Қожа Ахмет Яссауи (1094-1167 ж.ж)өмір сүрген Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы.
Ахмет Яссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфиджап (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған.
Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында.
Алғаш рет білімді жергілікті ғұлама Арыстанбап бабадан алады, кейін Бұхара қаласында дәріс алуға барып, парсының белгілі ғалымы Жүсіп Хамаданиден білімін тереңдетеді. Соңынан туған жеріне қайта оралып, сопылық білімін жалғастырады. Сопы ретінде Яссы (қазіргі Түркістан) қаласына келіп, «Яссауишілік» атты діни ағымның негізін салады.
Ахмет Жүгінеки (ХІІ ғ.).Еліміздің сан ғасырлық тарихында өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының орта ғасырлық тарихында өзіндік орны бар ірі тарихи тұлғалардың бірі, ХІІ ғасырда өмір сүрген қазақ топырағында қазіргі Түркістан қаласы маңындағы Жүгінек елді мекенінде дүниеге келген. Орта ғасырлық түркілік мәдениеттің ірі тұлғасы. Тоталитарлық жүйенің кезінде атеистік бағыттағы дүниетаным басымдылық еткені белгілі. Соңғы кезде елімізде демократиялық үрдістерге бетбұрыс негізінде Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки сияқты діни философияның өкілдеріне деген көзқарасты өзгертіп, олардың іліміндегі адамгершілік құндылықтарды, тәлімдік-тәрбиелік қағидаларды, даналықтың үлгілері бар екендігін мойындатты.
Кеңестік дәуірде Ахмет Жүгінекидің «Ақиқат сыйы» атты тарихи еңбегі 1985 жылы белгілі филолог ғалымдардың Ә.Құрышжанов пен Б.Сағындықовтардың дайындауларымен қазақ тілінде жарық көрді.
Ахмет Жүгінекидің «Ақиқат сыйы» - діни – философиялық рухани мұра, дидактикалық сипаттағы дастан. Бұл дастанның түркі тілдеріндегі бұдан бұрынғы ғақлия дастандарымен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Ақын шығармаларда өсиет, дидактикалық ой, ғибратнамалық нақыл сөздер басым. Ол тіршілік өмірдегі әсемдікті, адамгершілікті, имандылықты, ізгілікті, адамдардың ұнамды іс-әрекеті мен жарасымды мінез-құлқын дәріптейді. Дастан дидактикалық сипаттағы 504 өлең жолынан тұрады. Бұл шығарма нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерден тұарды. Дастан білім алу жалпы адамзат үшін, әсіресе кедей-кепшіктер үшін пайдалы екендігін баса айтады.
Ахмет Жүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастанында өнер-білімнің пайдасы, адамгершілік, жағымды мінез-құлық қасиеттер туралы нақыл сөздерге ерекше орын берілген. Мәселен, «Білімсіз надан – құны жоқ бақыр», «Білімді мен білімсіз қашан тең болып еді», «Білімді әйел – ер, надан ерекек - әйел», «Сүйекке – май, адамға – білім керек», «Білімді адамның өзі өлгенмен, аты өлмейді», «Надан – тірі дегені болмаса, аты өлік», «Дәрежең үлкейген сайын ұстамырақ бол».