31. Әдеби деректерді оқу әдістемесі: карточкаларға жазу, аннотация, тезис, реферат, конспекті жазу, сөзбе-сөз көшіру.
Реферат (латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарында жасалатын баяндамалар да, ғылым кандидаты немесе докторанты дәрежесін алу үшін диссертация қорғаушының авторефераты да Рефератқа жатады.
Аннотация (аңдатпа) дегеніміз - мақаланың (баяндаманың) негізгі мәселелерінің тізімін қамтитын жұмыстың қысқаша сипаттамасы.
Аңдатпа келесі функцияларды орындайды:
ғылыми мақаланың негізгі мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді;
оның өзектілігін және мақаланың толық мәтініне жүгіну туралы шешім қабылдау қажеттігін анықтауға мүмкіндік береді;
ақпараттық жүйелерде, соның ішінде ақпаратты іздеудің автоматтандырылған жүйелерінде қолданылады.
Аннотация құрылымы.
Аннотация келесі негізгі бөлімдерді қамтиды:
өзектілік,
қойылған мәселе,
оны шешу жолдары,
нәтиже,
қорытынды.
32. Педагогиканың жүйесі: жалпы педагогика; жас педагогикасы ( мектеп алды, мектепке дейінгі, мектеп және ересектер педагогикасы); арнайы педагогика; әлеуметтік педагогика. Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды: жалпы педагогика; жас кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Жалпы педагогика — адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) оқу-тəрбие процесінің негіздері; 2)дидактика (оқу теориясы); 3) тəрбие теориясы; 4) мектептану. Жас кезеңдер педагогикасыпедагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді. Мектепке дейінгі педагогика — отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектепжасына дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудық мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін айкындайды. Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады. Олар:1.Педагогиканың жалпы негіздері 2. Тәрбие теориясы.3. Дидактика.4. Мектептану (басқару теориясы).Дидактика — педагогиканың негізгі тарауларының бірі. Дидактика оқытудың заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап береді. Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудық тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дуниеге көзқарасты қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне дайындалу тәжіриберін зерттеп, шешу.