Педагогикалық жағдаят №176
Үлкендерге, ата-анаға, мұғалімге деген құрмет ұлттық мәдениеттің адамгершілік компоненті ретінде қарастырылған. Сіз осындай пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
Педагогикалық жағдаят №177
Әр жолы мұғалім сыныпқа кіргенде, «... оның алдынан ұлы болудың мүмкіндіктері ашылады». Бұл пікірді бекітуге келісу немесе келіспеу жайында өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
Педагогикалық жағдаят №178
Антуан де Сент-Экзепюри айтқан: «Дүниедегі ең үлкен сән-салтанат – адамзаттық қатынас». Сіз осы пікірмен келісесіз бе? Өз көзқарасыңызды негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |