Байланысты: Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика
X бөлім Мерекелерменсауықтар 10.1 Мерекелер мен сауықтардың маңызы, оларға қойылатын талаптар Мерекелер мен сауықтардың маңызы. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының 1- бабаында атап өтілетін мерекелер тізімі белгіленген:
Ұлттық мерекелер- Қазақстан мемлекетінің дамуына елеулі ықпал ететін, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне ҚР- да белгіленген мерекелер, мемлекеттік органдарда ресми іс- шаралар өткізіледі;
Мемлекеттік мерекелер- қоғамдық- саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай- ақ ҚР- ның азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер, ресми іс- шаралар өткізілуі мүмкін;
Кәсіби және өзге де мерекелер- ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекеленген санаттары атап өтетін мерекелер;
Атап өтетін мемлекеттік мерекелер тізім аталған Заңның 3- бабында көрсетілген.
Мерекелер Қазақстандың патриотизм мен кәсіптік мақтанышты, сондай- ақ жалпы адамзаттық ынтымақтастықты тәрбиелеу мақсатына қызмет етеді.
Балалардың сезіміне, санасына үлкен әсер ететін, қуанышқа бөлейтін мектепке дейінгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар балалар өміріндегі орны ерекше.
Балаларға адамгершілік тәрбие беруде мерекелер мен сауықтардың қызметі үлкен:
Ортақ әсерге біріккен балалар ұйымщшылдық негіздеріне тәрбиеленеді;
Әдеби шығармалар, Отан, туған ел, табиғат, еңбек туралы әндер мен өлеңдер оларда патриоттық сезімдер қалыпастырады;
Мерекелер мен сауықтар балалардың бойында тәртіптілік, мінез- құлық мәдениетін тәрбиелейді.
Балалар өз елі, туған жердің табиғаты, түрлі ұлттардың адамдары туралы көп жаңа нәрселерді мерекелер мен сауықтарға қатысу барысында сол елдің әнін айту, өлеңін оқу, биін билеу арқылы біледі. Бұл олардың ой- өрісін кеңейтеді, есте сақтау, сөйлеу, қиялдау қабілетін дамытады, ақыл- ай дамуына көмектеседі.
Мерекеге қатысуды балаларда көтеріңкі көңіл күй пайда болады, олар мереке өтетін орынды безендіруге қатысады. Костюмдердің әсемдігі, балаларға жеңіл, жағымды репертуар, балалар өнерінің жарқындығы- эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі.
Мерекелер мен сауықтардың дене тәрбиесі үшін де пайдасы үлкен. Балалар жеке ән айту, топ болып қосылып ән айтуға қатысу, бірге ойынға, биге қатысу, ол бала ағзасын нығайтады және дамытады, қимыл үйлесімділігін жақсартады.
Мектепке дейінгі ұйымда мерекелер мен сауықтарға дайындық жоспарлы және жүйелі түрде, балалар өмірінің күн тәртібін бұзбастан жүргізеді. Тәрбиешінің балалардың нені жақсы көретінін, жеке ерекшеліктерін білуі, олардың бақшада болған әр күнін мазмұнды етеді.