Педагогикалық жағдаят №57
Сыныптағы бір оқушы сыныптасын ұнатпайды, онымен бірге жұмыс жасағысы келмейтінін ашық айтады.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
«Онда тұрған не бар?».
«Бірге жасауға тұра келеді, амал жоқ».
«Бұл сенің тарапыңнан ақымақтық».
«Осы жағдайдан кейін ол да сенімен жұмыс жасағысы келмейді».
«Сенікі дұрыс емес деп ойлаймын».
Сіздің өз жауабыңыз
Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №58
Анасы баласына жаңа аяқ киім (кеды) сатып алып береді. Бірақ біраз күннен кейін бала үйге аяқ киімсіз келді. "Жаңасын алу керек дейді ол анасына "
Менің аяқ киіміммен балалар үзілісте футбол ойнап, қайда тастағанын білмеймін, барлығымыз іздедік бірақ таппадық, - дейді.
Анасы баласын осы үшін жазалайды.
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |