VIII бөлім
Эстетикалық тәрбие
8.1. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕР!
Эстетикалық тәрбие маңызы. «Эстетика» - гректің әдемілік
туралы философиялық ойды білдіретін «эстезис» - түйсік, сезімдік
қабылдау деген сөзінен шыққан.
Эстетикалық тәрбие (28-сызба) деген табиғатқа, еңбекке, қоғам
еміріне, тұрмысқа, өнерге эстетикалық қатынасты тәрбиелеу. Қоршаған
дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көруге және сол сұлулықты
жасауға баланың қабілетін дамыту мақсатында оның жеке басына ықпал
ету - эстетикалық тәрбие деп аталады. Ол адамгершілік, ақыл-ой, еңбек,
дене тәрбиесі сияқты тәрбие салаларымен байланысты.
Мазмұны
Эстетикалық тәрбие
Маңызы
Табиғатқа эстетикалық қатынас
Еңбекке эстетикалық қатынас
Қоршаған дүние
сұлулығын көру
Қоғам өміріне эстетикалық
қатынас
Сұлулықты жасау
кабілетін дамыту
Тұрмысқа эстетикалық қатынас
Өнер сұлулығын
көру, түсіну
Өнерге эстетикалық қатынас
28 - сызба
Бала өзі өмір сүрген ортаның әдемілігін көріп өседі. Туған жердің
табиғатын, оның байлықтарын, түсті, көлемді, сыртқы безендірілуінің
үйлесімділігін ұштастырған ғимараттардың әдемі құрылысын, халықтар
арасындағы жағымды қарым-қатынасты, т. б. көре білуге тәрбиеленеді.
Білімге, әдебиетке, театрға, музыкаға, өнерге,олардағы танымдық құндылықтырды қалыптастыру ақыл-ой тәрбиесі үшін қызмет етеді,
Халық ерте кезден-ақ өмірді сұлулық заңы бойынша құруға
ұмтылған. Халықта мынадай аңыз бар: үш кісі қол арбамен тас әкеле
жатыр. Олардың әрқайсысына "Бұл ауыр тасты неге әкеле жатырсыз?»
- деген сұрақ қойылған. Бірінші кіші: «Осы тасты әкелуді бұйырды".
екіншісі: «Нан табу үшін әкелемін», үшіншісі: «Әдемі үй саламын» - деп
жауап берген. Еңбек арқылы адам өмірді өзі әдемі, сұлу, айқын, нақты
етеді.
Дене бітімін дұрыс қалыптастыру, тік және әдемі жүріс, қимыл
үйлесімділігі, адам ағзасының әр түрлі бөліктеріне арналған дене
жатығулары, оларды дұрыс орындау баланың денсаулығын сақтауға,
нығайтуға, ағзаны шынықтыруға әсер етеді және эстетикалық тәрбиемен
тығыз байланысының дәлелі бола алады.
Эстетикалық тәрбиені жүзеге асырудың міндеттері (29-сызба)
мынадай:
балалардың эстетикалық қабылдауын, эстетикалық сезімі мен
ұғымын дамыту;
- көркемдік-шығармашылық қабілетін дамыту;
- эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Балалардың эстетикалық қабылдауын, сезімі мен ұғымын
дамыту. Өмірінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ бала әдемі нәрсеге
ұмтыла бастайды, әдемі гүлді, ойыншықты, затты көргенде қуанады.
"Сұлу" сезі балалардың өміріне ерте жастан-ақ араласады. Балалар
кішкентай кезден бастап-ақ ән, ертегі тыңдайды, суреттер қарайды.
Өнер, болмыс балалардағы қуаныш сезімдердің қайнар көзі.
Эстетикалық тәрбие барысында олар әсемдікке ұмтылады, сұлулықты
саналы түрде қабылдай бастайды.
Этетикалық қабылдауда балалар үшін негізгі нәрсе - заттардың
түсі, пішіндері болғандықтан оларды дамыту үшін сенс-рлық мәдениет
қажет.
Баланың қабылдауы бойынша сұлулық - пішін мен мазмұнның
бірлігі. Пішін дыбыстардың, бояулардың, сызықтардың жиынтығы
ретінде бейнеленеді.
Эстетикалық қабылдау сезімге, тебіренуге байланысты.
Эстетикалық сезімнің ерекшелігі - әсемдікпен кездесуден туатын
қуаныш, жайдары жан толғанысы.
Баладағы сұлулықты қабылдауды, оған эмоциялық жауап беруді
тәрбиеші түсінумен, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық
баға беру қасиетін қалыптастырумен ұштастыруы тиіс.
Бұл баланың жүйкесіне жағымсыз әсер етпестен, оның өмірін
сұлулықпен байытып, төңірегін әдемілікке бөлеуді талап ететін бейнеті мол өңбек.
Балалардың көркем-шығармашылықабілетін дамыту.
Балалар өңгіме құрастыру, өлең шығару, ән айту, сурет салу, жапсыру
сияқты көркемөнер түрлерімен айналысуды ұнатаны. Балалардың
шығармашылығы шындықты бейнелеудегі пәктігімен, шынайылығымен,
бейнелейтін нәрсенің шындығына сенетіндігімен ерекшеленеді. Олар
кімнің көріп отырғандығы, кімнің атында тұғандығы туралы ойламайды
да. Көркем-шығармашылық қабілеттер балалық кезенде-ақ дами
бастайды: бала бір нәрсе туралы ойлап, оны іске асырады, 93
шығармашылығы барысында білімі мен алған әсерін ұштастыра біледі.
сезімі мен ойын білдіреді.
Сонымен қатар еліктегіштігі де балалар шығармашылығының
ерекшелігін көрсетеді. Оны балалар өздерінің ойын әрекеттерінде
айналасындағылардан алған әсерін бейнелегенін кеңінен көруге болады.
Балалардың шығармашылығы әуелі ойын арқылы көрінеді.
Балалардың бастамасы бойынша туатын ойындарда оның мақсаты
болады. Мақсат әуелі тұрақсыз болады, бір мазмұн екіншісімен ауысып
жатады; балалар жасы өскен сайын ойынның мақсаты де толық бола
түседі.
Мазмұнды-рольді шығармашылық ойындарға тақырып, мазмұн
таңдап алу, оларды жүзеге асыру үшін шығармашылық қиялдау да
қажет: бала орындықтардан поездға мініп жол жүруді, ағаш
бұтақтарынан ипподромдағы атқа мінуді, қолына дөңгелек затты ұстап
автокөлікпен қыдыруды бейнелейді,
ойын әрекетінде бала айналасындағыларды танып біледі, қиыншылықтарды жеңуге үйренеді, бұл қиындықтан шығудың жолын іздейді.
Өздерінің ойындарының мазмұндарын ертегілерден, әңгімелерден, өмірден, телевизия және театр ойындарынан алатындығынан балалардың шығармашылық қиялдауын көруге болады. Олар өздерінің білімдерін, көргеннен және естігеннен алған әсерлерін ұштастырады, бәрін біртұтас етіп біріктіреді. Балалар ойындарында өмірде болмаған нәрсені де бейнелейді: космонавтар болып, Шолпанға, Марсқа және басқа планеталарға ұшады. Балалардың шынайылығы ойында мейілінше айқын көрінеді. Орыс режиссері К. С. Станиславский
актерлерге: «Өнерде шынайылықты, шындықты ойнап жүрген балалардан үйреніндер» деген.
Балалардың шығармашылығы олар сурет салу, жапсыру, әңгіме айту, ән салу әрекеттерінен де көрінеді. Мұнда әуелі ой туындап, содан кейін оны іске асырады; балалар өнердің әр түрлі шығармалардан алған әсерлерін құрастырады.
Балаларда шығармашылық нышандары байқала бастайды, ол ойлау, оны жүзеге асыру қабілетінің дамуынан, өз білімін, ұғымын, өзінің ойын, сезімін, тебіренісін жеткізуінің көрінеді. Балалардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту олар өз ойларын сөз, ән, сурет, би, драма арқылы бейнелеу тәсілдерін меңгереді.
Балаларды көркемөнер дағдыларына үйретудің мақсаты ән айту,
сурет салу, өлең оқу, т. б. білім мен дағды қалыптастырудың қатар
олардың өзбетінше шығармашылық қызметке ынтасын туғызу.
Кейбір көркемөнер әрекетінің дағдыларын игере отырып, бала оны
пайдаланады, отбасының, мектепке дейінгі ұйымның, өз қатарының
өміріне сөн беруде өз үлесін қосады.
Педагогтың жеке басы, оның мәдениеті, білімі, өз ісіне бірілгендігі
балалардың көркем шығармашылық қабілетін дамытуда ерекше роль
атқарады.
Эстетикалық талғамын қалыптастыру. Адамның өмірде,
тұрмыста, өнерде, шын сұлулықпен кездесуінен қанағат, рухани ләззат
алуы - эстетикалық талғам деп аталады. Эстетикалық талғам - өнердің
мағыналы, тамаша шығармаларын түсінуді, одан ләззат алуды,
табиғаттың, еңбектің, тұрмыстың, киімнің сұлулығын түсінгді қамтиды.
Оқыту арқылы балаларда эстетикалық талғам қалыптасады.
Балалар оқу үстінде балалар әдебиетінің, музыканың, сурет өнерінің
классикалық шығармаларымен танысады. Балалар жас ерекшеліктеріне
қарай өнер шығармаларын тани білуді, сүюді үйренеді.
Эстетикалық тәрбие
Міндеттері
Балалардың көркем шығар-
машылық қабілетін дамыту
Балалардың эстетикалық
талғам негіздерін қалыптастыру
Балалардың эстетикалық
қабылдауын, сезімі мен
ұғымын дамыту
29 - сызба
Халық ертегілерін, музыкалық шығармаларды тыңдап, балалар
көркем сөздің, музыканың сұлулығы мен байлығын сезінеді,
рахаттанады, естерінде сақтайды, оларда көркемдік талғамның негіздері
қалыптасады,
Педагог балаларды қоршаған сұлулықты көруге және сезінуге, оны
аялауға үйрету арқылы олардың бойында эстетикалық талғам
тәрбиелейді: гүлдің гүлзарда сақталғаны жақсы, ал оның өсіп, гүл ашуы
үшін оны күту керек. Тәрбиеші топта жайбарақат жағдай жасап,
жарасымдылық беретін тазалық сақтауды, өз заттарын жинап қою
керектігін үйретеді. Сөйтіп, тәрбиелеу және оқыту үдерісінде мектеп
жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің міндеттері
шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |