Түйін
Мақалада жасөспірім жастағы өзекті мәселелер мен оларды түзету шараларының тәсілдері ашылады.
Жасөспірім жастағы балалардың қылығында ауытқушылықтың өсуін қазіргі кезде статистика мәліметтері айқын
көрінеді. Үлкендер жағынан түсінбеушілікке жауап ретінде, жасөспірімдердің жиі қарама-қайшылықтары, мойын-
сұнбаудың, тыңдамаудың түрлері пайда болады, олар аса белгілі түрде ашық мойынсұнбау, негативизм, агрессия
ретінде көрінеді.
Авторлар жасөспірім жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін ашады, негізгі психологиялық
теорияға, агрессия концепциясына, агрессиялық тәртіпке және негізгі агрессияға нақты анықтама береді.
Сонымен қатар, мақалада жасөспірімдердің агрессивті тәртібін жөндеудегі ертегінің ролі қаралады, ғылыми
бағыт ретінде ертегі терапиясынын негізінің қалануы мен даму тарихына көз жүгіртеді.(бихевиориалды бағыт,
трансактілі талдау, экзистенционалды бағыт, гипнотикалық мектеп).
Ертегі терапиясы әдісінің негізгі мақсаттарына сәйкес, авторлар ертегілермен проекция
ретінде жұмыс жүргізудің бірнеше тәсілдерін, сонымен қатар, ертегі сюжеттерінің бірнеше
топтамаларын – дәстүрлі, халықтық, авторлық – ұсынады. Бұл жерде авторлар осы тәсілдерді
қолданудың жағымды және жағымсыз жақтарын ашып көрсетеді.
Ертегі терапиясының психокоррекциялық мақсаты мен міндеттеріне байланысты, авторлар
ертегі жанрлары және Т.Д. Зинкевич –Евтсегнееваның ертегілерімен проективті сабақтардың
мақсаттары бойынша салыстырмалы кесте берілді: ертегіні метафора ретінде қолдану, ертегі
желісі бойынша сурет салу, мәтінмен белсенді жұмыс жасау, ертегі эпизодтарын ойнап шығу,
ертегіні тәрбиелік мысал ретінде қолдану, ертегі желісі бойынша шығармашылық жұмыс.
Ертегі классификациясының алуандығын аша келе, авторлар психокоррекциялық міндеттерді
тиімді шешетін халық ертегілерінің бірнеше тобын ұсынады: тұрмыстық ертегілер, мысал-
ертегілер, өмір туралы хикаялар, жұмбақ ертегілер, тапқырлық хикаялары, қулық туралы
хикаялар; белгілі бір жағдайды немесе моральды норманы түсінді-ретін мысал-ертегілер;
данышпан адамдар немесе қызықты жағдаяттар жайында тәрбиелік хикаялар; хайуанаттар
туралы ертегілер; аңыз сюжеттері, сонымен бірге, қаһармандар туралы хикаялар; таңғажайып
ертегілер. Қорытынды ретінде, авторлар агрессивті жасөспірімдерді ертегі терапиясы
құралдарымен жұмыстар жүргізудегі психолог-педагогикалық ақыл кеңестер ұсынады.
Summary
The article describes the current problems of adolescence and how correctional activities with them.
Modern statistics show an increasing growth of deviant behavior among adolescent children . As a reaction to a
misunderstanding on the part of adults, a teenager often there are different kinds of protest , defiance , disobedience , which is
extremely expressly manifested in defiance , negativism , aggression.
The authors reveal the psychological characteristics of adolescent children , give a specific definition of aggression in
accordance with the basic psychological theories and concepts of aggression and aggressive behavior.
The article also discusses the role of fairy tales in the correction of aggressive behavior among adolescents and gives the
history of formation and development of therapy of fairy taleas a scientific direction .
In conclusion, the authors offer psychological and pedagogical recommendations on the organization of correctional work
with aggressive teenagers by fairy tales therapy.
УДК372.8:73/76
КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚОЛӨНЕР АРҚЫЛЫ
ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Г.Тоқабаева –
Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
2-курс М6012000 – Кәсіптік оқыту мамандығының магистранты
Аннотация:Бұл мақалада өнер саласында қолөнер арқылы кәсіби білім беру мектеп оқушылары үшін тәрбиелік
маңызы көрсетілген.Технология сабағында қолөнер арқылы ұлтық тәрбие беру мәселесі мектеп оқушылардың
санасына, ой-өрісінде, адамзаттық рухани құндылықтары мен оның даралық ерекшеліктерін танып, дұрыс бағытта
дамыту, әлеуметтік және экономикалық жағдайларда қолдау көрсету негізінде жүзеге асырылатыны айтылған.
Халқымыз қыздарды қолөнердің кең тараған түрлері: киіз басу,сырмақ сырып, киіздің ішкі-сыртқы керек – жарақ-
тарын әзірлеуге, шаруашылыққа қажетті бұйымдар жасап, гобелен, кілем, алаша, ши, кесте және шілдір тоқуға, киім
тігуге баулығаны қарастырылған. Осы айтылғандардың бәрін безендіріп, әшекейлі етіп жасалатын болғандықтан,
жасаушыдан ерекше талғампаздықты, нәзік икемділікті, жоғары эстетикалық талғамды талап ететіні баяндалған.
Осылайша қыз баланы ерекше қолөнер кәсібіне баулуға бағытталғаны айқындалады. Кәсіпке теориялық оқыту
кәсібін тәрбиеге де елеулі үлес қосқаны жайлы айтылады. Бұл ең әуелі кәсіби оң бағытталушылықа тәрбилеу –
таңдап алған кәсіпке ұнатушылыққа тәрбиелеу, кәсіби еңбек сапаларын қалыптастыру мәселесі келтірілген. Кәсіби
білім беру деңгейіне байланысты практикалық даярлықтыңойлау біліктілігіне қосатын үлесі әр түрлі екені анық-
талады.Технология пәнінде оқушының кәсіпке дайындау сапасын көтеру оқудың тиімділігін арттыруға байланысты
екендігі түсіндірілген. Ғылым мен техникалық прогрестің даму қарқынына ілесіп жарамдылық деңгейін толық
анықтай алмайтыны карастырылады. Оқушының кәсіптік деңгейі оның логикалық ойлау қабілетіне тікелей байла-
нысты екені көрсетіледі.
Кәсіби білім беру мектептегі оқушыларына деген аялы көзқарастан, оның өзіндік қасиетін қолдаудан, оның
білімдегі, мәдениеттегі, өмірдегі қажеттілігі мен сұранысын қанағаттандырудан, белгілі бір кәсіпке бағыттайтыны
белгіленген.
Кілт сөздері: Технология сабағы, техникалық прогресс, кәсіби білім беру, қолөнер, ұлтық тәрбие,
шығармашылық, мектеп, кәсіптік деңгей.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» – атты Қазақстан
халқына Жолдауынан «Жастар - біздің болашағымыз, оларды жаңа заманда өмір сүруге үйрету - біздің
міндетіміз», «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман» деген [1].
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана
емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы - бүгінгі оқушы. Ұлттық мәдениеттің
негізі болып табылатын ұлттық тәрбие құралының бірі - қолөнер екендігі белгілі.
Мына заманда «Өнердің кілтін тапқан ғана өрге шабады». Демек мектеп оқушыларының «Техноло-
гия» пәнінде қолөнер бұйымдарын даярлап, оны өмір қажеттілігіне қолдануы және оны келешекте
кәсіпкерлік жағдайда қолдануына себебін тигізеді.
Осы орайда мектеп оқушыларынан бастап арнайы кәсіпке үйрету мүмкіндігі туындайды.
Кәсіби білім беру жүйесін жетілдірудімектеп қабырғасынан бастап дұрыс ұйымдастырған жөн,
оқушылары қолөнер арқылы еңбекке, шеберлікке қалыптастыру керек. Қазіргі қоғам талабына
сайкәсіби білім беруде мектеп оқушыларына қолөнерден теориялық біліммен қатар оның
шығармашылық дағдыларын да қалыптас-тыруы қажет.
Технология сабағында мектеп оқушыларын қолөнер бұйымдарын даярлау арқылы олардың
шығармашылық белсенділігі артады. Бүгінгі біздің ісіміздің күні ертең жалғастыратын, өз
қолына алатын жас жеткіншектер. Сондықтан мектеп оқушылары заманауй технологияларды
қолдана отырып, қолөнер бұйымдарын даярлаудаолардың пәнге деген қызығушылықтары
артады. Оқушыларға қолөнер арқылы ұлттық тәрбие беруде қоғамның әлеуметтік-
экономикалық, саяси өмірімен ұштастыра жүргізуді талап етеді. Ол, мектептегі теориялық
білімдерді оқушыларға меңгертуде, оларды өмірмен байланыстыру, қоғамдағы болып жатқан
өзгерістермен хабардар етіп, оған нақтылы көзқарастарын, сенімін орнықтыру, қоғамдық
пайдалы қолөнереңбегі арқылы тәрбиелеу мақсаты баланы еңбек ете білуге, оны қадірлеп-
қастерлеуге, оған деген жағымды көзқараспен қарым-қатынас қасиеттерін орнықтыруды,
сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерінсіңіру
қажеттіліктерінен
туындайды.
Сондық-тан
технология
сабағында
оқушылардың
шығармашылық еңбегін дамыту, еңбек дағдысын бойына сіңіру, оны өмір қажеттігіне
пайдалану, білімдікке бейімдеу, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, жастарды
шеберлікке үйрету мақсатына байланысты жүзеге асады[2].
Халықтық қолданбалы өнері ата-бабаларымыздан келе жатқан, ұлттық санамызда, рухымызда, болмы-
сымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан өнер түрі. Оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқы-
лы ұлтық тәрбие беруді жүзеге асыруда - технология сабағының орны ерекше.
Тәуелсіз елімізде қазіргі уақытта білімнің кең көлемді қоры жиылған мектеп оқушыларыныңкәсіби
білімдерін жетілдіру мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқыту үдерісінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана
отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда
өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Кәсіби білім — оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, рухани жан дүниесінің дамуының
құштарлығының ерекше көрінісі. Бұдан технология пәнін оқыту үдерісінде кәсіби білімді жетілдіру үшін
оқушылардың көздейтін мүддесі-білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету
қажеттігі негізінде дамиды. Кәсіби білім ең жоғарғы көрінісі оқушылардың технология пәнінен алған
білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.
Қазіргі таңдағы мектепті дамытудың негізгі бағыты болып кәсіби білім беруге көшу
саналады. Оныңерекше сипаты балаға деген аялы көзқарастан, оның өзіндік қасиетін қолдаудан,
оның білімдегі, руханилықтағы, мәдениеттегі, өмірдегі қажеттілігі мен сұранысын
қанағаттандырудан, белгілі бір кәсіпке бағыттаудан байқалады [3].
«Технология» білім беру саласы білімді де іскер адамды тәрбиелеуді талап етеді. Адамның
қайсыбірі болмасын өзінің практикалық іс-әрекетінде әрдайым түрлі проблемалық
тапсырмаларды шешеді. Қазіргі кезде оқушыларға меңгертілетін қазақ халқының сәндік-
қолданбалы өнер түрлерін жүйеге келтіруде және оны оқытушылар тарапынан басқаруға
байланысты бірқатар талпыныстар жасалуда. Бұл мектептің «Технология» пәні бағдарламалары
бөлімдеріне қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер бағыттарын ендіруге байланысты туындап
отыр.
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен,тұрмысымен бірге дамып,
ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер
шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние
жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына,
тарихи ерекшелігіне байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді.
Қазіргі кезде қолөнер бұйымдарын үй және мекемелер интерьеріндекөп қолданып жүр. Оның
орындалу технологиясына да ерекшеліктер енгізіліп келеді. Дегенмен, көне заманнан келе
жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған.
Елімізбілім беру жүйесін жаңғырту үшін білім мазмұны мен сапасы арттыру, білім берудің
ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық техналогиялар жөнінде жаңаша педагогикалық
көзқарастарқалыптастыру секілді кешенді шараларды қолға алу керек. Әлем тәжірибесі
көрсеткеніндей, кез келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен
азаматтарының білім дәржесіне байланысты.
Қазіргі нарықтыққоғамдаадам өзіне қажетті саласын терең оқу керек. Бұл кәсіби білім
беругекөшудің бірінші мақсаты десек, екінші мақсаты – ерте кәсіптік даярлықты іске асыру,
яғни мектеп бітірушініңжан-жақты кәсіби құзыреттілігін, іскерлік қабілетін қалыптастыру [4].
Халықтың сәндік-қолданбалы өнерінің тағылымдық мәні туралы кезіндеқазақ ағартушылары:
Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин да айтып өткен. Мазмұндық сипаты мен өзіндік
ерекшелік-теріне тарихшы-этнографтар М.Қадырбаев, А.Оразбаев, Қ.Ақышев және т.б.,
философтар Ж.Әлібеков, Б.Байжігітов, Р.Шойбеков, М.Өмірбекова, Қ.Нұрланова және
өнертанушылар
Қ.Ибраева,
С.Арғынбаев,
қолөнер
шеберлері
Д.Шоқпарұлы,
Ә.Ш.Әбдуәлиеваның еңбектерінде жан-жақты аса мән берген.
Халық өнері негізін зерттеген ғалымдар К.Амиргазин, Қ.Ералин, А.А.Қалыбекова,
Е.С.Асылханов, Ж.Балкенова т.б. ғалымдар еңбектерін атауға болады.
Қазақ сәндік-қолданбалы өнері негізінде оқушыларды еңбекке баулу О.Сатқанов,
Қ.Әмірғазин, М.Мырзақанов және т.б. олардың шығармашылығы мен қабілетін дамыту
Ж.Балкенов, оларға эстетикалық тәрбие беру Б.Әлмұхамбетов, А.Қамақов, С.Жолдасбекова,
Л.Котенко Т.Левченко, Ф.Жұма-бекова болашақ көркемөнер, технология мұғалімдерінің кәсіби
біліктерін қалыптастыру Е.Асылханов, Қ.Болатбаев, Б.Ижанов,Қ.Ералин, Ұ.Әбдіғапбарова,
А.Манабаева, Р.Х.Канапьянова, Б.Ортаев және т.б. мәселелерін зерттеген.
Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері арқылы білім алушылардың мәдениетін қалыптастыру
мәселесі де ғалымдар зерттеуінен тыс қалмаған. Л.В.Котенко сәндік-қолданбалы іс-әрекеттер
негізінде
мектеп-интернат
оқушыларының
эстетикалық
мәдениетінің
элементтерін
қалыптастырудызерделеген. Д.Үркін-баева халықтың сәндік-қолданбалы өнері арқылы
студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптасты-руды кәсіптік оқыту материалдары негізінде,
Г.Қ.Шырынбаева жоғары сынып оқушыларының эстети-калық мәдениетін қалыптастыруды
қарастырса, А.Д.Райымқұлова 5-9 сынып оқушыларының техноло-гиялық мәдениетін
қалыптастыру проблемасын зерттеп, негіздеген [5].
Мектеп қабырғасында оқушылардың кәсібибілім алудан кәсіби еңбекке үйрету, қандай да бір
бағыт бойынша ізденісіне шек қоймау, қайта оған жағдай жасап отыру, олардың іскерлік
негіздерін меңгеруіне ықпал етеді.
Технология пәнінде оқушы теориялық алған кәсіби білімін өз бетінше жетілдіруі, сол
таңдаған кәсібіне үздіксіз ізденісті, озат тәжірибені қолдануы, оны өзгелерге насихаттауы,
жаңашылдық танытуы, іскерлік негіздері – кәсібишеберлікке жеткізудің бір жолы болып
саналады.
Кәсіпке теориялық оқыту кәсіби тәрбиеге де елеулі үлес қосады. Бұл ең әуелі кәсіби оң
бағытта-лушылыққа тәрбиелеу – тандап алған кәсіпке ұнатушылыққа тәрбиелеу, кәсіби еңбек
сапаларын қалып-тастыру. Кәсіби білім беру деңгейіне байланысты практикалық даярлыктың
ойлау біліктілігіне қосатын үлесі әр түрлі. Технологияпәнінде оқушыны кәсіпке дайындау
сапасын көтеру оқытудың тиімділігін арттыруға байланысты екендігі түсінікті. Ғылым мен
техникалық прогрестің даму қарқынына ілесіп отыру үшін,технология пәнінен алған білім
негіздерінің қоры, оның кәсіптік жарамдылық деңгейін толық анықтай алмайды. Оқушының
кәсіптік деңгейі оның логикалықойлау қабілетіне тікелей байланысты.
Техникалық және кәсіптік білім беуде еңбек нарығының сұраныстарына сай маманмен
қамтамасыз ету. Баршамызды бағдарламадағы техникалық және кәсіптік білім беруге
байланысты осы жүйенің мәртебесін көтеру, білім беру мазмұнын индустриялды жобалардың
сұранысын ескере отырып жаңарту, индустрия жобалары бойынша даярлауға мүмкіндік береді
[6].
Халық өнер – бұл халықтық педагогиканың негізі. Сондықтан қазақ жерінде әдетте, ер бала
тәрбиесіне әке, қыз тәрбиесіне аналары көңіл бөлген. «Әкеге қарап ұл өсер , шешеге қарап қыз
өсер», « Ананың ізін қыз басар , атаның ізін ұл басар » деген мақал – мәтелдер соның айғағы
болса керек. Балаға қолөнер кәсібінің бір саласын меңгерту өздеріне байланысты деп түсінген
ата – ана жақсы қасиеттерді баласының бойына сіңіруге тырысқан.
Халқымыз қыздарды қолөнердің кең тараған түрлері: киіз бастау, сырмақсырып, киіз ішкі –
сыртқы керек – жарақатарын әзірлеуге, шаруашылыққа қажетті бұйымдар жасап, гобелен, кілем,
алаша, ши,кесте және шілтер тоқуға, киім тігуге баулып отырады. Осы айтылғандардың бәрін
безендіріп, әшекейлі етіп жасалатын болғандықтан, жасаушыдан ерекше талғампаздықты, нәзәк
икемділікті, жоғары эстетикалық талғамды талап ететіні күмәнсіз. Осылайша қыз баланы ерекше
қолөнер кәсібіне баулуға бағыттайды.
«Технология»пәнінде оқушылар қандай да бір сала бойынша кәсіби білімдерін жетілдірсе, келешек
өмір қажеттілігіне үлкен қолданысқа мүмкіндік береді.
Технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беруде
халқымыздың педагогикасы мен ұлттық өнерін біріктіре оқытуды мұрат ете отырып, оларға этнопедаго-
гикалық негізде білім беруді типті бағдарлама, оқу құралдары арқылы кешенді қарастыру керек. Мектеп-
тегі технология пәнінің мазмұнын талдау қағидаларына сәйкес технология бағдарламасының мазмұны
оқушылардың халықтық қолданбалы өнер туралы алғашқы түсінікті қалыптастыру, ұлттық мәдениетке
деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қолданбалы өнер шеберлерінің еңбегімен таныстыру, күнделікті
тұрмыста қолданылатын қарапайым ұлттық бұйымдарды жасауға оқушыларды үйрету т.с.с. міндеттерді
шешуі керек.
Кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметінің тұлғалық және
қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті маманды қалыптастыруды
қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылып, білім беруді дамыту талап етіледі.
1.
Н.Назарбаев. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» –Қазақстан халқына Жолдауынан. Астана 11 қараша
2014ж.
2.
Райымқұлова А.Д.Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін
қалыптастыру. Автореферат Алматы, 2009
3.
Жунисова Н.А., Еркибаева Г.Г. Сәндік қолданбалы өнерді оқыту арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіптік
даярлығын қалыптастыру. Алматы 2013.
4.
Өстеміров К, Шәметов Н, Васильев И. Кәсіптік педагогика колледж, университет студенттеріне арналған
оқулық / Алматы, 2006.
5.
Ортаев Б. Технология пәнін оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері. Оқуқұралы.Шымкент, 2010 ж.
6.
Ақбердиева РҚазақ халқының қолданбалы сәндік қолөнердін ұлттық орны. Қазақстан мектебі 2007 №3
Аннотация. Эта статья в современной сфере искусства обучения школьников через прикладное искусство имеет
огромное воспитательное значение.В ней говорится о вопросах национального воспитанияна уроках технологии
через прикладное искусство наосновании познания сознания, мышления,человеческих духовных ценностейи инди-
видуальных особенностей, развития в правильном направлении, оказания поддержкив социальных и экономи-ческих
условиях. И о том как наш народ приучал девушек широким распространенным видом прикладного искусства, такие
как валяние войлока, декорация наружных и внутренних убранствюрты, изготовлениеизделии необходимых
хозяйству, ткани ковра, гобелена, алаша, чии, вышивке шилтер, шитью одежды. Так как этиизделии изготавление ,
оформлениекрасивое от мастера требует несомненно особой изысканной нежнойприспособленности, высокого
эстетического вкуса. Таким образом направляет девушек приучению особому ремеслу прикладного искусства.
Теоретическое обучение ремеслу привносит особый вклад профессиональному воспитанию.Это первую очередь
воспитание профессиональной нравственности выбранного ремесла, формирование профессональных трудовых
качеств. В связи с уровнем профессионального обучения, мышления ипрактическойподгововки. Понятно, что
повышение качествпрофессиональнойподготовки ученика по дисциплинетехнологияБез науки и технического
прогресса полностью не определяется уровень годности мощного развития. Профессиональный уровень ученика
связанс качеством логичиского мышления. Профессиональное образование обучает школьников профессии, исходя
из взглядов школьников, удовлетворая их нужды и спросов в образовании, и культуре и в жизни.
Ключевые слова: Урок технологии, профессиональное образование, прикладное искусство, национальное
воспитание, творчество, школа, профессиональный уровень.
In professional education of students based on modern technologies through craft art
Annotation:ThisarticleIn the modern field of art school students through art and crafts is paramount importance.
Questions of national education in the classroom technology through arts and crafts based on the knowledge of consciousness,
thinking, human and spiritual values and individual characteristics, development in the right direction to support the social and
economic conditions. Our people taught the girls the widespread types of applied arts widespread types of applied arts such as
felting, exterior and interior decoration yurt, manufacturing ofproducts necessary household woven carpets, tapestries, alasha,
chii, shilterembroidery, sewing clothes. Since these listed items are made, beautifully drawn from the master undoubtedly
requires a special refined gentle adaptation, high aesthetic taste. This directs girls housebreaking special craft of applied art.
Theoretical apprenticeship brings a special contribution professional education. This is primarily moral education of
professional chosen craft, formation of professional qualities of labor. Due to the level of vocational training qualification in
the contribution of different thinking of practical training. It is clear that improving the quality of training of student in the
discipline technology without science and technological progress is not fully determined by the level of development of a
powerful life. The professional level of the student related to the quality of logical thinking professional education directs
students a well known profession based on the views of pupils, satisfaction of their needs and disputes in education, culture
and life.
Keywords: lesson Technology, professional education, Arts and Crafts, national education, creation, rusticate national
education, School, Technical progress, professional level.
Достарыңызбен бөлісу: |