Педагогика



бет1/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119

АНДАБЕКОВА С.


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ


ПЕДАГОГИКА
Оқу құралы

УДК 373
ББК 74.102
А 57

Оқу құралын баспаға №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледжінің оқу – әдістемелік кеңесі ұсынған
Пікір жазғандар:
Иманбекова Б.И. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Әлімжанова Ә.Б. – директордың оқу – әдістемелік бірлестік жөнінен орынбасары
Нұрдавлетов З.Н.- №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледжінің мектепке дейінгі педагогика пәні оқытушысы
Андабекова С. Мектепке дейінгі педпгогика. – Алматы, 2012. 260-б.
ISBN 978-601-278-653-8
Оқу құралына мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту теориясы мен әдістемесі: маңызы, мазмұны, міндеттері, шарттары, ұстанымдары,әдіс- тәсілдерә, тірек- сызбалар педагогикалық жағдаяттар берілген.
Оқу құралы 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне арналады. Оқу құралын мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлері және ата-аналар пайдалануына болады.
УДК 373
ББК 74.102

ISBN 978-601-278-653-8
Андабекова С.,2012.

Алғы сөз
Мектепке дейінгі тәрбие Қазақстанда басқа ғылымдармен свлыстырғанда кенже қалған ғылым. Кеғес Одағы жылдарының соңғы кезеңдерінде енді ғана қолға алынып, мектепке дейінгі тәрбиенің рөлін енді ғана түсініп, балаларды балалар бақшасына жаппай қолға алына бастағанда Одағ ыдырыап, Қазақстандағы әлеуметтік жағдайдың күрт төмендеуіне байланысты ата-аналар балаларын мектепке дейінгі мекемеге беруін тоқтатынын білесіздер. Осыған байланысты мектепке дейінгі бәрбиеге қатысты оқу-әдістемелік материалдар шығару қажеттігі де тоқтап қалды. Одағ кезінде төл тілімізде оқулықтар жоқтың қасы болды, бары басқа тілден аударылғандар еді.
Ел Президенті өзінің жылдағы дәстүрлі жолдауында адам- елдің басты байлығы екендігін назардан тыс қалдырған емес. 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында қалықты мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз етуде «бетбұрыс» жасала қоймағандығын және кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн екендігін айтқан.
Ел Президентінің 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында « Үкіметке әкімдериен бірлесі үстіміздегі жылдың бірінші жартысында – ақ балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын» деген.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы шығып, ол қазіргі кезде өз нәтижесін беруде.
Қазір техникалық және кәсіптік білім беруге көңіл бөлінуде. 2008 жылғы Жолдауда « Үкіметке мемлекеттік холдингтерге обылыстардың, астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып кәсіптік – технткалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды тапсырамын» - десе, 2012 жылғы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында кәсіптік – техникалық білім беретін оқу орындарының тәжірибесін Қазақстандық білім берудің барлық жүйесіне тартуды ұсынды.
Тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасында Еліміздің төл оқулықтары жарық көре бастады. Бұл әрине қуанарлық жай.
Ұсынылып отырған бұл оқу құралы 0101000 – « Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде оқитын білім алушыларға, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне, ата-аналарға арналады.
Оқу құралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі бекітке 0101000 – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын негізгі ала отырып құрастырылған.
Оқу құралы педагогиканың жалпы негіздері, адам дамуы мен тәрбиесі мәселелерінен басталып, мектеп жасына дейінгі бала дамуы мен тәрбиесін қозғайтын мәселелермен жалғасын тапқан. Сәбилік шақтың ерекшеліктері, мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі, ақыл – ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі еңбек тәрбиесі, эстетикалық тарбие,мектепке дейінгі ұйымдағы ойын әркеті, мектепке дейінгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар, мектеп пен мектепке дейінгі ұйым жұмысының сабақтастығы, мектепке дейінгі ұйым жұмысын жоспарлау, мектепке дейінгі ұйымды ұйымдастыру, отбасымен жұмыс бөлімдері бойынша теориялық материалдар, мектепке дейінгі балалармен жұмыстардың әдістемесі, теориялық материалды есте тез сақтауға, білімді жетілдіруге көмектесетін тірек- сызбалары, бөлім бойынша сұрақтар,бөлімге байланысты педагогикалық есептер берілген.
Әр бөлімде мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесін іс жүзінде жүзеге асыру мәселелері нақты ашылған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет