Педагогика


Ойын- сауық сипатындағы сауық кештер



бет100/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Ойын- сауық сипатындағы сауық кештер

Ересектердің балалар үшін ұйымдастырған сауық кештері



Концерттер мен тақырыптық кештер

Балалардың күшімен ұйымдастырылған сауық кештер



Балалардың күшімен өткізілетін күштер

Ересектер мен балалардың қатысуымен ұйымдастырылған сауық кештері



Спорттық сауықтар

Балалардың музыканы көңіл қойып тыңдауы концерттік кештерде ұйымдастырылады. Бұлар ерсек топтарда өткізіледі. Концерт балаларға таныс 4-5 шығармадан тұратын болуы тиіс. Концертте жаңа шығарма орындалуы да мүмкін. Мұндай концерттер жылына 5-6- дан көп болмауы керек.


Мектепке дейінгі ұйымда мазмұны бір тақырыпқа біріктірілген әндерден, өлеңдерден, ойындардан тұратын тақырыптық кештер өткізіледі. Мысалы, «Көктем» тақырыбындағы концертте балалар тәрбиешінің тпсырмасы бойынша суреттер салады да, сол сурет бойынша концерт өткізіледі, концерттің тақырыбы мейлінше әр түрлі болуы мүмкін: «Тату балалар бізде», « Көктемнің бір күні- бір қыстық азық», «Айға ұшу», «Қыс қызығы», «Жадырап жаз келді» т.б.
Тәрбиешімен мектепке даярлық топта «Адам жанын арашалаймыз» тақырыбында кеш өткізу үшін балаларды емханаға алып барады, дәрігерлердің ауруларды қалай қарап жатқанын бақылайды, түрлі қызметтегі дәрігерлермен танысады. Оларға дәрігерлер туралы әңгіме оқып береді, балалар қажетті өлеңдер, әндер жаттайды, көргендерін суреттерде, ойындарда бейнелейді. Ата- аналар оларға дәрігерлердің құрал- жабдықтарын жасап береді. Топ бөлмесін безендіруге көмектеседі.
Балалар өздерінің кешіне дәрігерлерді шақырады. Қонақтар жұмбақтар, мақал- мәтелдер айтып балаларды күтпеген қуанышқа бөлейді.
Балалардың күшімен өткізілетін сауық кештерде балаларға таныс ойындар, әндер, билер, өлеңдер пайдаланылады. Олардың тақырыбы балалардың ықыласына, біліміне, іскерліктеріне қарай түрлендіріледі.
Мұндай кештерді мектепке дейінгі ұйымда дәстүр бойынша айына бір рет өткізілетін балалардың туылған күніне сәйкестендіруге болады, балалар тәрбиешімен және ата- аналармен бірге туған күні аталатын балаларға жасырын түрде суреттер салып, қолдан ойыншықтар жасап, т.б. сыйлықтар дайындайды, соларға арнап өлеңдер, әндер айтады, билер орындайды. Бұл кеш арнайы пісірілген дәмді тағаммен шай ішіп аяқталады. Туылған күнге балалардың ата- аналарын да шақырған дұрыс.
Мазмұны жұмбақтардан, әзіл- қалжыңдардан, аттракциондық ойындардан, көңілді қойылымдардан, драмалық ойындардан, музыкалық ертегі ойындардан т.б. тұратын ермек кештері ұйымдастырылады.
Спорттық сауық кештерде естияр топ балалары түрлі дене шынықтыру тапсырмаларын орындап, қимылды ойындарға қатысса, ересек топ балалары үшін жарыстар, аттракциондар т.б. ұйымдастырылады. Мұндай кеш шамамен жарты сағатқа созылады.
Мектепке дейінгі ұйымда сауық кештерінің түрлерін кезектестіріп өткізіп, балалар өмірін қызықты, қуанышты оқиғалармен толықтырып отыру керек. Сауық кешін ұйымдастыруды ойластырған кезде балалармен жұмысты, қажетті керек- жарақтар дайындауды және көркемдік жағын, безендіруді тәрбиеші музыкалық қызметкерлермен бірге жүзеге асырады.

Х бөлім бойынша бекіту сұрақтары:



  1. Мерекелер мен сауықтардың маңызы неде?

  2. Мерекелер мен сауықтардың ұйымдастыруға қойылатын талаптар қандай?

  3. Идеялық бағытына қарай мерекелер қанша топқа бөлінеді?

  4. Қоғамдық- саяси мерекелердің педагогикалық құндылығы неде?

  5. Тұрмыстық және маусымдық мерекелердің тәрбиелік мәні қандай?

  6. Мерекеге дайындық жұмысындағы педагогикалық ұжымның ролі қандай?

  7. Мереке жоспарының мазмұнына қандай талаптар қойылады?

  8. Мереке жоспарына кім жауапты?

  9. Жоспар қалай, қайда бекітіледі?

  10. Сауық кештерінің педагогикалық құндылығы неде?

  11. Сауық кештерінің түрлері қандай?

  12. Сауық кештерінің мазмұны қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет