Педагогика
Педагогика ғылымының мақсаттары:
A) жас ұрпақты тәрбиелеу, оқыту
B) тәрбиенің заңдарын тану, практик- педагогтарды оқу-тәрбие процесінің теориялық білімдерімен қаруландыру
C) тәрбиені адамдардың рухани дамуының факторы ретінде зерттеу
D) қазіргі әлемде адамдарға білім беру жоне оқыту мәселелерін зерттеу
E) адам табиғатын зерттеу
Педагогиканьң ғылым ретінде дамуын не анықтады?
A) ғылым және техниканың прогресі
B) балалардың бақыты жөніндегі ата-аналардың қамқорлығы
C) шығу тегін сақтаудың биологиялық заңы
D) адамды өмірге және еңбекке дайындаудағы объективтік қажеттілік
E) қоғамдық өмірде тәрбиенің ролін арттыру
Тәрбие жөніндегі ғылымның әсер ету ауқымын ең дәл анықтайтын термин
(атау) қандай?
A) педагогика (грек сөзі «пайдос»- бала және «аго»- жетелеу)
B) андрогогика (грек сөзі «андрос»-ер адам және «аго»-жетелеу)
C) антропология (грек сөзі «антропос»-адам және «логос»-ғылым)
D) антропогогика (фек сөзі «антропос»- адам)
E) педология (грек сөзі «пайдос»-бала жоне «логос»-ғылым)
Педагогиканың негізгі түсініктеріне жатады:
A) тәрбие, оқыту, іс-әрекет
B) тәрбие, тұлға, іс-әрекет
C) тұлға, іс-әрекет, оқыту
D) тәрбие, білім беру, оқыту, педагогикалық процесс
E) тәрбие, оқыту, дамыту
Не себептен педагогикада «тәрбие» түсінігінің бірнеше анықтамасы
(дефиниция) пайдаланылады? Себебі:
A) Тұрмыстық сөйлеудегі тәрбие атауын (терминін) пайдаланудан оның
теориялық мағынасын ажыратуға мүмкіндік береді
B) анықтамалардың (дефинициялардың) көп болуы педагогикаға дамыған
теориялық ғылым дәрежесін (статусын) береді
C) «тәрбие» түсінігінің түрмыстық пайдалануы тәрбиенің мағынасын дәл
бермейді және ғылыми теорияны құру үшін пайдалануға болмайды
D) тәрбие түсінігі өте кең және жалпы болғандықтан, арнайы нақтылаусыз
қай тәрбие жөнінде сөз болғанын түсіну мүмкін емес
E) кез келген қоғамдық қүрылымда (формацияда) «тәрбие» түсінігінің өз мағынасы (дефинициясы) болады
Педагогика мына ғылымға жатады:
A) техника жайлы
B) табиғат жайлы
C) өнер жайлы
D) еңбек жайлы
E) адам жайлы
Педагогиканың объектісі:
A) тәрбиелік іс-әрекет
B) педагогикалық шындық
C) адамды адам етіп тәрбиелеу
D) тәрбие саналы және мақсатқа бағытты жүзеге асатын процесс ретінде
E) педагогикалық практика
Педагогика пәні:
A) мұғалім мен оқушылардың өзара іс-әрекеті
B) адамның дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік қатынастар
C) мектеп жасындағы балалардың өзін-өзі тәрбиелеуі
D) оқушылардың өзіндік білім алуы
E) тұлғаның рухани дамуы
Қандай пәндер педагогика ғылымының құрылымына енбейді?
A) педагогика тарихы
B) салыстырмалы педагогика
C) мектепке дейінгі педагогика
D) биология
E) мектеп педагогикасы
Көрсетілген қай өзгешелікті «әңгіме» әдісіне жатқызуға болмайды?
A) міндеттерді қою, объектіні анықтау, байқаудың схемасын жасау
B) нәтижесі міндетті түрде тіркеледі
C) алынған мағлұматтар өңделеді
D) сұрақтарды алдын ала ойластыру қажет
E) нәтижелерді талдау
Ғылыми педагогикалық зерттеулерді жүргізгенде қажет:
A) педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуде тұтастық тұрғыдан
қарастыруды қамтамасыз ету
B) құбылысты оның даму барысында зерттеу
C) педагогиканың пәнін, міндеттерін анықтау
D) тәрбиенің мақсатын, міндетін, мазмұнын анықтау
E) берілген құбылысты оның басқа құбылыстармен байланысы және өзара
әрекетінде зерттеу
Ғылыми педагогикалық зерттеулердің әдістерін іріктеу принциптеріне жатады:
A) қолжетерлік
B) тізбектестік
C) зерттеу әдістерінің жиынтығы
D) әдістердің зерттеліп отырған құбылыстың мәніне пара-пар (теңдігі)
E) мінез-құлықтық нормаларға қарама-қайшы келетін эксперименттерге
тыйым салу принципі
Педагогиканың функцияларын белгілеңіздер:
A) аналитикалық талдау
B) болжау
C) түрлендіру
D) түсіндіру
E) коммуникативтік
Педагогиканың ең алдымен төмендегідей ғылымаралык байланысы бар:
A) философиямен
B) информатикамен
C) психологиямен
D) математикамен
E) физиологиямен
Тәрбие қалыптастыруға бағытталған:
A) білімдерді
B) дағдыларды
C) қатынастарды
D) көзқарастарды
E) жүріс-тұрысты
Педагогиканың әдіснамасы:
A) педагогиканың нақты ауқымындағы байланыстардың, элементтердің, қатынастардың жиынтығы
B) таным принциптері, әдістері, формалары, амал-айлалары (процедуралары)және педагогикалық шындықты түрлендіру туралы ілім
C) зерттеу әдістері жайлы ілім
D) зерттеу логикасы жайлы ғылым
E) танымның амал-айласы (процедурасы) жайлы ілім
Жас үрпақтың өмірі мен тәрбиесі үшін ең алғашқы мекемелер пайда
болды:
A) алғашқы қауымдык қоғамда
B) құлдық қоғамда
C) феодалдық қоғамда
D) капиталистік қоғамда
E) коммунистік қоғамда
Тұлғаны қалыптастыру дегеніміз:
A) бір жағдайдан екінші жағдайға өту
B) тұрақтылық, кемелдену деңгейіне жету
C) қарапайымнан күрделіге өту
D) сандық өзгерістердің сапалыққа ауысуы
E) адамның рухани дамуы
Педагогикалық байқау:
A) балалардың өмірі және олардың іс-әрекетінің нәтижелері жөніндегі
қүжаттарды зерттеу
B) педагогикалық іс-әрекет барысында жинақталған деректі материалды
талдау
C) балалардың коғамдық қатынастар жүйесіндегі олардың жүріс -тұрысы мен іс-әрекетінде тікелей көрінетін деректерді белгілеп алу (фиксация) және жинақтау
D) тәрбиелеу тәжірибесін оны жетілдіру мақсатында зерттеу
E) оқу-тәрбие процесінің барысында оқушылардың жүріс-тұрысы жайлы жаңа мәліметтерді алудың негізгі әдісі
Гумандық педагогикаға қай тұрғыдан қарау тән?
A) аксиологиялық
B) жүйелік
C) тұлғалық
D) іс-әрекеттік
E) комплекстік
Объективтік шындықты танудың жолдары, тәсілдері қалай аталады?
A) педагогикалық процестер
B) зерттеу әдістері
C) заңдылықтарды белгілеу
D) таным теориясы
E) заңдылықпен қатаң белгілеу
Педагогикалық байқауға қойылатын талаптардың бірі болып есептеледі:
A) байқалатын оқиғаларды тіркеу жылдамдығы
B) байқаулардың нәтижесін алдын ала айту
C) нәтижелердің сандық өлшемдері
D) алынған мәліметтерді өңдеу
E) түп деректерді зерттеу
Интервью алу зерттеудің жаңа түрі:
A) әңгіменің
B) оқушы шығармашылығын зерттеудің
C) бақылаудың
D) тәжірибені зерттеудің
E) мектеп кұжаттарын зерттеудің
Тәжірибелік тексерумен дәлелденетін алдын ала қағида:
A) эксперимент
B) ғылыми болжам
C) эксперимент мақсаты
D) эксперимент жоспары
E) ғылыми қойылған тәжірибе
Жүргізу орнының негізінде эксперименттерді топтап бөлу
(классификациялау):
A) белгілеу, тексеру, табиғи
B) тексеру, лабораториялық, жасампаз
C) табиғи, лабораториялық
D) тексеру, жасампаз
E) табиғи, тексеру және лабораториялық
Мына сипаттамалардың қайсысы тестке жатпайды?
A) күнделікті бақылау үшін пайдалану
B) мақсатқа бағытты
C) дәл, қарапайым, қолжетерлік
D) автоматтандыру мүмкіндігі
E) ұзақ және жүйелі
Ұжымдық құбылыстарды зерттеу әдістері:
A) әңгіме, анкета жүргізу, тестілеу
B) байқау, тестілеу, эксперимент
C) байқау, тестілеу, шкалалау
D) анкета жүргізу, интервью алу, шкалалау
E) эксперимент, әңгіме
Социометриялық әдіс мүмкіндік береді:
A) ұжым ішілік қатынастарды талдауға
B) дайын жауаптардан біреуін таңдап алуға
C) үлгерімнің деңгейін анықтауға
D) оқытылу деңгейін анықтауға
E) оқушының темпераментін анықтау
Берілген әдістердің қайсысы номиналдық, рангалық, интервалдық сипаттамаларға ие:
A) тіркеу
B) рангілеу (ранжирование)
C) сапалы зерттеу
D) шкалалау
E) модельдеу
Модельдеу, шкалалау, рангілеу, тіркеу дегеніміз:
A) дәстүрлі әдістер
B) сандық әдістер
C) әлеуметтік әдістер
D) баланы диагностикалау әдістері
E) математикаға оқыту әдістері
Қай элемент педагогикалық процестің компоненті болып табылады?
A) мақсат
B) оқытудың міндеттері
C) тәрбие мазмүны
D) шарттары
E) амалдары (операциялары)
Педагогикалық процестің мәні болып табылады:
A) оқушылардың және педагогтардың оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің
бірлігі
B) педагогтың тәрбиелік және оқыту іс-әрекетінің бірлігі
C) тәрбиенің заңдарын тану
D) мақсатқа бағыттылық
E) мазмұндылық
Педагогика ғылымына «педагогикалық процесс» терминін ендірген:
A) К.Д. Ушинский
B) А.С. Макаренко
C) П.Ф. Каптерев
D) Р.Г. Лемберг
E) С.Т. Шацкий
Тұлғаның жан-жакты үйлесімді дамуы:
A) мақсат-міндет
B) мақсат-мұрат
C) тәрбие бағдарламасы
D) оқыту және тәрбиелеу нәтижесі
E) мақсат-болашақ (перспектива)
Мектепте білім беру мазмүны мәселелеріне байланысты негізгі заңдылық құжатты бөліп көрсет:
A) Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы
B) Қазақстан Республикасы конституциясы
C) Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік стандарты
D) «Бала құқығы» туралы конвенция
E) Қазақстан Республикасында орта білім беруді дамыту тұжырымдамасы
Тұлға дегеніміз:
A) жеке, өз бетінше өмір сүретін тірі организм
B) қоғамдық еңбектің барысында қолданатын құралдарды жасап және
пайдалана алатын, сөйлей және ойлай алатын қабілеті бар тіршілік иесі
C) қоғамдық мәні бар және өмірінде қалыптасатын сапа мен қасиетті
тасымалдаушы адам ретінде
D) сөйлей және ойлай алатын қабілеті бар тіршілік иесі
E) жұмыс орнында қызмет жасайтын адам
Адам дегеніміз:
A) әрқайсысы өз бетімен өмір сүретін организм
B) мектепте оқитын адам
C) қоғамдық еңбектің барысында қолданатын құралдарды жасап және пайдалана алатын, сөйлей және ойлай алатын қабілеті бар, сонымен бірге дене және рухани, табиғи және саналы, тұқым қуалау мен қабылдап алу бірлігін көрсететін тіршілік иесі
D) қоғамдық және өмірінде қалыптасатын сапа мен қасиеттерді тасымалдаушы
E) тірі организм
Тәрбие дегеніміз:
A) адам тұлғасындағы сандық және сапалық қасиеттердің өзгеру процесі
B) арнайы ұйымдастырылған тәрбие жүйесінде түлғаны мақсатты
калыптастыру процесі
C) тұлғаның қалыптасу процесі
D) адам психикасының өзгеру процесі
E) адамға психологиялық әсер ету
Даму дегеніміз:
A) ескінің жойылып, жаңаның қабылдануы
B) адам организмінде сандық өзгерістердің жиынтығы
C) қоғамға лайықты адамдық құндылықтарды меңгеру
D) сыртқы және ішкі факторлардың ықпалына байланысты организмдегі
сандық және сапалык өзгерістердің, психикадағы, зиялылық және адамның
рухани өміріндегі өзгеру процесі
E) адамның сыртқы өзгерістері
Индивид дегеніміз:
A) тұтас қайталанбайтын психологиялық қасиеттері бар тектің өкілі
B) біреуді тәрбиелеген және тәрбиелейтін адам
C) сөйлеу қабілеті бар тіршілік иесі
D) әрбір тіршілік етуші адам
E) ойлау қабілеті бар тіршІлік иесі
Тұлғаны дамыту және қалыптастыру факторлары:
A) тәрбие және тұқым қуалаушылық
B) тұқым қуалаушылық және орта
C) тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие
D) тәрбие және орта
E) өмір жағдайлары
«Орта» түсінігіне анықтама беріңіз:
A) сейсенбіден кейін келетін аптаның үшінші күні
B) кеңістікті толтыратын зат
C) қандай да бір жүмысты орындауда қолданылатын іс-әрекет жүйесі
D) қоршаған адамдар
E) адам қоғамының іс-әрекеті өтетін шарттардың (табиғи, әлеуметтік-тұрмыстық және т.б.) жиынтығы
Тұқым қуалаушылық дегеніміз:
A) ата-анадан балаға берілетін нақты сапалар мен ерекшеліктердің (дене
бітімі, шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, нышандары) берілуі
B) ата- аналардан қабілеттерді мұраға алу
C) ата-аналардан жағымсыз қасиеттерді мұраға алу
D) ата-аналардан тілді мұраға алу
E) адамгершілік сапаларды мұраға алу
Тұлға дамуының негізгі факторын көрсетіңіз:
A) орта
B) тәрбие
C) тұқым қуалаушылық
D) адам іс-әрекеті
E) қарым-қатынас
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер ететін микроорталық фактор:
A) семья
B) қоғам
C) космос
D) адамдар тобы
E) мектеп ұжымы
Адам дамуының негізгі заңдылықтарына жатады:
A) ішкі шарттылық
B) әлеуметтік шарттылық
C) өзіндік белсенділігінің өлшемі
D) жетекші іс-әрекеттің типі мен себептілігі
E) мемлекеттің мұраттары мен себептілігі
Интеллект дегеніміз:
A) адамның дене көрсеткіштері
B) психикалық дамуының деңгейі
C) тұлғаның моральдық қасиеттері
D) мінез-құлық тәрбиелілігі
E) ақыл-ой қабілеті
Жекелік (индивидуальность) дегеніміз:
A) мінез ерекшеліктері
B) сыртқы ұқсастық
C) индивидтің тұлғалық және психикалық өзгешелігі, оның қайталанбауы
D) тұлғаның өзіндік дамуы
E) рухани байлық
Ата-анадан балаға қандай сапалар беріледі?
A) ойлау тәсілдері, іс-әрекеттің зиялылық ерекшеліктері
B) әлеуметтік тәжірибе
C) адамдардың жеке қабілеттерін дамыту үшін негізгі қызмет атқаратын
нышандар
D) мінез-құлықтык сапалар
E) ерік, табандылық, мақсаттылық
Қай процесте еңбекке дейінгі, еңбектік, еңбектен кейінгі кезеңдер бөлінеді:
A) тәрбиелеу
B) әлеуметтендіру
C) білім беру
D) оқыту
E) дамыту
Оқушылардың қабілеттерін, қызығушылықтарын, дарындарын дамыту неге тәуелді?
A) оқу-тәрбие процесін мақсатты үйымдастыру мен жүзеге асыруға
B) табиғи нышандарға
C) алынған білім мен біліктердің көлеміне
D) кұрдастарымен қарым-қатынасқа
E) оқылған кітаптардың санына
Акселерация:
A) тұлғаның белсенді іс-әрекет процесі
B) тұлғаның зиялылық күштерін калыптастыруды жеделдету
C) адамның жеке дамуын жеделдету
D) қойылған міндеттерге жетуде тұлға табандылығының көрінуі
E) балалық және жасөспірімдік шақта тұлғаның дене және психологиялық дамуын жеделдету
Іс-әрекет дегеніміз:
A) адамның күнделікті жұмысы
B) адамның әдеттік іс-әрекеті (хобби)
C) басшылықтың нұсқауымен орындалатын жұмыс
D) адамның барлық жасайтын және шүғылданатын ісі
E) үй жұмысы
Балалардың дамуының жас кезеңдерінің алғаш рет негізін салған:
A) Сократ
B) Платон
C) Демокрит
D) Аристотель
E) Я.А.Коменский
Жас кезеңдері дегеніміз:
A) балалардың психологиялық ерекшеліктері
B) балалардың физиологиялық ерекшеліктері
C) балалардың мінез-құлық тәрбиелілігі
D) балалардың жеке дамуы
E) жас ерекшеліктерін бөлу
Жастары бірдей адамдардың қандай қажеттерінің жиынтығы жас ерекшеліктеріне жатады?
A) дене, танымдық, еңбектік
B) танымдық, сылтаулық (мотивациялық), жүріс-түрыстық
C) зиялылық, денелік, еңбектік, эмоционалдық
D) денелік, танымдық, зиялылық, сылтаулық (мотивациялық), эмоционалдық
E) зиялылық, эмоционалдық, еңбектік, жүріс-тұрыстық
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық іс-әрекетінің объектісі:
A) қатынастар
B) пән
C) ғылым негіздері
D) кәсіпқой іс-әрекет
E) ғылымдардың бастауы
Белсенділік дегеніміз:
A) жоғары органдардың нүсқауларын орындау
B) іс-әрекетті қарқынмен, қызығушылықпен орындау
C) бір сәттік тапсырманы орындауда байқалатын белсенділік
D) тапсырманы орындауға қарапайым түрғыдан қарау
E) ата-аналардың тілектерін қанағаттандыру
Тәрбие принциптерін таңдаңыз:
A) тәрбиенің қоғамдық бағыттылығы
B) тәрбие және даму
C) өмірмен, еңбекпен байланыс
D) тәрбиені гумандау
E) өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу
Тәрбиенің мақсатын анықтауға ықпал жасайтын жалпы факторлар:
A) ата-аналар талабы
B) өндірістің қажеттілігі
C) қоғамның экономикалық даму деңгейі
D) қоғам өркениетінің деңгейі
E) прогрессивті ойлайтын адамдардың түсінігі мен ұмтылысы
Тұлғалық түрғыдан қараудың талаптарын анықтаңыз:
A) тәр биеленушілердің жеке ерекшеліктерін есепке алу
B) қоғамдық қажеттіктерді есепке алу
C) мемлекеттік мүдделерді есепке алу
D) тәрбиелеуде жас ерекшелігін есепке алу
E) тұлғаның бағыттылығын, оның өмір жоспарларын, қүндылық бағдарларын есепке алу
Педагогикада тәрбие принциптері деп есептеледі:
A) тәрбие ережелерінің жиынтығы
B) тәрбие процесіне, оның мазмүнына, үйымдастырылуына және әдістеріне
қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастапқьі ережелер
C) тәрбие процесін үйымдастырудағы талаптар жүйесі
D) тәрбие барысында шешілуге қажетті міндеттер
E) түлғаны тәрбиелеуге сәйкес түрғылары
Қайта тәрбиелеу деп:
A) тұлғаның санасы мен жүріс-тұрысының түбегейлі өзгерісі
B) тұлғаның орынды сапаларының дамуы
C) тұлғаның теріс сапаларын жою
D) тұлғаның өмір және тәрбиенің жаңа өзгерген жағдайына бейімделуі
E) тұлғаның жүріс-тұрысына, кейбір жақтарына коррекция жасау
Тәрбиенің қоғамдық сипаты принципіне, талаптарға жатады:
A) тәрбие процесінде мемлекеттік, қоғамдык және түлғалық қажеттіктердің
қолайлы сойкестігі (өзара қатынастары)
B) тәрбие процесіндегі мемлекеттік мұраттардың приоритеті
C) қоғамдық қажеттіктердің приоритеті
D) азаматты тәрбиелеу- осы принциптің басты талабы
E) тұлғалык мүдделердің басымдылығы
Тәрбиеде оң үлгіні тірек ету талаптары:
A) адамда орынды сапаларды тәрбиелеу қажеттігі
B) әрбір тәрбиеленушіде орынды сапаларды анықтап, оларга сүйене отырып
нашар сапаларды жою және жеткіліксіз қалыптасқан сапаларды дамыту
C) тәрбиеші зиянды дағдылармен үнемі күрес жүргізу керек
D) адам дамуының мінезіндегі қарама-қайшылық пен шарттылығы
E) бала түлғасының жеке дамуына ерекше зейін аудару
Тәрбие әдістерін таңдап алуды мына факторлар анықтайды:
A) тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
B) тәрбиеленушілердің саны
C) тәрбиешінің тәжірибедегі мүмкіндігі
D) тәрбиешінің педагогикалық білімі
E) тәрбие мазмұны
Қандай белгілеріне қарай тәрбие әдістері сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау болып бөлінеді?
A) әсер ету нәтижесіне
B) сипатына
C) бағыттылық негізіне
D) тәрбиеленушілердің іс-әрекеті сипаты негізіне
E) тәрбиеленушілердің тәрбиеге қатынасу дәрежесі негізіне
Сендіру әдістеріне жатады:
A) диспут
B) педагогтың талабы
C) этикалық әңгіме
D) жаттығу
E) жарыс
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістеріне жатады:
A) өзін-өзі міндеттеу
B) өзін-өзі тану
C) өз еркін билеу
D) өзіне-өзі есеп беру
E) өзін-өзі бақылау
Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістерін көрсетіңіз:
A) әңгіме
B) қоғамдық пікір
C) түсіндіру
D) жарыс
E) үлгі
Тәрбиелеу және оқыту әдістеріне жатады:
A) ойын
B) еңбек
C) қарым- қатынас
D) кітаптар
E) семья
Төмендегілердің қайсысын тәрбие әдістеріне жатқызуға болады?
A) пән бойынша конференция
B) байқау
C) тәрбиелік жағдай туғызу
D) сөгу
E) тақырыптық ертеңгілік
Тәрбие тәсілдері:
A) максатқа жету амалы
B) санаға әсер ету амалы
C) жалпы әдістің бөлігі, жәке әрекет
D) белгіленген мақсатқа жетудің жолы
E) кемшіліктерді табу құралдары
Жарыс дегеніміз:
A) жеңімпазды анықтайтын ойын
B) қол жеткен нәрселерді бекітетін жол
C) басқа қатынасушылардың нәтижелері мен өз нәтижелерін салыстыру
процесінде тұлғаға қажетті сапаларды қалыптастыру мен бекіту әдістері
D) бір тәрбиеленушілерден екіншілерінің артықшылығын белгілеу әдісі
E) кез-келген жолмен приоритетке үмтылу
Жазалау дегеніміз:
A) талап түрінде көрінетін тәрбиелеу әдісі
B) тәрбиеленушіге теріс әрекеттерді тоқтатқызу мақсатымен ұжым мүддесі
ұстамы тұрғысында әсер ету тәсілі
C) тәрбиеленушіде істелген әрекеті үшін қорқынышты қалыптастыру
мақсаты мен теріс әрекеттерді тежеудегі шешуші фактор
D) түлғаның әрекеттері мен қылықтарын қолдамау және теріс бағалау
E) мүғалімдердің нүсқаулары мен шешімдері
Мадақтау дегеніміз:
A) орынды сапаларды бекіту мақсатымен сыныптастарының мүдделері
түрғысынан оның жүріс-тұрысының оң бағасын көрсететін тәрбиеленуші-
ге педагогикалық әсердің тәсілі
B) тәрбиеленушіге алғыс айтуды көздейтін тәрбие әдісі
C) өз міндеттеріне орынды қатынасты қалыптастыру мақсатындағы тәрбие-
ленушіні тәрбиешінің мадақтауын көрсететін тәрбие әдісі
D) жақсы қылықтарын марапаттау әдісі
E) тәрбиеленушілерді іс-әрекетіне ынталандырудың амал-айласы
Тәрбиенің қай түжырымдалған әдісі мектептегі оқу-тәрбие процесін
гуманизациялаудың және демократизациялаудың қазіргі теңденцияларына
сәйкес келеді? Тәрбие әдістері дегеніміз:
A) тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында әсер етудің
тәсілдері
B) тәрбие жүмысының арнайы тәсілдері мен амал-айлалардың жиынтығы
C) тәрбиенің мақсатына жетуге бағытталған оқушыларға педагогикалық
әсердің тәсілдері
D) тәрбиешінің іс-әрекет тәсілдері
E) мүғалімнің тәрбиелік іс-әрекетіндегі амал-айлалардың жиынтығы
Бағалау және өзін-өзі бағалау әдісіне не жатпайды:
A) мадақтау
B) жазалау
C) сенім жағдайы
D) табысқа жету жағдайын жасау
E) өзін-өзі бақылау
Ұжым теориясын жасаған кім?
A) Н. К. Крупская
B) А.С. Макаренко
C) В. А. Сухомлинский
D) И. Г. Песталоцци
E) Г. А. Щукина
Перспектива (үміт жолдары) дегеніміз:
A) шешілуі қажетті тәжірибелік міндет
B) тәрбиеленушілерді еліктіруге және біріктіруге қабілетті тәжірибелік мақсат
C) белгілеуге қажетті теориялық мақсат
D) белгіленген теориялық мақсат
E) жүзеге асуы мүмкін тәрбиенің ең жақын болашақ міндеті
Паралельдік әсер принципі негізінде жатады:
A) педагогтың тікелей әсерінің талаптары
B) басқа оқушылар арқылы жанама әсердің талаптары
C) семья арқылы жанама әсердің талаптары
D) бастауыш ұжым арқылы тәрбиешіге жанама әсер ету талаптары
E) тәрбиеленушілердің ата-анасына тікелей әсер етудің талаптары
Ұжымның белгілеріне жатады:
A) жалпы іс-әрекет
B) қайырымдылық
C) әлеуметтік мәнді мақсат
D) басқару
E) сайлау органдары
Оқушылар ұжымын кезеңдік қалыптастырудың ең дүрысы қандай?
A) педагогтың оқушыларға талабын қоюы, сынып белсенді тобын қалыптастыру, оқушыларға ұжым талап қояды
B) жалпы талаптарды қою, жалпы істі, оның мақсатын, маңызы мен мәнін окушылардың үғынуы, үжымның мақсатты ықпалы үшін жағдай жасау, іс-әрекет түрлеріне еркін қатынасу, барлығының ұжымшылдығы
C) ұжым болу үшін күреседі, бірліктің белгілері пайда болады
D) ұжым тұлғаның жан-жақты дамуының объективті шарты болады
E) сыныптың белсенді тобының қалыптасуы, ортақ істің маңызы мен мәнін, мақсатын оқушылардың үғынуы
Тәрбиелік әсерлердің бірлігі принципінің мәні:
A) барлық тәрбиелік әсерлерді орталықтан басқару
B) барлық тәрбиешілердің әрекеттерін келістіру
C) көпшілік хабарларын тарататын қүралдар мен мектептің іс-әрекетін бір орталықтан басқару
D) бірыңғай талаптан шығатын тәрбие процесіне қатысушылардың, оған қатысты адамдардың, кызмет орындарының, әлеуметтік институттардың әрекеттерінің тәрбиелік әсерін ұйымдастыру
E) баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып семьяға сүйену.
Дүниеге көзқарастың қоғамдық функцияларына мыналар жатады:
A) ағарту
B) тәрбиелеу
C)дамыту
D) конструктивтік
E) коммуникативтік
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттеріне не жатпайды?
A) нақты көлемде ғылыми білімдерді игеру
B) дарындарын, қабілеттерін, ақыл-ой күштерін дамыту
C) гигиеналық дағдыларын қалыптастыру
D) танымдық қызығушылықтарын дамыту
E) эстетикалық білімдерін қалыптастыру
Адамгершілік тәрбиенің құрылымы неден тұрады?
A) өзіндік мақсаттан
B) нақты мазмұннан
C) еңбектік тәрбиелілігінен көрінеді
D) жұмыс орнын ұйымдастырудан
E) оқыту деңгейінің диагностикасынан
Адамгершілік тәрбиенің міндеттеріне не жатады?
A) эстетикалық мәдениетін тәрбиелеу
B) қүлықтық сапаларын (адалдық, әділдік, еңбексүйгіштік) тәрбиелеу
C) қүлықтық сенімі мен сезімдерін қалыптастыру
D) эстетикалық сезімдерін дамыту
E) батылдығын, табандылығын, шешім кабылдағыштығын тәрбиелеу
Баланың мінез-құлқын тәрбиелеуді қай жастан бастау керек?
A) 1 жастан
B) 2 жастан
C) 3 жастан
D) өмірінің алғашқы күндерінен
E) 4 жастан
Эстетикалық әңгімеге қойылатын талаптардың сипаты қандай?
A) иллюстрациялау
B) оқушының тәжірибесіне сәйкестігі
C) жағдай
D) еркінен тыс түсіндіру
E) тыңдаушылардың күйзелісі
Эсетикалық тәрбие жүйесін үйымдастырудың негізінде жататын принцип:
A) ғылымилық
B) жүйелілік
C) эстетикалык тәрбие мен көркемдік тәрбие берудің жалпы бірлігі
D) балалардың жеке қызығушылықтарын есепке алу
E) қоғамдық қажеттіктерді есепке алу
Экологиялық тәрбиенің функциясын тиімді жүзеге асыру мектеп
оқушыларында нені қалыптастыруға алып келеді?
A) экологиялық ойлауға
B) экологиялық мәдениетке
C) экологиялық жүріс-тұрысқа
D) экологиялық білімге
E) экологиялық біліктер мен дағдыларға
Экологиялық мәдениетке жататындар:
A) Экологиялық білімдер, табиғатты қорғау іс-әрекетіне терең
қызығушылық, адамгершілік-эстетикалық сезімдер
B) табиғатты қорғау жүмысын жүргізе білу
C)экологиялық білімдер
D) табиғатқа деген сүйіспеншілік
E) табиғатқа ұқыпты қарау
Экономикалық тәрбие дегеніміз:
A) экономикалық білімдерді қалыптастыру процесі
B) экономикалық біліктер мен дағдыларды қалыптастыру процесі
C) экономикалық білім берудің нәтижесі
D) оқушылардың экономикалық санасын қалыптастыруға бағытталған
арнайы ойластырылған жұмыс жүйесі және үйымдастырылған
педагогикалық іс-әрекет
E) оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыратын педагогикалык
іс-әрекет
Балалар еңбегінің тиімділігінің жетекші шарттары:
A) мазмүндылық
B) түлғалық және қоғамдық-пайдалы мәнділігі
C) мерзімділігі
D) нақты үйымдастырылуы
E) үнемділігі
Адамгершілік тәрбиенің мазмұнын қамтиды:
A) экологиялық білімдер
B) эстетикалық мәдениет
C) мектептегі жүріс-тұрыс нормалары
D) коғамдағы жүріс-тұрыс нормалары мен ережелері, қүқық пен міндеттер,
еңбек, азаматтық және қылмыстық кодекс жайлы ережелер
E) моральдык нормалар мен ережелер
Валеология не жайлы ғылым?
A) адам тәрбиесі
B) оқыту және білім беру
C) адам организмін сауықтыру
D) табиғатты қорғау
E) адамның жүріс-тұрысының ережелері мен нормалары
Дене тәрбиесі дегеніміз:
A) дене шынықтыру және спорттық жаттығулар жүйесі
B) бүлшык етті нығайтудағы дене шынықтыру және спорттық іс-әрекет
C) оқушылардың әскери- қолданбалы іс- әрекеті
D) балалардың мақсатқа бағытталған, жоспарланған дене шынықтыру және
спорттық іс-әрекетінің жүйесі
E) жаттығулар жиынтығы
Педагогтардың ата-аналармен жүмысының формасы:
A) ата-аналар жиналысы
B) ата-аналар лекториі
C) ата-аналармен әңгіме
D) ата-аналармен бірлескен оқушылармен әңгіме
E) тақырыптық конференциялар
Дидактика дегeніміз:
A) оқыту әдістері жайлы ғылым
B) жеке оқу пәндерін оқыту әдістерінің мәселелерін қарастыратын педагогиканың бөлігі
C) білім берудің және оқытудың теориясын зерттейтін педагогиканың бөлімі
D) оқыту формалары жайлы ғылым
E) адамды тәрбиелеу жайлы ғылым
Дидактиканың обьекті дегеніміз:
A) оқу процесін ұйымдастыру
B) тәрбие
C) оқу
D) сабақ беру
E) оқыту
Дидактиканың пәні дегеніміз:
A) тәрбие
B) сабақ беру, оқу, олардың өзара әрекеттесуі
C) оқу
D) оқыту және тәрбие
E) сабақ беру
Дидактиканың негізгі категорияларын көрсетіңіз:
A) альтернатива
B) компьютерлендіру
C) оқыту құралы
D) оқыту нәтижелері
E) сабақ беру, оқу, оқыту, білім беру, білім, білік, дағды, оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формалары, құралдары, оқу нәтижелері
Дидактиканың ғылым ретіндегі міндеттері мынада:
A) мұғалімнің іс - әрекетін сипаттау
B) танымдық іс - әрекетін ұйымдастыру
C) оқыту процесін сипаттау және түсіндіру, оны жүзеге асырудың шарттары,
жетілдіре түскен оқу процесін жасау
D) оқыту әдістерін таңдап алу
E) оқыту формаларын зерттеу
«Ұлы дидактика» қай педагогтың еңбегі:
A) Ж.Ж.Руссо
B) А.Дистервег
C) Я.А.Коменский
D) А.Гельвеций
E) Д.Дидро
Ж.Аймауытовтың қай еңбегінде «дидактика», «білім беру», «оқыту» сияқты
педагогикалық түсініктер қарастырылады, нәтижелі оқытудың шарттары белгіленеді
A) «тәрбиеге жетекші»
B) «өзіңе лайықтыны жаса»
C) «дағдылардың рөлі жөнінде»
D) «педагогтық басшылық»
E) «ескерту»
Дидактиканың маңызды мәселелерін зерттеуде елеулі үлес қосқан біздің
Республиканың көрнекті педагогтары кімдер?
A) А.И.Сембаев
B) Т.Т.Тәжібаев
C) Қ.Бержанов
D) А.П.Сейтешев
E) Р.Г.Лемберг
Оқытудың мазмұны дегеніміз:
A) оқыту процесінде оқушылардың меңгеретін білім, білік, дағдыларының жиынтығы
B) оқытудың нәтижесі
C) оқушылардың білім, білік, дағдыларының жүйесі
D) әрбір оқушы өзінің дамуы, бейімділігі үшін таңдап алатын білімдерінің шеңбері, мектепте оқылатын пәндердің тізімі
E) ғылым негіздерінен білімдердің жиынтығы
Оқулықтың атқаратын рөлі :
A) сылтаулық (мотивациялық), хабарламалық, жаттығулық (тренировочную),
B) дамытушылық, тәрбиелік, хабарламалық
C) тәрбиелік, қалыптастырушылық, құрылымдылық (конструктивную)
D) коммуникативтік, ұйымдастырушылық, сылтаулық (мотивационную)
E) жаттығулық (тренировочную), орталықтандырылған бақылау
Білім мазмұнын анықтайтын құжаттар:
A) әдістемелік нұсқаулар
B) Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, «жаңа буын» оқулықтары
C) Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты
D) сынып журналы
E) оқу жоспарлары, оқулықтар
Білім мазмұнын іріктеудің факторларын көрсетіңіз:
A) фирманың, өнеркәсіп орындарының қажеттілігі
B) қоғамның мектеп бітірушіге талабы, әлем, мәдениет, техника жөніндегі ғылыми білімнің деңгейіне жүйелілік, бірізділік прициптеріне оқытудың түрлі басқыштарындағы балалардың психологиялық мүмкіндігіне тұлғаның білім алуындағы қажеттілігіне сәйкестігі
C) педагогтың қалауы
D) педагогика ғылымының дамуы
E) психология ғылымының даму деңгейі
Білім мазмұнының құрамаларына \элементтеріне\ жатады:
A) білік
B) білім, білік, дағды, іс- әрекет тәсілдері, шығармашылық іс - әрекет тәжірибесі
C) дағдылар
D) оқыту құралдары
E) оқыту әдістері
Оқулық дегеніміз:
A) бағдарламаға сәйкес құрастырылған кітап
B) автордың көзқарасын бейнелейтін оқу кітабы
C) қосымша мәліметтерді құрайтын кітап
D) машықтандыру жаттығуларын орындауды көрсететін кітап
E) білімді бақылау үшін жасалған кітап
Білім беру стандарты дегеніміз:
A) жалпы білім берудің мазмұны
B) бітірушілердің жалпы білім даярлығына қойылатын талаптардың міндетті деңгейі және осы талаптарға сәйкес келетін оқытудың және бақылаудың мазмұны, әдістері, формалары, құралдары
C) жеке алынған білім беру мекемесінің өзіндігін сипаттайтын құжат
D) білім, ғылым салаларының және іс- әрекет салаларының үздіксіз білім беру технологиясы
E) әр оқу жылында оқу жүктемесінің ең көп мүмкін болатын көлемі
Оқу жоспары дегеніміз :
A) оқу жылының тоқсандарының және каникулының ұзақтығын, оқу пәндерінің толық тізбесін, жылдағы оқытудың пәндерін бөлетін, бүкіл оқыту уақытында әр сыныпта пәнді оқуға бөлінген сағат санын, апталық сағат санын анықтайтын оқу мекемесінің сертификаты
B) оқылатын тақырыптың мазмұнын құрайтын құжат
C) оқушылардың біліміне, білігіне, дағдыларына деген негізгі талаптарды ашып көрсететін құжат
D) дүниеге көзқарас мәселелерінің негізгі тізбесі
E) жалпы білім беретін мектепте оқу үрдісінің ұйымдастырылуына нұсқау
Оқу жүктемесі дегеніміз:
A) пәнаралық және курсаралық байланыстарды жүзеге асыруда нұсқауды қамтитын құжат
B) әрбір жеке алынған пән бойынша игерілуге жататын білім, білік, дағдылардың шеңберін анықтайтын нормативтік құжат
C) оқу жабдықтарының және көрнекі құралдардың тізбесі
D) оқушылардың апталық оқу жүктемелерін анықтайтын құжат
E) оқушылардың жеке жұмыстарын реттейтін құжат
Оқыту процесінің мәні дегеніміз:
A) оқушыларға білім беру
B) оқушыларға білім, білік, дағдыларды игеру үшін мұғалімнің ұйымдастыратын оқу жұмысы
C) оқушылардың білім, білектерін меңгерудегі оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетінің өзара байланысының процесі
D) кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу – танымдық іс-әрекеті
E) мұғалімнің оқыту іс-әрекеті
Оқыту функциялары дегеніміз :
A) оятушылық ( побуждающий ), тәрбиелілік
B) бақылаушылық, дамытушылық
C) тәрбиелеушілік, түзетушілік ( корректирующая )
D) білім беру, дамыту және тәрбиелеушілік
E) дамыту, қалыптастырушылық
Сабақ беру дегеніміз
A) оқушының танымдық іс - әрекеті
B) педагогикалық процесті реттеу
C) оқу процесін пәндік қуаттау
D) педагогтың іс -әрекеті
E) ата – аналардың балалармен жұмысы
Оқу процесіндегі мұғалімнің әрекетін көрсетіңіз:
A) жаңа білімдер жөнінде хабар береді, оқу материалын түсіндіреді, оқуды және бекітуді ұйымдастырады.
B) хабарды қабылдайды
C) меңгерілген материалды жалпылайды
D) қайталау жолымен оқығанда бекітеді
E) жаттығуларда оқығанды қолданады
Оқу процесіндегі оқушының әрекетін көрсетіңіз :
A) жаңа оқу материалын түсіндіреді
B) оқу хабарламаларды, мағыналарды ұйымдастырады
C) білімді жалпылауды ұйымдастырады
D) оқу материалын бекітуді ұйымдастырады
E) оқу материалын түсінуді мағыналайды, тереңдетеді
Оқытудың дамытушылық қызметі оқыту процесіндегі білімді игеруде не жүретінін көрсетеді ?
A) білімді игеру
B) білік пен дағдыларды қалыптастыру
C) оқушының құлықтық сапаларын қалыптастырады
D) оқушының дамуы
E) дүниетанымын қалыптастырады
Оқыту процесінде оқытудың тәрбиелік функциясы төмендегіден тұрады:
A) құлықтық және эстетикалық түсініктері,көзқарастар жүйесі қалыптасады
B) оқушының ақыл – ойы дамиды
C) білімдері игеріледі
D) оқушының күш - қуатының дамуы жүреді
E) оқушының эмоционалдық дамуы жүреді
Оқу процесінде білім берудің тәрбиелік функциясы төмендегіні құрайды:
A) білімді игеру, білік пен дағдыны қалыптастыру
B) тілді дамыту
C) ойлауды дамыту
D) көзқарастарын қалыптастыру
E) психикалық дамуы
Оқытудың түрлерін көрсетіңіз:
A) ұжымдық, жекелік
B) догмалық, иллюстративті - түсіндірмелік, компьютерлік
C) проблемалық баяндау
D) қосарлана жұмыс істеу
E) өзара оқыту
Догмалық оқыту дегеніміз:
A) программаланған оқу құралдарын пайдаланып оқыту
B) алдын ала өз бетімен білім алуды көздейтін оқыту
C) оқушыға дайын білімдерді беріп оқыту
D) оқу материалын және оның сөзбе - сөз қайталануын есте ұстау,мұғалімнің
пікірімен толық келісу
E) жаңа оқу материалын оқу процесінде мұғалім мен оқушылардың арасындағы алдын ала пікірталасты көздейтін оқыту
Оқудың мотивтері ( сылтаулары ) дегеніміз :
A) оқу ісіне немқұрайлылық
B) белсенді оқу әрекетіне оқушының іштей оянуы, оқу іс - әрекетін, оқу мазмұнын нәтижелі тану
C) қоршаған ортаға теріс қатынас
D) өз бетінділік – оқушының достарының , мұғалімдердің, ересектердің көмегінсіз орындау қабілеті
E) білім алушының оқу процесіне қатысуы
Оқу процесінің буындары дегеніміз:
A) қабылдау
B) білімдерді қабылдау және тәжірибеде қолдану
C) білімдерді қабылдау және қайта жаңғырту
D) қабылдау, мағыналау, бекіту, қолдану
E) мағыналау және бекіту
Білім дегеніміз:
A) ғылымның негізгі деректерін түсіну, есте ұстау, қайта жаңғырту, қолдану білігі және теориялық жалпылау
B) идеялардың дүниеге көзқарасы
C) қоршаған орта жөніндегі бағалық пікір
D) алдын ала болжау
E) хабарды алудың тәсілдері
Білік дегеніміз
A) тәжірибеде алған білімдерді қолдану, автоматтық деңгейге жеткізілген жақсы жүйеге келген әрекет
B) тәжірибеде игерілген білімдерді қолдануды меңгеру тәсілдері ( айла-шарғыларды, әрекеттерді )
C) білімдерді бекітуге бағытталған әрекет
D) білімді мағыналауға бағытталған әрекет
E) дағдылардың жиынтығы
Оқытудың негізгі белгілері деп:
A) нәтижелілігін
B) екі жақтылық сипатын, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс- әрекетін, мұғалім тарапынан басшылықты арнайы, жоспарлы ұйымдастыруды, басқаруды, тұтастық пен бірлікті, оқушының жас ерекшелігіне байланыс- ты даму заңдылықтарына сәйкестікті, оқушылардың дамуы мен тәрбиесін басқаруды
C) қарқындылықты
D) көпсөздікті
E) жүйелілікті, бірізділікті
Жекелеп оқыту дегеніміз:
A) артта қалған баламен жұмыс
B) әрбір оқушының немесе оқушылардың жеке топтарының мүмкіндіктері мен қажеттіліктері барынша ескерілетін тұрғыдан қарау
C) қиын баламен жұмыс
D) дарынды баланы оқыту
E) оқушылардың өзіндік жұмысы
Оқытудың заңдылықтары дегеніміз:
A) оқыту ережелері
B) тәлімгерлік жасау
C) оқушының біліміне, білігіне, дағдыларына қойылатын талаптар
D) белгілі бір жағдайлардағы өзара байланысты обьективтік, елеулілік, қажеттілік, тұрақтылық және қайталаушылық
E) оқу процесін ұйымдастырудағы ұсыныстар
Оқыту принциптері дегеніміз:
A) оқушылардың танымдық іс- әрекетін ұйымдастыру жолындағы бастапқы ережелер мен заңдылықтарды көрсетеді
B) тәрбие мен оқытудың мақсатына сәйкес оқу жұмысының әдістерін, ұйымдастыру формаларын анықтайтын бастапқы ережелер
C) қоғамдық экономикалық формацияның қажеттігіне сәйкес мұғалімнің оқытушылық жұмысының жалпы заңдылықтары мен әдістері
D) мұғалімнің іс - әрекетіне қойылатын талаптар
E) оқу материалының мазмұнына қойылатын талаптар
Жеңілден ауырға қарай, белгісізден белгіліге қарай, қарапайымнан күрделіге қарай ережелерін сіз қай принципке жатқызасыз?
A) ғылымилылық
B) теорияның тәжірибемен байланысы
C) қолжетерлік
D) көрнекілік
E) жүйелілік пен бірізділік
«Бүкіл сыныппен жұмыс істей отырып, әр оқушыны естен шығарма» деген дидактикалық ережені сіз оқытудың қай принципіне жатқызасыз?
A) жүйелілік пен бірізділік
B) оқушының дара ерекшеліктерін есепке алу
C) беріктілік
D) саналылық
E) көрнекілік
Дамыта оқытудың өзгерілмейтін шарты – себеп – салдарлық байланысты балаларды себептердің негізінде ойлауға үйретуге қажетті «мүмкіндігінше неге деген сұрақты жиі пайдалан» ережесін қай принципке жатқызасыз?
A) саналылық және белсенділік
B) көрнекілік
C) қолжетерлік
D) ғылымилылық
E) теория мен практиканың байланысы
«Қай ретпен бақылау жүргізілсе де, оған тәуелсіз себеп - салдарға қарағанда оқушыны бақылауының жүйелі және орынды қойылуын қадағала» ережесін қай принципке жатқызасыз?
A) көрнекілік
B) ғылымилылық
C) теория мен тәжірибенің байланысы
D) қолжетерлік
E) жүйелілік пен бірізділік
Оқыту әдістері дегеніміз:
A) оқушыға білім беру мақсатында ойдың мұғалімнен оқушыға қарай жүру жолы
B) оқыту процесін ұйымдастыруды анықтайтын бастапқы заңдылықтар
C) танымдық іс- әрекетті ұйымдастыру жолдарын көрсететін логикалық категория
D) оқытудың мақсатына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушының реттелген іс- әрекеті
E) оқушылардың бірлескен іс - әрекетінің тәсілдері
Төмендегі көрсетілген әдістердің қайсысы көрнекілікке жатады?
A) жаттығу, лабораториялық жұмыс
B) кітаппен жұмыс, түсіндіру
C) лекция, баяндау
D) бақылау, демонстрация
E) әңгіме, түсіндіру
Атқаратын қызметіне байланысты әдістерді топтап бөлуді көрсетіңіз?
A) білім алу, білік пен дағдыларды қалыптастыру, білімдерді қолдану, шығармашылық іс- әрекет, бекіту, білім, білік, дағдыларды тексеру
B) иллюстративтік - түсіндірмелі, репродуктивтік, проблемалы баяндау
C) сөздік, көрнекілік, практикалық
D) монологтық, диалогтық
E) индуктивтік, дедуктивтік
Оқытудың тәжірибелік әдістерінің тобына қайсысы жатады?
A) демонстрация
B) жаттығу
C) түсіндіру
D) иллюстрация
E) баяндау
Оқытудың сөздік әдістерін көрсетіңіз:
A) тәжірибелік жұмыстар
B) жаттығу, байқау
C) иллюстрация, демонстрация
D) кітаппен жұмыс, әңгіме, түсіндіру, баяндау, лекция
E) демонстрация
Оқытудың тәсілдері дегеніміз:
A) оқытудың моделі
B) оқытудың амалдары
C) оқыту әдістерінің құрамды бөліктері немесе жеке жағы
D) оқыту құралдары
E) оқытудың кезеңдері\этаптары\
Оқушылардың өз бетімен құбылысты қайта жаңғырту барысын жан жақты бақылауы және өз бақылауларынан жалпылама қорытындыларды шығаруымен сипатталатын қай оқу әдісі ?
A) жаттығу
B) лабораториялық жұмыс
C) демонстрациялық
D) иллюстрациялық
E) әңгіме
Оқушы математикадан мұғалімнен қосымша тапсырма беруді жүйелі түрде сұрайды. Оқушының білімін кеңейтуге өз бетімен ұмтылысын сіз мотивтердің \сылтаулардың\ қай тобына жатқызасыз?
A) әлеуметтік мотивтер
B) өзбетінділікке ұмтылу
C) оқу - танымдық мотивтер
D) тар әлеуметтік мотивтер
E) әлеуметтік ынтымақтастық мотивтер
Оқытудың сөздік әдістеріне қайсысы жатпайды?
A) әңгіме
B) баяндау
C) жаттығу
D) түсіндіру
E) лекция
Баяндау әдісінің мәні неде?
A) тереңірек мағыналау және игеру мақсатымен баяндалған материалды қайта жаңғыруға оқушыларды оятатын сұрақты қою
B) себеп - салдарлық байланыстарды анықтау
C) сұрақтың мәнін ашу
D) құбылыстардың арасындағы қатынастарды табу
E) оқушыларды ойлауға жұмылдыру
Оқулықпен жұмыс әдістері не үшін қолданылады?
A) оқушының өзбетіндік жұмысы
B) жаңа хабарламаны алу ,сабақта алынған білімдерді бекіту, кеңейту,
тереңетуд
C) мәтіндегі басты ойды бөліп көрсету
D) оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру
E) білімді бекіту
Қарым қатынас құралын көрсет:
A) таблица
B) оқытудың техникалық құралдары
C) схемалар
D) сөз
E) макет
Оқытудың техникалық құралдарына жатпайтыны:
A) кинопроектор
B) компьютер
C) диапроектор
D) бейнемагнитофон
E) оқулық
Түсіндірмелі- көрнекілік әдістің негізгі қызметі:
A) шешілуі қажетті жағдайды жасау
B) ізденістің жеке кезеңдерін орындауға оқушылардың қатысуын ұйымдастыру
C) зерттеу іс- әрекетіне оқушыларды қатыстыру
D) мәселенің ғылыми шешілуін ұйымдастыру
E) оқушылардың білімді дайын күйінде игеруін ұйымдастыру
Дербес іздену әдісінің атқаратын қызметі неде?
A) шындыққа эмоционалдық- құндылық қатынасты дамыту
B) оқушылардың информацияны қабылдауын ұйымдастыру
C) шығармашылық іс- әрекеттің тәжірибесін беру
D) оқушыны өз бетінше ізденіске жақындату
E) дайын білімдерді хабарлау
Зерттеу әдісінің мәні неде?
A) мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс- әрекеттің тәсілдерін қайта жаңғырту
B) іс - әрекеттің анықталған ретін іске асыру
C) оқушылардың іздену,шығармашылық іс - әрекетін ұйымдастыру
D) шешілуі қажетті жағдайларды жасау
E) оқушылардың өзіндік жұмысын іске асыру
Оқыту әдістері болып табылатын пікірталас неге негізделген?
A) оқушыға хабарды жанама беруге
B) мұғалім мен оқушының немесе балалардың арасында пікір алмасуға
C) жаңа хабарды беруге
D) оқылған материалды қайта жаңғыртуға
E) оқушының ой - өрісін кеңейтуге
Оқыту әдісі пікірталас не үшін қажет?
A) балалардың ара - қатынасын білу үшін
B) сенімді қалыптастыру,оқушылардың өз біліміндегі кемшіліктерін жою үшін оқушыны дамыту, білім алу үшін
C) оқылған материалды бекіту үшін
D) хабарды қабылдау үшін
E) оқылған материалды ұғыну үшін
Жаттығу әдісі не үшін қолданылады?
A) білімдерді хабарлау
B) балалардың танымдық белсенділігін ынталандыру
C) проблемалық жағдайларды жасау
D) оқушылардың бірлескен іс әрекетін ұйымдастыру
E) білік пен дағдыларды қалыптастыру
Жаттығу әдісі дегеніміз не?
A) хабарды жүйелі баяндау
B) білім мен біліктерді қалыптастыру мақсатында оқу әрекеттерін көп қайталау
C) оқу материалын диалог түрінде беру
D) мәселені оқушылардың пікірі түрінде талқылау
E) модельдерді көрсету
Түсіндіру әдісі қай уақытта қолданылады?
A) жаңа тақырыпты оқуда
B) жаңа оқу материалын бекітуде
C) үй жұмысын тексеруде
D) білімнің игерілуін диагностикалауда
E) жаңа материалды игеруге психологиялық нұсқау жасау
Аталған әдістерден оқыту әдістерін көрсет:
A) сендіру, жарыс
B) талап ету, марапаттау
C) мадақтау, үйрету
D) көрсету, санасына жеткізу
E) әңгіме, баяндау
Оқытудың көрнекілік әдісіне жатпайтындары қайсысы?
A) иллюстрация
B) демонстрация
C) байқау
D) әңгіме
E) бейнетаспа
Оқытудың тәжірибелік әдісіне жатпайтындары қайсысы?
A) байқау
B) жаттығу
C) лабораториялық әдіс
D) практикалық әдіс
E) дидактикалық ойындар
Оқу жұмысын ұйымдастырудың формасы дегеніміз:
A) педагогикалық процестің логикалық аяқталған бөлігі
B) нақты ретпен және ырғақпен жүзеге асатын оқу процесін ұйымдастырудың тәсілі
C) мұғалім мен оқушының қарым – қатынасы
D) оқыту жүйесі
E) бірін - бірі оқыту
Класс - сабақ жүйесін қай педагог теориялық негіздеді?
A) К.Д.Ушинский
B) А.С.Макаренко
C) Д. Локк
D) Н.И.Пирогов
E) Я.А.Коменский
Сабақтан экскурсияның айырмашылығы неде?
A) сабақ - оқыту формасы, экскурсия -оқу жұмысының әдісі
B) экскурсия уақытпен шектелмеген
C) сабақта оқытудың сөздік әдістері басым болады, экскурсияның негізгі мазмұны құбылыстар мен заттарды олардың табиғи жағдайында қабылдау болады
D) экскурсия табиғат аясында өтеді
E) сабақ қатаң кесте бойынша жүргізіледі
Сабақтың типі мен құрылымын қандай белгілер арқылы анықтайды? Дұрыс
жауапты таңда:
A) дидактикалық мақсаттарына сәйкес
B) сабақ элементтерінің орналасуына сәйкес
C) басты мақсатқа жетуге берілген уақыт мөлшеріне сәйкес
D) құрылымдық бөліктерінің санына сәйкес
E) мұғалімнің іс- әрекетіне сәйкес
Мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз:
A) сабақ тақырыбына байланысты картотека құрастыру
B) бағдарламаны, календарлық жоспарды, оқулықты, тақырып бойынша қосымша материалды, оқушылар үшін тапсырманы іріктеп алуды, әдістемелік әдебиеттерді оқу
C) оқулықтарды оқу
D) тақырыптық жоспар құрастыру
E) қосымша әдебиеттерді оқу
Ұй жұмысының қажеттігі неде?
A) оқушының өз бетіндік оқу жұмысын үнемі және жауапты орындауға үйрету
B) оқушылардың өзіндік жұмысына бағалардың қорын жинау
C) үй жұмысын орындау процесінде сабақта білімді игерудің олқылықтары, кемшіліктері жүреді
D) сабақта оқу материалын бекітуге
E) оқушылардың еңбексүйгіштігін тәрбиелеу
Мектепте оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының маңыздысы қайсысы?
A) диспут, ертеңгілік
B) КВН, көрме
C) семинар, конкурс
D) сабақ, экскурсия, факультативтік жұмыстар, үй жұмысы, пәндік үйірмелер, қосымша сабақтар
E) лекция, кездесу
Оқытылу деңгейін диагностикалау дегеніміз:
A) оқушылардың білім және біліктерін бақылау және бағалау
B) жинақталған статистикалық деректерді, тенденцияларын бақылау, тексеру, бағалау, оларды талдау, өзгерісін анықтау, нәтижелерін болжау
C) білім, білікті дұрыс бағалау
D) әр оқушының жеке рейтингісін белгілеу
E) кіші мектеп жасындағы оқушылардың білім, біліктерін бағалау
Оқытылу деңгейі:
A) білім беру мазмұнын қабылдау қабілеті
B) оқытып отырған оқушылардың потенциалдық мүмкіндіктері
C) білім, білікті игерудегі жалпы ақыл - ой қабілеттері
D) оқушының қабылдаушылығы мен икемделгіштігі
E) оқуға жаттығу, оқу мазмұнын меңгеруге жинақталған тәсілдер
Оқушының оқытылуын диагностикалаудың жалпы принциптерін атаңыз:
A) обьективтік
B) тәуелсіздік
C) жариялылық
D) дұрыстық
E) жүйелілік
Қай дидактикалық принципті Я.А.Коменский дидактиканың алтын ережесі деп есептеді ?
A) қолжетерлік
B) жүйелілік
C) көрнекілік
D) ұласымдылық
E) ғылымилылық
Қарапайым білім беру теориясын негіздеген:
A) Я.А.Коменский
B) Ж.Ж.Руссо
C) И.Г.Песталоцци
D) Ф.Гербарт
E) А.Дистерверг
Қазақ балаларына орыс тілін үйретудің әдістемесін жасаған қазақ ағартушысы:
A) Абай
B) Ы.Алтынсарин
C) Ш.Уәлиханов
D) М.¤темісов
E) М.Жұмабаев
«Дидактикалық очергтер» еңбегінің авторы:
A) Н.К.Крупская
B) Н.Д.Хмель
C) Р.Г.Лемберг
D) Н.Құлжанова
E) Қ.Бержанов
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылаудың түрлері:
A) бақылау жұмысы
B) тесті
C) байқау
D) күнделікті, мезгілді, қорытынды
E) әңгіме
Бақылау әдістеріне жатпайтыны қайсысы?
A) байқау
B) шығарма
C) мазмұндама
D) тест
E) қорытынды бақылау
Оқу бағдарламасы дегеніміз не?
A) оқу бағдарламасы оқу пәндерін, оқудың ретін, оларға бөлінген сағат санын анықтайды
B) оқу бағдарламасында әр пән бойынша білімнің мазмұны және көлемі нақты тақырыптар мен курстың сұрақтарын оқуға бөлінген сағат санын анықтайды
C) оқу бағдарламасы деп белгілі бір сыныпта оқылатын пәндердің атауы, оларға бөлінген сағат саны деп түсіну керек
D) оқу бағдарламасы оқу пәндерінің санын анықтайды
E) оқу бағдарламасы оқу процесінің ұзақтығын, оқу пәнінің мазмұнын анықтайды
Дидактиканың ұғымдарын \категорияларын\ көрсет:
A) таксомания
B) компьютерлік
C) шеберлік
D) альтернативтік
E) оқыту
Оқу процесінің компонентін табыңыз:
A) шыдамдылық
B) кәсіптік бағдарлану
C) акселерация
D) білім, білік, дағды
E) өзіне - өзі сын көзбен қарау
Мектептегі білім беру мазмұны қандай талаптарды қанағаттандыруы керек?
A) ғылымилылық
B) оқытудың жеңілдігі
C) патриоттық
D) оқу материалын ең басты ету
E) барлық оқу орындарындағы оқытудың бірлігі
Оқыту принциптеріне жатпайтыны қайсысы?
A) жүйелілік пен бірізділік
B) орынды іске сүйену
C) тұлғаны дамытуға бағдарлау
D) балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу
E) белсенділік
Мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы:
A) үйірме
B) лабораториялық жұмыс
C) экскурсия
D) дипломдық жұмыс
E) сабақ
Тұлғаға білім беру, тәрбиелеу, дамытудың құралы ретінде оқыту нені зерттейді?
A) мектептану
B) тәрбие теориясы
C) диалектика
D) дидактика
E) философия
Оқу жұмысының стандарт емес формасына қайсысы жатады?
A) аралас сабақ
B) бекіту сабағы
C) ертегі сабақ, КВН сабақ, интеграцияланған сабақ
D) жаңа материалды оқу сабағы
E) қайталау сабағы
Оқыту процесінің мәнін анықтаңыз:
A) оқыту процесі оқушыларға білім беруден тұрады
B) оқыту процесі оқушылардың білімді игеруінен тұрады
C) оқыту процесі білімді, білікті, дағдыларды игеруде бақылауды және іс- әрекет тәсілдерін алдын ала қарастырады
D) оқыту процесі зиялылық дамуға, білімді қалыптастыруға бағытталған оқушылар мен мұғалімдердің екі жақты бірлескен іс- әрекетінің процесі
E) өз бетімен жұмыс барысында жаңа хабарды алу процесі
Оқытудың дәстүрлі түрін ата:
A) түсіндірмелі иллюстративті
B) проблемалық
C) бағдарламалық
D) компьютерлік
E) дамытушылық
Білім беру мазмұнын көрсетпейтін құжат:
A) Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік стандарты
B) оқу жоспары
C) сынып журналы
D) оқу бағдарламасы
E) оқулықтар
Білімдердің қалыптастырылғандығының негізгі көрсеткіші:
A) түсініктерді игермеу
B) деректерді игермеу
C) оқу жылдамдығы
D) конспектіні жасау білігі
E) тәжірибелік әрекетті модельдеу
Нені және қалай оқыту жөніндегі көзқарастардың ғылыми жүйесі?
A) оқыту
B) тәрбие
C) даму
D) оқу
E) дидактика
Тұлғаға бағдарлап оқыту дегеніміз не?
A) нақты тәрбиелік міндеттерді шешуге бағытталған тәрбие жұмысының процесі және нәтижесі
B) қарапайымнан күрделіге қарай біркелкі қозғалыс процесі
C) оқушылардың мүмкіндіктері мен қабілеттерін жан жақты есепке алуды, олардың жеке қабілеттерін дамыту үшін қажетті жағдайларды жасауды қамтамасыз ететін оқыту процесін ұйымдастыру тәсілі
D) барлық факторлардың әсерімен адамды әлеуметтік тіршілік иесі етіп қалыптастыратын процесс
E) адамның қалыптасуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін тәрбие мәселелеріндегі оқу - тәрбие процесі
Оқытудың функциялары:
A) білім беру
B) білім беру, тәрбиелеу, дамыту
C) дамыту
D) оқыту және дамыту
E) тәрбиелеу
Қайсысы оқытудың әдісі емес?
A) түсіндіру
B) жарыс
C) лекция
D) кітаппен жұмыс
E) баяндау
Педагогикалық технология дегеніміз :
A) оқыту әдістемесі
B) техникамен қамтамасыз ету
C) технократия теориясы
D) қазіргі қоғамдық ойдың бағыты
E) тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін амалдардың, қадымдардың тізбектеле орындалатын жүйесін құрайтын педагогика ғылымының бағыты
Жеке оқу пәнінің мазмұнын анықтайтын құжат?
A) оқу жоспары
B) оқу құралы
C) оқу кітабы
D) оқу бағдарламасы
E) әдістемелік нұсқаулар
Обьектіні тікелей көруді қажет ететін дидактикалық принцип :
A) оқытудың көрнекілігі
B) оқытудың жүйелілігі
C) оқытудың ғылымилылығы
D) оқытудың ұласымдылығы
E) оқытудың қолжетерлігі
Оқушылардың санымен, уақытпен, оқыту орнымен байланысты оқу процесін ұйымдастырудың сыртқы көрінісі :
A) тәрбие әдістері
B) тәрбие принциптері
C) оқытудың формасы
D) тәрбиенің формасы
E) оқытудың әдістері
Оқыту процесінің қозғаушы күштері:
A) оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру
B) білім, білік, дағдыны игеруге бағытталған мұғалім мен оқушылардың танымдық әрекеттерінің жиынтығы
C) оқыту процесінің қарама - қайшылығы
D) мадақтау, жазалау, жарыс
E) оқушылардың іс- әрекетін басқару
Достарыңызбен бөлісу: |