ІІ бөлім бойынша бекіту сұрақтары:
Адам дамуы деген не?
Адам дамуындағы сыртқы ортаның әсері қандай?
Адам дамуындағы ішкі әсер қандай?
Адам дамуында табиғаттан берілген қабілеттер жетекші роль атқара ма, жоқ қоршаған ортаның ықпалы жетекші роль атқара ма?
Адам дамуына қандай себептер әсер етеді?
Тұқым қуалаушылық деген не?
Адам дамуына ортаның әсері қандай?
Адам дамуындағы тәрбиенің әсері қандай?
ІІІ БӨЛІМ
СӘБИЛІК ШАҚ
3.1.СӘБИЛІК ШАҚЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Сәбилік шақ – адамның қалыптасуындағы маңызды кезеңі.
Баланың дене және жүйке-психикалық жағынан дамуы өмірінің алғашқы екі жылында қарқынды жүреді, баланың бойы, салмағы, ағзаның бүкіл қызметі жедел дамиды. Бір жаста бала өз бетімен жүреді. Өмірінің екінші және үшінші жылдарында негізі қимылдары жетіледі, бала ана тілін игереді.
Баланың белсенді сөздік қоры бір жаста -10-12, екі жаста – 200-300, үш жаста – 1500 сөзге дейін жетеді.
Сәбилік шақта баланың денсаулығын сақтау және нығайту маңызды, себебі оның ағзасының аруларға қарсыласу қабілеті төмен, баланың ауыруы оның жалпы дамуына жағымсыз әсерін тигізеді.
Сәбилік шақтағы маңызды міндеттер – балалардың шат көңіл-күйін, байсалды мінез-құлқын қалыптастыру, жүйке жүйесін қорғау, шаршап-шалдығудан сақандыру.
Бұл шақта балаларда қозу үдерісі тежеу үдерісінен басым келеді:кішкентай бала тамақты күтіп, қимылын тежегенді, т.б. ұната қоймайды. Бөбекжайлардағы, бөбекжай-бақшалардағы сәбилер тобында осы ерекшелік ескеріліп, әр баланы жеке-дара күтуге мұмкіндік беретін күн тәртібі енгізілген.
Балада шартты рефлекстер алғашқы күндерден-ақ құрала бастайды.
Шартты рефлекстер баланың денсаулығы мемен өсуі үшін қолайлы да, қолайсыз да болуы мүмкін; мысалы, қолайлысы – белгілі бір уақытта ұйықтау, ояну, белсенді ширау; қолайсызы – тербеткенде ғана ұйықтау, бос емізікті сору, ересек адам қолында сергу. Қалыптасқан дағдыны өзгерту қиын, қайта тәрбиелеу – өте күрделі және жүйке жүйесінің жұмысы үшін зиянды болғандықтан баланың туғаннан бастап оның дұрыс тәрбиелеуін қамтамасыз ету керек.
Тәрбие нәтижесінде екі айда бала ұйықайды, оянады, белгілі бір уақытта тамақ ішкісі келеді, ұйқысы қанық, қарқыны тоқ бала тыныш, ересек адамдармен қарым қатынаста көңілді болады.
Сәбилік шақ кезеңіндегі тәрбие жұмысының мазмұны мынадай:
-белгіленген күн тәртібін сақтау : ұйықтауға, тамақтануға, ояу жүргенге уақыттың дұрыс бөлінуі, іс-әрекет түрлерінің ауысуы;
-күн тәртібіндегі тамақтану, гигиеналық күтім, ұйқыға жатқызу, сумен шайыну сәттерінің жүргізілуі;
- балалардың белсенді түрде және өз бетінше әрекеті үшін жағдайлар жасау.
Балалар тірлігін дұрыс ұйымдастыру - тәрбие жұмысының міндеттерін жүзеге асыру үшін таңдап алынған оның нысандары мен әдітерінің тиянақтылығына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |