Өздік жұмыстың түрлері
1.Танымдық бағыт (реферат ).
Көрсетілген әдебиеттер бойынша конспект жасап, мәтіннің қай қай қырынан зерттелгеніне, мәтінге қандай анықтама берілгеніне тоқталыңыздар. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. (Тілтаным, Алматы, 2002ж. ‑ №4 ) атты мақаласындағы мәселелерді анықтаңыздар.
Г. Колшанский(Лингво-гносеологический основы языковой номинации// Языковая номинация . Общие вопросы.– М., 1977. 130-141с) еңбегіндегі ақиқат-ойлау-тіл байланыстарын айқындайтын пікірлерді тауып жазыңыз.
2. Когнитивтік бағыттағы зерттеулер.
Антропоөзектік бағытқа тапсырма дайындау. Бірыңғай монологқа, бірыңғай диалогқа құрылған мәтіндерді жинақтап талдаңыз.
Когнитивтік лингвистиканың қарастыратын мәселелерін төмендегі еңбектерге сүйеніп анықтаңыздар:
1).Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.
2). Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.
3. Мәтіннің күрделі фразалық тұтасымға мүшеленуі. Осы аталған тақырыпқа «Қайшығұлова Ж. Қазақ мәтінінің күрделі фразалық тұтасым/абзац деңгейінде мүшеленуі. Алматы, 2001» деген еңбегіне сүйеніп реферат жазыңыздар. Еңбекті «Дербес піікір» бойынша бағалап, өзіңіз жинаған мысалдар бойынша дәлелдеңіздер.
4. Мәтіндегі тілдік бірліктердің прагматикасы. Тақырыпқа қажетті зерттеулердің катологын жасаңыздар. Г. Әзімжанованың «Қазақ көркем проза мәтінінің прагматикалық әлеуеті» атты еңбегін пайдаланып, прагматика терминіне түсінік беріңіздер, өзіңіз талдау нысаны етіп алған мәтінге прагматикалық талдау жасаңыздар.
5. Тәуелдік жалғау, шылау, қыстырма сөздердің байласымдық қызметі. Прозалық шығармадан таңдалып алынған синтаксистік тұтастыққа талдау жасаңыздар. Тәуелдік жалғаудың, шылау түрлерінің, қыстырма сөздердің қызметіне түсінік беріңіз. Талдау негізінде өзіндік тұжырымыңызды қорғап шығыңыздар.
6. Мәтін композициясы. Осы тақырыпқа баяндама әзірлеңіздер. Мәтін композициясын құрайтын құрылымдарды анықтаңыздар. Оның адресант пен адресат арасындағы қарым-қатынасты үйлестіруге қызмет атқаратынын дәлелдеңіздер.
7. Мәтіннің композициялық-сөйлеу формаларына мүшеленуі. Қажетті әдебиеттерді пайдаланып, мәтіннің сөйлеу формаларына мүшеленуін талдап түсіндіріңіздер. Өздеріңіз ұнатқан бір тақырыпқа жазбаша мәтін құраңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |