Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Педгогика – жалпы адам тәрбиесінің заңдылықтары жайындағы ғылым. Педагогикалық ұғымдар: тәрбие, білім, оқыту. Педагогика ғылымының зерттейтін мәселелері, міндеті



бет38/142
Дата07.01.2022
өлшемі290,91 Kb.
#19740
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   142
Байланысты:
ГОС жауаптары

33. Педгогика – жалпы адам тәрбиесінің заңдылықтары жайындағы ғылым. Педагогикалық ұғымдар: тәрбие, білім, оқыту. Педагогика ғылымының зерттейтін мәселелері, міндеті.

Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педа¬гогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.


Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.
"Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.


Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.
Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені әресек адамдардық балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.


Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.
Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:
1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді.
2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.
Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нетижесі емес, оның; білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т.б. ықпал жасайды.
Сонымен бірге адамның "жетілуі", "даму", "өзін-өзі тәрбиелеу" ұғымдары да педагогиканың зерттейтін меселелері саласын толықтырады.
Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуіні рөл атқарады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. өзін-өзі тәрбиелеу - адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Негізгі педагогикалық, ұғымдар – тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі теуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.

Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Сондай-ақ Педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың дидакт. теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарастырады.

34. Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері. Мұғалімнің профес -сиограммасы. Мамандық қасиеттері, қабілеті: ұйымдастырушылық, коммуникативтік, дидактикалық, перцептивтік, экспрессивтік қабілеті т.б.. Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен шеберлігі.

Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз.

Педагогикалық мамандық бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.

Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты – қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау. 

Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері:

-   гуманистік сипаты;

-   ұжымдық сипаты;

-   адаптивтік (бейімдеуші) сипаты;

-   шығармашылық сипаты;

-   қарым-қатынас жүйесінде болуы;

-   мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б.

Мұғалім мамандығы табиғаты жағынан гуманистік (адамгершіліктік) сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті (бейімдеу) және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, социомәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына -дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуемттік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы, әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру.

Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол «адам-адам» жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады.

Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі. Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық үстінде болуы тиіс. Шығармашылық педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырлуы мен оның мазмұнын тиімді құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды.

Мұғалім мамандығы қарым-қатынас жүйесінде болуымен ерекшеленеді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім мамандығы қарым-қатынас жасау іскерлігін жоғары деңгейде игеруді талап етеді. Қарым-қатынас арқылы мұғалім тұлғаға ықпал етіп, оның тәрбиелі болуы мен білімінің қалыптасуына жағдай жасайды. Қарым-қатынас, яғни сөз мұғалім еңбегінің басты қаруы.

Мұғалім тұлғасы үлгі, өнегелік сипатқа да ие. Мұғалім өзінің тек беретін білімі мен тәжірибесі арқылы ғана тұлға қалыптасыру процесіне әсер етпейді, сонымен бірге оның жеке басының өзі оқушы тұлғасына ықпал жасайды. Сондықтан мұғалім әрқашанда бала алдында адамгершілігі мол, тәрбиелі, адам жанын түсінетін,  терең білімді еліктеу үлгісі болуы керек. Мұғалім мектептен тыс уақыттарда өзінің сөзі мен ісі бір жерден шығып жатуына назар аударуы керек.

Педагогикалық мамандықтың негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты болып табылады. Мұғалімдер әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін атқарады, яғни адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа беруге бағытталады, оларды қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рольдерді меңгеруге дайындайды. 



Қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына сәйкес "маман моделін" маман профессиограммасын жасау міндеті — жұртшы-лықтың назарын өзіне аударуда.
Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар, педагогтар, психологтар бар (Н.В.Кузьмина, Ф.Н.Гоноболин, В.А.Сластснин, А.И.Щербаков, Н.А.Сорокин). В.А.Сластениннің пікірі бойынша, мұғалім профессиограммасы мыналарды қамтиды:
1) қоғамның саяси сапалары;
2) әлеуметтік-психологиялық, этикалық-педагогикалық және ұстаздың жеке басының сапалары;
3) психологиялық және педагогикалық даярлық;
4) мамандық бойынша даярлық;
5) пән бойынша даярлық.
Бұл сапалар мұғалімдік қызметке қойылатын жалпы талаптардан туады.
Психология –педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда Ф.Н. Гоноболин, Н.В. Кузьмина, И.В.Стралов, В.А.Сластенин, т.б. педагогикалыққабілеттің бірнеше түрі бар дейді.

Олар:


  • Дидактикалыққабілет-мұғалімніңоқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдарысын дұрыс анықтай білу өз пәнінеқызығушылығынарттыруы, таным белсенділігі мен ойын дамытуы.

  • Академиялыққабілет-мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, химия, биология, тарих т.б.) сәйкестігі. Ондай мұғалім өз пәнінғылым дамуына сай біледі, өз бетімен қарапйым зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

  • Перцептивті қабілет- оқушының ішкі дүнесін тани білу. Қабілетті мұғалім оқушылардың сабақүстіндегі психикалықжағдайын (ренішін сабаққа қаншалықты әзір, әзір емес екенін т.б) бірден байқалады.

  • Сөйлеу (экспрессивті) қабілеті-тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі. Бұл мұғалім үшін өте маңызды қабілет ерекшелігі.

  • Ұйымдастырушылыққабілеті – сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірллей білуі, ұжымды дұрыс басқарып ұйымдастырабілуі, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұштастыру, оқушыларға бағыт беріп, рухтандыру ісіне басшылық беру, ата-аналар мен жұмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыру, мұғалім өз жұмысын ұйымдастырабілуі.

  • Комуникативті қабілет-оқушылармен қалыпты дұрыс қарым-қатынас жасай білуі, педагогикалықәдептілікті жетілдіруі.

  • Конструктивті қабілет-оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, өз ісіне саналық, жауапкершілікпен, ойлылықпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту.

  • Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спот, оймен, келетін шахмат,тоғызқұмалақ, дойбы, көркемөнер, бейнелеу өнері, туындыларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатынасуы арқылы өз дегеніне жетуге баланы жан-жақты дамыту ісіне үлесін қосуы тиіс.

Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде, достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмосфера тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанына сендіре білу, көңіл күйін айтқызбай-ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние. Ондай болса тілдесу өнеріне келейік.
ҚАТЫНАС ЖАСАУ, ТІЛДЕСУ ӨНЕРІ:
Өз мінез-құлқын, сезімдерін басқара алу;
Бақылай, қадағалай алу;
Назарды басқа жаққа аудара алу;
Тәрбиеленушілердің ішкі жан дүниесін түсіне білу және оны ескере білу;
«жүзіне қарап оқи алу»;
Оқушылармен байланыс жасай алу;
Педагогикалық іс-әрекетте қарым-қатынас жасаудың барлық түрлерін қолдану керек (ақпарат алмасу; өзара әрекеттестікті ұйымдастыру; баланың тұлғалық қасиеттерін аша білу; оған ықпал ету және т.б.)
Педагогтың көңіл күйі – оның тәрбиелейтін зор күш-қуаты. Кімде – кім мұғалім көңілін бұзса, ол оқушыларымыздың тәрбиесіне зиянын тигізеді. Сондықтан өзіңіздің де, өз әріптестеріңіздің де көңіл күйіне абай болған жөн.
Педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешенін – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА дейміз.
Педагогикалық техника:
Столдың артында тұрып сабақ түсіндіруге болмайды;
Отырып сабақ түсіндіруге мүлдем болмайды;
Қол айқастыруға мүлдем болмайды;
Әр оқушының көзіне қарап сабақ түсіндіру керек;
Дұрыс және мәнерлі сөйлеу икемдігі (сөйлеу мәдениеті, оның эмоционалдық мінездемесі);
Жест және мимика, пантомимиканы дұрыс қолдана білу;
Өзінің психикалық жағдайын-сезімдерін, көңіл-күйін басқара алу икемдігі;
Өзін-өзі сырттай көре алу икемдігі;
болуы тиіс және педагогикалық техниканы қатаң сақтау керек, сол кезде алдымызда отырған оқушылардың бәрі түсіндіріліп жатқан сабақты жақсы меңгеретіні сөзсіз.
Педагогикалық этиканың маңыздылығын сонау ғасырларда білген Аль Фараби - «Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында он екі тума қасиет болу керек» деп, педагоикалық әдептің қыр-сырына тоқталып кеткен:
Өнер білімге құштар;
Мүшелері мүлдем мінсіз;
Жаратылысынан өзіне айтқанның бәрін жете түсінетін;
Өзі естіген, көрген, түсінген және аңғар-ған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын алғыр да аңғарымпаз;
Өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық бере алатын;
Тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұқбат құруға қанағатшыл;
Жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын;
Жаратылысынан игі істерге ынтызар;
Әділеттілігі мен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін;
Жақындарына да, жат адамдарға да әділ, пасық адамдарға мүлдем рақымсыз,
Қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек;
Бойына туа біткен 12 қасиетке ие болатын, бұларды бір-бірімен сәтті ұштастыратын адам нағыз ұстаз;
Педагогикалық этика деген кең ауқымды мағына. ҰСТАЗ деген абыройлы атаққа лайықты болу үшін – мұғалім жан-жақты білімді болып қана қоймай, сондай-ақ әділ де әдепті, қарапайым да кішіпейіл, бауырмал да қайырымды, қысқасы, жоғары саналы азамат болуы тиіс деген сөз. Әрине, бұл әбден орынды, солай болуымыз абыройлы міндет.
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог — өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», — айтады.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.
2.Оқытушылық қызметтің моральдық мәні. Педагогикалық мораль моральдың жалпы функцияларын іске асырады. Олар реттеуші, шағылыстырушы немесе гуманистикалық болып жүктеледі Оқытушының өнегелік сапасының мазмұнына көңіл аударған жөн, оның негізін оқытушының өнегелік ой-пікірі және оқытушының сенімі құрайды. Оқытушы өнегелік қарым-қатынас, педагогикалық этика категорияларын іске асыру негізінде құрады, олар жалпы моральдық категориялардан тұрады: ізгілік, борыш, қарыз, ар-ұждан, абырой, ар-намыс, әділдік, адалдық. Педагогикалық этиканың барлық категорияларын педагог өзінің педагогикалық өнегелік қызметінде іске асырады, оның негізі үш аксиомадан тұрады: Педагогтың студенттерге сый-құрмет,қошеметпен қарауы; Педагог студенттерді жақсы көруге міндетті; Студент білмеуге құқығы бар.
Педагогикалық міндеттердің мәні мен ерекшеліктері. Педагогикалық міндет дегеніміз алға қойылған педагогикалық жағдаяттың мақсатын танып, оны жүзеге асыру. Субьекті педагогикалық жағдаятты саналы тануы арқылы оны іске асыруды көздейді. Кез келген педагогикалық жағдаят күрделі болады. Педагогикалық міндет саналы қабылданғаннан соң педагогикалық процестің нақты міндетіне айналады да, тәрбиеленушіні сапалық жағын өзгертеді.
Педагогтың кәсіби әрекетін ұйымдастыру үшін педагогикалық міндеттерді уақыт көрсеткіші бойынша үш топқа жіктеуге болады – стратегиялық, тактикалық және жедел (оперативтік).
Стратегиялық міндеттер – білім берудің жалпы мақсатынан “жоғары мақсатты” көздейді, ол базалық мәдениет түрінде қалыптасады. Стратегиялық міндет сыртқы ықпалдан, қоғам талабынан туындайды. Алғашқы көздеген мақсатқа жетуге және қажетті педагогикалық әрекет нәтижесімен анықталады. Шынайы педагогикалық процесте стратегиялық міндеттер тактикалық міндеттерге алмасады. Соңғы нәтижеге жетуді көздей отыра, статегиялық міндеттің бір кезеңін іске асыруды қарастырады. Жедел (оперативтік) міндеттер - педагогтың алдында әр сәт сайын туындайтын міндеттер.
Стратегиялық міндеттерді шығармашылықпен шешу – біртұтас тұлға қалыптастыру А.А.Захаренко, Н.Н.Дубинин, В.А.Караковский, А.А.Католиковтардың білім беру ұйымдарының тәжірибесінде анықталды. Тактикалық міндеттерді шығармашылық, ұйымдастырушылық-әдістемелік тұрғыдан шешу жаңашыл-педагогтар тәжірибесін зерттеген В.И.Загвязинский, М.М.Поташник, Л.М.Фридман, т.б. еңбектерінде көрсетілді. Оперативтік міндеттерді шешу үлгісін А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.Н.Сороко-Росинский, В.А.Сухомлинский еңбектерінен көруге болады.
Біртұтас педагогикалық процестегі “педагогикалық міндеттерді” дидактикалық және тәрбиелік міндеттер деп ажыратуға болады. Дидактикалық міндеттер - оқу-танымдық міндеттерді басқару, яғни оқыту. Тәрбиелік міндеттер өте күрделі. Өмірге дайындау, үнемі үлкен-кішілі мәселелерді жедел шешуді алға қояды. Тұлға тек әрекет барысында дамитындықтан, тәрбиеші оның өздігінен тәрбиелік міндеттерді шешуіне түрткі тудырып, қажет бағытта дамытуды көздеуі керек. Педагогикалық процесте дидактикалық міндеттер, яғни оқу-танымдық міндеттермен қатар тәрбиелік міндеттер, яғни еңбек, ойын, көркемдік, құндылық-бағдарлы міндеттер түрінде бірлікте іске асырылады.
Педагогикалық міндеттерді шешу үшін танымдық және тәжірибелік міндеттерді шешудің негізгі төрт кезеңін басшылыққа алған жөн:
1) нақты жағдайға байланысты жағдаятты талдап, соның негізінде педагогикалық міндеттерді белгілеу;
2) педагогикалық ықпал ету тәсілін жобалау:
3) педагогикалық міндеттерді тәжірибе жүзінде шешу:
4) шешілген педагогикалық міндеттердің нәтижесін талдау.
Кәсіби шеберлігі жоғары мұғалімдер бір типті міндеттерді шешуді өз жадында қалыптасқан үлгі бойынша жүргізеді. Педагогикалық міндеттерді шешудің түрлі әдістері бар. Әрине, жас мұғалім үшін педагогикалық міндеттерді шешу үлгісі әлі қалыптасып үлгермегенін байқауға болады. Педагогикалық міндеттерді шешу әр мұғалімнің өзінің “Мен –тұжырымдамасына” лайық болады.
Педагогикалық міндеттерді шешу - шығармашылық процесс. Онда теориялық білім мен тәжірибе алмасып отырады. Бірінші кезеңде педагогикалық жағдаят талданып, атқарылатын іс-әрекеттер, диагностикалық шешімдер анықталады. Жалпы диагностика ішінде жеке тұлғаның және топтың іс-әрекет диагностикасын анықтап, жеке тұлға мен ұжымның оқу-тәрбиеде жетуге қажетті межесі белгіленеді, сонымен бірге оқушылардың алдында пайда болатын қиындықтары мен жіберетін қателіктері және педагогикалық ықпалға жауабы ескеріледі.
Осындай теориялық талдау барысында мұғалім нақты педагогикалық жағдаятты зерттей отырып, педагогикалық міндеттердің теориялық анықтамасын жасайды, оны тәжірибелік тұрғыдан шешу амалдары қарастырылады.
Педагогикалық міндет теориялық жағынан шешілгеннен кейін, келесі кезең - оны тәжірибе жүзінде іске асыру керек. Дейтұрғанмен де, осы кезеңде теориялық ойлау екінші орынға ығысып, реттегіш және түзеткіш қызметін атқарады. Соның нәтижесінде педагогикалық процесс үнемі жаңа ақпаратпен толығып отырады.
Педагогикалық міндетті шешуді аяқтау кезеңі жаңа теориялық оймен алмасады. Бұл кезеңде қорытынды есеп және алынған нәтижелерді бағалау, оны бұрыннан қалыптасқан үлгімен салыстыру іске асырылады. Осы талдау нәтижелері өз кезегінде жаңа педагогикалық міндеттерге теориялық негіздеме жасауға қажетті арқау болады.
Тәрбиешінің пән мұғалімі екенін де естен шығармау керек. Педагогикалық процесте мұғалім үнемі оқушыларды танымдық әрекетке үйрете отырып ойлау, танымдық дағдыларын қалыптастырады.
Тәрбиеші оқушылардың іс-әрекет түрлерін ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге олармен тікелей қарым-қатынас орнатады. Сондықтан тәрбиешінің оқушыға тікелей ықпал етуінің маңызы зор.
Оқушылар өмірін дұрыс ұйымдастыра білу үшін тәрбиеші басқа педагогтармен өз жоспарын үйлестіріп, ата-аналармен де тығыз қарым-қатынас орнатады. Тәрбиеші осындай үйлестіру жұмысын жүргізуде оқушылардың әрекетін, тәртібін, отбасында және айналамен қарым-қатынасын ескеріп, сабақта және сабақтан тыс кездегі теріс әлеуметтік істердің алдын алып, тәрбие процесінің белгілі арнада жүруін қадағалайды.
Тәрбиеші кейде мектептің басшылық жұмысына да араласуына тура келеді. Мектеп басшылығының тапсырмасы бойынша оқушылардың мектептегі тәртібін қадағалап, олардың іс-әрекеттерін бақылайды.
Тәрбиеші мектеп оқушылармен жұмыс жасайтындықтан, олардың өміріне, денсаулығы мен қауіпсіздігіне де жауапты екенін естен шығармауы тиіс.
Тәрбиеші жұмысының алуан қырлы болуы, оның үнемі барлық жағдайдан хабардар бола отырып, оқушылардың теріс әрекетін дер кезінде ескеріп, өз ісін мектеп қызметкерлерімен және ата-аналармен үйлестіріп, жүргізетін жұмысының бағытын талдап отырғаны абзал. Ол үшін тәрбиеші күнделікті күнделік-жоспар жүргізуі керек.
Сонымен, мектеп ұстазының қызметі көп қырлы. Ол оқушылардың іс- әрекетін, қарым-қатынасын, өзара іс-әрекеттерін ұйымдастырып, олардың іс-әрекетіне, өзара әрекеттесуіне, қарым-қатынасына, тәртібіне және дамуына тікелей ықпал етіп, өзінің тәрбиелік қызметін мектеп мұғалімдерімен, ата-аналармен үйлестіре отырып, педагогикалық процесті басқарады, сондай-ақ кейбір басшылық қызметке де араласып, оқушылардың өмірін қауіпсіздендіріп, олардың денсаулықтарын қорғайды.
Педагогикалық міндеттерді шешу барысындағы кәсіби біліктілік мен шеберліктің көрінісі.Педагогтың кәсіби біліктілігі мен шеберлігі педагогикалық міндеттерді шеше білуінен, ең бастысы өз іс-әрекетін қалай теориялық тұрғыдан негіздей алатынан көрінеді. Оның іс-әрекет деңгейі тәжірибені жинақтай алуымен тығыз байланысты. Кәсіби біліктілігі жоғары педагог өз тұлғасының мықты қырына, яғни теориялық ойлау қабілетіне сүйенеді.
Мұғалімнің кәсіби біліктілігі педагогикалық міндеттерді шешуді (жағдайы, қолданатын құралдары және шешу тәсілдері, т.б.) талдаудан байқалады. Педагогикалық міндеттерді шешу тәсілдері мен құралдарын бөліп анықтауға болады. Олар, біріншіден, міндетті түрде орындалуы тиіс, екіншіден, ұсыныс түрінде айтылатын, үшіншіден, тиым түрінде де қолданылатын тәсілдер. Кәсіби біліктілігі жетік мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу үшін, барлық ақпаратты назардан тыс қалдырмай талдайды, сондықтан да педагогикалық міндеттер өз шешімін табады.
Педагогикалық міндеттерді интуиция деңгейінде шешу, мұғалімнің теориялық шешім жасауға қалыптаспағанын көрсетеді. Оның түрлі жағдаяттарды саналы түрде емес немесе білместіктен талдай алмауы, педагогикалық әрекеттерді дұрыс негіздеп түсіндіре білмеуін, мәселен, неліктен басқа шешім емес, осы шешім қабылданды дегенді түсіндіре алмауы теориялық дайындығының қалыптаспағанын көрсетеді. Белгіленген педагогикалық міндеттерге талдау жүргізбеу себебін, уақыттың тығыздығына нұсқап, педагогикалық міндеттерді шешу кезеңдерін жүйелі ұйымдастыра алмауы теориялық дайындығының шамалы екенін көрсетеді.
Н.В.Кузьмина педагогикалық қызметте тәрбиеші жедел міндеттерді шешуді тактикалық және стратегиялық міндеттермен тығыз байланысты қарастырудың нәтижелі екенін атап көрсетеді. Егер де педагогикалық міндеттер жеке шешілетін болса, онда жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесінің назардан тыс қалуына себеп болатынына тоқталады. Педагогикалық процестегі пәндік және тәрбиелік міндеттер тығыз байланыста шешімін табуы тиіс.
Педагогикалық міндеттерді шешудегі жоғары кәсіби біліктілік балалардың психологиясын, ұжымдық өмір заңдылықтарын, жас және жеке бас ерекшеліктерін білуді қажет етеді. Тәжірибесі аз мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу үшін шешімнің көп түрін белгілейді. Ал шеберлігі жетік мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу үшін қалыптасқан дайын шешімдерді қолданбайды, ол нақты жағдайға сәйкес өз іс-әрекетінің бағдарламасын анықтайды.
Педагогикалық міндеттерді біліктілікпен шеше білу кез келген технологияда педагогикалық процесс субьектілерінің өзара белсенді әрекеттестігімен қамтамасыз етіледі.
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог — өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Педагогикалық шеберлік негізі неде?
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман — уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», — деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек.
35. Мектеп басшыларының қызметі. Мектеп директорының функциясы. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының функциясы. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының функциясы. Басқару әдістері, стилі.
Білім беру ісін басқару:

Басқару принциптері дегеніміз – білім беру ісінің басшы қызметкерлері өз жұмысында ұстануға тиісті мақсатқа жетуге көмектесетін негізгі, іргелі ережелер.

Демократиялық принцип бойынша білім беру ісі орталықтан басқарылуымен қатар, басқару ісіне халық, мектептің қызметкерлері тартылады, олардың шығармашылық күштері қолданылады. Осы принцип негізінде Білім және ғылым министрлігінің облыстық, т.б. білім беру басқармасының, педагогикалық кеңестің мәжілістері өткізіліп, онда оқыту және тәрбиенің маңызды мәселелері талқыланып, қаулы-қарарлардың орындалуын білім беру ұйымдарын басқару органдары қадағалап отырады.

Ғылымилық, теория мен тәжірибенің тығыз байланысы принципін ұстанған мектеп басшылары өз жұмысында ғылымның жетістігін қолданып, еңбекті ғылыми ұйымдастырып, озат тәжірибені зерттеп, жинақтап және таратып отырады. Басқару жұмысының табыстылығына ұйымдастыру жұмыстары көмектеседі. Оның маңызды бөлігі – кадрларды іріктеу, дайындау, әрбір қызметкердің қызметіне деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ақпараттардың шындығы және жеткіліктілігі принципін ұстанған мектеп әкімшілігі өз ұжымының оқу тәрбие жұмысындағы қол жеткен жетістіктерін асыра бағаламайды, кемшіліктерді түзетіп отырады.

Мектептегі басқару органдарының құрылымы алуан түрлі. Шартты түрде оларды төрт топқа бөлуге болады.

Бірінші топ: мектептің лауазымды өкілдері – мектеп директоры, оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мектептің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, балалар мен жастар ұйымдарының жетекшілері.

Екінші топ: мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар өкілдері қатысатын жалпы мектептік конференция, педагогикалық кеңес және әдістемелік бірлестіктер.

Үшінші топ: оқушылардың өзін-өзі басқару органдары (оқушылар комитеті, сыныптың, пән үйірмелерінің, түрлі қоғамдардың жетекшілері).

Төртінші топ: мектептің және сыныптың ата-аналар комитеті.

Осы органдар мектепті басқару үшін ғылыми тұрғыдан дәлелденген ұстанымдарды (принциптерді) басшылыққа алып жұмыс істеуі тиіс. Олардың ішіндегі мәндірегі төмендегі ұстанымдар:

• мектептің алдында тұрған басты міндеттерді анықтау кезінде барлық басқару органдарының келісіп, іскерлік, ынтымақ жағдайында жұмыс істеуі;

• барлық басқару органдары және лауазымды адамдардың өз міндеттері мен қызметтерін атқару кезіндегі демократиялылығы, жариялылығы, мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың қоғамдық пікіріне сүйену;

• мектеп басшыларының, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің жауапкершіліктері;

• мектептегі жақсы және пайдалы психологиялық микроклиматты, шығармашылық белсенділікті және бастама көтерген адамдарды қолдау, оқу-тәрбие жұмысының сапасына жоғары талап қою;

• оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру туралы жоғарғы органдардың қабылдаған шешімдерінің орындалуына әдепті және тұрақты түрде басшылық ету;

• педагогикалық шығармашылықты, инновациялық ізденістерді мадақтау және озат педагогикалық тәжірбиені меңгеруге ұмтылған мұғалімдерді, сынып жетекшілерін қолдау.

Мектеп басшысының жұмыс бағдарламасы:

• мектепке жалпы басшылық ету;

• мектеп кеңесін (педагогикалық кеңесті) басқару;

• жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру;

• мектеп жұмысын жоспарлау;

• оқу және тәрбие жұмысындағы мектеп, отбасы, жұртшылықтың ынтымақтастығын тексеру және орнату;

• ата-аналар комитетінің жұмысын қадағалау;

• мектеп директоры орынбасарларының жұмысына басшылық ету және оны бақылау;

• оқытудың барысын және оқушылардың білім сапасын бақылау;

• мектеп кітапханасымен жұмыс;

• мектептің шаруашылық және қаражат жұмысын бақылау;

• мектепшілік бақылау жүйесіне басшылық жасау;

• мектеп директоры жанындағы мәжілісті өткізу;

• мектеп асханасымен жұмыс;

• демеуші мекемелермен байланыс орнату;

• баланың денсаулығына қамқорлық жасау;

• техникалық қауіпсіздік талабын орындауды қадағалау;

• халық арасында педагогикалық білімді насихаттау.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының жұмысының мазмұны:

• жалпы білім беруді жүзеге асыру;

• оқу бағдарламасының орындалуын қадағалау;

• мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптың және сабақ жоспарларын бекіту;

• сабақ кестесін педагогикалық талапқа сай жасау;

• пән бойынша жүргізілетін әдістемелік жұмысты бақылау;

• сынып журналдары және оқушылардың күнделіктерінің, дәптерлерінің талапқа сай безендірілуін тексеру;

• оқытудың барысына, оқушылардың білім сапасына бақылау жасау және басшылық ету;

• оқушылардың арасында жазбаша бақылау жұмыстарын жүргізу;

• оқушылардың білімін бақылау. Баға қою жүйесін қадағалау;

• пән үйірмелерінің және факультативтердің жұмысын бақылау;

• кітапхананық жұмысы. Сыныптан тыс окуды тексеру;

• зертханалық және тәжірибелік жұмыстардың өткізілуіне басшылық жасау;

• еңбекті оқыту, еңбек тәрбиесі және мамандық талдау жұмыстарын, өнімді еңбекті ұйымдастыру;

• оқушылардың аудандық, қалалық жарыстарына қатысуына көмектесу.

Директор және оның орынбасарларының оқу-тәрбие жұмысын бірлесіп бақылауы:

Бақыланатын нысандар:

• оқытудың барысы және оқушылардың білім сапасы;

• оқу кабинеттерінің жұмысы;

• оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптар;

• үлгермеушілер болайын деп тұрған сыныптар;

• тәрбиеден тыс қалған оқушылармен жұмыс;

• педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, қорытындылау және шығармашылықпен тарату;

• мұғалімдердің біліктілігін көрсету, әдістемелік және жас мұғалімдермен жұмыс;

• мектеп құжаттары;

• педагогикалық оқу;

• адамгершілік тәрбиесі;

• дене тәрбиесі;

• құқықтық тәрбие, т.б. тәрбие салалары;



• техника қауіпсіздігі
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мынадай лауазымдық міндеттер атқарады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет