Педагогика тарихы


VІ-XІII ғ. ғ. Ежелгі Русьтегі мәдениет және білім беру



бет31/113
Дата07.09.2023
өлшемі2,03 Mb.
#106444
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

11. X-XVIII ғ. ғ. Ресейдегі тәрбие, білім беру және педагогикалық ой-пікір
VІ-XІII ғ. ғ. Ежелгі Русьтегі мәдениет және білім беру

Ежелгі Русьте білім беру және тәрбиелеу мәдениеті қалыптаса бастады. Прокопий Кесарийскийдің (VI ғ.) шығармаларында славяндарға тән тұлғалық мынадай сапалар аталады: көпшілдік және әділдік, жоғары құдыретті күштің бар екендігін мойындау, сиқырлыққа сену, қайырымды болу, жауынгерлік, еркіндікті сүйетін, батыр, денесі шымыр, күшті болу.


Ежелгі славяндардың тыныс-тіршілігінде алғашқы қауымдық құрылыстағы білім беру мен тәрбиелеу дәстүрлері сақталды, олар:

  • балаларды балалық шақтан бастап түрлі істерге араластыру көзделді;

  • ер және қыз балаларды тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктерінің болуы;

  • түрлі ғұрыптарды сақтауды ұстану.

Алғашқы қауымдағы экономикалық үрдістердің дамуынан шаруашылықтың түр-түрі пайда болды. Ол отбасының жіктелуіне, сөйтіп, түрлі әлеуметтік топтардың, яғни жер иеленушілер, қолөнершілер, ақсүйектер, дін иелері, т.б. пайда болуына ықпал етті. Осыған орай әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүддесіне қажетті тәрбие ерекшеліктері қалыптасты.
Бала тәрбиесі қашанда отбасынан басталады. Онда әсіресе ана тәрбиесі басым еді. Балаларды жас ерекшеліктеріне қарай былайша бөлген: “ сәби”- емшек еметіндер; “балдырған”- 3-6 жастағы ана тәрбиесіндегілер; “жеткіншек”- 7-12 жас аралықтарындағылар (сауат ашуға тартылғандар); “бозбала” –12-15 жасар балалар отбасының түрлі кәсіби шаруашылық дағдыларын меңгеріп, тайпадағы ересектер қатарына қосылғандар.
Экономикалық жағынан дамыған қауым “бозбалалардан” дайындықтан өткен жауынгерлер жасақтарын құрды.
Қауымдағы алуан түрлі кәсіптердің дамуына байланысты, кәсіби дайындықты меңгеру үрдісі біртіндеп күрделене түсті. Соған байланысты VI – IX ғ. ғ. шығыс славяндар арасында шәкірттік - оқыту формасы пайда болды. Қолөнерші шәкіртіне нақты кәсіби дағдыларды меңгертумен бірге, шеберліктің құпия сырын түсінуге және оның түрлі рәсімдерін орындауға да баулыды. Шығыс славяндар арасында шеберлер ерекше киелі қасиетке ие деген ұғым қалыптасты.
Ежелгі славяндардың тәрбиесі көптәңірлі дүниетанымға байланысты болды. Тәңірлердің дәрежесі әр түрлі еді. Мәселен, жер, найзағай, жануарлар, байлық, т.б. тәңірлер көптеп саналды. Сонымен қатар, олар жоғары құдыретті күшке сыйынды.
Түйіндей келе, ежелгі славяндар табиғаттың тылсым сырын қайырымды және жауыз күштермен байланыстырды. Қауымдағы көптәңірлі дүниетаным бала тәрбиесіне жан-жақты ықпал жасады. Осы күнге дейін орыс деревняларында сақталған тұрмыстық салттар (нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, адамды жерлеу, жыл мезгіліндегі түрлі мерекелер - масленица, Иван Купала, т.б.) сол дүниетанымның нышаны болып табылады.
Шығыс славяндарда тәрбие балаларды әрекетке араластырумен іске асқан.
Отбасы тәрбиесі:

  • туғаннан 3-4 жасқа дейін- анасының қамқорлығы, қарапайым тәжірибе беру;

  • 3-4 жастан 7 жасқа дейін- баланың шамасы келетін жұмыс, анасына көмек;

  • 7 жастан 14 жасқа дейін





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет