Педагогика ғылымы. Педагогика ғылымының әдіснамасы


Педагогика әдіснамасы сүйенетін қағидалар



бет4/5
Дата29.09.2023
өлшемі428,69 Kb.
#111538
1   2   3   4   5
Байланысты:
Педагогика практика 3

Педагогика әдіснамасы сүйенетін қағидалар
  • Педагог бірде-бір күрделі сұраққа нақты әдіснамалық негізсіз шешім таппайтынын үнемі есінде сақтағаны дұрыс. Педагогтың кәсіби дайындығының ең жоғарғы деңгейі – оның әдіснамалық мәдениетінің қалыптасуы. Оның негізгі белгілері мыналар:

  • - педагогика және философия ғылымдарының негізгі ұғымдарының мәнін түсінуі;
    - білім берудің түрлі ұғымдарын нақты ойлаудан абстрактілі ойлауға көшу деңгейі ретінде ұғынуы;
  • педагогикалық теорияны таным әрекетінің әдісіне өзгерте білуі және т.б.
  • Әдіснаманы меңгере отырып зерттеуші оның принциптерін саралай бастайды. Жеке ғылыми әдіснама деңгейінде білім беру мен әлеуметтік саясаттың бірлігінің принциптерін меңгеру маңызды болып табылады.
  • Педагогикалық процестің ережелері мен принциптері, мақсаттары, заңдылықтарының өзара байланысын болашақ педагогтың түсінуі дегеніміз әдіснамалық мәдениетті меңгеруі деген сөз. Болашақ педагогтың әдіснамалық мәдениетті меңгеруі педагогикалық процестердің құрылымы мен таным әдіснамасының мәнін түсінуге сүйенеді. Әдіснамалық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған диалектикалық тұрғыдан көзқарас төмендегі кезеңдерден тұрады: қарсылық көрсету жағдайларын саралауға бағытталу; шешімнің өнімсіздігін ашу; педагогикалық практика аймағындағы логиканы тасымалдау мүмкіндіктері мен берілген тапсырмаға орай жұмыс тәжірибесін қорытындылау.

Педагогтың кәсіби дайындығының негізгі көрсеткіші – бұл әдіснамалық мәдениетінің болуы. Оның негізгі белгілері:
- педагогика ғылымындағы негізгі түсініктер мен философияның негізгі категорияларына қатысты мәселелерді түсіну;
- абстрактылыдан нақтылыққа өту деңгейлері ретіндегі білім берудің түсініктерін меңгеру;
- таным әрекетіне педагогикалық теорияның құрылу ұстанымы;
- педагог ойының педагогикалық формалар мен олардың тұтастық құрушы сапаларының генезисіне бағытталуы;
- педагогиканың түсініктеме – терминологиялық жүйесінде білім беру тәжірибесін қайта құру қажеттілігі;
- педагогикалық білімнің өз тарихи дамуында бірлігін көрсетуге деген ұмтылыс;
- педагогикалық сананың шындығы мен жағдайдарына сыни қатынас;
- педагогикалық процестің басқа да қатысушыларының ойпікірлері мен педагогикалық жеке танымдық әрекетінің жүрісі, алғышарты, қорытындыларына байланысты рефлексия;
- адамзаттың білімі саласында ғылымға қарсы көзқарастардың жалған екеніне дәлелдер;
- педагогиканың гуманистік, дүниетанымдық қасиетін түсіну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет