Педагогикалық жағдаят №436
Сіз сынып жетекшісіз. Оқушыларыңыздың бірінің сабаққа деген қызығушылығы төмендеп кетті. Күнделігінде «екіліктер» көбейген. Жағдайы нашарлап кетті: мұғалідер оқушыны ұялтады, сабақтан соң алып қалады, үйде көп өтірік айтып кетті, ауру анасы ұлына сенбейді. Сіздің әрекетіңіз:
Үлгерімі жоғары оқушыларға қадағалауын тапсырамын.
Ештеңе істемеймін, мектепте екілік бағамен оқитын оқушылар аз емес.
Педагогикалық кеңесте келесі жылға қалдыруға ұсыныс жасаймын.
Оқушының өзімен әңгімелесемін: «Не істейміз? Екеуміз жағдайды дұрыстауға тырысуымыз керек. Анаңа қазір өте қиын. Біз оған жағдайдың дұрысталатынын дәлелдеуіміз керек. Алда әлі 2 апта уақыт бар. Төрт пәннен екілік бағаңды өзгертуің керек. 12 желтоқсанда анаңды шақырып жағдайдың дұрысталып келе жатқанын көрсетеміз».
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |