Тәрбиеге келесі ерекшеліктер тән: Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде – өсіп келе жатқан ұрпақты, оның қоғамның өндіріс күшінің маңызды элементі, өзінің өмірлік жолын жасаушы, тұлғалық және жеке дамуын қалыптастырудың, қоғам өміріне қатыстырудың, ендірудің күрделі және қарама-қайшы үдерісі. Сондықтан тәрбие сонымен бірге тұлғаның мәнді күштерін, өзінің табысты өмір сүруі мен тіршілігіне қажетті құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдар мен моральдық нормаларды меңгеруін және қабылдауын ашып көрсететін мақсатқа бағытталған, ұйымдастырылатын үдеріс ретінде қарастырылады.
мазмұны бойынша (адамгершілік, еңбек, ақыл-ой, физикалық, эстетикалық және т.б.);
формасы бойынша: институциональдық белгісі (отбасылық, мектептік), конфессиональдық (діни), арнайы оқу мекемесіндегі тәрбие (пенитенциарлы), тұрғылықты орны бойынша (мектептен тыс) және т.б.;
тәрбиенің объектісі бойынша (азаматтық, патриоттық, құқықтық, экологиялық және т.б.).
Тәрбие түрлерінің әртүрлі жіктемесі бар: XX ғасырдың ортасы мен XXI ғасырдың басында әлемдік қауымдастықта жаһандану бағыты, мәдениетаралық өзара байланыстың кеңейтілуі, рухани және материалдық құндылықтар пайдасының өсуі, тұлғалық жекеліктің дамуы байқалды:
басқа адамға, нәсілге, дінге, әлеуметтік құрылысқа, тәрбиенің мұратына толерантты қатынасын тәрбиелеу;
дербес адамгершілік жоғары сапа қасиеттерін тәрбиелеу;
адамдармен – басқа нәсіл, тіл, дін, этнос және т.б. өкілдерімен бірге өмір сүру дағдысына тәрбиелеу;
басқа адамға көмектесуге дайындық және рақымдылық сезіміне тәрбиелеу;
әлем үшін тәрбиелеу.
этнос қалыптастырушы, этникалық сәйкестендіру мен этникалық әлеуметтендіруді дамытуға бағытталған этникалық тәрбие есебінен жүзеге асырылады;
азаматтық, азаматтық сәйкестілікті дамытуға бағытталған көпмәдени тәрбие есебінен іске асырылады;
жалпымемлекеттік, болашақ мамандардың бәскеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған зияткерлік тәрбие арқылы жүзеге асырылады.
Жоғарыда айтылғандардан мынадай ережелер мен тұжырымдар жасалады: 1. Қазіргі заман жағдайында болашақ мамандарға ұлттық тәрбие берудің өзекті міндеттерінің бірі олардың жоғары деңгейдегі ұлттық сана-сезімін қалыптастыру болып табылады.
2. Болашақ мамандардың жоғары деңгейдегі ұлттық сана-сезімін қалыптастыру «Ұлттық тәрбие» ұлттық идеясының үш маңызды құраушылары контекстінде (мәнмәтініде) жүзеге асырылуы тиіс:
Сондықтан көпұлтты қуатты Қазақ мемлекетінің жарқын болашақта қалыптасуы ұлттық тәрбиенің мәнін өзіне этникалық, көпмәдени және зияткерлік тәрбие, олардың бірлігін, өзара байланысын мен өзара шарттылығын таңдап алған «Ұлттық тәрбие» ұлттық идеясының үш маңызды құраушылары контекстінде (мәнмәтінінде) кеңінен түсінуді талап етеді.
Кез-келген қоғам тәрбиелік жүйені құра отырып, мақсатқа бағдарланған үдерісті жасауға талаптанады. Мақсаты – іс-әрекеттің идеалды үлгісінің нәтижесі. Тәрбиенің мақсаты тәрбие үдерісінің нәтижесі туралы алдын-ала анықталған түсініктер. Осындай нәтиже тәрбиелік идеал/мұрат болып табылады. Сондықтан ұлттық тәрбиелік мұрат (идеал) – білімнің жоғары мақсаты, адам туралы адамгершілік (идеалды) түсінік, тәрбие, оқыту мен даму ұлттық өмірдің негізгі субъектілерін күшейтуге бағытталған: мемлекет, отбасы, мектеп, саяси партиялар, діни бірлестіктер және қоғамдық ұйымдар (А.Я. Данилюк, В.А.Тишков, А.М.Кондаков).
Қоғамның даму үдерісінде тәрбиелік идеал/мұрат өзінің нақты-тарихи мазмұнымен толықтырылады. Спартадағы тәрбиелік идеал – тамаша дайындалған әскер, әскери қауымның мүшесі. Сократтың пікірінше, тәрбиенің мақсаты – бұл өзін-өзі тану. Платонның шәкірті Аристотель тәрбиенің мақсаты – жанның жоғары жақтарының – ақыл мен ерік-жігердің дамуы деп есептеген. Сонымен бірге көп уақытқа дейін тәрбиенің мақсаты адамның алла берген табиғатынан деп түсініліп келді.
Ағылшын философы Д. Локк тәрбиелік идеал – жоғары білімді адам – джентльмен, іскерлік және кәсіпкерлік қасиеттерін меңгерген, басқа адамдармен қатынаста тәрбиелілігімен ажыратылады, деп есептеді.
Тәрбие мақсаттарының ішіндегі жаҺандық мақсаты – әр адамның жан-жақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Тәрбиенің жетілген адам туралы ертедегі – дене әсемдігі мен рухани-адамгершілік құрылымның сәйкестілігін үйлестіру идеясы Ежелгі Грецияда пайда болды. Ол «калокагатия» (грек. kalos – тамаша, әдемі, agathos – мейірімді, адал) деген атқа ие болды, рухани және денеге қатысты әсемдік, әдемілік. Шынында, идеалды адам басшылық жасайтын топтан болуы керек деп есептеді, сондықтан олардың еңбекпен шұғылдануына жол берілмеді.
Танымал қытай педагогы Конфуций идеалды адам, қайырымды ер («цзюньцзы»), текті жерден шығуы міндетті емес, бірақ ол өзінде жоғары адамгершілік қасиеттерді өзі тәрбиелеуі тиіс деп есептеді.
Мұндай адамға тән белгілер ізгілік, адамға сүйіспеншілік, әділдік, адамгершілік, үлкенді сыйлау және т.б. Конфуций шәкірттерінің өмірден нені қалаймын деген сұрақтарына: «Қариялардың тыныш өмір сүргенін, достардың адал болғанын, ал кішкентайлардың үлкендерге қамқорлық көрсеткенін» қалаймын деп жауап береді («Лунь юй»: путь Учителя, V, 26).
Сонымен, ұлттық мұрат (идеал) – бұл интеллектуалды дамыған, шығармашыл, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде өзінің тағдырына ғана емес, көпұлтты Қазақстанның болашағына жауапкершілікті жете ұғынатын жоғары деңгейдегі ұлттық саналы рухани-адамгершіл тұлға, азамат және патриот.
https://youtu.be/0WYggbxPIf4