Педагогикалық жағдаят №35
Сіз сынып жетекшісі болып естелетін сыныптағы бір оқушы мектеп бітіру кешіне бармайтынын айтады. Бұл оның отбасы жағдайына байланысты екенін сіз білесіз.
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №36
Сіз мұғалімсіз. Үзіліс кезінде сыныптағы бір оқушы келіп сізге сыныптастары туралы мәлімет айтады: анау көп әңгіме айтады, анау көп сөз тасиды, бірін-бірі қалай мазақтайтындығын айтты.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Достарыңызбен бөлісу: |