Педагогика Кредит саны: 5 кредит «Қазақ филологиясы мен екінші шет тілдер» кафедрасының оқытушысы


Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары



бет3/8
Дата09.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#38726
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8

Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары

  • «Үздіксіз білім беру» ұғымының мәні. Тұлғаға үздіксіз білім беру – қоғамның тұрақты дамуының шарты. Тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығы. Үздіксіз білім алу - тұлғаның кәсіби сұранысқа ие болу және болашақ маманды дайындаудағы құзыреттілік тұрғыда оқытуды іске асыру факторы. Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі үздіксіз білім алудың мәні. Үздіксіз педагогикалық білім – мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуындағы және өзін-өзі танытуындағы жетістігінің шарты.
  • Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеттестігінің негізі. Педагогикалық қарым- қатынас стильдері. Әртүрлі жастағы оқушылармен педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері. Педагогикалық қарым-қатынасты орнатуға қойылатын талаптар. Қазіргі жағдайдағы мұғалімнің коммуникативтік құзыреттілігі.
  • Педагогтың сөйлеу мәдениеті – кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты. Мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын этикалық талаптар. Мұғалімнің сөйлеуінің тәрбиелік және білім берушілік әсері.
  • Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу - қазіргі мұғалім тұлғасын дамыту факторы, оның ерекшеліктері. Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру, құралдары, формалары, әдістері.
  • Педагогикалық рефлексия - өзін-өзі тәрбиелеудің негізі. Педагогикалық ұжымның педагог тұлғасының өзін-өзі тәрбиелеуіндегі рөлі. Өзін-өзі тәрбиелеудің Үздіксіз білім беру жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігін жоғарлатудағы рөлі.
  • Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайындағы өздігінен білім алудың рөлі. Өздігінен білім алу - қазіргі заман жағдайында мұғалімнің кәсіби іс- әрекетінің нормасы және түрі. Мұғалімнің өздігінен білім алу құзыреттілігі - оның өздігінен білім алу іс-әрекетінің нәтижесі.

Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде

  • Педагогика ғылымыны қалыптасуы мен дамуы. Педагогика – қазіргі адамтанудың саласы. Педагогика ғылым ретінде. Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері. Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері.
  • Педагогика негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы. Пәнаралық ұғымдардың (тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, әлеуметтену, қалыптастыру) педагогикалық ғылымдар жүйесінде қолданылу ерекшелігі. Педагогиканың әлеуметтік және мәдени қызметі. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың философия, психология, әлеуметану, физиология және т.б. ғылымдармен байланысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет