Платонбалаларға жас кезінен бастап қоғамдық тәрбие беру идеясын және оны ұйымдастырудың жүйесін ұсынды:
Платон балаларға жас кезінен бастап қоғамдық тәрбие беру идеясын және оны ұйымдастырудың жүйесін ұсынды:
3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мемлекет тағайындаған тәрбиешілердің қарамағында тәрбие алады және тәрбиелеудің негізгі құралы ойын;
7 жастан 12 жасқа дейін оқуды, жазуды, санауды, саз өнерін, ән-күйді үйрететін мемлекеттік мектепке бару;
12-16 жас аралығында дене тәрбиесімен айналысатын мектепке – полестраға қатысу.
16 жастан – арифметиканы, геометрияны, астрономияны оқып үйрену;
18-20 жас аралығында эфебияда арнайы әскери әскери-дене даярлығын алу;
20 жастан бастап ақыл-ой сабақтарында ешқандай қабілеттілігін
байқатпаған жастар әскер қатарына алыну;
30 жасқа дейінгі қабілетті жастар философияны, арифметиканы,
геометрияны, астрономияны және саз теориясын үйрететін білім берудің жоғарғы үшінші сатысына өту;
35 тен 50 жасқа дейін мемлекетті басқару ісімен айналысу.
Аристотель (б.з.д 384-322ж.) –гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарының негізін салушы белгілі философ, ғалым. Ликейдегі (білім беру мекемесі – лицей осыдан пайда болған) мектептің негізін қалаушы. А.Македонскийдің тәрбиешісі, Платонның шәкірті.
Аристотель (б.з.д 384-322ж.) – гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарының негізін салушы белгілі философ, ғалым. Ликейдегі (білім беру мекемесі – лицей осыдан пайда болған) мектептің негізін қалаушы. А.Македонскийдің тәрбиешісі, Платонның шәкірті.
Аристотель еңбектері 4 топқа бөлінеді:
Логика,
Метафизика және жаратылыстану,
Этика және саясат,
Поэтика және риторика.
Тәрбиенің мақсаты – табиғатпен тығыз байланысты жанның барлық жақтарын үйлесімді дамыту;
Оқуды «өзіне емес, отанға тиісті», қоғам үшін пайдалы адам дайындаумен байланысты қоғамның өмір сүру формасы ретінде қарастырған;
Әрбір тәрбиеші өз қызметін әлеуметтендіруге, яғни қоғамға пайдалы адам тә рбиелеуге бағыттайды деген идеяны ұстанған;
Баланың табиғатына сәйкес адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастыру және балалардың жас ерекшеліктерін ескеру;
Шығармашылықтың бастапқы нүктесі ретінде адамның белсенділігін, өз бетінше әрекеті мен икемділігін атап өткен;
Балаларды дамуына қарай жас кезеңдеріне бөлуді алғаш ұсынған:
туғаннан 7 жасқа дейінгі кезең;
7 жастан 14 жасқа дейін;
14 жастан 21 жасқа дейін.
Отбасы тәрбиесіне, дене тәрбиесіне ерекше мән берген;
Саз өнерін адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің құралы ретінде бағалаған.