни, педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және
өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Мектеп алды тәрбиешілерінің біліктіліктерін арттыру
курстарында, курсаралық кезеңдерде жоғарыдағы сапалар-ға жету үшін төмендегідей
міндеттерді белгілеуге болады:
Мұғалімнің шығармашылықпен еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызу.
Заман талабы, қоғам сұранысына, қажеттігіне сәйкес әлемдегі және отандық озық іс-
тәжірибелер, жаңа технологиялар, инновациялық әдістермен ұдайы қаруландырып отыру.
Шығармашылық ізденісі мен еңбегіне толық еркіндік бере отырып, оқытуды ізгілендіру
мақсатындағы талап, тілектерінің орындалуына, өзіндік іс-тәжірибесін таратуға мүмкіндік
туғызу.
Тәрбиешінің зерттеушілік мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті бағыт-бағдар
беру.
Кәсіптік шеберлігін арттырып отыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіп тұру.
Тәрбиешінің қоғамдағы белсенділігінің артуы үшін кәсіптік мәртебесі мен әлеуметтік
беделіне үнемі көңіл бөлу.
«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған
нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі,
өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап,
үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деп, шығыстың
ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса,
жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім ментәрбие берудегі алар
орнын әр педагог бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсе-кеге қабілетті тұлға даярлауда
білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – білімді ұстаз.
Сондықтан, алдымызда тұрған мәселе – қоғамдық өзгерістер мен заманауи талаптарды ескере
отырып, тәрбиеші өзінің біліктілігін жетілдіруде мына мәселелерге: білім мазмұнын жаңарту
жолдарын анықтай алуға; бағдарлама бойынша жаңартылған білім мазмұнын игертудегі
тәрбиешілердің қызығушылық-тарының болуына; қажеттіліктері, белсенділіктері, ізденістері
мен білім берудің әдістемесін толық меңге-руге; білім, білік, дағдылардың дәрежесіне сәйкес
болуын қадағалай білуге; тәрбиешінің білім мазмұнын жаңарту мәселесіне қатысты теориялық,
әдістемелік дайындығының жеткілікті деңгейде болуына; мақ-сатқа жетуге байланысты тиімді
жолдарды таңдай алуға; ұсынылған жаңа білім мазмұнын игеруі және оны эмоционалдық көңіл
күймен, қызығушылық пен қабылдауға; балалармен жүргізілетін ойын, еңбек, оқу іс-әрекетінің
міндеттерін жүзеге асыруға, талдау жасауға, түзету жұмыстарын жүргізе білуге ықпал ете алуға;
шығармашылықпен болжам жасай білуге, нәтижеге жетуге ұмтылысының болуына баса назар
аударуы қажет.
1.
Б.А.Альмухамбетов. Тенденции развития системы повышения квалификации педагогических кадров в Казах-
стане. – Алматы: «Ғылым», 2001. – 290с.
2.
Журавлев И.К. Общественное дошкольное воспитание на современном этапе. М., Просвещение, 1981. – с.
143.
3.
Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту. Алматы
– 2005, 208б.
Достарыңызбен бөлісу: |