Ғылыми педагогиканың қалыптасуына Франциядағы Ж.Ж.Руссо (1712-1778), Д.Дидро (1713-1784), К.А.Гельвеций (1715-1771), Англиядағы Джон Локк (1632-1704), Швейцарлық Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827), Фридрих Адольф Вильгельм Дистервег (1790-1866), Германиялық Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841) еңбектері орасан зор. - Ғылыми педагогиканың қалыптасуына Франциядағы Ж.Ж.Руссо (1712-1778), Д.Дидро (1713-1784), К.А.Гельвеций (1715-1771), Англиядағы Джон Локк (1632-1704), Швейцарлық Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827), Фридрих Адольф Вильгельм Дистервег (1790-1866), Германиялық Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841) еңбектері орасан зор.
- Орыс педагогикасының басында революциялық-демократиялық көзқарас өкілдері В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889) және В.А.Добролюбов (1836-1861) тұрды. Кеңестік ғылыми педагогиканың қалыптасуына Л.Н.Толстой (1828-1910), Н.И.Пирогов (1810-1881) еңбектері ықпал етті.
- Кеңестік педагогиканың тұтастай да жүйелі қалыптасуына К.Д.Ушинскийдің (1824-1870), Н.К.Крупская (1869-1939), А.В.Луначарский (1875-1933), М.И.Калинин (1875-1946), А.С. Макаренко (1888-1939), В.А.Сухомлинский (1918-1970) еңбектерінің әсері орасан зор.
- Қазақстандық педагогиканың қалыптасуына басында тұрған қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаевтар
Ежелгі Грециядағы тәрбиенің екі жүйесі: - Ежелгі Грециядағы тәрбиенің екі жүйесі:
- Спартандық мемлекеттік тәрбие жүйесі
- Афиналық тәрбие жүйесі.
- Спартандық мемлекеттік тәрбие жүйесінің мақсаты – спартиат балаларын әскери даярлығы күшті, шыныққан, табанды, болашақ құл иеленушілер етіп тәрбиелеу.
- Мемлекет балаларды туғаннан бастап бақылауда ұстаған, ақсақалдар жаңа туған баланы тексеріп, тек дендері сауларын ғана отбасына қайтарып беріп, әлсіздерін өлтіріп отырған;
- балалар 7 жасқа дейін үйде тәрбиеленді;
- 7 жастан бастап мемлекеттік тәрбие мекемелерінде дене тәрбиесі және әскери жаттығулармен айналысуына ерекше ден қойылды;
- Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суыққа, шөлге, қиыншылыққа төзімділікке үйрету көзделді;
- Жас спартиаттар жүгіруге, секіруге, найзаласуға, күресе білуге, жекпе-жек тәсілдерін меңгеруге, әскери әндер, саз айтуға, діни билер үйретілді;
- 18-20 жаста эфебия, демек әскери қызмет атқаратын топқа назар аударылды;
- Қыз балаларға да әскери дене тәрбиесі берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |