Педагогика ғылымының мәні. Оның ерекше білім саласына бөлінуі және зерттеу аймағы



бет18/31
Дата15.06.2022
өлшемі158,6 Kb.
#36865
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
Педагогика емтихан

Мотивация – психология ғылымындағы өте бір күрделі ұғым болып табылады.
С.Л. Рубинштейннің айтуынша іс-әрекеттің өзінде бағытталуына орай мақсаты нақты көрінеді және әрекет орындалуына қарай мотивтері белгілі болып отырады. Әрекет мотивтері өте күрделі, олар түрлі қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде дамиды. Адамзатқа мотивтер арқылы қоғамның жері көп жағдайларда бағалау әрекеті көмегімен беріліп, жүзеге асып отырады.
Оқу мотивтерінің даму мәселесі үнемі психолог-ғалымдарды қатты толғандырып келген жәит. А.Н. Леонтьев, М.И. Божович, Н.Г. Морозова, Л.С. Славиналар өз еңбектерінде оқу мотивтерінің дамуы туралы зерттеді. Мектеп оқушылары үшін мотив жәй ғана оқу, үшінші, төртінші сынып оқушылары үшін бағаның рөлі жоғарылайды. Алтыншы, жетіншісі сыныптарда оқушылар үшін басты мотив-болашаққа дайындық болады. Яғни баланың оқу және тәрбие саласындағы жетістігі тікелей мотивацияға байланысты. Қажеті мотивацияның бала бойында болмауы оқу әрекетіне бейімделмейді. Сонымен қатар әлеуметтік тұрғыда да аз белсенділік көрсетеді. Педагогикалық бағалау ерекше ынталандыру болып келгендігінен оқу және тәрбие әрекетіндегі табысты анықтайтын қызмет негізі. Педагогикалық бағалаудың бірнеше түрлері болады. Оларды пәндік және арнайы, материалдық және моральдық, нәтижелі және процестік, сондық және сапалық топтарға бөлуге болады.
Психологиялық-педагогикалық теория және тәжірбиеде баға ұғымы көбіне бағалау деген ұғыммен түсіндіріледі.
Бағалаудың оқу процесінде орындайтын үш қызметі талданады, оның негізгісі – дамытушылық қызметі, функциясы.
Дамытушы бағалау ісі оқытуда қажетті психологиялық жағдайдың бірі болып табылады. Білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметтері қарастырылады. Білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде оның формасы, түрі ажыратылады. Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні-оқушыларға дер кезінде көмек көрсету, олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Білімде, іскерлікті, дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет көздерінің бірі. Баға қою арқылы бала жанына үрей туғызудан гөрі қайта талаптандыруға ұмтылу керек.

  1. Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау, бағалаудан

Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың ,сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше, Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдыны қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.К.Исақов, Е.И.Перовский, С.Ф.Сухарский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктің ғылыми педагогикалық еңбектерінде талданған.
Бақылауды ұйымдастырудың жекелеген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пшкало, Т.Л.Коган және т.б теориялық талдау жасаған.
Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады, себебі «есепке алу», «бақылау», «бағалауды» ұйымдастырудың мәні, олардың оқу тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.
Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің «5» балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік, оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауда, оның нәтижесінде оқыту процесінің сапасын арттыруда мұғалім әр кезде бағалау жүйесін дұрыс қолдана алмайды.
Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отыра, білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы және прктикалық қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.

  1. Мектепішілік басқару

Жалпы басқару дегенді — шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытын-дысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін.
Мектепішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогика-лық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет