Абстракт:Медициналық жоғары оқу орындарында шет тілінде оқытудың басты аспектісі студенттерге арнайы
әдебиеттерді бір тілден екінші тілге аударуды үйрету болып табылады.
Аударма бұл бір тілдің толық нұсқаудағы хабарламасын басқа тілде тұжырымдау.
«Оқу аудармасы» шеттіліндегі мәтін үлгілері және сөздердің түсінігінтексеру құралы ретінде, шеттілді мәтінді
аудармасыз түсінуге дайындық жаттығулары ретінде қолданылады.
«Кәсіптік аударуға» оқыту медициналық жоғарғы оқу орындарында шет тілінде оқытудың мақсаттарымен тығыз
байланысты. Аудармаоқытудың мақсаты ОСӨЖ сабағында медициналықжоғарғы оқу орындарының студенттерінің
білім шектеулері туындайтын тақырыптық шектеулер мен әр түрлі типтегі аударма жұмысы үшін нормативтер
ретінде тұжырымдалады.
Тірек сөздер: аудару, медициналық әдебиет, оқу аудармасы, толық аудуру, кәсіптік аудару, оқу, тыңдап-түсіну,
сөйлеу, жазу, тілдік қызмет, тілдік тәртіп.
Abstract:One of the important aspects of foreign language teaching in high medical school is to teach students literature
translation from one language to another. Translation is a complete transference of one language message by means of another
language.
"Academictranslation" is used as a means of controlling the understanding of words and forms of foreign text as a
preparatory exercise for understanding foreign language text without translation.
Teaching"professional translation" is closely connected with the overall goals of foreign language teaching in high
medical schools. Teaching objectives for translating at office hours are formulated as standards for different types of
translation work with the thematic limitations.
Keywords: translation, medical books, academic translation, complete translation, professional translation, reading,
listening, speaking, writing, language activities, verbal behavior.
УДК 004:378
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА АҚПАРАТТАНДЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУ
ЖОЛДАРЫ
С.Т.Сиргебаева – п.ғ.к., Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы, Қазақстан
Қазіргі таңда білім беру саласына ақпараттандыру технологиясын енгізу жоғары оқу
орындарының оқу-тәрбие үдерісіне де елеулі өзгерістер енгізіп отыр. Оқытудың жаңа
ақпараттықтехнологиясы мәлі-меттерді компьютер арқылы дайындап, өңдеп, студенттерге
жеткізу үдерісі. Компьютерлік технология үш нұсқада жүзеге асады:1) компьютерді жекелеген
тақырып, тақырыпшаларға қолдану; 2) берілген технологиялардың ең маңызды негізгі
функциясынанықтайтын бөлігі; 3) монотехнология, яғни барлық оқыту, басқару, бақылау тек
қана компьютердің көмегімен іске асады.
Ағылшын тілін оқытуды ақпараттандыру-білім беру жүйесін ақпараттандырудың құрамдас
бөлігі болып табылады.Осы сәтте мына тұжырымдарды атап өткеніміз жөн.
Компьютердің көмегімен жеке жұмыс істеуге, даралап оқытудың озық нұсқаларына,
ақпараттық орта компоненттерін дайындауға, пәндердің өзара байланысын орнатуға қол
жеткізуге болады. Компьютерді қолдану арқылыондағы ақпаратты зейін қойып тындауға,
түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге не тыңдауға, алған мәліметті нақтылауға мүмкіндік
береді.
Тіл меңгеруде ақпараттық бағыт, ақпараттық тұрғыда білім беруді мақсат етеді, оның негізгі
мақсат-тары: лингвистикалық (тілдік және сөйлеу), тақырыптық әлеуметтік мәдениет, оқу
дағдыларын қалып-тастыру. Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану тілді
үйренудегі белсенділікті қамтамасыз етеді.
Осы орайда оқу үрдісінде ағылшын тілі сабағы бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын
орын-дауда, СӨЖ тақырыбына байланысты мәліметтерді интернет жүйесі арқылы іздестіріп,
керек мәлі-меттерді тауып, оны өндеп өз қажеттігіне қолдана алатыны.
Адамның барлық әрекеті ақпарат алуға және осы ақпаратты тиімді қолдана білуге тәуелді.
Жаңа заманның маманы кез-келген мамандық бойынша компьютер, телекоммуникация және
басқа да ақпа-раттық технология құралдарының көмегі арқылы ақпараттар тасқынын алып, оны
өз қажетіне орай өңдеп, өз қажеттігіне қолдануға мүмкіндігі бар. Осыған байланысты жаңа
ақпараттық технологиялар жоғары оқу үдерісіне енгізіліп, оның ажырамас бөлігіне айналуда.
Әсіресе, мультимедиалық компьютерлік бағдар-ламалар, интернет ресурстарындағы электронды
оқулықтар т.б.
Білім беру саясатының өзгеруі елдегі біртұтас білім беру негізінде ағылшын тілін оқытудың
вариативті болуына ұмтылыстың өсуіне, арта түсуіне бағытталған жаңа бағдарламалық
құжаттарды жасаудың өзектілігін дәлелдеп отыр. Алыс және жақын шетелдердегі қоғам
дамуының жаңа тенденциясы түрлі дәрежеде, түрлі салаларда ағылшын тілін меңгеру, білу,
қарым-қатынас жасауда ғана емес, мәдениеті мен тілі басқа халықтармен түрлі салада қоян-
қолтық араласу үшін де қажет екендігіне куә болып отырмыз. Жастарды басқа ел халықтарымен,
олардың лингвомәдениетімен өзара қарым-қатынас жасауға үйрету қазіргі таңдағы өмір
шындығынан келіп туындады. Бүгінгі күн талабына сай ағылшын тілін үйренудің маңызы зор
екендігіне көзіміз жетті.Осы орайда білім беруде негізгі мақсат - тек білімді, студент дайындау
емес, рухани дүниесі бай және әлеуметтік адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында
ұлттық құндылықтарды түсінуге және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Тұлға -
адамның келешек өмірінің қалыптасуы жобасының келбеті деп түсінуге болады.Оқу үдерісіне
ақпараттық технологияларды ендіру студенттердің танымдық іс-әрекетін белсенді етіп, оқуға
деген ізденістеріне мүмкіндіктер береді. Әсіресе, компьютердің кез-келген әрекетті ұсынып,
оныңорындалу жағдайын реттеп, бақылып, берілген тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалап
отыруы аса маңызды. Оқу іс-әрекетінің тиімділігі көп жағдайда компьютерден қажетті
ақпаратты алу ебдейлігі мен меңгеру икем-,ділігіне тікелей байланысты.
Компьютерлік технология әсіресе ағылшын тілін үйренуде тиімділігі жоғары және баға
жетпес құрал болып отыр. Бұл жағдайда бір мезгілде тіл қызметінің барлық түрлеріне және
олардың арасындағы байланысқа түсіруге болады. Ағылшын тілін үйретуде әсіресе
коммуникативті құзырлықтын қалып-тастыруға басым көңіл бөлінуде. Осы орайда бірыңғай
ғылыми-білімдік ақпараттық ортаның, оның негізгі бағыттарының маңызы зор, оның базалық
құрамдас салалары төмендегідей жүйелеуге мүмкіндік береді:Ағылшын тілін меңгеруді
ақпараттандыруда әсіресе ортаны ақпаратпен қамту және субъектілерге ақпараттық білім беру
бағыттары айқындала түседі. Ақпараттық оқыту информатика пәні арқылы жүзеге асырылады
[1]. Ағылшын тілі пәнаралық байланыс принциптеріне негізделген осы оқу нәтижесін тұтынушы
ретінде көрініс табады. Бұл байланыстың мақсаты студенттердің коммуникациялық құзыр-
лығын дамыту болып табылады. Оған лингвистикалық (тілдік және сөйлеу) тақырыптық
(пәндік), әлеу-меттік мәдени, компенсаторлық, оқу (оқуға бейімділік) құзырлықтары жатады.
Ақпараттық білім беру ағылшын тілін оқытудың тікелей мақсаты болып табылмайды, дегенмен
оның нәтижелі болуының шарты болмағанмен, белгілі бір дәрежеде негізі ретінде айтуға
болады. Әлеуметтік мәдени компетенция ағыл-шын тілін оқытудың экстралингвистикалық
ақпараттық ортасы негізінде қалыптасады. Ол ақпараттық технология құралдарының әлеуметтік
ортасы ресурстарынан алынады. Ағылшын тілімен информатика арасындағы пәнаралық
байланыс ақпараттық білімдер және іскерліктерді қолдану деңгейінде ғана жүзеге асырымай
мазмұндық деңгейде де жүретіндігін байқадық.
Ағылшын тілін меңгеруде ақпараттық құралдар қолдану оқытушы мен студенттердің өзара
әрекетінде қажетті деңгейде олардың компьютерлік даярлықтары тәжірибие барысында
байқадық. Мультиме-диядағы бейнелер мен графикада ағылшын тілін сазды кескіндемелік
анимациялық иллюстрациялар арқылы бере отырып, ағылшын тілін оқытуда үлкен маңызға ие
болатындығын аңғардық. Бұл кездегі ұсынылған формалар, көрсету құралдары, политра, дизайн,
лингвистикалық, көркемдік және бейнелік т.б. шешімдердің үйлесім табуы ағылшын тілін
үйрену үдерісіндегі оның мазмұнын толықтырады.
Олар студенттің барлық сезім мүшелеріне әсер ете отырып, оның ойлау қабілеттерін
арттырып, анали-тикалық ойлауы мен бейнелік қабылдауын, есте сақтауының барлық түрлеріне
қозғау салып, оқу ақпа-ратын толыққанды қабылдау және тануына негіз салатындығын
байқадық. Мультимедиа студенттердің оқу ақпаратын қабылдаудағы көру және есту бейнелерін
өзара үйлестіріп, салыстырмалы мәнділігі мен мәнерлігін құрады. Мультимедиалық
бағдарламалар студенттердің ақпарат алмасу жағдайында, мысалы мультимедиалық жүйемен
интерактивті диалог орнату т.б. көптеген жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мультимедиа,
презентациялар, видеофильмдер сонымен қатар студенттердің оқу мазмұнын анықтап, жақсы
меңгерулері үшін, ағылшын тілінің элементтері-экстралингвистикалық ақпаратты игеру көмегін
тигізеді. Бұл ақпарат өз кезегінде ағылшын тілі үлгілеріндегі грамматикалық ерекшеліктер мен
лингвис-тикалық ақпаратты айқын да дәл қабылдауда ықпалды. Грамматикалық категориялар
кеңестік дәуірдегі оқыту іс-әрекетіне басшылықта болып, қатысымға жасанды орта туғызылып,
барлығымыз шет тілін оқыдық, грамматика мен сөзді жаттап т.б. іс-әрекеттерді жасадық бірақ
сөйлемедік. Ақпараттық техно-логия арқылы қатысымға табиғи орта жасалатыны, пәнге
сөйлесімнің үлгілері беріліп, сөйлеу қабілеті пайда болғанын тәжірибе барысында байқалды.
Студенттер алған білімдерін сөйлеу қабілетін бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда көрсете
алды.
Тілдік ойлауға негізделген тапсырмалар қолданылды:Ол тапсырмалар нәтижесінде алға
қойған мына мақсаттарды қойдық:
- іс-әрекеттің реттемді, кезектілігіне, болжамға, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
табуға (анало-гын) таба білу, әр студентке жеке сурет, мәтін, жатттығулар беріліп солардың
ұқсастығы мен айыр-машылықтарын табу міндеті жүктеледі. Реттеп жүйелеуге (rating); жаңалық
ашуға (discovery); ой тұжы-рымына (inferencing); артықты алып тастауға (odd-one-out) т.
б.жұмыстар жүктеліп нәтижесі қортын-далды. [2].Сонымен қатар практикалық сабақтарда-
талдау, жинақтау әдісі (берілген мәтінді талдап, ортақ ойларын жинақтау қабілеті), финоменін
табу әдісі (студенттің ерекшелігін ескеру, табу), силлогизм (екі ойдан, бір ой тудыру. Студенттің
өз ойын қысқа бір сөзбентүйіндеп жеткізе білуі),- трансформация (түйіндеу), қатысым әдісі. (оқу
үдерісінде жұппық, ұжымдық, жеке-дара жұмыс түрлері -қолдану тәсілдері). Қазіргі уақыта
жеке-дара жұмыс түріне үлкен көңіл бөліп жүр, бұл әдіс студенттердің қызығушылығын
тудыруда.Үйлестіру әдісі (әр студенттің деңгейіне байланысты жеке тапсырмалар дайындалып
таратылады).Осы әдістерді іске асыру үшін сыртқы және ішкі сипатқа көңіл бөліну қажет-тігін
байқадық. Жоғарыда берілген әдістерді ағылшын тілін оқыту үдерісінде қолданып, нәтижесінде
ағылшын тілін меңгеру қабілеті жоғарлап, олардың танымдық белсенділіктері артып, студент
алған білімін өз қажетігіне қолдана алатындығына көзіміз жетті. Мақсатқа жету үшін біз осы
тәсілді бірнеше рет қайталауға мүмкіндік аламыз. Ағылшын тілін үйрету үрдісінде оқытушы әр
студенттің жеке дара мүмкіндігін ескерген жөн. Бұл мақсатты іске асыру студенттің
қызығушылығын, тапсырыс алуы, қолданымы, ұмтылуы, түсіну мүмкіндігі ескерілу қажет[2]
деп санаймыз. Студентің өзіндік жұмысы кезінде осы ерекшеліктердің барлығына аса зор көңіл
бөлінеді.Білімберу саясатының өзгкруі елдегі біртұтас білім беру негізінде ағылшын тілін
оқытудың вариативті болуына ұмтылыстың өсуіне, арта түсуінге бағытталған жаңа
бағдарламалық құжаттарды жасаудың өзектілігін дәлелдейді. Жастардың басқа елдің
мәдениеттін, дәстірінигеруде және қарым-қатынас жасауынаықпал ете аламыз.
1. Зайцева Е.В. Принципы доступности и коммуникативной направлености обучения студентов в условиях
применения инфокоммуникационных технологий. дисс… к. п. н., Ставрополь, 2004.-169 с.
2. Темирбекова Ж.А. Студенттердің кредиттік оқу жүйесіндегі модульдіктехнология арқылы оқыту
дидактикасы («инженерлік сызба» пәні негізінде).: дис. ... п.ғ.к., Павлодар, 2008.- 140 б.
Аннотация
В статье рассматриваются виды и методыинформационных технологий, активно применяющийсяприобучении
английского языка. Также приведены примеры применение разных способовкомпьютерных технологий в обучении
иностранному языку в высшей школе. Так же рассмотривается важностькомуникативных компетенции студентов
для достиженияпоставленных цели.Приизучении иностранному языку учитываеться роль мултимедийных
средствобучения.
Abstract
This article discussesthe types andmethodsof information technology, whichactively usein teachingEnglish.It also shows
examplesof differentways tousecomputer technology inlearning a foreign languagein high schools. The importance
ofcommunicative competenceof studentsto achieve theiraims. The roleof multimedialearning tools inthe foreign language
study.
KeywordsАқпараттық технологиялар,коммуникативтік құзырлық, компьютерлік бағдарламалар, мультимедиялық
бейнелер, компетенция, анимация, лингвистикалық, презентациялар.
УДК 378.091:005
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Т.Н. Жүндібаева – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің аға оқытушысы, п.ғ.к.
А.М.Әмірова – 6М010300-Педагогика және психология мамандығының 1 курс магистранты
Аннотация
Қазіргі таңдағы мұғалімдерге кездесіп жүрген студенттің таным белсенділігі мен қызығушылығының, тіпті оқуға
құлқының төмендеуі сияқты мәселелердің басты себептерінің бірі – оқытуды ұйымдастыру формаларының (дәріс,
семинар, практикалық сабақ т.б.) бірсарындылығы. Ендеше, қазіргі оқытуды ұйымдастыру формалары қандай болу
керек десек, ол – тек шығармашыл болуы керек. Шығармашылық деген сөздің сырына үңілсек, «шығармашылық»
сөзінің төркіні – «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Студенттердің шығармашылық қабілеттерін
дамытуда оқытудың интерактивті әдістерін пайдаланудың маңызы зор.
Интерактивті оқыту әдістері студенттерге түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу
барысында шығармашылықөнім жасауға мүмкіндік береді.
Кілттік сөздер: шығармашылық, іздену, ойлап табу, интерактивті оқыту әдісі.
«Біз «Өмір бойына жететін білім алу» моделінен«өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге
тиіспіз».
Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында білім беру мекемелерінің ең
негізгі мақсаты «дүниетанымдық», «құзырлылық», «шығармашылық» деп атап көрсетілген. Осы құжатта
шығармашылық туралы: «Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығына өзін-өзі тануға ұмтылуы,
ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай
білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани
күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Себебі, адам туынды ғана емес, жаратушы да. Ол
өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзінен-өзі жойылуға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға
ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толық-
қанды өмір сүру үшін рухани күш беру – білімнің басты мақсаты», - делінген. Тұжырымдама қоғамда
«орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамға деген сұраныстың көп екендігін көрсетеді.
Жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісі студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін
дамытып, олардың дербес зерттеуші қызметіне жақындай түсуіне ықпал етеді. Сол себепті
студенттердің шығарма-шылық рөлін арттыруды біздің қоғам басты мақсат етіп отыр.
Сондықтан бүгiнгi таңда жоғары оқу орындарында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесiне
жаңаша қарап, студенттердің саяси-әлеуметтiк, шығармашылық мүмкiндiктерiн өрiстетiп және
олардың өздiгiнен дамуына әсер ететін шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру мәселелері
педагогикалық тұрғыдан ғылыми-зерттеуде көкейкестi мәселе болып отыр.
Бұл мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық.
Студент-тердің білім, біліктілігін дамытуда шығармашылықтың алатын орны туралығылымның
әр түрлі салала-рында зерттеулер жасалған:
Педагогика саласында шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру мәселесі бойынша біршама
еңбектер қоры жинақталған:
- бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту отандық ғалымдар
Б.А.Тұрғынбаева, Б.Н.Қадірова, Г.Е.Нұрмұханова, Д.Ж.Кішібаеваныңеңбектерінде;
- оқушылар мен студенттердің шығармашылық іс-әрекетін өнер арқылы дамыту мәселелері
И.Р.Халитова, Ә.Ә.Сағымбаев, М.А.Сутееваныңзерттеулерінде орын алған.
Жалпышығармашылыққабілетініңқұрамдаскомпоненттерінанықтауғабағытталғанеңбектерде
жеткілікті,атапайтсақ,
И.Л.Лернердің,
А.Н.Луктың,
В.И.Андреевтің,
А.Л.Яковлевтің,
И.Д.Левитов, Д.Б.Богоявлен-скаяның еңбектері.
Тұлғаның шығармашылық қабілетінің психологиялық негіздері:
- ресей психологтары Ш.А.Амонашвили, Б.Г.Ананьев, Л.И.Божови, Л.С.Выготский,
В.А.Крутецкий, А.Н.Леонтьев, А.Н.Лук, А.Я.Пономарев, И.Н.Семенов, Д.Б.Элькониннің
еңбектерінде;
- еліміздегі психологтар Ж.Аймауытов, Қ.Жарықбаев, Р.Б.Каримова, М.С.Мұханов,
Ж.И.Намазбаева, Х.Т.Шерьязданова т.б. еңбектерінде айқындалған.
Философиялық энциклопедияда: «Шығармашылық – бұрын еш уақытта болмаған жаңа бір
нәрсе тудырушы әрекет» деп жазылған.
1
Ал, энциклопедиялық сөздікте «Шығармашылық – адамның іс-әрекетіндегі өз бетінше жұмыс
жасау мен белсенділіктің ең жоғары формасы. Бұл қандай да бір нәрсені өзгерту, жетілдіру,
жаңасын ойлап табу, түпнұсқасын шығаруға деген қажеттілік» делінген.
2
Сонымен, ғалымдардың шығармашылыққа берген анықтамаларына талдау жасай отырып,
соның негізінде өзіміз шығармашылықтың мәніне мынадай анықтама береміз:шығармашылық
– бұл жеке тұлғаның қойылған міндеттерді шешуде немесе бір нәрсені
жетілдірудебелсенділік пен дербестік таныта отырып, өмірде болмаған тың
жаңалықтарды туындататын мақсатты іс-әрекеті.
Шығармашылыққабілетідамығанұрпақтыңболуы – бүгінгіқоғамталабы. Студенттің
шығармашылыққа білетін дамытуға ойлау белсенділігі, тездете үйрену, ептілік пен тапқырлық,
нақтылы практикалық жұмысты орындауға қажетті білімді игеруге талпыну, еңбексүйгіштік,
әртүрлі құбылыстардағы өзге-шелікті көре білу қабілеті және т.б. жатады. Студенттердің
шығармашылық қабілеттерін дамытуда оқыту-дың интерактивті әдістерін пайдаланудың
1
Философиялық энциклопедияда–Алматы:Қазақ энциклопедиясы, 1999.
2
Энциклопедиялық сөздікте:– Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ.2006. -482б. ISBN 9965-808-85-6
маңызы зор. Интерактивті(«Inter» – бұлөзара,«act» – әрекет жасау) – әлдекіммен әңгімелесу,
сұхбаттасу, өзра әрекет жасауды білдіреді. Интерактивті оқыту әдістері студенттерге түрлі
ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында шығармашылық өнім
жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы интерактивті әдісті заманауи белсендіәдістердің бірі ретінде қарастыруға болады.
Интерактивті әдістерге келесі түрлерін жатқызуға болады: пікір талас, «іскерлік ойындар,
«Қосжазба күнделігі», «Ротация», «Дербес пікір» тәсілі, «ДЖИК СО» әдісі, «Болжау» әдісі,
«Фишбон» әдісі, «Синквейн» немесе «Бес жолды өлең» әдісі, «Жүзімнің шоқтары» әдісі және
т.б.
Интерактивті әдістер қазіргі білім беру үрдісінде кең қолданысқа ие болып отыр. Оқыту
үдерісінде интерактивтіәдістерді пайдалану жеке тұлғаның алдына қойылған мақсат –
міндеттеріне жету үшін белгілі бір мәселелерді бірлесіп іздеп, ортақ шешім қабылдап,
тәжірибеде қолануға үйретеді. Өмірде болмаған жаңа идеялардың туындауына ықпал етеді.
Жоғарыда айтылған пікірлерді дәлелдеу мақсатында «Жалпы педагогика» пәні бойынша
интерактивті оқыту әдістерінпайдалана отырып құрылған семинар сабағының үлгі жоспарын
ұсынуды жөн көрдік. (Блум таксаномиясы бойынша).
Сабақтың тақырыбы: « Ұжымда оқушы тұлғасын қалыптастыру»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Студенттер ұжым туралы білім алады, ұжымның белгілерімен, даму кезеңдерімен
танысады, ұжымыныңтәрбиелік әсері туралы меңгереді.
Дамытушылық:Студенттерді топқа бөлу арқылы олардың арасында жағымды қарым-
қатынас қалыптасады, сабақта белсенділіктері артады, қызығушылығының оянуына жағдай
жасалады. Студент-тердің ұжымда әр түрлі қалыптасқан көзқарастарға өз пікірін айтуға және
соны дәлелдеуге үйренеді.
Тәрбиелік:Сабақ барысында әр түрлі тапсырма беру арқылы студенттер еңбектеніп,
шығармашы-лықпен жұмыс жасайды. Өзге адамның пікірін ұжымда тыңдайды, талдайды,
бірлесе жұмыс істейді.
Түрі
Мазмұны
Сұрақтар мен тапсырмалар
Б
І
Л
У
Жаңа оқу материалын бастап тұтас
теорияға дейін есте сақтау және қайталап
айтып беру. Студенттердің бұл деңгейді
меңгергендігін көрсететін нақты әрекет-
тері: түсініктерді, объекті, пәні, қызметте-
рін, негізгі категорияларды, басқа ғылым-
дармен байланысын білуі. Бұл деңгейдің
оқу тапсырмалары ақпаратты білімге
айналдыра алумен ерекшеленеді.
«Кіріспе сұрақтар тәсілі» арқылы студенттерге(жалпы
топқа) төмендегідей сұрақтар қойылады:
1.
Ұжым дегеніміз не?
2.
Топ пен ұжымның айырмашылығы қандай? Кез-
келген топ ұжым бола ала ма?
3.
Ұжымның қандай белгілері болады?
4.
Ұжымның қандай типтері мен құрылымы болады?
5.
Ұжымның даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
6.
Ұжым теориясының қалыптасуына қандай
ғалымдар үлес қосты?
Достарыңызбен бөлісу: |