4.Психологиялық қақтығыс Қақтығыс психологиясы.
Қақтығыстың шығу себебі – тілдесудің мағыналық кедергілерін игере алмаудан.
Қақтығыс – бұл қарама – қайшылықтың ушыққан жері. Бұл заңды құбылыс – оны басқаруға болады, ол қажет те.
Қақтығыс ретінде әрқайсымыздың өмірімізде өзінше орын алады.
Осы себепті қақтығыстың шығу себебін, даму барысын және өрбүін, сонымен қатар қақтығысты алдын-алу мен реттеу механизмін түсіну маңызды.
Арнайы білім мен іскерлік тәжірибе сізге қақтығысты айналып өтуге, болмаса, оның позитивті құбылысын болдырмауға септігін тигізеді, әрі өзіңізді жетілдіруге көмектеседі.
Қақтығыстардың құрылысы, ағымы.
Жеке адамдардың арасындағы топтағы даулы жағдайларда, негiзгі жетiстiк, олардың тәсiлi туралы кереғар қызығушылықтар, пiкiрлермен, мақсаттармен, әр түрлi ұсыныстарының арасындағы соқтығысуды құрайды.
Сондай-ақ қақтығыстың тіке - бір-біріне бағынбайтын, көлденең – бір – біріне бағынышты адамдар арасында, аралас – айтылған мысалдың екеуі де бар. Кластық топтары да болуы мүмкін. Осының көбірек тарағаны көлденең және аралас түрі. Бұлар орта есеппен барлық қақтығыстың 70- 80 пайызын құрайды, сөйтіп аяқ-қолы байлаулы дегендей жетекшілерге тура келмейді. өйткені бұл жағдайда жетекшінің әр іс-әрекетін қызметтестері осы қақтығыстың призмасы арқылы қарастырады.
Қақтығыстар жеткіліксіз қарым-қатынастан, түсініспеушіліктен, жалған ой қалыптастырудың нәтижесі болуы мүмкін, сондай-ақ жоспардың сәйкес келмеуінен, дұрыс бағаламаудан болып жатады.
Қақтығыс тудыратын себептердің түріне қарай бөлуді де ұмытпаған жөн. Қақтығыстың шығу себептерінің барлығын тізбектеп шығу мүмкін емес. Дегенмен Р.П. Кричевский өзінің « Егер сіз жетекші болсаңыз» деген кітабында нұсқағандай ол негізінен үш түрлі себептен шығады:
- еңбек барысында;
- адамның карым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктерінен, яғни олардың жағымды, жағымсыз адамдарының мәдени, этникалық айырмашылықтарынан, жетекшінің іс-әрекетінен, нашар психологиялық коммуникациясынан т. т.
- топтағы мүшелерінің өзіндік ерекшелігімен, мысалға, өзінің эмоциялық қалпын ұстай алмайтындықтан, басқыншылығынан, т.т.
Қақтығыстарды оларды ұйымдастыру мәніне қарай, сонымен қатар оларды шешу тәсіліне қарай ажыратады.
Қақтығыстарды ұйымдастық үшiн және сонымен бiрге оларды шешу тәсiлi бойынша танып бiледi.