Педагогикалық жағдаят №114
Сабақ басталып кеткен, бірақ сыныптағы оқушылар шуылдап отыр. Сыныптың назарын сабаққа қалай аударыа тыныштандыруға болады. Сіздің әрекетіңіз:
Үстелді тықылдату
Сыныптың алдында бірнеше минут үнсіз тұру
Сынып кезекшісін шақырып, тақтаны тазалауын өтіну
«Сабақ басталды!» деп айғайлау
Өзіңіздің нұсқаңыз
Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз)
Педагогикалық жағдаят №115
Мұғалім оқушылардың көпшілігінің үй тапсырмасын орындамағанын анықтады. Олардың барлығының күнделіктеріне екілік қойды.
Сіз бұл жағдайдан қалай шығатын едіңіз?
Педагогикалық жағдаят №116
Жоғары сыныптың оқушысы мектепке бара жатқан бірінші сынып оқушысының ақшасын тартып алды. Жәбірленген оқушы сабақтан кейін болған жағдайды ағасына айтты, ертеңіне ағасы оны ұрып, арты төбелеске айналды. Осы жағдайға қалай ықпал етуге болатын еді. Өз әрекетіңізді талдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |