XX-XXI ғасырлардағы ҚР-ғы түпкілікті өзгерістер барлық өмір бағыттарын қамти отырып, елдің жаңа жүз жылдықтағы дамуы үшін өзіндік міндеттерді айқындайды. Оның ең басты шарты – білім екендігін бүкіл қоғам болып мойындайды. Ең алғашқы университеттердің ұйымдастырылуы кезінде дəл осы оқу орындары білім беру жүйесінің жоғарғы сатысында тұрды, соған орай қазіргі таңдағы өзгерістер де университеттердің дамуына ықпал етуде.
Қазақстандағы білімнің модернизациялану жағдайында жоғары мектеп педагогтерін дайындаудағы классикалық университеттердің орны мен рөлі олардың сипаты мен қалыптасу тарихын анықтау өзекті мəселе болып отыр. Осыған орай, отандық классикалық университеттердің генезисінің ерекшелігін ұғыну мақсатында ғылыми əдебиеттерге ретроспективті талдау жасау барысында, олардың өзіне ғана тəн мəнді сипатын көруге болады. Аталған мəселеге қатысты анықталған ерекшеліктерді екі аспектіде қарастыра отырып, алдымен, ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстандағы университеттік білім мен ғылымды дамыту мен жетілдіру маңызды мемлекеттік міндетке айналғандығы, əсіресе университеттердегі болып жатқан жаңалықтар университетпен байланысты барлық мəселелер кешенін тарихи ресурста қарастыруды ұсынатындығына; екінші жағынан, тамыры сонау он жылдыққа артқа кететін мəселелердің мəнін анықтау арқылы ғана білім беру саясатын тиімді етуге болатындығына көз жеткізе аламыз. Қазіргі кезде білім капиталға айналып отыр, бірақ қандай, қалай білім алу мəселесі көптеген жастарды толғандыра қоймайды. Əйтеуір грантқа ие болу, көптеген мамандықтарға білім алушылар қалдықты принцип бойынша ие болады. Əрине, білім алу процесінде қызығушылығы туындағандар мамандықты жалғастырып, маман иесі болуға тырысады, дегенмен сапаны құлдыратып, санды арттырып жүргендер де баршылық. Осыған орай мамандық таңдауда аса жауапкершілікпен қараған дұрыс. Бұл ата-ана, бала жəне біздер үшін де сын.
Қазіргі кезде Қазақстан нарықтық экономикасымен бар ел ретінде əлемдік қауымдастықпен мойындалған. Қазақстан тəуелсіздікті алған қысқа ғана уақыт аралығында экономикада, əлемдік өркениетке кірігу, жаңа прогрессивті технологияларды қолдануда күшті серпілістерге қол жеткізді, ол еліміздің əлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын анықтауға негіз болды.
Бұл контексте қазіргі заман университеттік білімнің рөлі мен мəні арта түседі, себебі оның даму көрсеткіші əлеуметтік қайта құру деңгейінің өлшемі болып табылады. Ол қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін қалайды, экономикалық күштің базасы мен маңызды факторы бола отырып, əлемдік қауымдастықтағы орнын анықтайды