Педагогика кафедрасы


Студенттерде (ұлттық қатыстылығына қарамастан): а)



бет2/4
Дата04.02.2023
өлшемі1,45 Mb.
#65124
1   2   3   4
6. Студенттерде (ұлттық қатыстылығына қарамастан):
а) ұлттың жоғары қадыр-қасиет, патриотизм мен азаматтылық, төзімділік пен адамгершілік деңгейін, денсаулық пен салауатты өмір сүруді бағалай білуді;
ә) мемлекеттің әл-қуатын дамыту мен қауіпсіздігін сақтауға жауапкершілікті мойынға алуды, туған жері қожайыны ретінде сезінуді;
б) дербес өзін-өзі құрушы қызмет қажеттілігі мен дайындығына тұлғаның мәндік маңызын дамытып, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі танытуға қажетті шарт ретінде, жақсылық, ақиқат, сұлулық сияқты «мәңгілік» мұраттарды белгілейтін өмір, бостандық, ар, сенім, сүйіспеншілік, бақыт сиқты негізгі жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған тұлға болуға тәрбиелеу.
7. Этносаралық, конфессияаралық және мәдениетаралық диалогқа дайын болуды айқын білдіретін жан-жақты парасатты, жетілген және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру .
Жоғарыдағы айтылғандарға сәйкес «тәрбие», «этникалық тәрбие», «көпмәдени тәрбие», «ұлттық тәрбие» ұғымдарының мәнін анықтауға тоқталамыз. Осы ұғымдардың мәнін ашу «Ұлттық тәрбие» ұлттық идеясының үш маңызды құрауыштарының контекстінде (мәнмәтінінде) ұлттық тәрбие берудің жоғарыда белгілеп көрсетілген міндеттерінің маңызын анықтауға мүмкіндік береді.
Қоғамның дамуы мен сақталуы ұрпақ тәжірибесін үздіксіз берумен байланысты. Оны жаңа ұрпақ материалдық және рухани құндылықтарды дамытуда өз үлесін қоса отырып, меңгереді және қолданады, байытады және жетілдіреді. Мұндай байланыс пен сабақтастық тәрбие арқылы жүзеге асырылады.
Тәрбие – бұл қоғамның тарихи және мәдени тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа берумен байланысты қызметі. Тәжірибені адамға таныс білім, білік, ойлау тәсілі, адамгершілік, этикалық, құқықтық нормалар және т.б. деп түсінуге болады. Яғни адамзаттың рухани мұрасының тарихи даму үдерісіндегі жасалғанның барлығы. Адамзат есейген сайын әлеуметтік тәжірибе мазмұны бойынша күрделене түскен. Осыдан тәрбие өмірдің және қоғамның дамуының маңызды факторы, сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында тұлғаны қалыптастырудың мақсатқа бағытталған үдерісі.
Француз философы К.А.Гельвеций XVIII ғасырда-ақ «тәрбие жетілген сайын халық бақытты болады» - деп жазған.
әлеуметтік құбылыс тек адамдарға тән. Жануарлар мінез-құлықтың дайын сызбанұсқасымен туылады, оған тек қана нақты жағдайға бейімделу қажет. Ал адам әлем туралы дайын біліммен өмірге келмейді, оларды қоғамдағы өмір сүру үдерісінде меңгереді;
тарихи сипатқа ие. Бұл мақсат, мазмұн, құрал, формалар мен әдістер, қоғамдағы өзгерістерге қарай өзгеретін саяси білімдерде байқалады;
қоғамның қызметі арнайы құрылған мемлекеттік және қоғамдық құрылым, қоғаммен бақыланатын және коррекцияланатын білім беру мекемелері арқылы жүзеге асырылады.
40-35 мың жыл бұрын адамзаттық қоғамның пайда болуымен қалыптасты және барлық қоғамдық-экономикалық формацияға тән. Тәрбие содан бері, қоғам өмір сүріп жатқанда болады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет