V.Бастауыш сатыдан орта сатыға өту кезеңіндегі оқушының білімі мен біліктілігіне зерттеу жүргізу: Бірлестік жетекшілерінің есебін тыңдау;
Шығармашылық зерттеу жұмысының қорытындысын тыңдау;
Үлгілі семинар, сабақ қорытындысын талдау;
Тақырыптық зерттеу қорытындысын тыңдау.
I.Әдістемелік жұмыстың мақсат-міндеттері мен құрылымы Әдістемелік жұмыс – оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін игеріп, оны сабақ пен сыныптан тыс шараларда қолдануда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа, тиімді әдіс-формаларын іздеу бағытында мектеп әкімшілігінің мұғалімдер және тәрбиешілермен бірлесіп өткізетін іс-шараларының жиынтығы.
Негізгі мақсаты – озат тәжірибені зерттеу-жинақтау, мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі пән мұғалімдері мен тәрбиешілерге нақты көмек беру.
Негізгі міндеттері: Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жетілдіру.
Оқу құралдарының мазмұнын дайындау мен оны жаңарту.
Сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуін жетілдіру.
Жаңа талаптарға сай жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау.
Оқытудың әдіс-формаларын жетілдірудің тиімді жолдарын іздестіру.
Әдістемелік жұмыстардың мазмұны: Ғылыми зерттеулер жүргізу.
Бағдарламаларды үйлестіру.
Ақпараттандыру мәселелерін талқылау.
Оқушылар үлгерімін талдау.
Оқыту әдістемесін жетілдіру.
Мектепішілік бақылауды сараптау.
Озат тәжірибені жинақтау, тарату.
Ғылым жетістіктерін практикаға енгізу.
Әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарының үлгісі: Өткен оқу жылының әдістемелік жұмыстарын талдау.
Жаңа оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың тақырыбын айқындау.
Әдістемелік жұмыстардың мақсат-міндеттерін айқындау.
Ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу.
Өткізілетін негізгі іс-шаралардың кестесі мен тізімін жасау.
Әдістемелік бірлестіктер жұмысын ұйымдастыру.
Әдістемедлік жұмыстарды бақылау мен оған есеп беру.