Дескриптивтік әдіснама-ғылым білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді, ал прескриптивтік әдіснама-зерттеу іс-әрекеттерін реттеп барудың жол жобысын белгілеп, көрсетеді.
Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г.Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық және технологиялық.
Әдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Екінші-жалпы ғылымдық әдіснама деңгейдік ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгейі-нақты ғылым әдіснамасы кандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым әдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тән болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген әдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мәселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау проблемалары.Төртінші деңгей-технологиялық әдіснама-зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өндеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді.
Қазіргі кезенде зерттеулеріне байланысты әрқилы ғылымдар әдіснамасы сипатында көптеген философиялық бағыт-бағдарлар, теориялық көзқарастар бір қатар жасауда. Солардың ішінде бүгінгі педагогика өз орнын тапқан келесі философиялық білімдерді ажыратуға болады: экзистенциализм, прагматизм, неотизм және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |