Балалардың дербес әрекеті. Іс-әрекет түрлері жаңарып отырады балалар кітаптарды, суреттерді қарағанды ұнатады, сұрақ қояды, үлкендердің қызыға, келіп қоя тыңдайды. Тәрбиеші ұйымдастырған оқу сағаттары үстінде бейнелеу әрекеті пайда болады: сәбилер сурет салады, жапсырады. Балалардағы құрастыру әрекеті біртіндеп дамиды. Үлкендер көрсеткен құрылыстармен қатар құрылыс материалдарын пайдаланып, өзі де курылыс тұрғызуға тырысады. Үлкендердің еңбек ерекше қызықтырады, үлкендердің тапсырмаларын орындайды гүлдерді суарады, оқу сағаттарына орындықтарды дайындайды, үстел үстіне ыдысқа салынған нанды қоюга көмектеседі.
Балалардың дербес әрекетін ұйымдастыру үшін топ белмесін қажетті ойыншықтармен жабдықтау маңызды ірі қозғалыстарды дамыту үшін арба, доп, құрсау, велосипед, болуы кажет және ұсақ дамыту үшін алуан түрлі құрастырмалы ойыншықтар, желдер, турлі түймелер, қатырмалар, ілмектер
тігілген матаның қиықтары, сақиналар міндетті түрде қажет. Топ бөлмесінде кітап бұрышын ұйымдастыру қажет ойын үшін қуыршақтар, ыдыстар, жиһаздар, киімдер, басқа да бейнеліі ойыншықтар безендіру заттары құрастыру жумысы үшін түрлі келем мен пішіндегі курылыс материалы болуы тиіс.
Балаларды ұйымшылдық пен тәртіпке үйрету мақсатында ойыншықты белгілі бір орында сақтау керек.
Ойыншықтар балаларға көрінетін жерде тұрса, оңай ойнап кетеді. Дидактикалық ойыншықтар тәрбиешіде болады және балалардың сұрауы бойынша беріледі.
Кітаптар қойыпатын кішкене жарық жерде болуы керек бұл жерде үстел де тұрады.
Балалар құрастырмалы ойыншықтарды, ұүрылыс материалдарын, үстінде ойналатын қағазға басылған ойындарды тек үстел басында пайдалануға болатынын жақсы керек. Ірі құрылыс материалдарын тұрғызу үшін еденнен орын бөлу қажет. Ойынға басшылық жасауда ойын балалаушін қуанышты белсенді әрекет екендігін, олардың бастамасын, ынтасы мен дербестігін жойып алмау керектігін есте сақтау керек.
Оқу сағаттары. Бірінші сәбилер тобында аптасына 10 сағат айналамен таныстыру және тіл дамыту, сурет салу және жапсыру: құрастыру, музыкалық оқу сағаттары, дене тәрбиесі. Сабақ түске дейін жөне түстен кейін өткәіледі, ұзақтығы 10-15 мин. Серуен кезінде айналаны бақылау, қимылды және дидактикалық ойындар жоспарланады.
Балалар даму деңгейлеріне қарай топтастырылып, сабақтар шағын топ болып өткізіледі.
Оқу сағаттарының кейбір түрлерін балалар үш жасқа қарағанда барлық топпен өткізуге болады, себебі олар бұл кезде тыныш отыру тыңдау сияқты мінез-құлық ережелерін игереді. Барлық топ балаларымен бір мезетте музыкалық сабақтарды, қимылды ойындарды өткізуге, көрермендері сәбилер болып табылатын койылымдарды көрсетуге болады.
Сабақ кезінде бөлмеде тыныш болуы, ешкім кедергі жасамыуы қажет. Шағын топпен сабақты қалған балалар ойнайтын білмеген басқа жерде дұрыс. Ол ұйықтайтын, қабылдайтын белме болуы да мүмкін. Топтағы балалардың жақсы ұйымдастырылған болса, сабақты балалар ойнап жатқан бөлмеде де өткізуге болады.
Ойынмен, балалардың бетінше істейтін іс-әрекетімен байланысты сабақтардың үлкен «Қуыршақты шомылдыру» балаларға осыдан кемін олар өз бетінше тиісті көлемдегі кішкене қуыршақ пен шомылдыруға арналған ыдыс алады жане өз ойынында шомылдыру жасайды. сенсорлық дамыту.Осы төріздес музыка, құрастыру сабақтарды іске асыруға болады. Балалар сабақта менгергендерін үнемі
өз іс-әрекеттерінде көрсете алмайтындықтан тәрбиеші әр түрлі құралдармен көмектесіп, сабақта меңгерген іскерліктерін нығайтуға жағдай жасауы қажет.
Балалармен өткізілетін сабақ аптаға бөлініп жоспарланады. Күнтізбектік жоспарда сабақтардың аты дәл көрсетіледі, бағдарламалық мазмұны анықталады, сабақтың барысы, балаларға қойылатын сұрақтар пайдаланылатын дидактикалық құралдар көрсетіледі. Әрбір оқу сағаты бір ай ішінде күрделендіріліп, қайталанады.