Педагогикалық жағдаят №179
Тыңдау біліктілігі – мұғалімнің негізгі сапасы. Оқушылардың мұғалімге білімді бағалау кезіндегі кең таралған шағымы: «Ол мені тыңдамады, барлық уақытта алаңдады». Сіздің пікіріңізше, «жақсы тыңдау» деген не? Жақсы тыңдаушы қандай болуы мүмкін?
Педагогикалық жағдаят №180
Ұлы педагогтардың пікірінше, тәлімгерді таңдау төтенше маңызды мәселе болып табылады. Тәлімгерді қандай белгілер бойынша таңдауға болатынына сипаттама беріңіз.
Педагогикалық жағдаят №181
Сіздің дос қызыңыз өзін төмен бағалау және бағалай алмау салдарынан сыныптастардың бет жүзіне қарамай мазақтаудың және келемеждеудің объектісі болады. Осы жағдайдағы Сіздің әрекетіңіз және ұсынысыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |