Аннотация
В статье рассматриваются пути развития словарного запаса детей дошкольного возраста. Также в статье
представлен анализ психолого- педагогических основ исследований ученых и ведущих педагогов. Определены
этапы развития словарного запаса детей. Отмечается важнейшая роль речевых работ семантического характера.
Ключевые слова:
Дети дошкольного возраста, развитие, словарный запас дошкольников, уровни лексического развития, речевые
работы, этапы развития, семантическая значимость, синонимический ряд, слова-антонимы, работы по совершенст-
вованию речи дошкольников.
Abstract
This article discusses the development of the vocabulary of preschool children. The article presents an analysis of the
psycho-pedagogical foundations of research scientists and leading educators. Identify the stages of development of the
vocabulary of children. The primary role of the semantic nature of speech.
Keywords: Children of pre-school age, development, preschool, vocabulary levels of lexical development, voice work,
stages of development, semantic significance, synonymous series, words are antonyms, improvement of speech preschoolers.
УДК
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ КӘСІБИ БАҒДАРЛАУДЫҢ
ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
С.У.Паштанов – Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
магистр-оқытушысы
Аннотация
Бұл мақалада бүгінгі таңда қалыптасқан қосымша білім беру жүйесінің ерекшеліктертінесәйкес, оқушылардың
кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың ғылыми негіздері қарастырылған. Сонымен қатар, оқушылардың кәсіби
бағыттылығын қалыптастыруға бағытталған мектептегі қосымша білім беру жұмыстарының кең тараған түрлері мен
әдістері, оқушыларды кәсіби диагностикалау нәтижесінде олардың әрекетін ұйымдастыру жолдары, тәсілдері
баяндалған. Атап айтқанда, әртүрлі үйірмелер арқылы оқушылардың мамандыққа бейімділіктерін қалыптастыру
жолдары көрсетілген. Оқушылар өздерінің кәсіби бағыттылығына, дара ерекшеліктеріне сәйкес қосымша білім беру
жүйесіне тартылады. «Жас дизайнер» үйірмесіне қатысқан оқушылардың мамандыққа оң көзқарасы, дүниентанымы,
шығармашылық қабілеті, «Ақиқат», «Әділет» үйірмелеріндегі оқушылардың кәсіби бағыттылығы, ал «Жас бағдар-
ламашы», «Жас құрлысшы» үйірмесімүшелерінің мамандыққа дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыруға бағыттал-
ған. Бұл үйірмелерге қатыса отырып, оқушылар өздерін кәсіби анықтауға, өзін-өзі адекватты бағалау әрекетін
қалыптастырады.
Бүгінгі таңда елемізде болып жатқан маңызды реформалардың бірі –білім беру жүйесін
жаңғырту. Осы бағытта оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында қосымша
білім беру жүйесін қалыптастырды. Қосымша білім беру – оқу-тәрбие үдересінің барлық
жақтарын қамтитын, оқушылардың білімге қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жүйе
ретінде мектеп пен мектептен тыс мекеме-лердің қызметінің сабақтастығын қамтамасыз етуде.
Қазақстан дамудың жаңа жолына түсіп, экономиканы қарқынды дамыту мақсатында
индустриалды-инновациялық жобаларды жүзеге асыруда. Еліміз дамыған 30 елдің қатарына
қосылу мақсатында «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруда. Осы
стратегиялық бағдарлама аясында білім беру жүйесін жаңғыртуға басым бағыт берілген.
Нәтижесінде, білім беру жүйесін жаңғыртуға негізлеген нормативтік-құқықтық құжаттар базасы
жасақталып, онда білімді жаға сапаға көтеру, өнідіс пентехниканы, ғылымды дамытушы бәскеге
қабілетті тұлға қалыптастыру мәселелер көзделген. Бәсекеге қабілетті, еңбек қоғамында өмір
сүруге бейім, еліміздің идустриалды-инновациялық әлеуетін қалыптас-тыратын, экономиканың
дамуына қозғаушы күш болатын болашақ ұрпақты тәрбиелеу мақсаты тәрбие жүйесінің алғы
шартына айналды.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім
беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – бәсекеге қабілетті, білімді меңгерген,
ой-өрісі дамы-ған тұлға ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы,
отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру
қажет [1]. Сонымен қатар, оқушылардың оқудан тыс уақытта ұжымдық, ұйымдық
бастамашылдығын қалыптастыруға бағытталғанжұмыстар жүйе-сін қалыптастыруға негіз
болған үздіксіз білім беру жүйесінің тұжырымдамасы – қосымша білім беру жүйесі мазмұнының
жаңғыруына негіз болды [2].
Бүгінгі таңда бұрынғы мектептен тыс мекемелер қосымша білім беру ұйымы ретінде жаңа
мәртебеге ие болып қана қоймай, ұстаздармен оқушылар, оқушылар ұйымы арасындағы кең
ауқымды демокра-тиялық қатынастар жүйесіндегі білім берудің сапалық мазмұны пайда болды.
Қазақстанда бұрында болған балалар ұйымы әр аймақта дербес қызмет атқарып, шашыраңқы
болып келсе, «Жас Ұлан» бірың-ғай балалар ұйымының құрылуы республикадағы балалардың
ұйымдық іс-әрекеттін тұтастандырып, мектеп пен қосымша білім беру ұйымдарын қызметінің
сабақтастығын және ең маңыздысы оқушылар-дың бастамашылдығы мен өзін-өзі басқаруына
негіз қаланды. Мектептердегі әрбір үйірме мүшелер мен белсенділер аудандық, қалалақ,
республикалық іс-шараларға тартылып, жас ерекшеліктеріне сәйкес ұйымға мүшелікке
қабылданып, ұйымдық дәстүрлер қалыптасты. Сондықтан қосымша білім беру жүйесі-нің
буыны ретінде мектептегі қосымша білім беру жұмыстары балалар ұйымдары іс-әрекетінен
тысқары емес. Қосымша білім беру жүйесінде оқушылар әртүрлі үйірмелер мен клубтарға
қатыса отырып, өздеріне ұнаған әрекетпен шұғыланып қана қоймай кәсіби тұрғыдан өзін-өзі
анықтауына, өздерінің қабілеттерін саналылықпен меңгеруге толық мүмкіндік алады.
Оқушыларды кәсіби бағдарлауда кәсіби бағыттылыққа – кәсіптің бір түріне қызығушылық,
бейімі мен қабілеті, сондай-ақ қосымша тұлғалық сапалары жататыны белгілі. Бұл жөнінде
А.П.Сейтешов, Ә.Мү-мілімов, Л.Х.Мажитова, Г.Саудабаева, Озгамбаева, Ж.Бейсенова т.б.
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгені белгілі.
Ж.Бейсенова оқушылардың мамандық таңдауға дайындығының ең негізгісін кәсіби жоспар
ретінде қарастырылады. Ал кәсіби жоспар оқушының кәсіби бейімділігімен байланысты
сипатталады. Жоғары сынып оқушыларының кәсіби жоспарлары бейімділіктеріне байланысты
біршама тұрақты болады. Көптеген психологтардың айтуы бойынша бейімділік дегеніміз —
қандайда бір іс-әрекеттің түріне қажет-тілік, жалпы іс-әрекетке таңдамалы, жақсы қатынас
ретінде көрінсе, қызығушылық сол іс-әрекетті тану, оған бағыттылық ретінде сипатталады, -
деген [3, 52].
А.Орловтыңпікірінше,
жоғарғы
сыныптарда
оқушылардың
қызығушылықтарының
қалыптасуыбелгілі бір білім салаларына тұрақтану, білім сапасын тереңдету және шоғырлау
жолымен жүргізіледі, даму кезеңінің үшіншісін аяқтайтын жекелеген немесе өзекті
қызығушылықтар туындайды. Бұл қызығушы-лықтар тұрақтылығымен және тұлғаның өзін-өзі
бағалануымен ерекшеленеді. Өзекті қызығушылықтар, оқушының барлық тұрмыс қалпын
өзгертетін, танымдық әрекетке тұрақты қажеттілік сипат ретінде білінеді. Олар көбінесе
тұлғаның, мазмұны қызығушылық саласына сай келетін іс-әрекетпен маман ретінде айналысуға
ынтамен байланысты болады. Сөйтіп тұлға қызығушылықтары оның маманданды-рылған (оқу-
мамандандырылған) іс-әрекеттерге өту үшін ықпал етуді қамтамасыз етеді де, іс-әрекетпен
маман ретінде айналысуға деген тұрақты құндылық негіздерін құрайды. Мұндай қызығушы-
лықтар бейімділіктердің туындауларына жақын психологиялық алдын-ала жағдайлар болып
табылады, - дейді [4, 23].
Бүгінгі таңда мектептерде, қосымша білім беру ұйымдарында оқушылардың кәсіби өзін-өзі
анық-тауына негіз болатын үйірмелер мен клуб бірлестіктері қалыптасқан. Оқушыларды кәсіби
бағдарлауда мектептегі үйірмелер мен клубтар әртүрлі. Кәсіби диагностиканың негізінде
оқушылар өздерінің жеке ерекшеліктерін байланысты әртүрлі үйірмелерге қатысады.Осылайша
оқушылар бос уақыттарында шұғылданып қана қоймайды, өздерінің сұраныстары мен
қажеттіліктерін қанағаттандырады, бейімі мен қабілеттері қалыптасады. Бұл өз кезегінде
олардың мамандық таңдауларына оң ықпал етіп, өзін-өзі жүзеге асыруына негіз болады.
Біз төменде қосымша білім беру жүйесінде оқушыларды кәсіби бағдарлаудың бірнеше
формаларын ұсынамыз. Атап айтқанда, «Гепократ ізбасарлары», «Жаспедагогтар», Ақиқат»
пікір сайыс клубтары, «Жас құрлысшы»,«Жас програмистер», «Жас дизайнер» т.б. үйірмелері.
Сондай-ақ үйірме мен бірлес-тіктердің мақсаты, міндеті, ұйымдастыру формалары мен әдістері
қарастырылған.
«Гепократ ізбасарлары» клуб бірлестінігің жұмыс мазмұны болашақ жас дәрігерлердің өздері
қызық-тыратын адамдермен кездесуге, әңгімелесуге, денсаулыққа қатысты мәселелерді бірге
талқылауға т.б. бағытталған. Әрине, бұл кулб мүшелерінің өз белсенділері бар. Олар әртүрлі
шараларды ұйымдастыруда, клубқа келуші оқушылар қатарын толықтыруға, кәсіби үгіт-насихат
жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады.
Оқушыларды көп қызықтыратын мамандықтардың бірі «адам-адам» таңбалар жүйесіндегі
педаго-гикалық мамандық. Зерттеу барысында белгілі болғанындай оқушылардың бұл
мамандықты таңдаудағы басты факторлары өз ұстаздарының үлгі-өнегесі, мектептегі
ұстаздарының идеялдық бет-бейнесі, бала-ларға деген сүйіспеншілігі. Сондай-ақ кейбір
оқушылар балалармен қарым-қатынаста болып, оларға ақыл-кеңес бергенді, өз тәжірибесімен
бөліскенді ұнатады.
Педагогикалық кәсіпке оқушыларды кәсіби бағдарлауға бағытталған қосымша білім беру
жұмыстары-ның мазмұны оқушылардың қажеттіліктерінқанағаттандыратын әрекеттерге сәйкес
болуы керек. Яғни, мұғалімдермен кездесу, әңгімелесу, кәсіби үгіт-насихат жұмыстарын
жүргізгенде мұғалімдердің мораль-дық қасиеттері, балаларға сүйіспеншілігі, білім берудегі
шеберліктерінкөрсетуге, ақпарат беруге назар аударып, олардың кәсіби өзін-өзі анықтауларына
ықпал ететіндей болғаны жөн. Осы мақсатта біз өзтәжірибемізде «Жаспедагогтар»клубын
ұйымдастыру арқылы бүгінгі таңдағы ұстаз мәребесін, білім беру, жасөспірімдер тәрбиесі
мәселелерін қамтитын жұмыстару ұйымдастыру қажеттігіне көз жеткіздік. Бұнда өздері үлгі
тұтатын тәжірибелі ұстаздармен кездесу, олардың шығармашылық, кәсіби өсу жоларды туралы
әңгімелесу, бүгінгі тәрбие мәселелерін, педагогикалық мамандықтың артықшылықтарын
талдауы қажет.
Біздің тәжірибеміздің нәтижесінде оқушылардың психология мамандығына деген
қызығушылықтары қалыптасты. Тәржірибе көрсеткендей осы мамандыққа бейім оқушылар
көптеп кездеседі. Бұл маман-дықты таңдаған оқушылар өз қабілеттерін саналылықпен сезінеді,
өмірде адасқан, қиыншылық көркен, депрессияға ұшыраған адамдарға көмек бергенді қалайды.
Оқушылардың кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауларына бағытталған әртүрлі қосымша білім
беру жұмыстарының жүйесі бар. Бұл жұмыстардың барлығы олардың қызығушылықтарын
қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар, өз күштерін сынап көрулеріне, білімдерін,
іскерліктерін қалыптастыруға бағытталады. Атап айтқанда, «Жас психологтар кеңес береді!»
тақырыбындағы әңгіме-сұхбат олардың белсенділіктерін ғана емес, бейімі мен қабілеттерін,
тәжірибесін қалыптастарады. Бұл олардың кәсіби дайындықтарының қалыптасуына
бағытталады. Олар депрессияға ұшыраған адамдарға көмектесу мәселелерін талдайды,
күйзелістен құтылу жолдары, оларды алдын-алу туралы кеңестер береді, осы тақырыпқа
талдаулар жүргізеді.
Кәсіби психологтармен кездесу өткізіп, психолог мамандығының ерекшеліктері, оларға тән
кәсіби қабілеттер туралы мәлімет алады, әңгімелеседі. Бұл шаралардың барлығы да өздерін іске
асыруға, өздерін адекватты түрде бағалауға ықпал етеді. Кездесу барысында оқушыларды
қызықтыратын сұрақтарға, психологияның жеке салаларын, осы сала мамандарын дайындайтын
Қазақстандағы жоғары оқу орын-дарына т.б. тоқталып, әртүрлі ақпараттар берілгені жөн.
Оқушылар белсенділікпен жұмыстарының бірі «Психологтар-адам жанының инженері» атты
әңгіме-лесу, кездесу. Әңгімелесу барысында оқушылар психологтың кәсіби әрекеті мазмұнымен
танысадыі, осы мамандық иесіне тән кәсіби қасиеттердің мән-жәйін ұғынады. Бұл кездесудің
кәсіби ағартушылық сипаты зор. Себебі, бұнда психологқа тән тұлғалық қасиеттердің мәні
ашыла түседі. Бұл оқушылардың өзін-өзі анықтауларына ықпал етеді. Кездесу Түркістан
қаласындағы М.Әбенова атындағы орта мектептің педа-гог-психологтарының қатысуымен өтті.
Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтар төңірегінде, атап айтқанда
«Психолог мамандығы қандай мамандық?», «Депрессияға ұшыраған адам-дарға психологтар
көмектесе алады ма?» деген сұрақтарға жауап алды.
Соныман қатар осы мектепте аталған іс-шарадан кейін «Жас психологтар -кеңес береді»
тақырыбында пікірталас өткізілді. Пікірталас барысында тәртібі нашар және әртүрлі
темпераментегі балалармен жұмыс істеу, оларға психологиялық тұрғыдан ықпал ету әрекеттері
талқыланды. Әрине бұған оқушыларды жетекшілері алдын-ала дайындады. Бұл пікірталас
оқушылардың осы мамандыққа анағұрлым бейімдел-генін көретіп берді. Себебі, оқушылардың
талқылаған сұрақтар төңірегінде айтқан пікірлері, жалпы белсенділіктері жоғары деңгейде
болды.
Оқушылардың арасында құқық қорғау органдары, заңгерлік мамандықты таңдаған
оқушылардың да қатары көп. Олардың бұл мамандықты таңдауларына түрткі болған бүгінгі
қоғамдағы тәртіпсіздік пен құқық бұзушылық, әділетсіздіктің нәтижесінде жәбірленушілердің
аянышты жағдайлары, жемқорлық т.б. Олар осы мамандықты таңдау арқылы заңсыздықты
жоюға, әділетті қоғам құруға өз үлестерін қосуға ұмтылаты.
«Әділет», «Ақиқат», «Жас адвокат» клуб типтес бірлестіктерін ұйымдастыру қажет. Олар осы
сала мамандық иелерімен кездесуге, тәртіпсіздік пен әділетсіздік, қылмыс пен жемқорлық
туралы тақырып-тарда әңгімелесуге, талқылауларға белсенділікпен қатысады. Атап айтқанда,
заңгерлемен кездесу бары-сында бұл мамандықты терең тануға, өзін-өзі кәсіби анықтауларына
мүмкіндік алады. Бұл кездесу барысында оқушылар құқық қорғау қызметкерлерінің өз
қызметіндегі адалдығы, олардың отаны мен халқын қорғауға дайындығы, сүйіспеншілігі,
әділдігінен үлгі-өнеге алады. Осы кәсіп иелерінің міндеттері мен қызметі, осы салада білім алуға
болатын оқу орындары туралы ақпараттар алады.
Еліміздегі ақпараттық-коммуникативті технологиялардың дамуы, оларды білім беру
мекемелерінде, тұрмыстық ортада көптеп пайдалану оқушылардың осы салаға қатысты кәсіп
түрлеріне қызығушылық-тарын оятқан. Сондықтан бүгінгі мектептердегі оқушылар арасында
информатика, ақпараттық техно-логиялар мамандықтарына қызығатындар саны көп. Бұл
мамандық түрлерінің айырмашылығын ескере отырып, оқушылармен жүргізілетін жұмыстарда
олардың интеллектуалдық қабілетін, іс-әрекеттерін танымдық әрекетке бағытталуын қамтамасыз
ету керек.
Біззерттеу жұмысы басырында оқушылардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға
бағытталған «Жас бағдарламашылар» үйірмесін ұйымдастырдық. Бұл үйірме жұмысының
ерекшелігі оқушылар әрекетінің көпшілігін оқу-танымдық жаттығулар мен тақырыптық
кештерді құрайды.
Үйірменің мақсаты оқушылардың интеллектуалдық, танымдық қабілеттерін, мамандыққа
қызығушы-лықтарын қалыптастыру. Сондай-ақ әртүрлі жұмыстарды ұйымдасытыра отырып,
кәсіп иелеріне тән психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерді саналылықпен қабылдауға,
өзін-өзі кәсіби анықтауларына ықпал ету.
«Жас дизайнер» үйірме жұмысының мазмұны шығармашылық бағыттағы жұмыстарға
тәуелді. Себебі, оқушылар бұл үйірмеге қатысаотырып әртүрлі киім үлгілерін дайындайды,
мамандардан кеңестер алады, киім үлгілерін таңдау туралы кеңестер береді т.б. Үйірменің
мақсаты оқушылардың кәсіби қызығу-шылықтары мен қабілеттерін қалыптастыру. Дизайнер
мамандығын таңдаған оқушылар өздерінің шығар-машылық қабілеттерін саналылықпен сезіне
алады. Олардың бұл мамандықты таңдауларының негізгі себептері өздерінің шығармашылық
қабілеттерін жетілдіруге ұмтылу және адамдардың сәнді де жара-сымды киінуіне өз үлестерін
қосу. Осы мәселелерді ескере отырып, Түркістан қаласындағы М.Әбенова атындағы орта мектеп
оқушыларының қатысуымен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Сурет және дизайн» кафедрасының
оқытушы-профессорларымен және студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Бұл кезде-суді
ұйымдастырудағы басты мақсат оқушылардың дизайнерлік мамандыққа қызығушылықтарын
қалып-тастыру. Олардың өз шығармашылық мүмкіндіктерін саналы турде сезінуіне жағдай
жасау.Кездесу әңгі-мелесу, сұрақ-жауап барысында өтті. Оқушылар профессор-оқытушылардан
және студенттерден «Бұл мамандықты не үшін таңдадыңыз?», «Бұл мамандықтың басқа
мамандықтардан ерекшелігі қандай?», «Дизайнерге қандай қабілет керек?», «Атақты дизайнер
болу үшін жетістікке қалай жетуге болады?» деген сұрақтарға жауап алды.
М.Әбенова атындағы орта мектепте 10-11 сыныптар арасында өткен «Қалай киінуге
болады?» деген тақырыпта ұйымдастырылған тақырыптық әңгімелесуде оқушылар анағұрлым
белсенділік танытты. Себебі, бұл жұмыстың осы мамандыққа қызыққан оқушылардың бейімі
мен қабілеттерін қалыптас-тырудағы мүмкіншілігі көп. Бұл тақырыптык әңгімелесу жыл
соңында өткізілгендіктен оқушылардың өзін-өзі анықтау деңгейлерінің жоғары екендігін
байқатты. Онда оқушылар өз сьшыптастарына өзі дайындаған киім үлгілеріи ұсынып, қалай
кишу қажетекендігіне кеңестер берді. Оқушылармен әңгіме-лескенімізде және жазған
шығармаларынан белгілі болғанындай олардың Париж топ-моделдеріне қызығатындығы, шетел
дизайнерлері сияқты атақты болуды және өздерінің танымал сән коллекция-ларының болғанын
қалайтындары анықталды. Осыны ескере отырып олардың шығармашылық қажыр-қайратын
ынталандыру мақсатында жыл соңында оқушылардың сән көрмесін ұйымдастырдық. Көрмеге
оқушылар өздерінің жыл бойында жасаған киім үлгілерінің жобасын қойды және
қатысушыларды әрбір киім үлгілерінің ерекшеліктерімен таныстырып отырды.Сондай-ақ
«Сұлулық сенің серігің?» тақыры-бында да сұхбат, сұрақ-жауап кешін ұйымдастыру олардың
іскерліктері мен шығар-машылық қабілеттерінің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Қосымша білім беру жүйесінде «Жас құрлысшылар» үйірмесін ұйымдастыру қажет. Үйірме
жұмыстарын оқушыларды қызықтыру үшін деректі фильмдер, көркем әдебиет, бұқаралық
ақпарат құрал-дарынан арнайы ақпараттар беріп, саналылықпен қабылдауларына жағдай жасау
керек. Бұл ақпарат-тардың мазмұны әртүрлі ғимараттардың салынуы, ондағы құрлысшы-
инженерлерінің абройлы еңбегі, құрлыс жобаларының дайындалу барысы болғаны жөн. Сондай-
ақ құрлысшылармен кездесу ұйымдас-тырып білімдері мен тәжірибесін молайтуға, қауіпсіздік
ережелерін сақтай отырып құрлыс объектілеріне саяхат ұйымдастыруға, құрлыс
компанияларының жұмысымен таныстыруға да болады.
Бұл үйірмегеқатысушы оқушылардың көпшілігі өз жобаларын жасауды армандайды.
Сондықтан оларға практикалық жаттығуларды жасатқан тиімді. Әртүрлі жаттығулар жасатып,
арнайы мамандар шақырып, кеңес беріп, өз тәжірибелерімен бөлісу қажет. Мынандай
тақырыпта әңгімелесулер өткізген жөн: «Өз құрлыс компанияңның болғанын қалайсың ба?»,
«Зәулім ғимараттар қалай тұрғызылады?», «Құрлыс жобысын қалай дайындайды?» т.б.
Оқушылардың басым көпшілігі дәрігерлік мамандықты таңдайды. Олардың бұл мамандықты
таңдауының себептері қазіргі таңдағы белгілі болып отырған күрделі аурулардың (СПИД т.б.)
емдеу жолдарын зерттеу,осындай ауруларды емдеу мақсатында дәрігерлік шөптерді және дәрі-
дәрмектерді дайындау. Осыған байланысты мектептерде конференциялар, кездесулер
ұйымдастырдық. Мектептерде дәстүрлі түрде өткізілетін мектепішілік, мектепаралық, қалалық,
облыстық олимпиадаға бұл оқушылар биология т.б. пәндері бойнша қатысты. Осы оқушыларды
олимпиадаға
дайындау
мақсатында
алдын-
алаөздерінтолғандырыпжүргенмәселелертөңірегіндереферат, баяндама дайындау ұсынылды.
Онда оқу-шылар СПИД ауруның таралу себептерін, нашақорлықты алдын-алу мәселелерін жан-
жақты қарастыр-ды. Бұларды өз тәжірибелеріне сай тыңғылықты зерттеп, оларды емдеу
жолдарын, олармен күресу жолдарын қарастырды. Атап айтқанда «СПИД - ғасыр дерті»,
«СПИД - ауруынан сақтану және оны алдын-алу», «Ішімдіктің денсаулыққа кері ықпалы»,
«Оңтүстік Қазақстанның дәрігерлік өсімдік-тері»т.б. тақырыптары бойынша конференция
ұйымдастырылып баяндамалар дайындады.
Осы оқушылардың ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Ататүрік атындағы орта
мектепте «Дәрігерлік өсімдіктер» атты өсімдіктер гербарий-көрмесі ұйымдастырылды. Бұл
көрмені ұйымдасты-руда оқушылар ұзақ дайындалды. Олар дәрігерлік өсімдіктердің
фотосуреттерін, оны қандай ауру түрле-ріне пайдаланылатынын жариялаған. Бұл көрменің
ұйымдастырылуына көмек беріп, сынып жетекшілері, биология пәнінің мүғалімдері кеңес беріп
отырды.
Сонымен біз бірнеше үйірмелер мен бірлестіктерді ұйымдастыру жолдарына тоқталып өттік.
Бұлар-дың барлығы оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауларына ықпал етеді. Қорыта айтқанда,
бүгінгі тағдағы қосымша білім беру жүйесіндегі оқушыларға кәсіби бағдар берудің мақсаты -
кәсіби іс-әрекеттің алғы шарты болатын, сыртқы ортаны тануға көмектесетін, өзін-өзі адекватты
бағалауды қалыптастыратын, жеке адамның барлық жағынан дамуына әсер ететін, жеке
тұлғаның ерекшеліктерін қалыптастыру болмақ.
1. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Алматы, 2011.
2. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Астана, 2009.
3. Бейсенова Ж. Жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауының психологиялық ерекше-ліктері.
Автореф.-Алматы, 2004.
4. Орлов А. Профессия и склонность.-Алматы, 1989.
Abstract
Artide deals with the scient tic bazis of professional orientation of pupils in the sistem of additional extra-education.Also,
descri be the vizas methodsand ways of organization of educational process on the base of diagronstic results, particulary
about special groups that heep to fonmation of pupil’s, proffessional abilitres.
Pupils are in divided in to inclination and interesting. We think that pupils are interested are interested in this groups like:
«Designer»,«Truth»,«Yound builder», «Yound programist» and so on. Tahing parf in inclination pupils are self-
defermination, and get jivstprofessional acquired. And forming professional motivation in it.
Достарыңызбен бөлісу: |