Педагогика мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері мен қабілетері


Сабақтағы оқушылардың оқу жұмысының формалары



бет2/4
Дата22.05.2023
өлшемі25,22 Kb.
#95881
1   2   3   4
4Сабақтағы оқушылардың оқу жұмысының формалары
Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі, ұжымдық формасы. Сынып-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері. Қазіргі сабаққа қойлатын талаптар: дидактикалық, тәрбиелік, психологиялық, гигиеналық, оқышуларды ұйымдастыу; сабақты өткізу техникасына қойылатынталаптар; оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.
5Тәрбие әдістері туралы ұғым, топтастыру.Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері
 Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.
Тәрбие тәсілдері:
1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
2. Ақпараттық - ағартушылық.
3. Бағдарлау - іс-қызмет.
4. Қатынас.
5. Бағалау.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.
Адамгершілік мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады. Оған мына категориялар жатады: ұяттық, жомарттық, әділдік, ерлік, кішіпейілділік, адалдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет