Педагогика ғылымының қоғамдағы рөлі



бет1/6
Дата20.09.2022
өлшемі159,46 Kb.
#39614
  1   2   3   4   5   6

Педагогика ғылымының қоғамдағы рөлі

Дайындаған: Қошқар Айкерім

Тексерген :Абилхаирова Ж.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелері, проблемалары:

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелері, проблемалары:

  • қоғамды демократияландыру, ізгілендіру жағдайында адамның жеке тұлға болып қалыптасу проблемасы;
  • Республиканың тарихи, мәдени, экономикалық, әлеуметтік ерекшелігі жағдайында жас ұрпақтың ұлттық санасын дамыту және халықтың бай дәстүрін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдалану проблемасы;
  • Дүниежүзілік мәдениетті, жалпы адамзаттық құнды игілікті және дүние танымдық көзқарасты, халықаралық қатынасты қамтамасыз ететін – ана тілі проблемасы; сондықтан тәрбиенің басты мақсаттарының бірі — әрбір сәбиден бастап рухани, адамгершілік байлықтың көзі ана тілін жетік меңгеруді, әрбір адамның өмірлік қажеттілігіне айналдыру проблемасы;
  • Жеке бастың қалыптасуында қозғаушы күштерді анықтауда әлеуметтік және биологиялық факторлардың шешуші ролін зерттеу проблемасы;
  • Қоғам дамуының өркениеттілік танденциясына байланысты тәрбие мен білім берудің мақсатын жаңаша қарау проблемасы;
  • Қазақстан Респуликасының көп ұлттылық жағдайында жастарды ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу проблемасы;
  • Азаматтардың белсенділігіне жол ашу, әр азамат саяси және экономикалық әр алуан түрлілік жағдайында меншік иесі ретінде өз қабілетін толық таныта алатындығын зерттеу проблемасы;
  • әртүрлі пәндерді оқып – үйренуде диалектикалық тұрғыдан қарау, оқыту процесінде пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ашу және жүзеге асыру негізінде қазіргі заманның ғылыми интеграциялық байланыстарын зерттеу проблемасы;
  • тарих төрінен орын алып келе жатқан жаңа дәуір мұғалімнің кәсіби педагогикалық еңбегінің ерекшелігін зерттеу проблемасы;
  • ұлттық мектептерді дамыту және оның білім беру мазмұнын жаңарту проблемасы;
  • кәсіптік техникалық білім берудің педагогикалық проблемасы;
  • политехникалық білім беру, еңбекке тәрбиелеу және кәсіптік білім берудің өзара байланыстылық проблемасы;
  • оқу-тәрбие процесін дербестендіру және даралау проблемасы;
  • нарықтық экономика жағдайында жасөспірімдерді өмірге, еңбекке дайындау, кәсіптік іскерлігін арттыру проблемасы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет