ЕАГИ тәжірибе жетекшісінің қорытындысы _________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тәжірибе бағасы _____________________________________
Жетекшінің қолы __________________________________
«___» ___________________ 20__ ж.
Қосымша 3
Оқушы тұлғасының психологиялық сипаттаманың сызбасы
Оқушы туралы жалпы мәліметтері: жасы, сыныбы, мектебі, денсаулықтың жағдайы, солақайлықтың болуы, сырт келбеті ( қысқаша ауызша суреттеме)
Отбасы тәрбиесінің жағдайы: отбасы құрамы: мамандығы, жасы, ата –ана және отбасының басқа мүшелер туралы қысқаша сипаттама ( ағайын, әпкелер- үлкен-кішілері, егіздер, ата – әжелер және т.б.), отбасындағы қарым-қатынасы, ата-ана тәрбиесінің стилі, отбасындағы баланың рөлі мен жайғасымы, баланы тәрбиелеу бойынша үлкендер әрекетінің келісушілігі, бала мен оның оқу әрекетіне қатынас, үй тапсырма орындауын бақылау, мұғалім айтқан ескертуге реакциясы, ата-ана мектебімен қатынасы)
Оқушы тұлғасының құрылымы
Темперамент: жүйке жүйесінің түрі, психологиялық мінездеме ( сензитивтілігі; әрекет қабілеттілігі мен олардың қатынасы; экстраверсия; қатаңдық; эмоционалды қозғыштық; реакция темпі); жүріс-түріс пен қатынасуда темпераменттің көрінуі.
Мінез-құлық: қарым-қатынас түрлері бойынша мінез-құлық белгілерінің сипаттамасы (өзіне, басқа адамдарына, іске, заттарға); акцентуация түрі; психикалық негативті күйіне икемділігі.
Әдістер мен әдістемелер: бақылау, әңгімелесу, өнім әрекетінің анализі, адам суреті, фантастикалық кейіпкердің суреті, тәуелсіз мінездемелердің жалпылауы.
Қабілеттер: жалпы, арнайы, дарындылық; кім және қай пішінінде дамиды.
Бағыттылығы: доминанты түрткі және әрекет мақсаттары, бағыттылығының түрі (қоғамдық, жеке, іскерлік); қызығушылықтары, армандар, мұраттар.
Өзіндік сана мен басқару жүйесі: Мен-концепциясы, өзіндік баға беру (деігейі, баламалылық, тұрақтылық, бағдарлану, дифференциалдылық), талаптану деңгейі (биіктік, баламалылық, тұрақтылық, динамика, жетекші бкталыс)
Бастауыш сыныптағы оқушының әрекеті.
Оқу әрекеті: мектеп оқытуына дайындығы(бірініші сынып үшін); оқуға түрткі және оқу қызығушылықтары; мектепке, оқуға, бөлек оқу пәніне және бағаға көзқарасы; оқу жетістіктері ( үлгерімі, білім, ептілік, дығдылар); белсенділік, білімге құмарлық, ұқыптылық, «мектеп бейиазалықтың» болуы.
Ойын әрекеті: оқушы өміріндегі оның орны; басым және сүйікті ойындар, олардағы жақтаушы рөлдер; ойындағы құрдас және үлкендер ара қатынасы.
Еңбек әрекеті: қоғамдық-пайдалы және тұрмыстық еңбек ( әрдайым және ситуациялық тапсырмалар); талаптар, еңбекке қатынасы, белсенділік, құрдас және үлкендермен қызмет істеу қабілеті; бірлескен еңбек әрекетінің функциялар мен рөлдері.
Қарым-қатынас: қарым-қатынас қажеттілігі, көпшілдік, шынайы мен қалаған қатынастың шеңбері, қарым-қатыспен қанағаттандырушылық, қатынас мінезі( басым болу, бағыну, көсемдік, конформизм, эмпатия, даулылық); құрдас, үлкендер мен кілермен қарым-қатынас; өзінің және қарама-қарсы жыныстағы балалармен қарым-қатынас.
Оқушы ұжымның мүшесі ретінде: сыныптың қысқаша мінездемесі ( оқушы саны, қыз бен ұл қатынасы, бала ұйымның болуы, топтың формалды және формалсыз құрылымы, психологиялық климат, тұтастық, дарааралық қатынастар, сыныптағы ұжымның қалыптасу деңгейі), топ формалды және формалсыз құрылымының орны; сыныптағы өз беделін түсіну және оған қанағат болу; ұжым мүшесі болуға қажеттілік; мойындаушылыққа қажетсіну; бедел (неден негіздеген), сыныптағы салмақтық құбылыстарға қатынас; сыныптастарарасында дау және оны шешу жолдары.
Психикалық және танымдық процестері:
Зейін: түрлері, қасиеттері, жас ерекшеліктері, үлгерім мен тәртіпке әсері.
Сезім мен қабылдау: анализаторлар дамуы, қабылдаудың саналылық пен тұтастығы; уақыт пен кеңестікті қабылдау, адамы қабылдау, бақылаушылық.
Ес: даму деңгейі, даралық және жас ерекшеліктері, жаттауға бейімділік, үлгерімге ықпалы.
Сөйлеу: фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, стильдік ерекшеліктері; мазмұндылық пен түсініктілік,; қисындылық, сөз қорының байлығы, сөйлеу «штамптарының» болуы; мәнерлілік, эмоционалдылық, вербалды емес сөйлеу қолдану,; жыныстық ерекшеліктері; ауызша және жазбаша сөйлеудің даму деңгейі.
Қиял: жаңадан шығару және шығармашылық, қиялдауға бейім, иілгіштік, шапшаңдылық, дербестік, жалпылаулық, эмоционалдық, продуцирлық кейпінің әдеттегі тәсіл, тұлға жасампаздықтың даму деңгейі.
Сезім және эмоциялар: басымдылық, эмоционалды қозғыштық және тұрақсыздық, табыс және табыс емес жағдайлардағы аффекттілкке бейім; педагогикалық әсерге қатынасы, әртүрлі жүмыс түрлерінде және дарааралық қатынастағы доминантты эмоциялар, әдеттегі психикалық күйлер, фрустрациялық толеранттылық және фрустрацияғы әдеттегі реакциялары.
Ерік-жігер: даму деңгейі, мақстаттылық, ынталылық,батылдық, өзін өзі ұстай білу, ерік-жігер дағдының болуы.
Жалпы түйіні мен ұсыныстар: оқушының жалпы психикалық дамудың деңгейі, жас ерекшеліктеріне сай келуі, психо-педагогикалық түзету мен оның жолының қажеттілігі; ұсынстар кімге арналған; оқушыны зерттелгенде тұлға дамуына студенттің қосқан жеке үлесі.
Достарыңызбен бөлісу: |