Педагогика


І БӨЛІМ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ



бет2/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119
І БӨЛІМ
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ

    1. ПЕДАГОГИКА ПӘНІ, ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Педагогика – грек сөзі. « Пайдос»- бала, «Аго» - жетелеу. Ежелгі Грецияда педагог деп өзінің мырзасының баласын қолынан жетелеп мектепке алып баратын құлды атаған.


Біртіндеп «педагогика» сөзі «баланы өмірде жетелеу» яғни баланы тәрбиелеу, оқыту, оны рухани және дене жағынан дамуға бағыттау деген мағынада қолдана бастаған. Уақыт өте келе жинақталған білім бала тәрбиесі туралы ерекшы ғаламның тууына әкелді. Педагогика баланы тәрбиелеу және оқыту туралы ғылымға айналды.
Педагогика туралы бұл түсінік ХХ ғасырдың ортасын дейін сақталды. Осыдан кейін мамандандырылған педагогикалық басшылықты тек балалар ғана емес, үлкендерде қажет ететіндігі белгілі болды.
Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым. «Тәрбие» білім беру, оқыту, дамыту деп кең түрде, кең мағынада түсіндіріледі.
Педагогтар үнемі адамға көмектесу үшін олардың бойындағы табиғи мүмкіндіктерді пайдалану, жаңа сапа қалыптастыру жолында ізденіп келді. Мыңдаған жылдар бойы кішкентайдан қажетті білім жинақталды, педагогикалық жүйенің ең өміршеңі, ең пайдалысы қалғанша бірінен соң бірі құрылды, тексерілді, істен шығарылды.
Педагогиканың қызметі – адамдаржы тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдарын танып білу, осының негізінде педагогикалық тәжірибеде мақсатқа жетудің таңдаулы жолы мен тәсілдерін көрсету. Теория тәжірибелі педагогтарды әртүрлі жастағы топтардың, әлеуметтік білім берудің, болжамғ жоба жасаудың және оларды оқу – тәрбие үрдісінің әртүрлі жағдайларында жүзеге асырудың, оны бағалау тиімділігінің ерекшеліктерімен қаруландырады. Оқытудың жаңа технологиялары, білім беру мен тәрбие, тиімді әдістер де педагогикалық зертханаларда дүниеге келеді.
Педагогика «мәңгілік» мәселемен айналысатынына қарамастан, оның нақты, пәні бар : бұл оқу- тәрбие мекемелерінде жүзеге асырылатын тәрбие іс- әрекеті.
Педагогика дамуының қайнар көзі:

  • Адамдар өмірінен, салт-дәстүрлерден, халық педагогикасынан жинақталған көп ғасырлық тәрбие тәжірибесі;

  • Философиялық, қоғамдық, педагогикалық және психологиялық еңбектер;

  • Ағымдағы әлемдік және отандық тәрбие тәжірибесі;

  • Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеулер мәліметтері;



  • Жаңашыл педагогтардың тәжірибелері.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – жинақталған білім мен тарихи тәжірибені жеткіншек ұрпақтарға беру. Тәрбие нәтижесінде жас ұрпақ білімді, белгілі еңбек машығын, қоғамдағы мінез құлық нормаларын, өмірге көзқарастың белгілі жүйесін меңгереді.
Тәрбиедегі педагогиканың рөлі қандай?
Ғылым ретіндегі педпгогика мен қоғам қызметі ретіндегі тәрбиенің байланысы неден көрінеді?
Тәрбиенің мәнін ашу, адамзат қоғамы жамуының түрлі кезеңдерінде оны жүзеге асыруды, педагогика ғылымының дамуын, қалыптасуын білу арқылы бұл сұрақтарға жауап бере аламыз.
Қандай да бір қоғамдық – экономикалық формацияның көрінісі болып табылатын тәрбие беру қоғамдық қажеттіліктен туындайды. Қоғамның өндіргіш күштерінің сипаты – қоғамдық қатынастардың даму деңгейінің көрсеткіші болады. Қоғамдық формацияның, оған қатысушылардың өзгеруіне қарай тәрбие беру де өзгеріп отырды.
Мысалы:

  • Тәрбие ісі алғашқы қауымдық қоғамда үлкендерге еліктеу негізінде еңбек әрекетінің барысында жүзеге асырылған: ұлдарға аңшылық, балық аулау тәсілдері, қару – жарақ пен еңбек құралдарын жасау және қолдану; қыздарға жеуге болатын жемістер мен өсімдіктерді жинау, киім тігу, үй жұмысын атқару. Балалардың барлығы үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиеленген.

  • Егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған кезде тәрбиенің мазмұны, әдістері өзгерген. Отбасы бөлініп шыққан кезде тәрбиені әуелі отбасында, ал өмңрге даярлықты өз руының, тайпасының мүшелерімен қарым – қатынаста алған.

  • Құл иеленушілер мен құлдар болып топтарға бөлінген құл иеленуші қоғамда тәрбиеге мемлекет бағыт бере бастаған және тәрбині жүзеге асыратын арнаулы оқк- тірбие мекемелері құрылыған. Бұл біздің эрамыздан бірнеше ғасыр бұрын Ежелгі Шығыс Елдерінде пайда болған.

Ежелгі Грециядағы Спарта иен Афиныда тәрбие беру жүйесі қалыптасқан.
Спартада:

  • Басқыншылық соғыстар жүргізуге;

  • Өздері жаулап алғандарын қорғау үшін әскери іске;

  • Дене шынықтыру жаттығуларына;

  • Әскери-спорттық ойындарға көңіл бөлінген.

Афиныда:

  • Ақыл-ой, эстетикалық тәрбиеге;

  • Құл иеленушілердің балаларын ғылым мен өнерге тартуға;

  • Білімді, жігерлі әкімдер мен әскери басшылар ісіне әзірленген.

Құлдардың балаларын оқыту үшін оқу орындары болмаған. Тәбие ісі мен еңбек тағдыларын қалыптастыру еңбек әрекеті барысында жүзеге асырылған.
Қоғам таптарға бөлінген кезде тәбиеде таптыққа айналған.
Феодалдар мен шаруалар – феодалдық қоғамдағы негізгі таптар. Феодалдар дін басылар мен дворяндарға бөлінген. Оқу – тәрбие мекемелері де дін басыларының балаларына діни бңлңи беретін, дворяндардың балаларына рыцарлақ тәрбие беретін болып дамытылған. Шаруалардың балалары мектепте оқымағандықтан отбасында тәрбиеленген.
Қалалардығ өсіп, қолөнершілердің, ұсақ саудагерлердің пайда болуы негізінде есеп, айырбас, сауда жүргізу үшін білімге деген қажеттілік туды да,
шаршаруалардың балалары да шіркеу мектептерінде оқи бастаған.
Мемлекеттер арасында Сауда- экономикалық байланыс дами бастағандықтан, өндіріске сауатты жұмысшы керек болып, еңбекшілердің балаларын оқытудың қоғамдық қажеттілігі туындаған. Осының нәтижесінде мектеп білімін беру кең өрңс алып, мектептердің жаңа типтері пайда болды.
Педагогиканың шығуы жеткіншек ұрпақтарды тиімді тәрбиелеу қажетінен туды.
Құл иеленуші қоғамда педагогика ғылыми пән ретінде қалыптаса бастады.
Қоғам өміріндегі тәрбиенің рөлі артып, оқу- тәрбие мекемелері құрыла бастады. Олардың міндеті жеткіншек ұрпақты өмірге жүйелі және мақсатты түрде даярлауды қамтамасыз ету болды. Педагогтан педагогикалық іскерлік пен арнаулы білім талап етілді. Педагогика мыналарға жауап беруге тиіс болды:
-педагог беретін білім мен іскерліктің мәні қандай болуы тиіс;
-адамның жеке басын қалыптастыру үшін педагог нені басшылыққа алу керектігіне және оны қалай қолдануға тиіс;
-жеткіншек ұрпақ тәрбиесі үшін қандай мекемелер қажет.
Философиялық ойлар құл иеленуші қоғамда дамыды. Сократ(б.э.д 469-399), Платон(б.э.д 427-347), Аристотель(б.э.д 384-322), Демокрит(б.э.д 460-370),философиялық жүйелер құрды, онда тәрбиеге елулі орын берілді.
Ян Амос Коменский (чех педагогы), Жан Жак Руссо (француз ағартушысы), Иоганн Генрих Пестолоций ( швецар педагогы) педагогикалық ой-пікір тарихын жазды.
Ресейде В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов елде халық ағарту ісін өзгертуде бағытталған жобалар ұсынып, бұл жобалар қолдау таппай, жүзеге асырылмай қалды.
Орыс хирургі – Н.И.Пирогов (1810-1881) тәрбиеге түбегейлі өзгерістер енгізуді жақтады, баланың жеке басын құрметтеуді талап етті.
Орыс педагогі – К.Д.Ушинский педагогикалық ой-пікірді дамытуда үлкен рөль атқарды. «Адам – тәрбие тірегі» деген еңбегінде ол өзінің теориялық көзқарастарын баяндады, «Ана тілі», «Балалар әлемі» сияқты әдістемелік оқулықтар жазды. К.Д.Ушинский сабақтың құрылымына мән
беріп, дидактикалық жүйе жасады. Ол бастауыщ сыныпта оқытудың мазмұны мен әдістемесін жетілдіру, мұғалімдерді даярлау үшін көп еңбектенді.
Тәрбие туралы ғылым ретінде педпгогика дамып, тәрбиенің шеңбері кеңие түсті.
Еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбие саласындағы тағылымдар ертегілерде, батырлар жырында, мақал-мәтелдерде, жұмбақтарды, ойындарда, билерде, әндерде, мереке салттарында, отбасында тәрбие беру дәстүрлерінде бейнеленеді.
Халықтардық рухани және дене дамуында халық педагогикасының рөлі зор болды. Халық адамгершілік, еңбек тәрбиесінің керемет жүйесін құрды. Ежелгі Грецияда зәйтүн ағашын отырғызған және өсіргендер ғана кәмелетке жеткендер деп есептелген. Осындай халықтық дәстүрлер арқасында ел қыруар тұқым бергіш зәйтүн бағына айналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет