3. Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипатталуы керек.Әрбір тақырып бойынша бірнеше сабақ өткізілуі мүмкін және олардың әр қайсысының өзінің нақты дидактикалық мақсаты болуы тиіс: оқушыларды ойлау операцияларымен қаруландыру (классификаиялау, көшіру, жалпылау, т.б.), білімін практикада қолдануға дағдыландыру, оқуды тақырып бойынша жекелеген фактілермен таныстыру, теориялық қорытындыларды өз бетінше тұжырымдау дағдысын қалыптастыру және т.б. Мұғалім белгіленген мақсатқа байланысты сабаққа дайындалу процесінде оқушыларға беретін оқу материалының мазмұнын, сабақтың құрылымын, оқыту әдістерін, құралдарын, т.б. - анықтау керек. Әрбір сабақтың айқын мақсатының болмауы оларды біржақты болуға, ал бұл оқуға дегеп қызығушылықтың жойылуына алып келеді.
4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану. Оқушыларға кез-келген бірыңғай ұзақ ықпал ету (мысалы: ұзақ ауызша түсіндіру) олардың ынтасының ыдырауына, енжарлыққа алып келуі мүмкін. Олар сабақта алаңдайды, мұғалімнің ақпаратын қабылдамайды. Сондықтан да әрбір сабақта оның әрбір кезеңдерінде оқушылар қызметінің түрлерін орынды өзгертуге ұмтылу керек. Ол үшін әлсін-әлсін әр түрлі сезім органдарына әсер ететін, тиімдірек танымдық қызметке жағдай туғызатын, оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет. Сабаққа дайындалғанда, қашан, сабақтың қай бөлімінде қандай әдіс, тәсіл немесе құрал пайдаланылатынын жеткілікті ойластыру қажет. Дегенмен, сабақта қызмет түрлерін ауыстыруда оқушылардың жас ерекшеліктері, сыныптың ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Себебі балалардың барлығы барлық уақытта қызметтің бір түрінен екіншісіне ауыса алмайды.