Педагогика және психология институты



бет2/2
Дата07.01.2022
өлшемі53,32 Kb.
#17000
1   2
Күрделі эмоциялар. Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбің кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір-тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із қалдырады. Мәселен, адам көптен айналысып жүрген ісі оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе (жоғары оқу орнын бітіру, диссертация қорғау т.б.), шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, ол ылғи да сәтсіздікке ұшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді. Сондықтан да «Көңілсізден күлкі шықпас», «Адам көңілден азады» деген мақалдар тегіннен-тегін айтылмаған. Ерік-жігері күшті, рухани өмірінің мазмүны бай адамдар, тіпті ауыр жағдайларда да көңілді жүреді. Оптимистік, жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау ерік-жігері күшті, қажырлы адамдардың басты қасиеті. Адам өз көңілінің қожасы болу керек екендігін олар іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Осы айтылғандардан өмір сүруге қолайсыз кездерде де көңілді ыркына жібермеуге болатындығы, көңілдің тұрақты болуы жүмыс қабілетін арттыруға, адамның жекс қасисетінің жақсы сапаларына байланысты екені жақсы аңғарылады. Өз көціліне  меңгере білу – мүғалім үшін аса қажетгі сипат. Төмснгі сынып оқушыларының мүғалімінің қасы мен қабағына қарап отыратыны белгілі. Егер мүғалім көңілсіз кірбің болса, оқушылардың оқу материалдарын меңгерулеріне қолайсыз әсер етеді. Эмоцияның бір түрі – аффекттер. Аффекттер дегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффекттер кейде адамның бүкіл психикалық кейпін бұзып, мәнерлі қозғалыстарға толы, ерік күшінің әлсіреу жағдайында етед. 

Дені сау адамдардың аффектісінен психикасы ауруға шалдыққан адамдардың аффекттерін (патологиялық аффекттер) ажырату қажет. Мұндай аффекттер ми қабығы мен қабық асты орталықтарының байланысы бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушілік рөлі кемігендіктен болады. Аффекттерді тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе.



Құмарлық – адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терец, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық, бақ құмарлық, ойын құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз. «Құмарлық кісіге жүк артады, міндеттілік туғызады, міндет борышты етеді, бұлар еңбекке жүктейді, ецбек ғылым мен өнерге ашылған жол, – деп Абай адамға қажетгі құмарлықтың  психологиялық табиғатын көрсеткен А.С. Пушкин.

Балалардың қарапайым эмоциялары туған күнінен бастап-ақ


көрінеді. Бала есейген сайын эмоциялар біртіндеп дами түседі. Мәселен, екі жарым жасар бала қол-аяғы байлаулы адамның суретін көргенде, оған жаны аіыып жылаған. Төрт жасар бала анасы кітаптан иттің кірпіпі ұстап алайын деп түрған жерін оқығанда қатты күйзелген. Төрт-бес жасар балаларда  оғары сезімдердің (моральдық, эстетикалық) элементтері кездеседі. Мәселен, осы
жастагы баладан: «біреудің нәрсесін сұраусыз алуға бола ма?» десең,
«Сұраусыз алсаң, ұры атанып ұсталасың, жаза тартасың» – деп жауап
береді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісі тайыз, өмір тәжірибесі жеткіліксіз, түрлі психикалық кұбылыстары, әсіресе, ерік-жігері дамып жетілмеген. Осы жағдай оның эмоциясына да тән. Мектеп жасына дейінгі балалар эмоциясының  басты ерекшелігі – тұрақсыз, тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі.

Мектепке түсу бала сезімдерін жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиелеудің негізгі жолы болып табылады. Төменгі сынып оқушылары да (әсіресе, бірінші, екінші сыныптағылар) аса сезімтал, эмоциялы келеді. Бұл балалар сергек те жайдары, ақ көңіл де сенгіш, аңқау да, әділ болып келеді. Олар кез-келген нәрсенің бәріне таңырқап, қызықтайды және өзінің қатынасын белсенділікпен білдіріп отырады. Бала сабақ үстінде де бірқалыпты отыра алмайды. Өйткені өзіне ие бола алмай, сезімінің жетегіне еріп кетеді. Мәселен, бірінші сынып оқушыларының арасынан сабақ үстінде қатты дауыспен күлетін, не жылап жіберетін оқушыларды кездестіруге болады. Бұлар жүйкесі қозғыш, өздерін ұстай алмайтын балалар.

Сыныбы жоғарылап, есейген сайын оқушы мүндай қылықтарынан арыла бастайды. Мүғалімнің ерік-жігер тәрбиесін қосарластыра жүргізуі оқушыларға көп көмек көрсетеді. Осы жастағыларда бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін бір қасиет бар. Мәселен, біреу күлсе, оған қосылып қалғандары да күледі, біреу сөйлесе, қалғандары да оған қосылады. Бірінші сынып оқушыларының сезімдері, көбінесе тікелей қажеттеріне байланысты туып отырады. Жылау, күлу, қамығу, ұялу – бәрі де олардың қажеттерінің өтелу-өтелмеуінен туатын эмоциялар. Мұндай жағдайда оны ақылмен иландыру қиын. Мүмкіндігінше болашақ қажетінің өтелу жағын ойластыру керек. Бүл жай оқу процесін балалардың сезіміне тікелей әсер ететіндей етіп ұйымдастыру қажеттігін еске салады.

Мектепте баланың жоғары сезімдері одан әрі дами түседі. Әрине, баланың жоғары сезімдерінің негізі мектепке дейінгі тәрбиеде қаланады. Осы кезде балада біреуді жақсы көруі (көбінесе, ол өзін жақсы көрген адамды ұнатады), тіл алғыштығы, біреудің айтқанын тыңдағыштығы байқалады. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді. Мәселен, космонавтарға еліктеп, солардай болсам екен деу – кез-келген баланың арманы.

Үшінші, төртінші сынып оқушыларының сезімдері бірте-бірте күрделене түседі, олар көңіл күйін бірқалыпты етіп ұстауға үйренеді.

Иоганн Фредрих Гербарт 1776 жылы Германияда туған. Ол әуелі классикалық латын мектебін, онан кейін Иен университетін бітіреді. Оқуын бітіргеннен кейін Швейцарияда жеке үйлерде сабақ беретін оқытушы болады. Осы кезде атақты педагог Г. Песталоццимен танысады, бірақ Гербарг оның көзқарасындағы демократияшыл бағыттан әсер ала алмады. 1802 жылдан бастап Гербарт Геттинг және Кенисберг университетінде профессорлық қызметте болады. Осы қызметінде ол кең салалы педагогикалық жұмыспен айналысып, Кенисберг университетінде мұғалімдер әзірлейтін семинар құрады, педагогикалық практика жүргізу үшін оның жанынан шағын мектеп ашады, онда өзі де сабақ береді.

Осылай Гербарт өзінің университетіндегі профессорлық қызметін педогогикалық тәжірибемен ұштастырады. Бұл оған педагогика мәселелерін тереңірек қарастыруға жағдай туғызады.

Гербарттың педагогикалық идеялары оның жазған мынадай еңбектерінде "Тәрбие мақсаттарының негізіндегі жалпы педагогика" (1806), "Психология окулығы" (1806), "Психологияны педагогикаға пайдалану жөніндегі хаттар" (1831), "Педагогика лекцияларының очеркі" (1835) баяндалған. Гербарт педагогика ғылымының жүйесін идеалистік философияның негізінде, әсіресе этика мен психолгияға байланысты зерттеуді көздеді. Өзінің философиялық пікірлері бойынша, метафизик болды. Оның пікірінше, дүние шексіз көп, өзгермейтін мәңгілік, абсолюттік мазмұндардан тұрады, бұларды адам танып біле де алмайды. Дүниенің өзгеруі жөніндегі адамның елестеулері мен түсініктері алдамыш; болмыс, болмыстың мазмүны да өзгермейді деді ол.

Гербарт психологиялық мәселелерді зерттеуде де метафизик болды. Оның ойынша, адам жаны да өзгермейтін, қарапайым мазмұн. Жан адам денесімен ұштасу, байланысу.



И.Ф.Гербарт теориясы. Эмоциялар теориялары туралы сөз қозғағанда, И.Ф. Гербарт теориясы да қатар жүреді. Ол эмоциялар өкілдіктерден пайда болады деп сенді. Сондықтан жағдайды елестете отырып, біз кез-келген эмоцияны бастан кешіре аламыз. Эмоция дегеніміз - идеялардың «қарама-қайшылығына» реакция. Гербарт идеялар нейропсихикалық энергияны үнемдейді, ал эмоциялар энергияның барлық қорын «жаратады» дейді

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет