Педагогика тарихы


ХІХ ғасырдағы АҚШ-тағы педагогикалық ой мен мектеп



бет28/113
Дата07.09.2023
өлшемі2,03 Mb.
#106444
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

ХІХ ғасырдағы АҚШ-тағы педагогикалық ой мен мектеп. ХІХ ғасырда АҚШ-тағы солтүстік және орталық штаттарда “американдық бостандық” қозғалысы айдарымен, әрбір азаматтың жеке басының бостандығы мен дербестігін сақтау, ешкімге тәуелді болмау идеясы қалыптаса бастады. Осы кезеңде 14-15 жастағы жеткіншектерді ата-аналары материалдық жағынан қамтамасыз ете алмаған жағдайда олар отбасын тастап, өзін-өзі қамтамасыз етуі керек делінді. Қоғамдық пікірде жастардың ұлттық байлықты дамытуға қатынасуы талап етілді.
ХІХ ғасырдың 70-жылдары жұртшылықтың ақысыз білім беруге байланысты жүз жылға жуық қозғалысы мемлекетті ақысыз білім беру заңын қабылдауға мәжбүр етті.
Ұлттық білім беру жүйесін құру жайлы ұсыныстардың бірі жастарды өмірге дайындау, оларды мамандыққа үйрету, оқыту болды, осыған байланысты математика, химия, жаратылыстану сияқты оқу пәндерінің сапасын арттыруға айрықша назар аударылды.
ХІХ ғасырдың орта шенінде АҚШ-та халық ағартудың мемлекеттік жүйесінде үш сатылы құрылым қалыптасты: 6 жас пен 14 жас аралығындағы балаларға арналған бастауыш мектеп, 14-18 жастағы оқушылар оқитын орта мектеп және жоғары мектептер жұмыс жасады. Мектептерді қаржыландыру ісі халықтан жиналған салықтар негізінде қамтамасыз етілді.
Ал Батыс Еуропада ХІХ ғасырдың алғашқы он жылдығында ертедегі утопиялық социализм идеясы ағарту саласында да орын алды. Бұл бағыт-бағдардың белгілі өкілдері француздар Клод Анри Сен-Симон (1760-1825), Франсуа Мари Шарль Фурье (1772-1837) және ағылшын Роберт Оуэн (1771-1858) болды. Социал-утопистер жеке тұлғаларды қалыптастыруда орта мен тәрбиенің ролдерін өте жоғары қойды. Олар классикалық білім берудің тарихи болашағы жоқ, сондықтан ғылым мен өндірістің дамуына байланысты оқу мекемелерінің бағдарламалары мен ұйымдастыру үрдістерін реформалауды талап етті.
Сол кездегі қоғамдық құрылымдағы адамдар арасындағы қатыгездік, адамды адамның қанауы сияқты жат элементтерден арылудың жолы – жаңа қоғам орнату, онда еңбек етуге бостандық беру, ғылымның жетістіктерін өндіріске ендіру. Сол арқылы өндірістік өнімдер өседі, онымен бірге адам да жан-жақты дамиды деп есептелінді. Жаңа қоғамдық қарым-қатынастарға ынталандыратын адамдардың туыстығы, парасаттылығы, ғылымның қарқынды дамуы және жаңа қоғамдық пікірлердің қалыптасуымен байланысады. Бұл күрделі мәселені шешетін басты фактор – халық ағарту ісі делінді. Олар оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуде еңбек тәрбиесінің мәні мен мазмұнын ашып, оқуды өндірістік еңбекпен ұштастыру және оған қоса дене тәрбиесін бергенде ғана толық қалыптасқан адамдар тәрбиеленеді деп есептеді.
Жоғарыда айтылған социалист-утопистердің ішінде әлеуметтік-педагогикалық идеяларын практикада іске асыруда Роберт Оуэн – көрнекті ағылшын қоғам қайраткерінің еңбегін ерекше айтуымыз керек. Жиырмаға келген шағында ол қағаз иіру фабрикасын басқарып, еңбекші халықтың тұрмысын жақсарту мақсатында 14 сағаттық жұмыс күнін 10 сағатқа төмендетіп, 10 жасқа толмаған балаларды жұмысқа алуға тыйым салды. Өзінің фабрикасы жанынан оқу мекемелерін ұйымдастырды: сәбилер мектебінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленді; бастауыш мектепте 6 жастан 10 жасқа дейінгі оқушылар оқыды; кешкі мектепте өндірісте жұмыс жасайтын жеткіншектер оқыды. Ата-аналарға тәлім-тәрбие жайлы насихат жүргізіп, педагогикалық оқу-тәрбиені ұйымдастыру істерімен тиянақты шұғылданды.
Сәбилер мектебі балалабақша мақсатында ұйымдастырылып, оларды ән айтып, би билеуге үйретті. Табиғат, айналасын қоршаған заттар мен нәрселерді, құбылыстарды тануға орай әңгімелер өткізетін болды.
Бастауыш мектепте оқушылар ана тілі, арифметика, жараталыстану және тарих, география пәндерін оқыды. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай білім беріп, ақыл-ой қабілеттерін дамытуға көңіл аударылды. Олар үлкен адамдардың еңбектерімен танысып, мектепте еңбек әрекеттеріне дағдыландырылды.
Фабрикада жұмыс жасайтын 10 жастан жоғары оқушы-еңбеккерлер кешкі мектепте оқып, білімді өндірістік еңбекпен ұштастырды. 1816 жылы Р.Оуэннің тікелей қолдауымен Нью-Ленаркте “Адам мінезін қалыптастыру” атты жаңа негіздегі институт ашылды. Сонымен оқу-тәрбие үрдісін жаңа негізде құра білген Р.Оуэн оқушыларға жан-жақты тәрбие мен білімнің ғылыми сипаттауын тиянақтаған, ақыл-ой тәрбиесін дене тәрбиесімен және өнімді еңбекпен ұштастыра білген көрнекті ағартушы педагог болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет