Педагогика Кредит саны: 5 кредит «Қазақ филологиясы мен екінші шет тілдер» кафедрасының оқытушысы


Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері



бет4/8
Дата09.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#38726
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Педагогика (на каз.языке)

Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері

  • Педагогика ғылымының әдіснамасы мен педагогтың әдіснамалық мәдениеті туралы түсінік. Педагогика әдіснамасының деңгейлері. Философиялық заңдар, заңдылықтар. Таным теориясы. Жүйелік тәсіл (тұғыр) - құбылыстардың жалпы байланыстарының бейнеленуі. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы. Әлеуметтендіру теориясы. Педагогикалық теория мен практиканың әрекеттестік диалектикасы.
  • Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны. Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру. Педагогика ғылымының әдістері. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің технологиясы. Ғылыми зерттеу бағдарламасы мен процедурасы. Мұғалімнің зерттеушілік іс- әрекетінің әдістері. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – кәсіби педагогикалық мәдениеттің бөлігі. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің сипаттамасы. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің мәні, құрылымы және қызметі. Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы

  • Адамды педагогикалық тұрғыдан табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді мүше ретінде түсінудің және оны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының философиялық ережелері мен әдіснамалық негізі. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы. Тұлға – іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдарына және олардың арақатынасына сипаттама.
  • Адамның дамуындағы және оның тұлға ретінде қалыптасуындағы (биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік) биологиялық және әлеуметтік арақатынас тұжырымдамасы. Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін факторлар (сыртқы және ішкі, биологиялық және әлеуметтік). Негізгі факторлар: тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие, олардың өзара байланысы. Іс-әрекетпен қарым-қатынастың тұлғаның дамуындағы және қалыптасуындағы рөлі. Тұлға - тәрбиенің, өзіндік дамудың объектісі және субъектісі. Тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары. Өзін-өзі тәрбиелеу - тұлғаның дамуы мен қалыптасуының шарты, нәтижесі.
  • Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті. Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері, жастық кезеңдерге сипаттама. Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы («жас ерекшеліктер дағдарысы», «дарынды балалар», «акселерация») және балалардың базалық психоәлеуметтік талаптары мәселелері, оларды оқу-тәрбие үдерісінде есепке алу. Ұл және қыз балаларды әлеуметтендірудегі гендерлік айырмашылық және заңдылықтар. Білім алушыларды дамытуда, оқытуда, өзін-өзі тәрбиелеуде, өзін-өзі дамытуда педагогикалық қолдау көрсету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет