Педагогикалық жағдаят №22
Төртінші сабаққа таман оқушылар шаршап, қатты сөйлеп, шулай бастады.
Мұғалім сергіту сәтін жасайтындарын айтты, бәрі қуана келісті, алайда бірнеше оқушы мән бермегендей отыра берді.
Мұғалім сұрағанда:
-Неге жаттығу жасамай отырсындар?
Оқушылар
Біз ешнәрсе жасағымыз келмейді- деп жауап қайтарады.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №23
Биология пәнінің мұғалімі 10 сыныпқа сабаққа кірді. Оқушылар "Фототсинтез "тақырыбына дайындалған плакатты керісінше іліп қойды да, мұғалімнің қандай күйде болатынын күтіп отырды.
Мұндай жағдайда ұстаздың әрекеті:
Плакатты дұрыстап қойды.
Сыныпқа ескерту жасап, кезекші оқушыға дұрыс ілуін талап етті.
Қалжыңдай отыра, жымиып плакатты түзеп, сабақты жалғастырады.
Сіздің өз жауабыңыз.
Таңдаған жауабыңызды түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |