Педагогикалық жағдаят №75
Сіздің сыныптасыңыз біреудің телефонын ұрлап алды. Сіз ұрлықтың куәгері болдыңыз.
Көрмегендей кейіп танытам. Себебі, ол менен мықты, білсе соңы қиын болуы мүмкін.
Ересектерге (мектеп директорына, мұғалімге) хабар берем.
Сыныптасымның ата - анасына айтамын.
Осы жағдайды сынып талқысына салам.
Сыныптасыммен сөйлесіп, оның қылығының дұрыс емес екенін түсіндіріп, кешірім сұрай отыра телефонды иесіне қайтарып беруін сұраймын.
Басқа шешім.
Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №76
Сізге шет елден оқу орнына түсуге үлкен конкурс шеңберінде, жазбаша емтихан тапсыру керек. Сіздің қолыңызға ойламаған жерден емтихан жауаптары түсті.
Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:
Өз біліміімді пайдаланып, алдын ала дайындалам.
Достарыма емтихан жауаптары туралы хабарлаймын.
Емтиханға қатысатын барлық талапкерлерге берем.
Ол жауаптарды мүлдем пайдаланбаймын.
Сіздің шешіміңіз.
Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |