Әдістемелік жұмыстың мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері: 1.Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру.
2.Мұғалімдерді педагогиалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер, теориялық семинарлар мен семинар-практикумдар, озат тәжірибе мектебі, жас мамандар мектебі.
Әдістемелік кеңес жұмысының жылдық жоспары І. Әдістемелік кеңес жұмысының мақсаты мен міндеттері: Өткен жылдардағы жұмыс нәтижесіне талдау;
Жаңа оқу жылындағы проблемаларға бағыт;
Проблеманы шешу жолдарындағы міндеттер;
ІІ.Әдістемелік ұйымдастыру шаралары: Әдістемелік кеңестің құрамын бекіту;
Пәндік әдістемелік бірлестіктердің жылдық жоспарын бекіту;
Факультативтік сабақ жоспарларын таңдау, бекіту;
Өз білімін жетілдіру жоспары бекіту;
Жас ұстаздарға көмек клубын ұйымдастыру;
Білім жетілдіру бағытындағы курсқа жіберу графигін жасау;
ІІІ.Әдістемелік кабинетті жабдықтау: Әдістемелік бұрыш ұйымдастыру;
"Озат тәжірибе" бұрышы;
Әдістемелік жаңалықтар стенді;
ІV.Әдістемелік шығармашылық жұмыстар: Әдістемелік кеңес отырыстарын өткізу (ай сайын).
Мектепішілік шығармашылық топтар құру (үлкен мектептерде).