Педагогикалық жағдаят №455
Жасақтағы бір бала ешкімге қызық емес, сөзге түсінбейді, балалармен достасуға талпынбайды. Сырт көзбен қарағанда, оған мұндай жағдай қолайлы сияқты. Сіздің әрекетіңіз?
Әрине, оны жайына қалдырамын.
Оны басқа жасаққа ауыстырамын.
Өзін жақсы жағынан көрсетуіне мүмкіндік жасаймын.
Баланың тұлғасының ерекшелігін көрсетуге, балалар ұжымын жұмылдырамын.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №456
Сіздің жасақта материалдық жағынан жақсы қамтылған отбасынан шыққан балалар бар. Олар айналадағылардың бәрін, тіпті педагог-ұйымдастырушының өзін де өздеріне тең санамай, біз үшін бәріне рұқсат, бізге ерекше жағдай жасалуы тиіс деп санайды.
Бұл жағдайда не істеу керек? Сіздің әрекетіңіз:
Оларға жеке-жеке кім екендерін түсіндіремін.
Лагерь басшысына жетектеп апарамын, ол - тәжірибелі педагог, шешімін біледі.
Жасақтар жиналысында олар қонақ екенін және қонақ ретінде өзін ұстау керектігін айтып түсіндіремін.
Әрқайсысымен жеке жұмыс жүргіземін.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |