Педагогикалық жағдаят №53
Топтағы бір баланы балалар есімімен емес ұлтымен атайды. Бала үнемі жылап, балабақшаға келгісі келмейді. Тәрбиеші балаларға бұл қылықтары дұрыс емес екенін түсіндіреді. Бірақ балалар тәрбиешіге білдіртпей мазақтауларын жалғастыра береді.
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №54
Максат даярлық тобында,тәрбиешісі баланы мақтап тұрады, бірақ анасы үнемі баласына көңілі толмайды. Бала берілген тапсырмаларды баяу орындайды. Анасы оны жалқау деп санайды. Орындаған жұмыстарын үнемі қайта жасатып, түзетіп отырады. Максат анасына "Жасай алмаймын, қолымнан келмейді, одан да ойнайын"- деп жауап береді. Анасы алаңдап: "Қанша ойын ойнауға болады? Мүмкін оны мақтау керек шығар? Бірақ не үшін?"
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |