Байланысты: Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика
9-10 айдан бір жасқа дейінгі кезең балалардың психикалық дамуы үшін маңызды кезең.
Баланың жүріп кетуіне алғашқы баспалдақ – манеждің жиегінен ұстап тұра білу, нық тұру, жүре бастау, еңбектеу. 9-10 айда бала шағын кедергіден аттайды, бір нәрседен ұстап тұрып, төмпешікке шығады; 11айда ересек адамның бір қолын ұстап өз бетімен тұрады, өз бетімен жүреді, ал бір жаста өзі тәуелсіз жүреді.
Сәбиді өз бетінше алғашқы қадам жасауға мәжбүр ететін әрекет – жүруге үйретудегі үлкендердің тимді тәсілі: педагог балаға әдемі ойыншықты көрсетіп, оны өзіне шақырады, бала оған қарай талпынып алғашқы кадам жасайды. Балаларды құлап қалудан да сақтау керек, өйткені құлау қорқынышы жүруді дамытпайды.
Бұл кезеңде балалардың қол қимылы мен көзқаасының үйлесімі күрделене түседі, сондықтан олардың бойында затардың өзара қатынасын білу қабілеті пайда болады: дөңгелектерді таяқшаға, сыналарды өз орнына кигізеді, ыдысты қуыршақтың аузына тигізеді т.б. Мынадай іскерліктерді дамыту маңызды:
Заттарға қатысты қимылды меңгеруде саусақтардың нәзік бұлшық еттері жетіледі;
Көз бен қол қимылдарының үйлесімді дәлдігі тұрақтанады;
Үлкендер ұйымдастырған арнайы әрекет көрнекі-әсерлі ойлауды дамытады;
Белгілі бір нәтижеге бағытталған қимылдар олардың еркіндігін дамытады;
Заттармен әрекет жасауға үйрету баланың ойын әрекетін құруға негіз болады.
Балалардың ояу кезінде тәрбиеші ойыншықтар мен құралдарды дұрыс пайдалануын бақылау, оларды тақылдатуды, лақтыруды т.б. болдырмау керек. Баланың шаршағаны байқалған кезде оны іс-әрекеттің басқа түріне: жаға ойыншықты көруге ауыстыру керек. Балалардың дамуы үшін ойыншықтар мен құралдарға деген қызығушылықты үнемі сақтау керке, оларды жиі-жиі басқа жаққа алып қоя тұру керек.
Балаларға ойнау үшін тамақ құятын ыдыстар, құм құятын қалыпта, кубиктер, тығындар, ойыққа салынатын саңырауқұлақтар, бір-біріне қойылатын кірпіштер, бейнелі ойыншықтар, оларды орауға мата беріледі. Балалар өздігінен ойнай алатын болған кезде ғана мұнаралар, сыналы ойыншықтар, кубиктер және басқа ойын құралдары ұсынылады.
Ересек адамға еліктеу ойыншықтармен мақсатты жүргізілетін әрекеттерді дамытуда, білімді меңгеруде маңызды.
Іс - әрекетке үйрету мынадай кезеңдерден тұрады:
-енжар қимылдар әдісі: педагог баланың қолынан ұстап, үйренуге тиісті қимылдар жасайды;
-сөз бойынша қимыл жасау: ересек адам қимылды көрметіп баланы орындауға ынталандырады;
-айту бойыншы әрекет жасау: қол шапалақтау, «қош бол» деуді, қуыршақтың денесіндегі аталған мүшелерді көрсету.
Балалармен жеке қарым-қатынас жасау олардың түсінетін сөздік қорын байытады. Баланың белсенді сөздеріне қарағанда оның түсінетін сөздік қорының ауқымы кең. Бір жаста баланың енжар сөздік қоры 20-30 сөзден тұрады. Бұл – денеге байланысты: көз, мұрын, қол, қимылға байланысты: бер, жүр, отыр, ойыншықтарға байланысты: аф-аф, би-би және т.б. белгілейтін сөздер. Ойыншықтарды арнайы тігілген қалтадан шығарып, жедел пайда болу және жедел көзден ғайып болу тәсілін қолдану арқала заттардың аттарын түсінуді дамытуға болады. Аты үйретіліа жатқан ойыншық балалар үшін күтпеген жерден «ғажайып қалтадан», т.б. шағарылады. Сәбилерде өздерін қызықтарған ойыншыққа көңіл бөлу анық байқалады. Балалар оны бір мезгілде қарай алмайтындықан және оның атын атай алмайтындықтан ойыншық жоқ кезде оларды оның атына ынталандыру керек. Мұндай іс-әрекеттерді 3-4 баладан тұратын шағын топпен өткізуге болады.
Балалардың сөзді түсінуін дамыту үшін өмірдегі іс- әрекеттерді пайдалану керек: жарық түсіп тұрған жақты көрсетіп атау, үйден шығып бара жатқан кісіге қол бұлғау т.б.
Бұл кезеңнің аяғында балалараға ойыншықтарды көзге тұсер елеулі ұқсастығыана қарай , сыртқы пішіндегі айырмашылықтарына қарай іріктеу ұсынылыады. 10-11 айда балалар: сөредегі отырған қуыршықтың педагог оқу үстінде қолданған куыршаққа ұқсас екендігін бңледң. Қимылдар дамыту үшін педагог «қуыршақты, итті, үйрек балапанын тамақтандыр» деген сияқты тапсымалап беруі де көмектеседі. Ойыншықтарға қатысты қимылда орындау заттардың қимылын белгіллейтін сөзді түсіну дамытады.
Жылдың аяғында балалар «болады», «болмайдыны» түсінеді де, сөйлеу арқылы балалардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігі пайда бола бастайды.
Баланың дауысы жедел дамиды, балалар былдырлап көп сөйлейді, бір жасқа тол бастағанда қайталанатын буындардан құралатын, сөйлеуге жеңіл алғашқы сөздерді айтады: а-та, а-па, ав-ав, бер ж»не т.б. Бұл кезде баланың белсенді сөздік қоры 12 ге жетеді.
Балалар түсінетін сөздер, айта білу, еліктей білу қабілеті негізінде баланың алғашқа айтатын сөздері пайда болады. Бұл кезде балаларды үлкедкр айтатын дыбыстарға еліктеуге үйрету маңызды. Еліктеуге үйрету әрекеті балалармен жеке өткізіледі, ұзақтығы арасына 30 сек салып 1-1,5 минуттық тәсілдер қолданылады. Әрекет сөз қарым-қатынасына басталады, онда үйренетін дыбыстар айтылады. Бұл жастағы балалар жиі алаңдағыш келетіндіктен олардың назарын аудару үшін педагог бірде үнсіз, бірде қатты даыспен , бірде сыбырмен айтылатын түрлі тәсілдер пайдаланылады.
Жеңілдетілген сөзді пайдалана отырып аты қарапайым екң ойыншықты : итті (аф-аф) және машинаны (би-би) көрсетуге болаады. Екінші ойыншықты көрсетке кезде балалардың дауыс белсенділігі күшейтіледі. Балаға берілген «тап», «көрсет», «шақыр» тапсырмаларын кейін ойыншықтың атын және онымен байланысты қимыл аттарын қайталау ұсынылады. Дыбыс шығару балалар үшін оңайға түспейді. Көбінесе үйрету әрекетінен кейін біраз уақыт өткен соң ғана еліктеп айту пайда болады.
Балада белсенді сөйлеудің қалыптасуы мақсатында ыммен, ишаратпен білдіретін талап-тілектерін қолдамай, оларға сөзбен білдіруді талап ету керек.
Балалар 9-12 айда басқа балалардың істегенін қызықай алады, жымиып күледі, кейде бірге ойнап кетуі де мүмкін.